№1 басылым 09. 13. 9 беттің беті -еттің -ші



бет5/9
Дата14.06.2016
өлшемі486 Kb.
#135965
1   2   3   4   5   6   7   8   9

1999 жылы 23 шіддеде Қазақстан Республикасыньщ Президенті жаңа «мемлекетік қызмет туралы» заңға қол қойды. Заңмен және заңға тәуелді актілермен мемлекеттік қызметтің жаңа моделі анықталды. Бұл заң мемлекеттік қызметшілердің анықтамасын нақты анықтады.

Мемлекеттік қызметші - ол заңмен белгіленген қызметті атқаратын, ақысы республикалық немесе жергілікті бюджетген, не болмаса Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен төленетін мемлекеттік органдағы лауазым иесі және өзінің лауазымына сәйкес мемлекеттік қызметі міндетін атқаратын Қазақстан Республикасының азаматы. Тек мемлекеттік қызметшілерге техникалық қызметшілер, қызмет етуді қамтамасыз ететін персоналдар кірмейді. Саяси мемлекеттік қызметшілерге министрлер мен олардың орынбасарлары, облыс әкімдері мен олардың орынбасарлары, аудан, қала, ауыл әкімдері жатса, қалған лауазымдар әкімшілік лауазымдарға жатады. Әкімшілік лауазымдар мемлекеттік қызметшілердің 90 пайызын құрайды және олар саяси қь/зметшілер ауыстырылғанда қызметтен шығарылмауы үшін заңмен қорғалған. Мемлекеттік қызметкер үшін азаматтың біліміне, дайындығына және тәжірибесіне сай қабылдану, тағайындалу, конкурс және сайлау арқылы алынады:

- Қабылдану - бүл мемлекеттік қызметке алынғанда ең көп қодданылатын тәсіл.

- Тағайындау - бүл мемлекетке алу тәсілі 3 түрлі жолмен жүреді:

1? сәйкес органның немесе лауазымның тағайындалуы. Мысалы, Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекет хатшысын тағайындау.

2? ұсыныс - сәйкес органның немесе лауазымның басқа бір сәйкес органға немесе лауазымға жасаған ұсынысы арқылы мемлекеттік қызметке алынады. Мысалы, Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Сенаты Жоғарғы Сот төрағасын тағайындайды.

3? келісім - сәйкес орган немесе лауазым басқа бір сәйкес органмен немесе лауазыммен келісім арқылы мемлекеттік қызметке тағайындалу. Мысалы, Қазақстан Республикасы Президенті Қазақстан Республикасы Парламентімен келісіп, Қазақстан Республикавы Премьер-Министрін тағайындайды.

сайлау - мемлекеттік қызметке саяси қызметшілердің ішіндегі ең бастылары, ең жоғарғысы Қазақстан Респрубликасы Президенті және Қазақстан Республикасы Парламент депутаттары сайлау арқылы мемлекеттік қызметке тагайындалады.

конкурс - Қазақстан Республикасының «мемлекеттік қызмет туралы» заңының І2-бабына сәйкес мемлекеттік қызметке мамандардьщ орналасуы және мемлекеттік әкімшілік қызметте жоғары көтерілуі, тек конкурстық тандау арқылы жүргізіледі деп нақтыланган.

Конкурс арқылы әкімшілік мемлекеттік қызметке тұруға Қазақстан Республикасыныңбарлықазаматгарыныңтең құқығы бар. Бұл құқық біздің мемлекетіміздің Конституцияға сәйкес демократизациялануыныңбірбелгісі болып табылады. Мемлекеттік қызметке тұруға тең құқық болғанмен, оған әркім тұра алмайды. Алдымен мемлекеттік қызметке тұрушыларға белгілі бір шарттар қойылады. Конкурстық таңдау мемлекеттік қызметке үміткерлер арасында бәсекелестіктугызады, ал бұл болса мемлекеттік қызметке жоғарғы сападағы мамандарды алуға алғы шарттардың бірі болып табылады. Мемлекетгік қызметке алудың ескі тәртібіне қарағанда, конкурс бойынша ваканттық орындары бар мемлекеттік органдар жүргізеді. Бүл конкурстардан өтудің белгілі бір әтаптары бар, олардың қатарына: конкурстын өтуі туралы жарнаманың жариялануы;

? коықурстық комиссияның құрылуы;

- берілген шарттарга сәйкес конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау және оларды талдау;

? үміткерлерді тестілеуден өткізу;

? әңгімелесу (собеседование);

? конкурс комиссиясының соңғы отырысы.

Конкурсты өткізуші мемлекеттік органның ашықтығын қамтамасыз ету үшін сол орган өткізілейін деп жатқан конкурс және бос орындар туралы республикалык ақпарат құралдары арқылы жариялауға міндетті. Конкурстық комиссия болса, сәйкес органның басшыларынан құрылады. Содан кейін құжаттарын тапсырған уміткерлердің қужатгарын талдау арқылы таңдау басталады. Жасалған талдау негізінде конкурс комиссиясы үміткерлерді тестілеуге жіберу-жібермеуге шешім қабылдайды. Тестілеу арқылы үміткерлердің білімін анықтау жүргізілген соң ең жоғарғы балл жинагандар әңгімелесуге (собеседованиеге) еткізіледі. Осы арқылы конкурс комиссиясы алдын ала белгіленген критерийлер арқылы үміткерлерді тандайды. Критерийлерге қабілеті мен білімі, тәжірибесі мен лауазымға сәйкестігін жатқызуга болады. Әңгімелесуден өткеннен кейін екі күннен кейін қорытындысы айтылады. Конкурс комиссиясы үміткерлердің тапсырған қужаттарына, тест нәтижесіне, әңгімелесу қорытындысына сәйкес уміткерлер арасынан таңдалады.

Қазақстан Республикасының «мемлекеттік қызмет туралы» заңының 27-бабына сәйкес әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердгң жұмысының тоқтатылуына негіз болатындар:

- мемлекеттік қызметшінің өз еркімен жазған өтініші;

- келісім-шарт уақытының бітуі немесе келісім-шарттың бұзылуы;

? өзінің кірістері мен мулкі туралы жалған ақпарат бергенде;

? міндетгері мен шектеулері бұзылған жағдайда;

? Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан жағдайда;

? коррупциялық заң бұзушылық жасағанда;

? конкурстан тыс қызметке алынғаны әшекереленгенде;

? аттестациядан өткенде теріс иәтиже алғанда; а

? заңмен белгіленген өзге де жағдайларда.

Қазіргі тавда елімізде осы уақыттың білімімен қаруланған, стратегиялық қабілеті бар мамандар аса қажет. Мемлекеттік қызмет гуралы заң шығармаларында мемлекеттік қызметтің қоғамға, азаматтарға ашықтығы демократиялық дамуымыздың дұрыс жодда екендігін көрсетеді. Мемлекеттік органдардың ашықтыгы мен жариялығы, оның қоғам мен мемлекетке қауіп төндіретін құбылыстардың бірі коррупцияны төмендетуге көмектеседі. Ең бастысы, жаңа демократиялық дәстур жолында қажырлы еңбек

етуіміз қажет. Ол әрине көптеген жылдарды қажет етеді. Соның ішіндееңбастысы шенеуніктердің патриотгық сезімін жоғарылатып, қогам мен азаматтарга адал қызмет етуін, заңдардың дұрыс орындалуын қамтамасыз ету қажет.

Қорытындылай келе, мемлекетіміз ешқандай елдің жүйесін көшіріп алған жоқдеп батыл айтуымызгаболады. Себебі мемлекеттік қызмет дегёніміз - әр елдің өз мәдениетін, тарихын, дәстүрін, дінін ескеретін ерекше бір мемлекетіміздің аясы болып табылады.

Болашақга, енді бізге ең маңыздысы мемлекеттік қызмет туралы заңдар мен нормативтік құқықтық актілердің демократиялық құндылықтарды сақтауын, қоғам мен азаматтардың мүдделерінің сақталуын, қоғам мен азаматтарға адал қызметатқаруын қамтамасыз ету болып табылады.
Мемлекеттік қызметке кірудің тәртібі мына төмендегі жағдайларды:

а) мемлекеттік орган мәртебесінің ерекшеліктерін;

б) органның кіретін аясы мен саласының ерекшеліктерін;

в) мемлекеттік лауазымньщ санатын;

г) тиісті лауазымға орналасудың тәсілдерін ескере отырып құқықтық

актілермен белгіленеді.

Қазакстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруге бәрі бірдей тең кұқылы деген Конституциялық принцип бұл қызметке кіру немесе нактылы мемлекеттік лауазымға тұру үшін белгілі шектеулер болмайды деген ұғым туғызбайды. Ондай шектеулер заңдармен және баска құқықтық актілермен тағайыңдалған.

Азамат мемлекеттік кызметке мына жағдайларда қабылдануға тиіс емес:

а) егер ол сотпен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет кабілеттілігі кемшін деп танылған болса;

ө) егер оны сотпен белгілі бір мерзімге мемлекеттік лауазымға орналасу құкығынан айырған болса;

б) лауазымдық міндеттерін орындауға кедергі келтіретін медицина мекемесінің қорытындысымен анықталған науқасы болса;

в) мемлекеттік қызметке кірер алдында бір жыл ішінде сыбайлас жемқорлык құққық бұзушылығы үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған немесе қасақана құқық бұзушылығы үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған болса;

г) мемлекеттік қызметке кіру уақытына өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығы бар болса.

Аталған мәліметтерді табыс етпеген немесе бұрмалаған жағдайда мемлекеттік қызметке алуға жатпайды.

Мемлекеттік кызметке кіретін адамдар мынадай талаптарға сәйкес келуге:

1) Республиканың заңдарында тиісті лауазымдар жөнінде өзгеше жас белгіленбесе, жасы он сегізге толған Қазакстан Республикасының азаматы болуға;

2) тиісті біліктілік талаптарына сәйкес келетін қажетті білімі мен кәсіби даярлык деңгейі, сондай-ақ заңдарда көзделген жағдайларда жұмыс стажы болуға тиіс.

Мемлекеттік кызметке кірген кезде азамат салық қызметі органдарына өзінің алған табыстары мен өзіне меншік қүқығымен тиесілі мүлік туралы мәліметтер тапсыруға міндетті.

Азаматтар міндетті арнайы тексеруден өткеннен кейін барып мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналаса алады.

Мемлекеттік кызметшілердің лауазымдарьна орналасу сайлау, конкурс, контракт, тағайындау арқылы жүзеге асырылады.

Сайлау мемлекеттік лауазымдарға орналасудың ен демократиялык нысаны ретінде сайланатын адамның келісімі болуымен катар кандидатурасын ұсынуды және сайлау актісін мезгейді. «Мемлекетті қызмет туралы» заңда мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік кызметке кіруі тағайындау не сайлау негізіңде, сондай-ак заңдарда белгіленген тәртіппен шарттарға сәйкес баска жағдайларда да жүзеге асырылады делінген.

Конкурс мемлекеттік қызметтегі бос лауазымға таңдау аркылы орналастырудың накты нысаны болып табылады. Ол конкурсқа қатысушылар арасында мемлекеттік қызметшілерге койылатын талаптарға неғұрлым сай келетін адамдарды аныктау үшін өткізіледі.

Мемлекеттік әкімшілік кызметшінің мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасушы және кызметі бойынша жоғары тұрған санаттағы лауазымға жоғарылауы, «Мемлекеттік қызмет тура­лы» заңмен, өзгедей көзделген жағдайларды қоспағанда, тек конкурстық негізде ғана жүзеге асырылады.

Әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға арналған конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік қызметке тең қол жеткізу жөніндегі конституциялық құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Мұндай конкурсты өткізудің шарттары мен тәртібі мемлекеттік қызмет туралы заңның талабына сәйкес Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы А—202 бұйрығымен бекітілген «Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізудің кағидасында қаралып бекітілген.

Бұл кағида бойынша конкурс ашык және жабық жағдайда өткізіледі. Ашық конкурсқа Қазакстан Республикасының барлык азаматтары катысуға кұқылы. Жабық конкурсқа тек әкімшілік мемлекеттік кызметшілердің ғана қатысуға құкығы болады.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылар берген мемлекеттік қызмет атқарғаны туралы және басқа қажетті құжаттарды қарап, соның нәтижесінде тестілеуге жіберілген үміткерлердің білімі мен қабілетін, одан кейін әңгімелесу арқылы кәсіби және жеке касиеттерін әділ бағалаудың негізінде тиісті шешім қабылдайды.

Әңгімелесуден өткен үміткерлерді әрбір бос лауазымға біреуін ғана кадр резервін есепке алуға конкурс комиссиясының өкілетті органға ұсьныстама жасауға кұкығы бар.

Конкурс комиссиясының дұрыс қорытындысына ие болған үміткерді мемлекеттік органның басшысы жарияланған қызметке қабылдауға міндетті.

Кейбір санаттағы қызметшілердің конкурс арқылы мемлекеттік қызметке орналасуы міндетті емес. Бұларға мемлекеттік саяси кызметшілер, сондай-ақ тұракты негізде жұмыс істейтін, өз өкілеттігін тоқтатқан және қойылатын біліктілік талаптарға сай келетін Парламент депутаттары, мәслихат депутаттары жатады. Олардын мемлекеттік әкімшілік лауазымға конкурстық іріктеусіз орналасуға құқықтары бар. Мүның тәртібін Республика Президенті айқындайды.

Контракт. Мемлекеттік лауазымға орналасу контрактісі мемлекеттік те, азаматтык та кызмет жүйесінде қолданылуы мүмкін. Контракт жасаудың тәртібі, оның шарттары, тараптардың міндеттері әртүрлі құқықтык актілермен, олардың ішінде еңбек заңдарының актілерімен, Қазақстан Республикасы Укіметінің 1996 жылғы 21 мамырдағы қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметке қабылдаудын ‡лгі контрактісімен белгіленген.

Мемлекеттік лауазымға тағайындау— осы лауазым бойынша белгіленген функцияларды, міндеттер мен құқықтарды жүзеге асыруды кызметшіге ресми түрде жүктеу кезін айқындайтын өкілетті мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның заңдык актісі. Тағайындауды мемлекеттік өкіметтің органдары мен лауазымды адамдары өздерінің құзыретінің шеңберінде белгілі санаттың лауазымдарына орналасудың тәртібін сақтай отырып жүргізеді.

Мемлекеттік қызметтің ерекшеліктеріне байланысты және тиімдіқ қызмет атқаруын қамтамасыз ету мақсатында заңдармен мемлекеттік қызметшілерге құқықтық шектеулер каралған. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік билікті жүзеге асырудың құралы. Сондықтан, бұл билікті қашан да теріс пайдалану мүмкін болғандықтан, оған белгілі, оның ішінде құқықтық тосқауылдар болу керек.

Мемлекеттік қызметте болуға байланысты мемлекеттік қызметшінің мыналарға:

1) өкілді органдардың депутаты және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі болуға;

2) педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылык қызметті коспағанда, ақы төленетін басқа қызметпен айналысуға; ) кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, оның ішінде коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға, егер коммерциялык ұиымды баскаруға тікелей катысу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оның қызметтік міндетіне кірмейтін болса;

4) үшінші тұлғалардьщ істері бойьшша өзі кызмет істейтін не өзіне тікелей бағынысты немесе өзінің бақылауындағы мемлекеттік органда өкіл болуға;

5) өзінің кызметтік іс-әрекетін материалдық-техникалық. қаржылық және ақпараттык камтамасыз ету кұралдарын, бас­ка да мемлекеттік мүлік пен қызметтік ақпаратты қызметтік емес максатта пайдалануға;

6) мемлекеттік органдардың калыпты жұмыс істеуіне және кызметтік міндеттерді орындауға кедергі келтіретін әрекеттерге, оның ішінде ереуілдерге қатысуға;

7) лауазымдық өкілеттігін орындауға байланысты азаматтар мен заңды тұлғалардың кызметін жеке максатына пайдалануға кұкығы жок.

Мемлекеттік кызметші зандарға белгіленген тәртіппен кызметке кіргеннен кейін бір ай ішінде мемлекеттік қызмет өткеру уакытында өзінің меншігіндегі коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлесті (акциялар пакеттерін) және табыс табуға әкеп соқтыратын өзге де мүлікті, осы адамдарға занды түрде тиесілі акшаны, сондай-ақ мүліктік жалға берілген басқа мүлікті коспағанда, сенім білдірілген басқаруға беруге міндетті.

Мемлекеттік кызметші өзінің жакьн туыстары (ата-анасы, жұбайы, аға-інісі, апа-сіңлісі, балалары) немесе жекжаттары (аға-інілері, апа-сіңлілері, жұбайының ата-аналары мен балалары) атқарып отырған кызметке тікелей бағынысты, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағаңда, кызметті атқаруға болмайды.

Тағайындалған шектеулер мемлекеттік қызметшілердің азаматтық құқықтарына нұксан келтіруді көздемейді, қайта олардың қызмет атқаруының тәуелсіз болуын камтамасыз етуге, сыбайластықка (коррупцияға) қарсы, мемлекеттік аппараттың жұмысына қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.

Мемлекеттік әкімшілік кызметшілер мемлекеттік қызметте болған кездеріңде әркезде аттестациялаудан, арнайы құрылған мемлекеттік орындарында,курстардан т. с. с. біліктіліктерін арттырудан өтіп отырады.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің кәсіби даярлығының, құқықтық мәдениетінің, азаматтармен жұмыс істеу қабілетінің деңгейін анықтау мақсатында олар аттестациялдан өтеді.

Қазакстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21-кантардағы Жарлығамен «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациядан өткізу ережелері» бекітілді. Бұл ереже бойынша (4-ші тармағы) кызметшілер мемлекеттік қызметте болудың әрбір кезекті екі жылы өткен сайын, осы мерзім келген уакыттан бастап алты айдын ішінде аттестациядан өтеді.

Мемлекеттік қызметке тұнғыш peт немесе мемлекеттік қыз­мет стажындағы үзілістен кірген кызметшілер, мемлекеттік қызметте үзіліссіз болудың үш жылы өткен мерзімде аттеста­циядан өтеді.

Біліктілігін көтеру. Мемлекеттік қызметшілер біліктіліктерін әртүрлі оқу орындарында көтереді, кайта даярлаудан өтеді. Мысалы, 1998 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жаңынан Мемлекеттік кызмет академиясы кұрылды.

Іс сапар, сыныптык, шен, рангі, формалы киім. Мемлекеттік

қызмет атқару қызметтік іс сапарларды реттеуді, мемлекеттік қызметшілердің, кейбір санаттарына арнайы атақтар, рангілер,формалы киімдер, айырықша белгілер енгізуді, табельдік қаруға құқығын, оны қолдану мен пайдаланудың тәртібін бекітуді т. с. с. камтиды. Мемлекеттік қызметті тоқтату. Мемлекеттік қызметті тоқтатудың негіздері мен тәртібі еңбек заңдарында және басқа актілермен белгіленген. Мемлекеттік қызметті тоқтатудың екі түрі бар: а) шығару(босату);б) орнынан түсу.

Мемлекеттік қызмет туралы заңда мемлекеттік саяси қызметшілердің және мемлекеттік әкімшілік кызметшілердің жәй мемлекеттік кызметті токтатуының негіздері ажыратылыпбөлек бекітілген.

Мемлекеттік саяси қызметшілер отставкаға шығуы және

кызметтен босатылуы мүмкін.

Отставка дегеніміз мемлекеттік саяси қызметшінің жазба-

ша арызының негізінде жүзеге асырылатын тиісті мемлекеттіклауазымдағы міңдеттерін атқаруды тоқтатуы. Мемлекеттік са-яси қызметшілер Конституцияда, «Мемлекеттік қызмет туралы» заңда және өзге де заңдарда белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша отставкаға шығады. Мемлекеттік саяси кызметшінің лауазымдык өкілеттігін өрескел бұзуы, мемлекеттік қызметте болумен сыйыспайтын теріс кылыктар жасауы оны кызметтен босатуға негіз болып табылады.

Аталған заңда (27-бап) мемлекеттік әкімшілік кызметшілердің мемлекеттік қызметті тоқтатудың негіздері ретінде бірнеше себептер белгіленген. Олардың ішінде, мысалы: 1) қызметшілердің өз тілегі бойынша кызметтен босату туралы арыз беруі;

2) келісім-шарт мерзімінің бітуі не заңдарда көзделген негіздер бойьшша келісім-шарттың бұзылуы;

3) кызметшілердің өз табысы мен мүлкі туралы көрінеу жалған мәлімет беруі;

4) Казакстан Республикасының азаматтығьн жоғалтуы;

5) сыбайлас жемқорлық құкық бұзушылығын жасауы;

6) осы заңда белгіленген міндеттер мен шектеулерді сактамауы және басқалар.

Бұлардың сыртында Қазакстан Республикасының еңбек заңдарында көзделген өзге де себептер негіз болып табылады.

Мемлекеттік әкімшілік кызметшілерді мемлекеттік органның әкімшілік лауазымға кабыддауға құқығы бар тиісті лауазымды адамы заңдарда белгіленген тәртіппен қызметтен босатады.

Оларды үш топка бөлуге болады: а) жеңілдіктер; б) көтермелеу шаралары; в) кұкықтык жауапкершілік шаралары.

Жеңілдіктер. Олар әртүрлі болады және әдетте, мемлекеттік қызметшілердің тиісті санаттарына карай тағайындалады.

Мемлекеттік қызметшілер, мысалы, Заңдарда белгіленген тәртіп бойынша тұрғын үймен қамтамасыз етіледі; оларға жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесі тегін беріледі; өздері және отбасы мүшелері мемлекеттік денсаулык мекемелерінде медициналық қызмет көрсетуді пайдаланады;

ерекше енбектері, атақтары тағы басқалар үшін еңбекакыларына қосымша ақшалай әртүрлі төлемдер төленеді.

Мемлекеттік орган таратылған немесе қайта ұымдастырылған жағдайда кемінде үш жыл жұмыс стажы бар мемлекеттік әкімшілік кызметшілер не жүмыспен камтамасыз етіледі, не орташа төрт айлық жалақысы мөлшеріңде шығу жәрдемақысы төленеді, ал штат саны қыскарған жағдайда мемлекеттік қызметшіге төрт орташа айлық жалакысы мөлшерінде шығу жәрдемакысы беріледі және басқалар.

Көтермелеу шаралары. Көтермелеудін жалпы шаралары еңбек туралы зандармен, арнайылары — мемлекеттік қызметшілердің нақтылы санаттарының құқықтық мәртебесінің ерекшеліктерін қарайтын құқықтық актілермен тағайындалады.

Көтермелеудің жалпы шараларына ақшалай сыйлықтар, алғыстар, бағалы сыйлыктар, құрметті атактар беру, ордендер және медальдармен марапаттау жатады.

Көтермелеудің арнайы шаралары да әртүрлі: мерзімінен бұрын арнайы атақ, сыныптық шен беру, жоғары санаттағы мемлекеттік лауазымға жоғарылату және баскалар.

Көтермелеу шаралары мемлекеттік кызметшілердің қызметін жоғары бағалау мен мақұлдауды білдіре отырып, мемлекеттік кызметтің тиімділігін арттыруға бағытталады.

Мемлекеттік қызметшілер жауапкершілігінің лауазымдық кызметің тиімділігін арттыруды ынталандыратын едәуір, өзіне тән, потенциалы бар. Ол мемлекеттік қызметшілердің осы қызметінің кұкықтық негіздерімен, олардың мемлекеттік және кызметтік тәртіпті, заңдылықты қатал сақтаудың кажеттілігімен табиғи байланысты. Мемлекеттік қызметшілердің, әсіресе заңдық биліктік өкілеттіктері барларының, оларды бұзуы мемлекеттің мүдделеріне тікелей әсер етеді, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қысым келтіруі мүмкін.

Мемлекеттік қызметшілердің жасаған құкық бұзушылыктарының сипатына қарай олар тәртіптік, әкімшілік, материалдық, азаматтық-құқықтық және құқық бұзушылықтық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Мемлекеттік қызметшілердің өзіне жүктелген міндеттерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзғаны үшін, сондай-ак мемлекеттік қызметте болуға бай­ланысты белгіленген шектеулерді сақтамағаны үшін мемлекеттік кызметшіге мынандай тәртіптік жазалар:

1) ескерту; 2) сөгіс; 3) қатан, сөгіс; 4) қызметке сәйкес еместігі туралы ескерту; 5) атқаратын қызметінен босату колданылуы мүмкін.

Өзіңе-өзі сұрақтар

1.1. Мемлекеттік қызмет ұғымы және оның қағидалары.

1.2. Мемлекеттік қызметкерлерді топтастыру.

№ 5 АПТА


Дәріс № 5.

Тақырып 5. Әкімшілік-құқықтық нысандар мен әдістер


Негізгі сұрақтары:

5.1. Басқару әдістер ұғымы.

5.2. Басқару әдістерін топтастыру.
5.1. Басқару әдістер ұғымы.

Мемлекеттік басқару әдістері- бұл мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды тұлғаларының (ғни атқарушы билік субъектілерінің) басқару объектісіне (яғни басқарылатындарға - бағынышты органдар, ааматтар және т.б. объектілерге, олардың санасы мен еріктеріне) тікелей және мақсатты түрде практика жүзінде әртүрлі ықпал ету тәсілдері.

Мемлекеттік басқару әдістеріне мына белгілер тән:

1) мемлекеттік басқару әдістері мемлекеттің еркі бойынша қалыптасады және содан туындайды;

2) ереже бойынша олар мемлекеттік қызметті атқару кезінде іске асырылады;

3) мемлекеттік басқару субъектілері мемлекеттің атынан және соның мүддесі үшін пайдаланады;

4) мемлекеттік - биліктік өктем өкілеттіліктер берілген;

5) құқықтық және ұйымдық нысандарға ие болады;

6) жан-жақты бағыттылығы болады (бұл басқару үрдісінің көп түрлілігі мен күрделілігі көрінеді).

Мемлекеттік басқарудың тиімділігі. Басқару міндеттерін және функцияларын жүзеге асыруда қандайда бір әдістерді дұрыс қолдануға байланысты болады, сондықтан осы әдістерді жетілдіру басқарудың жақсаруын білдіреді. Мемлекеттік басқару әдістері мемлекеттік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылады. Осыған байланысты олар көбінесе бсқару қызметінің құқықтық нысандарында көрсетіледі.

Мемлекеттік басқару әдістерінің түрлері:

1) универсалды әдістері немесе негізгі: сендіру мен мәжбүрлеу;

2) құқықтық әдістер - практикада қолданғанда заңды салдарға әкеледі, оларға мыналар жатады: тікелей бөлу, ұсыныс, шешу, келісу;

3) құқықтық емес (ұйымдық) - практикада қолданғанда заңды салдарлардың туындауына әкелмейді, оларға мыналар жатады: қаулы, бұйрықтар, түсіндірме, шешімді дайындау; көрмелер, жарнама, шешімнің орындалуын тексеру.

4) басқару ықпалының мазмұны бойынша:

а) моралдық - саяси әдістер - бұл тәрбиелеу, моралдық қолдау, үгіттеу, насихаттау;

б) ұйымдық әдістер - үйлестіру, келістіру, бақылау, субъектінің өз жұмысын ұйымдастыру (нұсқау беру, сілтеу), қадағалау, тексеру;

в) әлеуметтік әдістер - бақылау, эксперимент жасау, байқау, анкета жүргізу, интервью алу;

г) психологиялық әдістер - психологиялық аяу, дәлелдеу, кәсіби іріктеу мен оқыту, бедел;

д) әкімшілік әдістер - әкімшілік юрисдикция, жарлық, бұйрықтар

е) экономикалық әдіс - баға, несие, материалдық қолдау көрсету, сыйақы, жәрдемақы;

Осы әдістердің барлығы бірін-бірі жоймайды, тек бір - бірін толықтырады және әрбір басқару әдісі қандайда болмасын басқару функцияларын ерекше тәсілмен жүзеге асырылуымен сипатталады.

Мемлекеттік басқаруда әкімшілік және экономикалық әдістер маңызды орын алады.

Әкімшілік - құқықтық әдістер - бағынушылардың басқаратындардың еркіне бағынуымен сипатталады, яғни "билік-бағыныштылық" оларда басқару қызметінің биліктік табиғатын өте айқын көрсетеді. Әкімшілік - құқықтық әдістерді пайдалану басқару субъектісінің басқарылатындарға тура ықпал етеді. Бірақта басқарылатындарға әкімшілік әдісті пайдаланып ықпал еткенде басқарылатындардың (бағынатындардың) мүдделерін есепке алмау дегенді білдірмейді, керісіше ғылым олардың мүдделерін ескере отырып пайдалануды ұсынады. Әкімшілік-құқықтық әдістер мемлекеттік қауіпсіздікті, ішкі істерді басқаруда ерекше орын алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет