Саяси-институционалды факторлардың бірі – әйелдердің саясатқа құқықты қатысуы болып табылады. ҚР Конституциясының 33 бабы кепілдейді «Қазақстан Республикасы азаматтарының тiкелей және өз өкiлдерi арқылы мемлекет iсiн басқаруға қатысуға, мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, ... мемлекеттiк қызметке кiруге тең құқығы бар.
Өмір әйелдер мен ерлер үшін тең құқық, бостандық және тең мүмкіндіктер саясатын әділ талап етті. Дұрысында жаңа бағыт әйелдер мен ерлер үшін тек қана формалды-заңдық емес, сондай-ақ нақты теңдік мүмкіндіктерге кепілдік беруі керек еді. Қазіргі мемлекетті жыныс теңдігі жөніндегі гендерлік мәселелерді шешуге ашық деп айтуға болады. Мемлекеттің маңызды бағыттарының бірі азамат пен адам бостандығы мен құқығын қорғаудағы нақты қызмет атқаратын, тиімді ұлттық жүйе құру болып табылады.
Қазақстан мемлекетіндегі жалпы саяси сипаттағы өзгерістер бұқаралық саяси іс-қайраткерлігінің жағдайына, және оның маңызды құрамдас бөлігі – сайлау процесіне ықпалын тигізді. Бір жағынан, олар ашық саяси бәсекелестіліктің, бақталастылықтың мүмкіндіктерін азайтқан болса, екінші жағынан, – сайлау алдындағы таласта қаржы ресурсының маңыздылығын азайта отырып, әкімшілік ресурсының маңыздылығын арттырды. Сайлаудағы ойын ережелеріне енгізілген мұндай өзгерістер билік шыңына жаңа адамдарға, біздің жағдайымызда әйелдерге көтерілуге мүмкіндік беру – «әлеуметтік саты» мәселесін одан әрі ушықтыра түсті.
Қазақстандағы саяси реформаның басты элементтерінің бірі – жаңа сайлау жүйесіне өту. Зерттеу әдебиеттерінде бұл туралы алуан түрлі көзқарастар қалыптасқан. Батыс демократияларындағы саяси қатысу жөніндегі зерттеулер нәтижесі пропорционалдық және мажоритарлық сайлау жүйелеріне деген әртүрлі қарым-қатынасы болып табылады.
Неміс саясаттанушылары Вильм Руле мен Жозеф Цимерманның салыстырмалы зерттеулерінің орталық нәтижесі әйелдер үшін бір мандатты округтердегі мажоритарлық жүйеге қарағанда, партиялық тізімі бар пропорционалдық сайлау жүйесі тиімдірек болып келетінінде. Мұның себебі мандатқа деген бәсекелестіктің зор болуында, бұл орналастыру кезінде әйелдер кандидатурасын ұстап отыратын саяси партиялар, оларға елеусіз мүмкіндіктер ұсынуына әкеліп соғады. Пропорционалдық жүйе керісінше партияларға тізім құрастыру кезінде біраз икемділік пен үлкен кеңістік ұсынады. Бұған қарамастан, Қазақстан әйелдердің саяси қатысуына сайлау жүйелерінің, әсіресе көбірек экспериментке ұқсас келетін саяси-институционалды жағдайлардың тигізген әсері туралы тезисінің қайта бағалауын көрсетті. Қазақстанда екі бірдей сайлау жүйесінің ықпалына қатысты зерттеу жұмыстары жүргізілді. 1999 жылдан бастап Мәжіліске сайлау бір мандатты округтердегі мажоритарлық жүйе, ал басқа бір бөлігі саяси тізіммен пропорционалдық жүйе бойынша өтті. Бұл ретте мәжіліске сайлауда пропорционалдық жүйені енгізу елдің мемлекет билігін, таңдаулыларын, қарапайым азаматтарды, оның ішінде әйелдерді экономикалық және саяси салаларды ары қарай дамытуда қатыстыруға жұмылдыру механизмдерінің бірі болып есептеледі. Қазақстан парламентіндегі әйелдер үлесі 10,4 % (1999) 16 % дейін өсті. Алайда, біріншіден, 2007 жылы өткен Мәжіліске сайлауда жеңіп шыққан партиялық тізімдердегі әйел кандидаттары саны аз болды. «Нұр Отан» партиясының Мәжіліс депутаттарына кандидаттардың партиялық тізімінде 126 адамның ішінде тек 18 әйел адам, яғни 14 % құрады. Екі әйел депутаттыққа Қазақстан халықтар Ассамблеясынан өткен. Алдыңғы Мәжілісте сегіз әйел болған (10 %). Екіншіден, партиялық тізімдегі орын тәртіптерін кемсітулік тұрғыдан бөлу, бұған ер депутаттарының ер кандидаттарының санының қатынасымен салыстырғанда әйел депутататтарының әйел кандидаттары санына қатынасының аз болуы дәлел. Әйелдер тізім соңына ығыстырылды. Мұның бәрі әйелдер үшін мүмкін болған жалғыз мансап бұл зайып мансабы болған, оның әлеуметтік жетістігі жақсы тұрмыс құруымен ғана өлшенген кездердегі қалыптасқан қоғамдық сана-сезімнің дәстүрлі таптаурындардың көрінісі. Бұл тек әйелдердің ғана емес, сондай-ақ Қазақстандағы демократияның дамуының да сырқаты. Оның өз себептері бар: білікті көшбасшылар санының аз болуы, ел өмірінің нақты жағдайын дұрыс түсінбеу, көшбасшылар мен ынталы топтардың кеудемсоқтығы, адамдардың әлсіз әлеуметтік-экономикалық және саяси мәдениеті. Бұл әйелдерге өз іс-қайраткерліктерінің тиімділігін жаңа сапалы деңгейге көтеруге, соның арқасында елдің саяси өміріне әйелдердің саяси қатысу үлесін арттыруға мүмкіндік берген жоқ. Саяси мәдениет саяси жүйенің мемлекеттік-орталық институтын азаматтық қоғаммен байланыстырады, сондықтан да саяси жүйені демократизациялау азаматтар мен қоғамның саяси субъектілерінің жеткілікті түрдегі жоғары саяси мәдениетінсіз елестету мүмкін емес. Қазақ мәдениеті мен Батыс мәдениеттерінің бірыңғай процестерге қатысты бірнеше ортақ белгілері бар, сондай-ақ көптеген айырмашылықтар да кездеседі. Екі әр түрлі мәдениеттердің (қазақ және батыс) моральдық гендерлік таптаурындарының қалыптасуы мен қызмет етуіне ықпал ету мәселесін қарастырып көрейік. Моральдық гендерлік таптаурындар бірнеше таптаурындардан тұрады, біріншіден, ішкі моральдық бейнесінің таптаурындары, яғни адамдар күн сайынғы тәжірибелерінде басшылыққа алуға тиіс және адам жынысына қарай айырылатын өнегелік шамалар, ұстанымдар мен мұраттар идеалы. Адам жынысынан сондай-ақ оның «нағыз ер азамат» және «нағыз әйел» дейтін мұратқа сәйкес болулары үшін қандай адамгершілік қасиеттерге ие болу керек екендігі де байланысты. Екіншіден, моральдық мінез-құлық таптаурындары – әйелдер мен ер азаматтар бір жағдайда әр түрлі әрекет ету мүмкіндігін, ал кейде тіпті қажеттілігін қарастырады, сонымен қатар әйел адамға немесе ер азаматқа істеуге болмайтын қылықтар туралы таптаурындалған түсініктер бар. Үшіншіден, жеке және қоғам қатынасы аясындағы таптаурындар – әйелдер мен ерлер достықтарының, махаббаттарының, сондай-ақ бұл сезімдер білдірілетін әрекеттерінің өзгешеліктері жайындағы таптаурындалған түсініктер. Мускулиндік/феминистік таптаурындар мәдениет мән-мәтініне қатысты қалыптасады. Мускулиндік/феминистік таптаурындарын әр түрлі мәдениет мән-мәтінінде қарастыра отырып, зерттеушілер көптеген жыныс айрмашылықтары биологиялық немесе психологиялық сипаттамалардан гөрі, әлеуметтік және мәдени факторлармен түсіндіріледі деген қорытындыға келді. Батыс және қазақ мәдениеттері аяларындағы мускулиндік/феминистік таптаурындардың қалыптасуына (келісінше моральдық гендерлік таптаурындарға) ықпалын тигізген мәдениеттің патриархалды түрі болып табылады. Мұның нәтижесінде жоғарыда аталып өткен факторлармен әйелдердің бағынушылық жағдайы, оны толыққанды тұлға ретінде қабылдамау, оның интеллектуалды және моральды деңгейін төмен деп түсіну анықталды. Жоғарыда көрсетілген себептердің нәтижесінде, Қазақстан әйелдерінің құқықтары жөніндегі пікір-таластар саяси-құқықтық саладан (Батыста жоғары деңгейде дамып келді, ал Қазақстанда нашар дамыды) әлеуметтік және философиялық салаға ауыстырылды. Бұл көзқарас тұрғысынан «қазақ идеясы» аясында қалыптасқан Қазақстанның тағайындалуы жөніндегі түсінігі мен әйелдердің тағайындалуы мен моральдық бейнесі жөніндегі түсініктің өзара байланысы қызығушылық тудырады. Қазақстандағы әйелдердің моральдық қасиеттеріне деген ерекше қарым-қатынас, және де гендерлік моральдық таптаурындар ерлер мен әйелдер теңдігін қалыптастыру жолындағы бөгет ретінде емес, әйелдер жанының биязы ұйымдасқанының белгісі және әйелдердің бұл қасиетке ие болуы ретінде қарастырылады. Алайда, біріншіден, әйелдердің билік тұғырларын жаулауға өздерінің дайын еместігін де назардан тыс қалдырмау керек, мұның себебі «өгейлік» жүйеге кіру ниетінің, екіншіден, көптеген әйелдердің саяси іс-қайраткерлікпен айналысуға тілектерінің болмауы. Үшіншіден, кейбір әйелдер билікке қол жеткізе отырып, өздерін мұндай жетістікке жете алмаған басқа әйелдермен байланыстырғылары келмейді. Ер азаматтармен белсенді түрде бәсекеге түсіп жүрген көптеген әйелдер, ер әлемінде жеңіске жетудегі өздерінің дарындары мен қабілеттеріне баса назар аударып, көпшілік әйелдердің тең құқықсыздық жағдайларын байқай алмайды. Осылайша, егер де батыс мәдениеті аясында адам өмірінің барлық саласының, оның ішінде моральдің, феминистік тексерісі мәселесі көтерілген болса, қазақ мәдениеті аясында әйелдерге деген қатынас бойынша иерархияланған патриархаттың болуы, көбінесе мәдениеттің өзіндік ерекшелігінің белгісі ретінде қарастырылды. Басқа жағынан, қазақ тарихының барлық уақытында орын алған әйелге деген құрметті қарым-қатынас көбіне мұндай тексерісті қажет етпейді. Мұның бәрі маңызды қорытынды жасауға мүмкіндік береді – бүгінгі күні Қазақстанда гендерлік таптаурындар, әйелдердің саясатқа қатысуға дайын еместігі сияқты, аз уақыт ішінде бұл процесті кеңейтудегі елеулі шектеу болып табылады. Қалыптасып кеткен таптаурындар қоғамның барлық мүшелері үшін теңдік мүмкіндіктердің демократиялық ұстанымын енгізуге кедергі жасайды, өзгерген болмыстағы гендерлік ресурстар мен мүмкіндіктерді бағалауға мұрша бермейді. Сондықтан да гендерлік саясат, жалпы қоғамның мүддесінде жүргізілетіндігі жайлы қоғамдық пікір қалыптастыру қажет. Қазақстан билігіндегі әйелдер санының төмен болуының бірнеше себептерін бөліп көрсетуге болады: бұл халықтың саяси сана-сезіміндегі гендерлік таптаурындардың болуы, яғни қоғамда әлі де болса теңдік ұстанымын құрметтеу мәдениеті қалыптасқан жоқ; әйелдер мен ерлер саясаттарындағы бар ресурстардың әр түрлілігі; саяси таңдаулылар негізінен ерлер ықпалы салалары болып табылатын өндірістік, шаруашылық, партиялық құрылымдардың жоғары жігінен құралған. Әйелдер саясатқа көбінесе білім беру, денсаулық сақтау салаларынан келеді, және де ерлерге қарағанда саяси тәжірибелері аз; саясат олар үшін аса маңызды іс болып табылмайтын сипатпен әлеуметтенеді, қоғамдағы әйелдердің өмірлік шеңбері көбіне үйге қарау, бала тәрбиелеу, отбасының науқас және қарт адамдарына қамқор болу сияқты міндеттерге жұмылдырылады; саяси және экономикалық реформалардың аяқталмауы. Қазақстандағы гендерлік теңдік саясатын жүзеге асырудың саяси талдауынан, мемлекеттік гендерлік саясаттың өтпелі сипатында екенін айтуға болады. Әзірше республикада әйелдердің саяси және әлеуметтік-экономикалық әлеуеті сұранысқа ие емес. Қоғамда әлі күнге шейін әйелдерге қатысты керітартпа-патриархалдық таптаурын сақталынып, тіпті жаңғырып отыр, көпшілік сана-сезіміндегі мұндай қарым-қатынас әйелдердің саяси көшбасшылығына, өз бетімен мемлекеттік шешімдер қабылдауына қабілеттілігін оңайлықпен қабылдай қоймас.
Достарыңызбен бөлісу: |