1 Бекет «Гипертензиялық криз, асқынбаған. Дәрігерлік көмек»



бет1/4
Дата12.05.2024
өлшемі47.47 Kb.
#500938
  1   2   3   4
чек парақтар қаз АА 6 курс (копия)


1 Бекет




«Гипертензиялық криз, асқынбаған. Дәрігерлік көмек»



Қадамдар – Әр қадамдарды бағалау критерийлері

Балл бойынша бағалау

Дұрыс, кезеңімен



Дұрыс, кезеңімен емес

Қате, кезеңсіз

1

Дәрілік көмек көрсетудің мақсатын (тіршілік үшін маңызды ағзалардың қызметтерін тұрақтандыру) айқындады.

2,0

1,0

0

2

Муляждың басын жоғарылау етіп жатқызды.

2,0

1,0

0

3

Толық физикалық және психикалық тыныштықты қалыптастырды. Шұғыл көмек көрсету және АҚҚ-н төмендететін дәрі-дәрмектерді жылдам енгізу қажеттілігін ескере отырып, дер кезінде емді бастады.

2,0

1,0

0

4

Әр 15–минут сайын жүректің соғу жиілігін, артериялық қан қысымын бақылап отырды.

2,0

1,0

0

5

Жоғары САҚ мен тахикардия қосарланған кезде пропранолол (селективті емес В-АБ) ішкізуге 10-40 мг., клонидин (орталық жүйке жүйесіне әсер ететін дәрмек)-тіл астына 0,075-0,150 мг.

2,0

1,0

0

6

ДАҚ қысым жоғарылағанда немесе САҚ мен ДАҚ бірдей жоғарылаған кезде каптоприл (ААФ ингибиторы) –тіл астына 25 мг.; нифедипин (кальций каналдарының блокаторы)-тіл астына 10-20мг.

2,0

1,0

0

7

Каптоприл көбінесе анамнезінде кардиосклероз, жүрек жетіспеушілігі, қант диабеті бар науқастарда қолданылады. Жүктілік кезінде, бүйрек жіне бронх-өкпе жүйесінің аурулары қосарланғанда нифедипинді қолдануға ұсынылады.

2,0

1,0

0

8

Мидің шеткі қантамырлар өрімінің кедергісін азайту және тұрақтандыру үшін винкамин 30 мг. Енгізеді

2,0

1,0

0

9

Алаңдатушы іс-әрекеттер жасады: -желкеге, бел аймағына, аяқтарға қыша қағаз жабыстыру; -бастың қатты ауырыуында салқын басу; -аяқты ыстық суға салу.

2,0

1,0

0

10

АҚҚ бастапқы көрсеткішінен 15-25% немесе 12-24 сағ. ішінде < 160/110 мм.сын.бағ. біртіндеп төмендетті.

2,0

1,0

0




Барлығы:









Максималды бал - 20


«Бронхообструкция синдромын басу алгоритмі»





Қадамдар - Әр қадамды бағалау критерилері

Балл бойынша бағалау

Дұрыс, кезеңімен



Дұрыс, кезеңімен емес

Қате, кезеңсіз

1

Латексті қолғап киді. Пациентке өзін таныстырды. Пациенттің атын, тегін, әкесінің атын анықтады. Науқасты орындыққа дұрыс, ыңғайлы отырғызды. Мұрын арқылы тыныс алуының еркіндігін тексерді.

2,0

1,0

0

2



Небулайзермен жұмыс істеу үшін қажетті құралдарды, дәрілерді дұрыс жинады (небулайзер аппараты, бүйрек тәрізді лоток, залалсыздандырылған дәкеден жасалған салфетка, спирт, 5 грамдық шприц, β-2 агонистер, бір рет қолданатын сүлгілер)

2,0

1,0

0

3

Небулайзерді дұрыс жинады; төменгі штативке шашыратқышты орнықтырып жоғарғы штативті қосты, және оған мундштукті (немесе бет маскасы) бекітті.

2,0

1,0

0

4

Пациентке небулайзермен жұмыс істеу техникасын, дем алудың ұзақтығын дұрыс түсіндірді.

2,0

1,0

0

5

Аппаратты электр жүйесіне қосып, «қосу» кнопкасын басты. Небулайзер арқылы ингаляцияны дұрыс жүргізді.

2,0

1,0

0




Барлығы










Максималды бал - 20


Бекет №2


«Апгар шкаласы бойынша баға беру»





Қадамдар - Әр қадамды бағалау критерилері

Балл бойынша бағалау

Дұрыс, кезеңімен



Дұрыс, кезеңімен емес

Қате, кезеңсіз

1

Қолғапты киіңіз.

2,0

1,0

0

2

Құрғақ, жылы орағышқа нәрестені сүртіп, кептіріп ораңыз. Ылғалды жөргегін құрғақ жөргекке ауыстырыңыз.

2,0

1,0

0

3

Апгар шкаласының 5 критерий бойынша бағалаңыз (бағалау алғашқы 1-5 минутында жүргізіледі).

2,0

1,0

0

4

Табиғи жарықта баланың тері жамылғысының түсіне баға беріңіз:

  • тері жамылғысы бозарғаннемесе цианоз - 0 балл

  • тұлғасы және кеуде қуысы қызғылт, қол-аяғы цианоз(акроцианоз) - 1 балл

  • тұлғасы, кеуде қуысы және қол-аяғы қызғылт - 2 балл

2,0

1,0

0

5

Стетоскоптың көмегімен жүректің жиырылу жиілігін анықтаңыз, нәтижесі:

  • жүректің соғу жоқ - 0 балл

  • жүректің соғу жиілігі минутына 100 реттен кем - 1 балл

  • жүректің соғу жиілігі минутына 100 реттен артық - 2 балл

2,0

1,0

0

6

Тыныс алу жиілігін кеуде экскурсиясына қарап санаңыз:

  • тыныс алуы жоқ - 0 балл

  • тыныс алу ретті емес, айқай әлсіз (гиповентиляция) - 1 балл

  • тыныс алу жиілігі минутына 40-60 рет, айқай жанды - 2 балл

2,0

1,0

0

7

Рефлекторлық қозғыштықты (дәрігердің қарау кезіндегі дауысына, жанасуына, түрлі дыбыстарға, жарыққа, қоршаған ортаның температурасының өзгеруіне байланысты нәрестеде пайда болған реакциясы) анықтаңыз:

  • реакциясы жоқ - 0 балл

  • реакциясытөмен- 1 балл

  • қалыпты жағдайда айғайы айқын, мұрын қуысын тітіркендіргенде түшкіру және жөтелу реакциялары байқалады - 2 балл.

2,0

1,0

0

8

Бұлшықеттер тонусын анықтаңыз:

  • тонусы жоқ - 0 балл

  • тонусы төмен - 1 балл

  • қалыпты жағдайда тонусы жақсы, флексия позасында (эмбрион позасында) – 2 балл

2,0

1,0

0

9

АПГАР шкаласы бойынша баға беріңіз және қорытынды жасаңыз:
8-10 балл –дені сау бала.
7 балл – белсенділігі төмендеген, әр 5 минут сайын қосымша Апгар шкаласымен бағалау (өмірінің алғашқы 20 минутында).
4-6 балл- орташа ауырлықтағы асфиксия (5 минуттан кейін дені сау балаға тән белгілер байқалады).
0-3 балл- ауыр дәрежедегі асфиксия (нәрестені тірілту шаралары мен интенсивті емдеу жүргізу көрсеткіші).

2,0

1,0

0

10

Қолғапты шешіп, қолды жуып, кептіріңіз.

2,0

1,0

0




Барлығы:










Максималды балл -20


«Нәрестенің рефлекстерін тексеру»





Қадамдар - Әр қадамды бағалау критерилері

Балл бойынша бағалау

Дұрыс,
кезеңімен



Дұрыс, кезеңмен емес

Қате, кезеңсіз

1

«Піл мұрыны»рефлексін тексерді – нәрестенің ерніне саусақпен бірнеше рет соққылады.
Нәтижесін бағалады: нәресте ернін «пілдің мұрны» сияқты шошайтты.

2,0

1,0

0

2

Куссмаульдің іздеу рефлексін тексерді–нәрестенің аузының бұрышын саусағымен ақырын сипалады.
Нәтижесін бағалады: нәресте белсенді түрде анасының омырауын «іздей» бастады: астыңғы ерні төмен түсіп, тітіркендіргіш жаққа қарай ерні де, тілі де тартылады.

2,0

1,0

0

3

Бабкиннің алақан-ауыз рефлексі: саусағының жастықшаларымен нәрестенің алақанын басты.
Нәтижесін бағалады: алақанын басқан кезде нәресте аузын ашады, басы алдыңға қарай еңкейіп, тексерушіге қарай бұрылады.

2,0

1,0

0

4

Қармау рефлексін және Робинсон рефлексін тексеру: дәрігер үлкен немесе сұқ саусағын нәрестенің алқанына салады.
Нәтижесін бағалады: нәресте санасыз түрде саусақты қысып ұстайды.

2,0

1,0

0

5

Моро рефлексін тексерді: нәресте басынан 15 см қашықтықтан, оң және сол жағынан бір уақытта, нәресте жатқан жерді алақанымен соққылады.
Нәтижесін бағалады: бұл тітіркендіргішке нәресте алғашында бірден қолдарын екі жағына жазады, сонымен бірге жұдырығын ашады (І кезең), кейін өзін қолдарымен құшақтағандай қалыпқа келеді (ІІ кезең).

2,0

1,0

0

6

Тірек және автоматты жүру рефлекстерін тексеру: нәрестені қолтығынан ұстап тіке тұрғызды және аяқтарын жерге тіреп, алдыңға қарай тартты.
Нәтижесін бағалады: нәресте тіректі сезіп, аяқтарын созады және «тұрады». Алдыңға қарай тартқанда, аяқтарымен «адымдай» бастайды.

2,0

1,0

0

7

Нәрестенің қорғаныс рефлексін тексерді:нәрестені ішімен жатқызды.
Нәтижесін бағалады: нәрестені ішімен жатқызған кезде, нәресте «автоматты» түрде басын бір жағына бұрады.

2,0

1,0

0

8

Бауэрдің еңбектеу рефлексін тексерді: нәрестені ішімен жатқызды және оның табандарына алақанын тіреді.
Нәтижесін бағалады: нәресте алақанды табанымен сезініп, алдыңға қарай жылжуға әрекет жасайды.

2,0

1,0

0

9

Галант рефлексін тексерді: паравертебральды аймақтың терісін тактильді тітіркендірді (омыртқа бағанынан 1-1,5 см сыртқа).
Нәтижесін бағалады: бұл кезде бала арқасын доға тәрізді бүгеді, тітіркендірген жаққа қарама-қарсы түрде.

2,0

1,0

0

10

Перес рефлексін тексерді: саусағының ұшымен нәрестенің омыртқаларының сүйір өсінділері бойымен терісін жеңіл тітіркендірді.
Нәтижесін бағалады: бұндай тітіркендіруге жауап ретінде нәресте денесін артқа қарай бүгеді, қол-аяқтарын жинайды, басын көтереді және жылайды.

2,0

1,0

0


Барлығы:










Максималды балл -20

Бекет №3






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет