2.Клеткада болатын қандай қозғалыс органоидтарын білесіздер?
Қозғалыс органоидтері немесе миофибрилдер жануарлар дүниесінде көп таралған.
Бұл органоидтер организмді үнемі қозғалысқа келтіріп отырады.Мұндай организмдерге
сұйық ортада қозғалуға бейім әртүрлі өсінділер, кірпікшелілер, талшықтар және бұлшық
етті қозғалысқа келтіретін миожіпшелер (миофибрилдер), т.б. жатады. Қарапайымдар,
атап айтқанда, кірпікшелі кебісше, жасыл эвглена, негізінен, бір орыннан екінші орынға
кірпікшелерінің және талшықтарының жәрдемімен қозғалысқа келетінін білесіңдер.
Жануарлар тіршілігінде кірпікшелер әртүрлі қызмет атқарады. Мысалы, омыртқалы
жануарлар мен адамның мұрын қуысында бір бағытта орналасқан мыңдаған
кірпікшелер болады. Олардың негізгі қызметтері ауаның құрамындағы шаң-тозаңдарды
сүзіп қалу екенін білесіңдер. Кірпікшелі кебісшенің денесінде 15 мыңға жуық
кірпікшелер бар. Кірпікшелер неғұрлым көп болса, организмнің қозғалысы соғұрлым
белсенді болады. Сол сияқты амебалар және лейкоцит жасушалары жалған
аяқтарының жәрдемімен қозғалатындығы белгілі.Миожіпшелер (миофибриллы);
(myofibrilla, грек, mys (myos) — ет, лат. fibriHa — жіпше) — ет ұлпасының жасушалары
— миоциттер мен ет талшықтары — миосимпласттар цитоплазмасында болатын,
олардағы жиырылу процесін іс жүзіне асыратын арнайы органелла. Миожіпшелер
протеиндік бөлікшелер — миофиламенттерден (жіңішке жіпшелер) құралған.
Миожіпшелердің орташа диаметрі 2-3 мкм. Қаңқа бұлшықет талшықтары мен жүрек
кардиомиоциттері миожіпшелерінің құрылымдық бірлігі — миомерлер (саркомер). Олар
бір-бірінен телофрагма (Z- сызығы) пердешелері арқьшы бөлінген. Миожіпшелер
миозин миофиламентері — жуандау күңгірт түсті анизотропты (А) дискіні, ал актин
миофиламенттері ақшыл түсті изотропты (И) дискіні құрайды. Дискілер жолақты ет
ұлпаларында кезегімен орналасып, миосимпласттардағы және кардиомиоциттердегі
көлденең жолақтарды анықтайды. Миожіпшелер бірыңғай салалы ет үлпасының
миоциттері мен көлденең жолақты бұлшықет талшықтарының және жүрекет
кардиомиоцитінің жиырылу процесін іс жүзіне асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |