1 билет «Химия» пәнінен жаңартылған білім беру мазмұныңдағы 7-11 сыныптардағы үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны



бет5/58
Дата10.11.2023
өлшемі0.65 Mb.
#482882
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
1 билет «Химия» п нінен жа артыл ан білім беру мазм ны да ы 7-11

1.Химиялық білім беру мазмұнының құрылымы. Химия пәніне арналған Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандарты (2016 - 2020жж). ҚРЖМБС құрылымы.
Химия курсының мазмұны білімді тереңдетуге, химиялық заттардың көптүрлілігінің маңыздылығы және олардың басқа затқа айналуы туралы, табиғи ресурстарды ұқыппен қолдануын дамытуға; оқытылатын процеске шығармашылық және сыни ойлауды қолдануға, практикалық және эксперименттік біліктерін кең ауқымда дамытуға; табиғи құбылыс ретінде химия туралы білімдерін тереңдету негізінде білім алушылардың түсінігін кеңейтуге бағытталған.Оқу пәні жаңа заттарды ашуға мүмкіндік береді, бар деректерге сүйеніп, қоршаған ортаның экологиялық жағдайын бағалауға баулиды және өмірмен тығыз байланысын қалыптастырады.Тереңдетілген курстың мазмұны білім алушылардың химиялық құбылыстар мен процестердің айналасында орын алып жатқан өзгерістерді түсінуге және олардың салауатты өмір сүруіне түрткі болады; күнделікті өмірлік іс-әрекетінің сапасын жетілдіру үшін, күнделікті практикада сапалы өнімдер мен құралдарды таңдау үшін химиялық білімін қолдануға мүмкіндік береді."Химия" оқу пәні бойынша жалпы орта білім беру мазмұнының құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады: "Бөлшектер және олардың құрылысы", "Химиялық реакциялардың заңдылықтары", "Химиядағы энергетика", "Біздің айналамыздағы химия", "Химия және өмір";
2.Химияны оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы.
Химияны оқыту әдістемесі психологиялық – педагогикалық, химиялық, әлеуметтік, экологиялық, биологиялық, географиялық, физико-математикалық ілімдер қиылысында орналасқан. Аталған ғылымдар өзара пән арарлық байланыс арқылы қабысады.Егер барлық оқу пәндерін кешенді түрде қарастырсақ ол кең жүйе құрайды ал химияны оқыту әдістемесі жүйенің бір элементі болып табылады. Химияны оқыту әдістемесі пәнінде философия, әлеуметтану, қоғамтану, диалектика түсініктері кең қолданылады да, педагогика-психологияда қалыптасқан түсініктер де орны тебеді. Оқыту процесі мен меңгеру психологиясының заңдылықтарын, материалистік диалектикалық ілім негізін білмей көзқарасты қалыптастырып, тәрбие жұмысын жүргізу мүмкін емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет