1 билет «Химия» пәнінен жаңартылған білім беру мазмұныңдағы 7-11 сыныптардағы үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны


Химияны оқыту мақсаттары: химиялық білім беру, практикалық білік пен дағды қалыптастыру, политехникалық білім, химия өндірісі негіздерін оқыту



бет9/58
Дата10.11.2023
өлшемі0.65 Mb.
#482882
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   58
1 билет «Химия» п нінен жа артыл ан білім беру мазм ны да ы 7-11

2.Химияны оқыту мақсаттары: химиялық білім беру, практикалық білік пен дағды қалыптастыру, политехникалық білім, химия өндірісі негіздерін оқыту.
Химияны оқыту әдістемесінің басты мақсаты болашақ химия мұғалімін орта мектепте жұмыс істеуге қажетті білім, білік, іскерлік дағдымен қаруландыру.
Химиялық орта білім және оның маңызды компоненттері. Химия курсының білім, тәрбие және дамыта оқыту мүмкіндіктерінің сипаты.
Оқыту мақсаты: химиялық білім беру, педагогикалық дайындық, таным қабілетін, практикалық білік пен дағды қалыптастыру, ғылыми көзқарас негіздерін қалыптастыру.
Химияны оқытуда жалпы білім беру міндеттері: заттар және олардың өзгеруі жөнінде маңызды деректерді оқыту, химиялық ұғымдарды түсіндіру, химия теориясы мен заңдарының мәнін ашып түсіндіру.
Политехникалық білім міндеттері: химия өндірісінің ғылыми негізін оқу. Химияның өмірмен байланысын танып білу, халық шаруашылығын химияландыру мәселелері, қоршаған ортаны қорғау, оқушыларды кәсіби бағдарлау және еңбекке баулу.
Оқушылардың оқу іс-әрекетін дамыту міндеттері: химиялық білім, білік және дағды қалыптастыру. Оқушылардың өз беттілігін және танымын, оқуға ынтасын қалыптастыру.
Ғылыми көзқарас қалыптастыру міндеттері: көзқарастың жаратылыс-ғылыми жағы, ғылыми-атеистік тәрбие. Дүниенің ғылыми сипатын қалыптастырудағы химияның ролі. Көзқарастың танымдық жағы.
3.Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластарын оқыту әдістемес
Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары жөніндегі білімді қорытындылау . Бұл тақырыптың міндеттері : 1)оксидтердің , негіздердін , қышқылдардың және тұздардың құрамы жөніндегі білімді бір жүйеге түсіру ; 2 ) құрамы мен аталуының және сабақта эксперимент дағдыларын жетілдіру , алған білімді эксперимент есептерін шығара білуге қолдану . Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін алғашқы оксидтердің , негіздердің , қышқылдардың және тұздардың құрамы мен аталуы қарастырылады . Алдымен оқушылардың білетіндерін еске түсіру үшін әңгімелесу немесе оқулықпен өздігінен жұмыс ұйымдастырылады . Оқушылар бейорганикалық қосылыстардың жіктелуін сызбанұсқа түрінде сызады , әр класқа мысалдар келтіреді .
Содан соң мына сұрақтар бойынша әңгімелесу ұйымдастырылады :
кальций оксиді мен көміртегі ( IV ) оксидінің құрамында қандай ұқсастық пен айырмашылық бар ?
қышқылдар мен тұздар құрамында қандай ұқсастық пен айырмашылық бар ?
негіздер мен тұздар құрамында қандай ұқсастық айырмашылық бар ?
Әңгімелесуден кейін оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары ұйымдастырылады . Заттарды кластарға бөлу , заттың қай класқа жататынын дәлелдеу ( эксперимент есебі ) , құрамы бойынша атау ,формуласын жазу тапсырмалары орындалады .
Мысалы : 1) төменде формулалары берілген заттарды кластарға жіктеп , кесте түрінде жазыңыздар : H3PO4 , Fe , CaSO4 , KOH , Cu , Ca (PO3) 2 , Cu (OH)2 , Fe2O3 , S , KNO3 , Al , Fe (OH) 3, HNO3 , Ca (OH), Zn (OH)2 Оксидтер Негіздер Қышқылдар Тұздар тобына жіктеңіздер.
2 ) аталған заттардың формулаларын жазыңыздар : темір ( ІІ ) хлориді , күкіртті қышқыл , азот ( V ) оксиді , алюминий гидроксиді , т.б.
Келесі сабақта оксидтердің жіктелуі мен химиялық қасиеттері қорытылады . Оксидтердің анықтамасы , жіктелу негіздері , әр типке жататын оксидтердің белгілері туралы әңгімелесу. Оксидтің сипатын дәлелдейтін эксперимент есептерін шығарады , мысалы күкірт ( IV ) дәлелдеуге болады ? Мыс ( ІІ ) оксидінің негіздік оксид екенінен соң өздігінен жұмыс орындалады . Оқушылар өткенде кестеге оксидтерді мұғалім формулаларын берген оксидтерді жіктеп , кесте түрінде жазады , оксид түзуші элементтердің валенттілігін көрсетеді . Бір элементтің төменгі валенттілігінде негіздік оксидтің , ал жоғары валенттілігінде қышқылдық оксидтің қасиеттерін білдіретініне назар аударады. Оксидтердің химиялық қасиеттері туралы білімді бір жүйеге түсіру үшін зертханалық жұмыс жасалады . Оқушылар кремний ( IV ) және көміртегі ( IV ) оксидтерінің суға , кальций гидроксидінің ерітіндісіне , мыс ( I ) оксидінің және кальций оксидінің суға және күкірт қышқылына қатынасын зерттейді .
Соның нәтижесінде : 1) Қышқылдық оксидтердің сілтімен ; 2) негіздік оксидтердің қышқылмен әрекеттесуі жалпы қасиеттері екені , бұл қасиет оларға анықтама беру үшін пайдаланылатыны жөнінде қорытынды жасалады. Суға қатысы туралы тәжірибеден алынатын мәліметтер : 3) көміртегі (IV) оксиді және кальций оксиді суда ериді , бір жағдайда қышқыл , екінші жағдайда сілті түзеді ; 4 ) кремний (IV) оксиді және мыс (ІІ) оксиді суда ерімейді . Оксидтердің бәрі сумен әрекеттеспейді , бұл олардың айрықша қасиеттеріне жатады
6 БИЛЕТ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет