2. Рефлексия. Кері байланыс. Айырмашылықтары.
«Рефлексия» сөзі латын тіліндегі «reflexio» – «кері қарау» деген ұғымынан туындайды. Джон Дьюи рефлексиялық ойлауды былай сипаттайды: «Қандай да болмасын бір пікірді не білімнің ықтимал көрінісін олардың негіздерін ескере отырып белсенді түрде, толассыз және мұқият қарастыру, осының салдарынан туындаған қорытындаларды талдау»
Жалпы алғанда рефлексия зерттеу секілді: адам мұнда өзінің ішкі дүниесін жан-жақты қарастырады, яғни өзін өзі зерттейді. Бұл зерттеудің басты тақырыбы адамның өзі болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда рефлексия адамның өзінің ішкі ахуалы мен өзгерістерін тануы іспеттес: адам жасап жатқан әрекеттерін бір сәтке доғарып, өзінің ішкі жан дүниесіне үңіледі, өзімен өзі әңгімелеседі, сырласады, әрекеттерін талдап, оларға баға береді, өзіне «сырт көзбен» қарайды. Осыдан кейін әрекеттеріне өзгерістер енгізеді, кемшіліктерін түзейді, оларды болдырмаудың жолдарын қарастырады, болашақта қандай істер жасайтындығын жоспарлайды. Жалпылама алғанда, рефлексияның қадамдары мынандай болуы ықтимал:
1) Аялдама жасау (тоқтау);
2) Артқа қарау: түсіну, талдау, бағалау;
3) Өзгерістер енгізу;
4) Болашақты жоспарлау.
Кері байланыс (рефлексия) – оқушылардың алған білімдерінің нәтижесін қорытындылайды.Білім алу жолын негіздейді.Оқушыны өзінің іс-әрекетін өзінің қабілетінте сенбесе ол өзінің алған. Білімін өзіне иемдене алмайды.
Айырмашылықтары
3. Оқудың сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі.
Оқудың сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі - білім беру сапасының мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың талаптарына және оған сыртқы және ішкі бағалау арқылы қол жеткізу шарттарына сәйкестігін анықтайтын әдістер, құралдар мен ұйымдастырушылық құрылымдар жиынтығы.
Мақсаты - отандық білім беру жүйесі мен Қазақстан Республикасы мамандарының халықаралық білім кеңістігінде және еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін білім сапасына қол жеткізу.
Оқудың сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің негізгі міндеттері:
білім беру жүйесінің белгілі бір кезеңдегі қызметін сипаттау, талдау және бағалау;
білім беру жүйесінің негізгі мәселелерін анықтау және талдау және оларды шешудің ықтимал перспективаларын сипаттау;
білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттарын, жоспарланған шараларды және қызметтің күтілетін нәтижелерін анықтау;
білім беру жүйесінің қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы атқарушы билік пен қоғам арасында диалогты ұйымдастырудың ақпараттық базасын құру.
№35 БИЛЕТ
Достарыңызбен бөлісу: |