Бір-бірімізді тыңдаймыз.
Басқаның пікірін сыйлаймыз.
Айтылып жатқан тақырып көлемінде сөйлейміз.
Бір айтылған ой қайталамау.
Әр сабақта кем дегенде 2 рет орын ауыстырып отырғызу.
Әр баланы кезекпен сөйлету.
Оқушылардың ауызша сөйлеу тілін дамытатын СТО стратегиялары.
Оқу мен жазуды сыни тұрғыдан дамытудың басты жолы сабақ өткізу барысында СТО стратегияларын тиімді қолдана білу. Стратегияларды әр сабақтың мақсат-міндетіне сәйкес тиімді қолдану мұғалімнің шеберлігіне, ізденісіне байланысты. Сонда ғана оқушының оқуы мен жазуына, тілдік әрекетке өзгеріс енгізуге болады. Өз ойын айтуға еркіндік берілгенін бала сезінгенде ғана ашылады және нәтижелі болады.
Оқушылардың ауызша тілін дамытатын төмендегідей стратегиялар қолдануға болады:
«Инсерт» стратегиясы – ұтымды құрал. Әңгімені түсініп оқуын тексеруге, әңгімені мазмұндау, мәтінді түсініп оқу үшін керек. Бұрынғы білім мен жаңаны ұштастырып, жаңа түсінік тудыратын көпір жасатады.
«Галереяда ой шарлау» стратегиясы. Мысалы, қуаныш, махаббат т.с. сөздерді суреттеу, яғни балалар қағаз бетіне осы сөздерді қалай түсінетінін салады. Орындап болған соң 1 оқушы (спикер) шығып қорғайды.
«Әлемді шарлау» стратегиясы. Бір тақырып бойынша жобасын құру. Әр топтың президенті өз жобасын қорғайды. Қалғандары шеңбер бойымен басқа топтардың жобаларын тыңдайды, бағалайды.
«Пікір талас. Дәлелденген эссе» стратегиясы. Бұл стартегияны оқушылардың жазбаша тілін дамыту барысында да қолдануға өте тиімді.
Мысалы: таныс емес адамды қондыртуға бола ма?
Иә Жоқ
Әрбір дәлелге қарама-қарсы дәлел жазу.
Белгілі бір тақырып бойынша екі оқушы шығып, пікірталас өткізеді. Бірі сол берілген тақырып бойынша теріс пікір айтса, ал екінші тура пікірде болады. Бұл оқушылар тоқтамастан, өз ойларын білдіріп, қарсыласына жауап қайтарып отыру керек. Ал сынып оқушылары болса, осы екі жақтың өзіне қайсысы ұнаса, сол топқа аусады. Себепті дәлелдер айтылған сайын оқушы да өз ойынан тайып, екінші топқа өтуі мүмкін. Оқушылар бөлініп, айтылған деректерді пайдалана отырып эссе жаздыру.
Достарыңызбен бөлісу: |