Сабақ үстінде ойын технологиясын қолданудың негізгі шарттары:
- ойын оқушылардың алдына тапсырма ретінде қойылады. - оқушылардың оқу әрекеті ойын ережесіне бағынады. - оқу материалы ойын құрамы ретінде қолданылады. - оқу әрекетіне ойын жұмыс элементті ретінде кіреді. - ойын нәтижесі бірден шығарылып отырылады.
Балаларды оқытудағы ойынның ерекшелігі: Ойын барысында оқушының ой-өрісі дамиды, сөйлеу қабілеті жетіледі, қарым-қатынас жасауға үйренеді, көңіл-күйі көтеріледі, оқушы жалықпайды, сөздік қоры көбейеді. Сабақ сапасы жақсарады, пәнге деген қызығушылығы артады, логикалық ойлай білуге ұмтылдырады, тәртіп сақтау қабілеті, есте сақтау қабілеті қалыптасады.
Ойындарды дене ( қозғалыс ),ой-өрісі (ақыл-ой),еңбек ,әлеуметтік және психологиялық қызметтер түрлеріне бөлу керек.
Ойындар ерекшеліктеріне қарай мына топтпрға бөлінеді:
а/ оқыту,жаттығу,бақылау және қорытындылау;
б/ таным,тәрбие,даму:
в/ еске алу,өнімділік,шығармашылық;
г/ коммуникативтік,таным әдісі,кәсіпке бағдарлау және т.б.
Ойын әдістемесі пән бойынша сюжеттік-рөлдік, дидактикалық, қимыл ойындары, ұлттық ойындар.
Дидактикалық ойындар дегеніміз – балаларға белгілі – бір білім беріп, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру мақсатын көздейтін іс - әрекет.
Дидактикалық ойындардың мақсаты: 1. Бағдарламада анықталған білім, білік және дағдылар жайында түсінік беру; 2. Бағдарламада анықталған білім, білік және дағдыларды қалыптастыру, тиянақтау және бекіту, қайталау және пысықтау, тексеру.
Дидактикалық ойынның міндеті: 1. Баланың қызығушылығын туғызу; 2. Баланың белсенділігін арттыру.
«Дыбыстар әлеміне саяхат» ойыны.
Ойынның мақсаты: әріптер туралы білімдерін тексеру, ойлау қабілеттерін дамыту.
Ойынның шарты: Әр балаға жеке-жеке әріптерді тарату. Сол әріп туралы айту. Сөз құрау.
Сөз ойла, тез ойла!
Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.
Ойынның шарты: Шашылған әріптерден бірнеше сөз құрау.
Достарыңызбен бөлісу: |