1 билет Зарядтың сақталу заңы


-Билет 1.Сұйықтар мен газдар механикасы



бет6/9
Дата24.12.2023
өлшемі1.42 Mb.
#487855
1   2   3   4   5   6   7   8   9
1-30

21-Билет
1.Сұйықтар мен газдар механикасы
Сұйықтар мен газдар механикасы аққыш орта қозғалысының тепе-теңдігі мен заңдылықтарын зерттейді. Гидродинамикада идеал және нақты сұйықтар ұғымы бар. Идеал сұйық ұғымын, үйкеліс күші өте аз әсер ететін жағдайдағы сұйық қозғалысын жеңілдету мақсатында 1755 ж. Эйлер ұсынды.
Идеал сұйық – сығылмайды және бөлшектері арасында ішкі үйкеліс (тұтқырлық) болмайды.. Нақты сұйықтар тамшылы және серпімді болып бөлінеді.
Сұйықтың негізгі қасиеттері
тығыздық (меншікті салмақ)
тұтқырлық
беттік керілу
Сұйық ағынының энергетикалық балансы, идеал сұйықтар үшін Бернулли теңдеуі деп аталады:
2.Кванттық гипотеза
Планк гипотезасының мәні атомдар мен молекулалардың электромагниттік энергияның сәулеленуі мен жұтылуы бұрын ойлағандай үздіксіз емес, үзіліссіз, дискретті түрде, былайша айтқанда, Планк ұсынғандай «порцияларда» немесе «кванттарда» жүреді.Планктың пікірінше, кванттардың энергиясын, олардың салмағы мен өлшемін өлшеуге болады.


22-Билет
1.Статистикалық физика және термодинамика
Статистикалық физика – теориялық физиканың макроскопиялық денелердің қасиеттерін, оларды құрайтын атомдар мен молекулалардың құрылысы тұрғысынан зерттейтін саласы. Өте көп бөлшектерден тұратын жүйені зерттеу үшін ықтималдықтар теориясына негізделген арнайы статистик тәсілдер пайдаланылады. Классикалық статистикалық физика негізін 19 ғасырдың 2-жартысында неміс физигі Р.Клаузиус ағылшын физигі Дж.Максвелл австриялық Л.Больцман қалады. Бұл теорияны тек газдар үшін емес, барлық денелер үшін де қолдануға болады.
Термодинамика - физика ғылымындағы жылудың жұмыс және басқа энергия түрлерімен арадағы қарым-қатынасын зерттейтін тармағы. Ол көптеген құрамдас бөліктерден тұратын макроскопиялық жүйелер - термодинамикалық жүйелерді зерттейді. Мұндай жүйелерде жүретін процестер макроскопиялық шамалар, мысалға қысым немесе температура арқылы сипатталады және олар молекулярлық деңгейде қолдануға келмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет