Термодинамика –ағзадағы энергия, жылу және зат алмасу процестері жөніндегі ғылым



бет1/20
Дата18.04.2024
өлшемі4.82 Mb.
#499127
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Лекц 8 Термодинам 24


Термодинамика –ағзадағы энергия, жылу және зат алмасу процестері жөніндегі ғылым
ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Биология және биотехнология факультеті
Биофизика және биомедицина кафедрасы
Жоспар
  • Биофизика – тірі жүйелердегі физика-химиялық құбылыстарды және оның қоршаған ортамен байланысы туралы ғылым.
  • Биофизикабиологиялық жүйелердің әртүрлі деңгейлерінде жүретін физикалық және физико-химиялық процестер туралы ғылым
  • Биофизиканың зерттеу нысаны – тірі жүйе (клетка бөлшегі, клетка, мүше, мүшелер жүйесі, тұтас организм)

Кіріспе
  • Ашық жүйелер күй заңдылықтарын ашып көрсету. Тіршіліктің термодинамикалық негізін теориялық тұрғыда түсіндіру.
  • Жеке және эволюциялық даму, өзін-өзі реттеу және өзін-өзі жаңарту құбылыстарын ғылыми тұрғыда түсіндіру.
  • Биополимерлер мен биологиялық активті заттардың құрылысы мен функционалды қасиеттері арасындағы байланысты анықтау.
  • Биообъектілерді зерттеудің физико-химиялық әдістерін жасау және теориялық негіздеу.
  • Функционалды процестер кешендеріне физикалық түсіндірме беру (нерв импульстарының генерациясы және таралуы, бұлшықет жиырылуы, рецепция және т.б.)

Биофизиканың міндеттері:
Биофизика
пәнаралық ғылым
Математика
Физика
Химия
Экология
Медицина
Биология

ЮНЕСКО номенклатурасына сәйкес биофизиканың келесі тарауларын бөліп қарастырады:

  • 2406.01 Биоакустика (су және әуе ортасындағы байланыс)
  • 2406.02 Биоэлектрлік (мембраналық потенциал, ақпараттық және интегралды процестер, ОЖЖ және ВЖЖ)
  • 2406.03 Биоэнергетика (энергиямен қамтамасыз ету және жылу өндіру)
  • 2406.04 Биомеханика
  • 2406.05 Биооптика (биолюминесценция, көру және ақпаратты өңдеу)
  • 2406.06 Медициналық физика (диагностика, физиотерапия әдістері және патогенез)
  • 2406. Күрделі жүйелер биофизикасы (системогенез, эволюция, жеке даму, биожүйелердің ұйымдасу деңгейлері)
  • 2406. Сенсорлы жүйелер биофизикасы (психофизика)
  • 2406. Мекен ету ортасының биофизикасы (экологическая, космофизика)
  • 2406. Мерзімдік процестер биофизикасы (биоритмология)
  • 2406. Даму және эволюция биофизикасы
  • 2406. Метаболизм (зат алмасу) биофизикасы (масса алмасу, терморегуляция, гемодинамика)

Термодинамика – әртүрлі энергиялардың айналымдарын сапалық және сандық сипаттаумен айналысатын физика ғылымының бір бөлімі.
Термодинамика – макроскопиялық материалдық жүйелердің ортақ қасиеттері, термодинамикалық тепе-теңдік және осы күйлердің арасында жүріп отыратын айналымдар туралы ілім.
Термодинамика – жүйелердегі макроскопиялық жүйелердің жалпы қасиеттерін, жүйедегі энергияның берілу және айналу қабілеттерін зерттейтін физика бөлімі. Термодинамикалық жүйелерде жүретін процестер макроскопиялық шамалармен (температура, қысым, концентрация – интенсивті; масса, көлем, ішкі энергия, энтальпия – экстенсивті параметрлер) сипатталады


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет