1 билет Зарядтың сақталу заңы



бет1/9
Дата24.12.2023
өлшемі1.42 Mb.
#487855
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
1-30


1 билет

  1. Зарядтың сақталу заңы – кез келген тұйық жүйенің (электрлік оқшауланған) электр зарядтарының алгебралық қосындысының өзгермейтіндігі (сол жүйе ішінде қандай да бір процестер жүрсе де) туралы табиғаттың іргелі дәл заңдарының бірі. Ол 18 ғ-да дәлелденген. Теріс электр зарядын тасушы электронның және электр зарядының шамасы электрон зарядына тең оң электр зарядты протонның ашылуы, электр зарядтарының өздігінше емес, бөлшектермен байланыста өмір сүретіндігін дәлелдеді Бөлшектерге бір-біріне түрлену процесі тән – элементар бөлшектер физикасында бір бөлшек жоғалады, бір бөлшек жаңадан пайда болады. Бұл жағдайда да зарядтың сақталу заңы қатаң сақталады, яғни бөлшектердің өзара әсерлесуі және түрленуі кезінде қосынды заряд өзгермейді.

  2. Анықталмағандық принципі — физикалық жүйені сипаттайтын (қосымша физ. шамалар деп аталатын) шамалардың (мыс., координат және импульс) бір мезгілде дәл мәндер қабылдай алмайтындығын тұжырымдайтын кванттық теорияның іргелі қағидасы. 1927 ж. неміс физигі Вагнер Гейзенберг ашқан.

2 билет

  1. Өткізгіштер – электр тогын өткізетін және еркін (бос) зарядтары (электрондар, иондары) бар заттар. Бұларға металдар жатады.
    Диэлектрик - электр тогын өткізбейтін, байланысқан зарядтары бар заттар. Бейтарап атомдардағы электр зарядтары (зарядталған бөлшектер: электрондар мен ядролар) бір-бірімен байланысқан болады да, заттың бүкіл көлемінде, өткізгіштердегі еркін зарядтар сияқты өріс әсерінен орын ауыстыра алмайды.

  2. Кристаллография[1] (гр. krіstallos – мұз, гр. grafo– жазу) – кристалдар мен кристалл заттар туралы ғылым. Ол кристалл заттардың құрамы мен құрылысын, пішінін, қасиеттерін, олардың өзара және сыртқы ортамен байланысын және кристалдық күйін зерттейді. Геометриялық Кристаллография кристалл заттардың симметриясын, пішінін, кеңістік құрылысының геометриялық заңдылықтарын зерттейді. Физикалық Кристаллография кристалдардың қасиеттерін зерттейді. Химиялық Кристаллография кристалл заттарды құрамымен байланысты қарастырады.

3 БИЛЕТ

  1. Электр тогы деп электрлік зарядтардың бағытталған қозғалысын айтамыз. Электр тогы оң заряд тасушыларының да, теріс заряд тасушыларының да қозғалысы әсерінен туындауы мүмкін. Теріс зарядтың бір бағыттағы қозғалыс, шама жағынан сондай қарама-қарсы бағыттағы оң зарядтың қозғалысына тең. Ток бағытына оң тасушылардың орын ауыстыру бағыты алынады. Потенциалдар айырымы теңескенге дейін ток болады. Егер токтың күші мен бағыты уақыт өтуіне сәйкес өзгермейтін болса, онда мұндай ток тұрақты ток деп аталады



  2. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет