1. Биологиялық активті заттар, ферменттер, витаминдер алу


Тағам биотехнологиясының дамуы



бет3/9
Дата13.01.2023
өлшемі34.97 Kb.
#468362
1   2   3   4   5   6   7   8   9
lektsiya 1

Тағам биотехнологиясының дамуы
1769-1780 ж. Таза түрде органикалық қышқылдар шараптық, сүт, алма, қымыздық-сірке, лимон, бензой қышкылдары алынған (К. Шеле).
1789 ж. Сірке қышқылы кристалды түрде алынып, мұзды сірке қышқылы деп аталады. (Т. Ловиц).
1836 ж. Ашу үдерісінен кейінгі тұнбада көбеюге бейім болып келетін бөлшектердің байқалғаны туралы жазылды (К. де Латур).
1857 ж. Спирттік ашу, тек тірі ашытқылардың көмегімен болатындығы дәлелденген (Л. Пастер).
1875 ж. Инокулятта микроорганизмдердің тек нақты түрлері болатындығына кепілдік беретін, микроорганизмдердің таза дақыл әдісі жасалды (Р. Кох).
1881 ж. Саңырауқұлақтардың алғашқы таза дақылы алынды. (О. Бефельд).
1886 ж. Саңырауқұлақтар физиологиясын алғашқы кешенді зерттеу -жаңа пән - микробиологияның басталуы (А. де Бари).
1893 ж. Көгерткіш саңырауқұлақтардың лимон қышқылын синтездеу қабілеттілігі ашылған (К. Вемер).
1894 ж. Ылғалды күріште өскен көгерткіш саңырауқұлақтардан алынған алғашқы ферменттік препарат жасалған (И. Такамине).
1897 ж. Ашытқының жасушалық емес сығындысы қантты көміртегі диоксидімен спирттің түзілуіне дейін ыдырататыны байқалған. Энзимологияның негізі қаланган (Ф.К. Бюхнер).
1926 ж. Кристалды түрде алғашқы фермент уреаза алынған және бұл ақуыздың катализдік белсенділігі бар екендігі дәлелденген (Д. Самнер).
1928 ж. Тәжірибелік түрде көгерткіш саңырауқұлақтардың антибактериалды зат пенициллинді синтездеу қабілеттілігі дәлелденген (А. Флеминг).
1931 ж. Электрон ағынын қолдана отырып, алғашқы тікелей жарқырататын микроскоп табылды (М. Кнолл, 3. Руска).
1933 ж. Микроорганизмдердің тербелісті дақылдау әдісін ойлап шығарған. Осы уақыттан бастап, өндірісте терең дақылдау әдісін қолдануға мүмкіндік берген ферментациялық аппараттың құрастырылуы басталды. (А.И.Клуйвер, Л.Х.Перквин)
1933 ж. Ерітіндіде ақуызды бөлуге электрофорезді қолданудың басталуы көрініс тапты (Д. Тизелиус).
1934 ж. Алғашқы ақуыз пепсин фермент кристалының толық рентгенограммасы ұсынылған (Дж. Бернал).
1938 ж. Электронды микроскоп жасалды (М. Аредн).
1939 ж. Парафинді және басқа көмірсутектерді ассимиляциялайтын кейбір мутантты ашытқының қабілеті анықталған. Микробиологиялық өндірісте шикізаттардың дәстүрлі емес түрлерін қолданылуы бастама тапты (Т.А. Туссон).
1940 ж. Пенициллиннің тұрақты түрлері жасалды (Флеминг, Чейз, Флори).
1942 ж. Антибиотик туралы білім қалыптасты. "Антибиотик" термині және түсінігі енгізілді (С.А. Ваксман).
1944 ж. Стрептомицин ашылды (С.А. Ваксман).
1948 ж. Жүгері сығындысының өнеркәсіптік маңыздылығы бар алғашқы кешендік белсендіргіш күшейткіш ықпалы анықталды (Р.Д Когхилл, А. И Мойер).
1950-1960 жж. Сүтқышқылды бактериялардың физиологиясын іргелі зерттеу (Е.И. Квасников).
1955-1965 жж. Үздіксіз ферментация теориясы жасалды (И. Малек, З Фенце).
1953 ж. Целлюлозаның микробиологиялық ыдырауы талқыланды (А. А Имшенецкий).
1955 ж. Жануарлар жасушасы ұзақ уақыт өмір сүріп, көбейе алатындығы және олардың нақты төменгі молекулалық қосылыстар қоспасында және сарысудың ақуыз жиынтығында көбейе алатындығы табылды. Тіндік дақылдың тәжірибелік дақылдау бастамасы (X. Игл).
1961 ж. Будандастырылған бактерияларға амин қышқылдарының жоғары синтезделуінің қабілеті қалыптасты. Амин қышқылдарының микробт синтезінің басталуы (С. Киносита, К. Накаяма, С. Китада).
1968 ж. Генетикалык код және оның ақуыз синтезіндегі рөлі ашылды
( Р.Холи, Х.Г. Корана, М. Ниренбергер).
1970-1980 жж. Микроорганизмдер мен полифосфаттар биосинтезіні жаңа жолдары ашылған (Н.С. Кулаев).
1972 ж. ДНҚ-ны клондау технологиясы жасалған (П. Берг).
1972 ж. Жануарларда иммунологиялык жүйенің маңызды факторлары антидененің химиялық құрамы анықталған (Дж.Эдельман, Р.Портер)
1981 ж. Жоғары дәрежелі өнімдердің көбеюі үшін жануар эмбрионының микрохирургиялық трансплантациясы жасалды (Вилландсон).
1981 ж. Бірнеше қосылыстарды қорытуға қабілетті мультиплаэмидті икроорганизмдердің алынуы ашылды (А.М. Чакрабарти).
1985 ж. іп vitro жағдайында ДНК-ның арнайы ферментативтік амплификациясы: полимераздық тізбекті реакция (К.К. Мюллис).
1985-1988 жж. Ағында ақуыздың жасушасыз синтезделу негізі калыптасты (А.С. Спирин).
1985ж.Темекі өсімдігінің трансгенді түрде әрекеттік белсенділігі бар моноклональды антиденелердің алынуы (А.Хиатт).
1992ж.Трансгенді өсімдіктерде вакциналарды өндіру тұжырымдамасы (Х.Мэйсон және т.б.).
1997ж.Ядролық ДНҚ тасымалдау әдісімен қойларды клондау (К.Уилмут және т.б.).

1.2. Тағам өндірістеріндегі залалсыздандырудың түрлері және оларды қолдану


Залалсыздандыру дегеніміз - қоректік орталардағы, субстраттардағы материалдардағы, ыдыстардағы, аспаптар және лабораториядағы (өндірістегі) басқа да заттардағы микроорганизмдерді толық жою.
Микробиологиялық синтез үдерістерінің көбі микроорганизмдердің таза дақылымен жүргізіледі. Микробиологиялық өндірісте технологиялық циклдің барлық этабында эталонды штамы бар пробирканы лабораторияда сақтаудан бастап, ферменттерде өндірістік өсіруге дейін дақылдың тазалығын сақтауды қамтамасыз ететін әр түрлі іс-шаралар комплексі жүргізіледі.
Ондай іс-шараларға құрал-жабдықтар мен коммуникацияларды залалсыздандыру, олардың герметикалығын қамтамасыз ету, қоректік орталарды және ауаны аэрациялаушы залалсыздандыру, үлгілерді алудың арнайы әдістері, қоректік заттарды, көбік басқыштарды және егін материалдарды т.б. аппаратқа енгізу сияқтылар жатады.
Биотехнологиялық үдерістерде асептикалық жағдаймен қамтамасыз ету қажеттілігі айтпаса да түсінікті жағдай.
Біріншіден, бөтен микроорганизмдер- кондоминанттар қоректік заттарды пайдаланады және өсуді тежейтін метаболиттер бөліп шығарады. Бұл әбден мүмкін жағдай. Вас. Sudtilis. Вас. Меlаtегіum, Вас. Stearothermophilus және т.б. кең таралған кондоминанттар негізгі дақылмен салыстырғанда жоғары өсу жылдамдығымен сипатталады (2-3 сағат дейін). Екіншіден, кондоминанттардың дамуы негізгі дақылдың дамуы мен өсуінің оптималды режимін бақылаусыз өзгертеді.
Үшіншіден, культуралық (дақылдық) сұйықтықта бөтен микрофлора мен оның тіршілігінің өнімдерінің болуы, мақсаттық өнімінің бөлінуін қиындатып, сапасын төмендетеді.
Дақылдауда асептикалық жағдайды қатаң қадағалаудың басқа да себептері бар. Бөтен микрофлора ферментаторға ауамен, сумен немесе шикізаттың басқа да түрімен түсіп кетуі мүмкін. Ауаның және судың микроорганизмдермен ластануына сипаттама беру үшін мынадай мәліметтерге жүгінейік.
Артезиан скважинасынан алынган Імл суда 104, қала су құбырларында 103-104' өзен немесе су қоймаларында -104 -106, ағын суларда 108-1012 микроорганизмдер болады. Осылардың ішінен аэробты сапрофитт микроорганизмдер биотехнологиялық үдерістерді ластауда ең қауіпті болып табылады, олар 0,1-1%-ды құрайды. Ауадағы микроорганизмдер құрамы үлгі алатын аудандарға байланысты ауытқып тұрады және 1м3- да 100-ден 10000-г; дейін болады.
Асептикалық жағдайды қамтамасыз етудің негізгі әдістері
Дақылға түскен бөтен микрофлораны жоюдың негізгі әдістері олардың
өсуі мен дамуын тежеуге (бактериостатикалық) және жоюға (бактериоциттік)
негізделген.
Бірінші принципке негізделген әдіске: ауа және сұйықтықты (қоректік ) заттар ерітіндісі) залалсыздандырушы фильтрацияны, сонымен қатар технологиялық аппараттар герметизациясын жатқызуға болады.
Микроорганизмдерді жоюға негізделген әдістерге термиялық химиялық және радиациялық залалсыздандыруды (иондаушы сәуле) жатқызуға болады.
Биотехнологияда термиялық залалсыздандыру кеңінен таралған. Ол құрал жабдықтарды және коммуникацияларды, қоректік орталарды және техно-логиялық ерітінділерді залалсыздандыру үшін, үлгілерді алу, уақытында егін материалын және қоспаларды енгізу, уақытында микроорганизмдердің аппаратқа енуіне кедергі болатын жылу барьерін құру үшін қолданылады.
Термиялық залалсыздандыруда залалсыздандырушы агент ретінде әр түрлі қысымдағы және температурадағы қаныққан су буын қолданады. Әдетте химиялық (залалсыздандыруны) залалсыздандыруды құрал- жабдықтардың 110-130 С температурадағы қайнауға төзімсіз кейбір элементтері үши қолданады. Химиялық залалсыздандырудың агенттері ретінде формальдегидті этилен оксидін, р-пропионолактанды және т.б. қолдануға болады.
Радиациялық залалсыздандыру микроорганизмдер клеткасын иондаушы сәуле әсерімен жоюға бағытталған. Бірақ, қазіргі бұл әдіс микробиологиялық өндірісте кең қолданыс таппады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет