1. Бірыңғай ашық дауыстыдан болған сөзді табыңыз



Дата30.06.2016
өлшемі118.5 Kb.
#168142
ҚАЗАҚ ТІЛІ

1 нұсқа


1. Бірыңғай ашық дауыстыдан болған сөзді табыңыз.

A) Іні.


B) Бауыр.

C) Нағашы.

D) Қарындас.

E) Әке.


2. Буынға дұрыс бөлінген сөзді көрсетіңіз.

A) Хаба-рла-ма.

B) Хаба-р-ла-ма.

C) Ха-бар-ла-ма.

D) Хаб-ар-ла-ма.

E) Ха-ба-рла-ма.



3. Сан есімнің сұрақтарын табыңыз.

A) Не істеді? Қайтті?

B) Кімнің? Ненің?

C) Қанша? Неше?

D) Қандай? Қай?

E) Кім? Не?



4. Барыс септік жалғаулы сұрау есімдігін көрсетіңіз.

A) Немен?

B) Нелер?

C) Нені?


D) Неде?

E) Неге?


5. Болымды етістікті анықтаңыз.

A) Айқайлама.

B) Келтірме.

C) Берген жоқ.

D) Ойна.

E) Айтқан емес.



6. Антоним сөздерді табыңыз.

A) Ақсақ - тоқсақ.

B) Көреген - қыран.

C) Серуен - сейіл.

D) Ақ ниет - жауыз.

E) Жаяу - жалпы.



7. Қай қосымша дұрыс жалғанған, дұрысын көрсетіңіз.

A) Педагогтар.

B) Машинистке.

C) Ведомостьқа.

D) Тарихтің.

E) Фактіні.



8. Дара сөзді табыңыз.

A) Өнімділік.

B) Ер-тұрман.

C) Өнеркәсіп.

D) Қарасу.

E) Үлкен-кіші.



9. Күрделі сөзді табыңыз.

A) Ауыздық.

B) Білімді.

C) Белбеу.

D) Он кітап.

E) Түйіншек.



10. Жұрнақ арқылы жасалған зат есімді анықтаңыз.

A) Көл.


B) Отын.

C) Арман.

D) Дос.

E) Үй.


11. "Мыс", "міс" - шылауларының мағынасын анықтаңыз.

A) Күшейткіш.

B) Лептік.

C) Сұраулық.

D) Болжалдық.

E) Шектік.



12. Сөздердің септеулік шылау арқылы байланысын көрсетіңіз.

A) Ескірген себепті ұмыту.

B) Бас сүйек.

C) Оқудан келу.

D) Бас қосу.

E) Балаға үйрету.



13. Әр түрлі мағынаға ие бола алатын одағайды көрсетіңіз.

A) Әттеген-ай.

B) Тәйт.

C) Бәрекелді.

D) Пар-пар.

E) Алақай.



14. Дефис қойылатын орынды белгілеңіз.

A) Әуел бастан.

B) Сәске түс.

C) Самал жел.

D) Премьер Министр.

E) Аңқау түлкі.



15. Кейінді ықпалды табыңыз.

A) Бәрібір.

B) Әр күні.

C) Ала кел.

D) Тұрғанбек.

E) Аспалы.



16. Атау септігінде тұрған сөзді табыңыз.

A) Кітаптан оқы.

B) Кітап жатыр.

C) Кітап алдым.

D) Кітапта бар.

E) Кітаптың беті.



17. Сын есімнің асырмалы шырай түрін көрсетіңіз.

A) Көкшілтім.

B) Қалалық.

C) Аса әдемі.

D) Әп-әдемі.

E) Көгірек.



18. Баяндауыш қандай сөз табынан жасалғанын көрсетіңіз.

Нағыз теңіз романтикасы деген осы.

A) Зат есім.

B) Есімдік.

C) Одағай.

D) Етістік.

E) Үстеу.






20. Жақсыз сөйлемді табыңыз.

A) Күз келді.

B) Бізге көбірек оқу керек.

C) Құлаққа ұрған танадай.

D) Жер жыртқан тракторлар гүрілі алыстан құлаққа шалынады.

E) Мың тоғыз жүз тоқсан бес.





2 нұсқа

1. Жалқы есімді табыңыз.

A) Бұлақ.

B) Темір .

C) Өзен.


D) Астана.

E) Қамшы.



2. Есім сөз бен көмекші етістіктен жасалған тіркесті табыңыз.

A) Үй сайын.

B) Ауылдан екен.

C) Кеше жолықты.

D) Оқып бара жатыр.

E) Есін шығару.



3. Шақыру одағайын көрсетіңіз.

A) Ең әуелі.

B) Қысқасы.

C) Шөре-шөре.

D) Әрең-әрең.

E) Япырым-ау.



4. Үлкендер жиналысқа жиналды, балалар ше?

Сұрақ белгісінің қойылу себебін табыңыз.

A) Зат есім жұрнағы келгендіктен.

B) Сын есім жұрнағы келгендіктен.

C) Болымсыздық жұрнақ келгендіктен.

D) Шылау келгендіктен.

E) Етістік жұрнағы келгендіктен.


5. Кейінді ықпалды табыңыз.

A) Тастай қатты.

B) Айжан.

C) Сағындық.

D) Қырманнан қайтты.

E) Бейсенбай.



6. Табыс жалғаулы сөздер көбінесе қай сөйлем мүшесі бола алады, табыңыз.

A) Жанама толықтауыш.

B) Қосарлы айқындауыш.

C) Анықтауыш.

D) Пысықтауыш.

E) Тура толықтауыш.



7. Қай сөйлемде "ма" бөлек жазылатынын көрсетіңіз.

A) Ережені тез оқы(ма).

B) Ертеден кешке дейін далада ойна(ма).

C) Біреудің бермесін қиылып сұра(ма).

D) Кітапты шала оқы(ма).

E) Бүгін театрда қойылым бола(ма).



8. Бастауыш қай сөз табынан, көрсетіңіз.

Кейбіреулері сәл тоқтап, Абайдың аузына қадалды.

A) Зат есім.

B) Етістік.

C) Есімдік.

D) Сын есім.

E) Одағай.


9. Жалпылауыш сөз қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.

A) Жусан, изен, бұйырғын, көкпек - бәрі малға пайдалы.

B) Мақтаныш етеді, бекер.

C) Құнанбай қайсар жауапты естіді де, үндемей қалды.

D) Төзімділік пен сабырлылық - жақсы қасиет.

E) Төрт бөлмелі тас үй салқын да, жайлы.



10. Жай сөйлемнің түрін анықтаңыз.

Таңертеңгі асты тастама.

A) Жалпылама жақты

B) Жақты


C) Толымды

D) Атаулы

E) Жақсыз


11. Аралас құрмалас сөйлемді табыңыз.

A) Шай жиналысымен, қонақтарды Мырзаш шақырып әкетті.

B) Күн жылынып, қар еріді.

C) Сапар бұған қарсылық білдірместен, Жарқын нұсқаған тұсқа барды.

D) Әкем арбасын жөндеп, шешем көжесін қайнатып жатыр еді, он шақты салт атты сау ете түсті.

E) Жақыпбек шәкірттерге тамашалай қараса, Бану Жақыпбекке тамашалай қарайды.



12. Ең әуелі, үшінші, қысқасы - қыстырма сөздерінің білдіретін мағынасын анықтаңыз.

A) Сенушілікті білдіреді.

B) Аяушылықты білдіреді.

C) Ой тәртібін білдіреді.

D) Сенбестікті білдіреді.

E) Алдыңғы жақта айтылған оймен байланысын білдіреді.



13. Диалогқа тән тыныс белгісі қандай, белгілеңіз.

A) Үтір.


B) Қос нүкте.

C) Дефис.

D) Нүкте.

E) Сызықша.



14. Жақша қойылуға тиіс сөйлемді анықтаңыз.

A) Адам әсем болу керек.

B) Зипа асығыс кіріп Жомарт, а Жомарт! Мұнда кел!

C) Күткен қонағын қуанып қарсы алды.

D) Спортты сүйетін жастар көп.

E) Еңбекке баланы аз-аздап үйрету керек.



15. Сөздің ауыспалы мағынасын табыңыз.

A) Шәугімдегі судың қалғанын төкті.

B) Домбырадан күй төкті.

C) Қадиша күл төкті.

D) Етегіңдегіні төк.

E) Қалған ас итке төгілді.



16. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.

A) Надан, ықылас.

B) Көп, ұшан-теңіз.

C) Ақыл, асыл.

D) Жайлау, көкпар.

E) Егжей-тегжей.



17. Үстеудің қызметін анықтаңыз.

Жата-жастана қонуымызды өтінеді.

A) Анықтауыш.

B) Бастауыш.

C) Толықтауыш.

D) Пысықтауыш.

E) Баяндауыш.


18. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.

A) Бала түйілген бір нәрсені Бөрібайға ұсынды.

B) Мен көрген-білгенімді, түйгенімді айтып бердім.

C) Дүйсенбай қабағын түйді.

D) Ол киімдерін шүберекке түйіп алды.

E) Атасы-ағаштан түйін түйген адам.



19. Жаман дос - көлеңке

Басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың;

Басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың.

Қандай тыныс белгісі қойылмағанын табыңыз.

A) Қос нүкте.

B) Сызықша.

C) Көп нүкте.

D) Үтір.


E) Нүктелі үтір.

20. «Конспект» - қай елдің сөзі, табыңыз.

A) Араб.


B) Иран.

C) Латын.

D) Орыс.

E) Қазақ.



3 нұсқа


1. Бітеу буынды сөзді көрсетіңіз.

A) Апа.


B) Ат.

C) Теже.


D) Әке.

E) Төрт.


2. Жалпы есімді табыңыз.

A) Сырдария.

B) Құлагер.

C) Аспан.

D) Алматы.

E) Гүлнар.



3. Негізгі сын есімді көрсетіңіз.

A) Шаруақор.

B) Табыскер.

C) Биік.


D) Білгіш.

E) Тұсаулы.



4. Бµлшектік сан есімді табыњыз.

A) Екі жарым.

B) Ж‰здеген.

C) Он тоѓызыншы.

D) Төртеу.

E) Сегіз.



5. Туынды етістікті табыңыз.

A) Шегеле.

B) Жігір.

C) Айт.


D) Отыр.

E) Секір.



6. “Үлкен”сөзінің антонимін табыңыз.

A) Қысқа.

B) Ұзын.

C) Аласа.

D) Кіші.

E) Дәу.


7. Еріндік, езулік араласып келген сөзді көрсетіңіз.

A) Көздегені.

B) Бұлбұл.

C) Жону.


D) Мотор.

E) Таныс.



8. Орфография бойынша дұрыс жазылғанын табыңыз.

A) Дүниеқор.

B) Дүние ғор.

C) Дүние қор.

D) Дүніеқор.

E) Дүниехор.



9. Түбір сөзді табыңыз.

A) Сөйлес.

B) Дала.

C) Кешкі.

D) Көкте.

E) Сана.



10. Мына сөздердің ішінен біріккен сөзді табыңыз.

A) Адам.


B) Түндік.

C) Жазушы.

D) Шегара.

E) Балықшы.



11. Есімдікті табыңыз.

A) Сонау, мына.

B) Әрине, мүмкін.

C) Белсенді.

D) Бәрекелді, пәлі.

E) Қызыл, көк.



12. Қиысуды көрсетіңіз.

A) Менің бақытым.

B) Жазғы көйлек.

C) Он екі мың.

D) Еңбекті бағалау.

E) Шақырылғандар келді.



13. Жекіру одағайын табыңыз.

A) Соң.


B) Жә.

C) Еһе.


D) Жуық.

E) Әлде.


14. Қыстырма сөзге байланысты тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз.

A) Амал нешік келдім.

B) Дүниеде сірә сендей маған жар жоқ.

C) Менің білуімше, ел бір заманда қой сияқты болған.

D) Байқаймын – ол мені танитын адамға ұқсайды.

E) Ең әуелі: жайдақ суға теңгердіңіз…



15. Ілгерінді ықпалды көрсетіңіз.

A) Түнгі.

B) Бұзса.

C) Достық.

D) Сенбеді.

E) Сөзшең.



16. Ілік септігінің дұрыс қолданылуын табыңыз.

A) Бізбен.

B) Оқуың.

C) Ауылың.

D) Оның.

E) Бердің.



17. Көмектес септігіндегі сөзбен тіркесіп тұрған шылауды көрсетіңіз.

A) Кітап жөнінде.

B) Көбейтумен қатар.

C) Лажсыздан көну.

D) Ауылға таман.

E) Халқым үшін.



18. Күрделі бастауышты табыңыз.

A) Есепсіз есесін жібермейді.

B) Ілбіген де ілгерілейді.

C) Шабан атқа жер шалғай.

D) Қолы шебер еді.

E) Еңбек еткен - ер атанар.



19. Тұрлаулы мүшелердің арасына қойылатын тыныс белгілердің қойылу себебін көрсетіңіз.

Алыстан қарауытқан - қора.

A) Есімше - сын есім.

B) Есімше - зат есім.

C) Зат есім - зат есім.

D) Сын есім - зат есім.

E) Зат есім - есімше.


20. Сөйлемнің түрі, дұрысын белгілеңіз.

Әлін білмеген әлек.

A) Толымсыз

B) Жалпылама жақты

C) Жақсыз

D) Құрмалас

E) Атаулы



4 нұсқа

1. Зат есімге лайық қатарды көрсетіңіз.

A) Бейтарап сөздер.

B) Көмекші сөздер.

C) Етістік.

D) Есім сөздер.

E) Еліктеусөздер.



2. Негізгі сын есімді көрсетіңіз.

A) Жазғы.

B) Сусыз.

C) Бойшаң.

D) Терең.

E) Көйлек.



3. Бөлшектік сан есімді көрсетіңіз .

A) Тоқсан.

B) Алпысыншы.

C) үш ширек.

D) Отызға тарта.

E) Он-оннан.



4. Тәуелдік жалғаулы өздік есімдігін табыңыз.

A) Өзің.


B) Әрадам.

C) Өзгелер.

D) Біреу.

E) Өзгеріс.



5. Көсемше жұрнақтарын табыңыз.

A) -мақ,-мек.

B) -па, -пе.

C) -ар, -ер, -р.

D) -қан, -кен.

E) -ғалы, -гелі.



6. Омоним болатын сөз қайсысы, табыңыз.

A) Кілт.


B) Былтыр.

C) Балабек.

D) Адам.

E) Он бір.



7. Орфография бойынша дұрыс жазылғанын табыңыз.

A) Байады.

B) Байиды.

C) Баиыиды.

D) Байыйды.

E) Баииды.



8. Әліпбидегі 10-әріпті белгілеңіз.

A) Қ.


B) Г.

C) Ж.


D) Д.

E) Т.


9. Көмектес септікте тұрған тұйық етістікті көрсетіңіз.

A) Айтуы.

B) Баруға.

C) Сөйлеуден.

D) Келуімнің.

E) Келуіңмен.



10. Сөздердің септеулік шылау арқылы байланысын көрсетіңіз.

A) Мазмұнды әңгіме.

B) Бет бұру.

C) Бұлшық ет.

D) Мектепке бару.

E) Ақын туралы айту.



11. Орал қаласы. Сөйлем түрін анықтаңыз.

A) Атаулы.

B) Толымсыз.

C) Жақты.

D) Толымды.

E) Жақсыз.



12. Одағай сөз қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.

A) Өзі осында келіп пе, сірә?

B) Ұялма, қалқам, бір сайра, біз де алалық үлгіні.

C) Ой, әттеген-ай, айырылып қалдым-ау!

D) Балам, амансың ба?

E) Меніңше, жаңағы оты көрінген завод.



13. Сызықша қойылуы тиіс сөз тіркесін табыңыз.

A) Мен жазамын.

B) Ол оқушы.

C) Тоғызыншы сынып.

D) Біз ойнадық.

E) Олоқыды.



14. Ол бес деген баға алды сөйлеміндегі тырнақшаға алынатын сөзді көрсетіңіз.

A) Бес.


B) Деген.

C) Ол.


D) Баға.

E) Алды.


15. Сингармонизм дегеніміздің анықтамасын көрсетіңіз.

A) Дауыссыз дыбыстармен байланысты үндестік.

B) Кейінгі дыбыстардың ықпалы.

C) Ілгерінді дыбыстардың ықпалы.

D) Дыбыстардың өзара ықпалы.

E) Дауысты дыбыстармен байланысты үндестік.



16. Жұрнақ арқылы жасалған сөзді табыңыз.

A) Ықыласпен.

B) Көлге.

C) Өзеннің.

D) Тауды.

E) Мақтаншақ.



17. Септеулік шылауды көрсетіңіз.

A) Бүгінгі жұмысты тастап мен де келдім.

B) Полк командирі кеткен соң пулеметшінің қасына барды.

C) Бірақ Әбекеңнің сөзінің жаны бар.

D) Қарағым-ай, ерекше жаралған жан екенсің.

E) Құдаша қыз-ау, әнің қандай еді, есімнен бір шықпайды.



18. "Бағыныңқы", "басыңқы" үлгісіндегі байланысы жоқ, өз мағынасынан айырылған сөздерді табыңыз.

A) Он екі бала.

B) Еңбекті сүйе біл.

C) Бетімнен отым шықты.

D) Мен бармақпын.

E) Адал еңбек.



19. Қатыстық сын есімнен болып тұрған анықтауышты табыңыз.

A) Жайқалған егін.

B) Қыздың шашы.

C) Мінезді адам.

D) Жасыл жайлау.

E) Сары ала ат.



20. Жалпылауыш сөзі есімдіктен болған сөйлемді көрсетіңіз.

A) Баланың бас ұстазы – ата-анасы.

B) Ынтымақты ел – сарқылмаскөл.

C) Мортық, жусан, алабота – бәрі де жақсыөсіпті.

D) Серік, Берік, Ермек – үшеуібірсыныптаоқиды.

E) Асқар тау алыстанкөрінеді.





5 нұсқа

1. У дыбысы қай сөзде жіңішке айтылады.

А) Шашу.В) Суретші.С) Қоңырау.Д) Жазу.

2. Қатар жазылған үнді дауыссыз дыбыстары бар сөздерді тап.

А) Ферма,қармақ.В) Дөңгелек,балық.С) Қурай,білек.Д) Шөбі,сап.

3. Бірыңғай бітеу буынды сөзді тап.

А) Қаршыға.В) Қасқыр.С) Қарға.Д) Құмырсқа.

4. Дыбыс үндестігіне сай дұрыс жазылған сөзді белгіле.

А) Басшы,Бозжан.В) Башшы,Божжан.С) Башсы,Божзан.Д) Базшы,Босжан.

5. Қысқарған сөздерді анықта.

А) АҚШ,кг,ҚР.В) КСРО,әуежай.С) ҚХР,турист.Д) Педкеңес,студент.

6. Қате жазылған сөзді анықта.

А) Килограмм.В) Облмаслихат.С) Түрксіб.Д) Ұжымшар.

7. Антоним сөздерді көрсет.

А) Көне-жаңа.В) Әскер-жау.С) Қым-қиғаш.Д) Еңбекақы,жалақы.

8. Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөзді ата.

А) Туынды сөз.В) Түбір сөз.С) Қос сөз.Д) Қыстырма сөз.

9. Бір түбірден бірнеше туынды сөз жасала береді.Сондай сөздерді ата.

А) Түбірлес сөздер.В) Туынды сөздер.С) Түбір сөздер.Д) Қос сөздер.

10. Жіктелген зат есімді тап.

А) Көлмін.В) Ұсталар.С) Оқыдым.Д) Ойлады.

11. «Әжесі» сөзі тәуелдеулі зат есімнің нешінші жағы.

А) I жақ.В) III жақ.С) Сыпайы түрі.Д) II жақ.

12. Туынды зат есімді тап.

А) Күй,өрмек.В) Іскер,байлық.С) Әкем,түйе.Д) Қазандар,қозылар.

13. Табыс септіктің сұрақтарын көрсет.

А) Кімде?Неде?В) Кімнен?Неден?С) Кімді?Нені?Кімдерді?Нелерді?Д) Кімнің?Ненің?

14. Туынды сын есімді тап.

А) Өнерлі,күшті.В) Жұпар.С) Тәтті,қызыл.Д) Жалпақ.

15. Реттік сан есім қатарын белгіле.

А) Екі,үшеу.В) Үшінші, төртінші.С) Бесінші, алтау.Д) Жеті, үшінші.

16. Туынды етістікті тап.

А) Сәнден.В) Өс.С) Жию.Д) Кетті.

17. Хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемнің түрін ата.

А) Сұраулы сөйлемВ) Хабарлы сөйлем.С) Жай сөйлем.Д) Лепті сөйлем.

18. Құрмалас сөйлемді көрсет.

А) Ұлдар еден жуды.В) Электр шамдары артта қалды.

С) Көктем келді: күн жылынды,жер көгерді.Д) Күн батты.

19. Дауыссыз дыбыстардың түрлерін белгіле.

А)Қысаң,ұяң.B)Қатаң,ұяң,үнді. C)Еріндік,жіңішке.D)Жуан,ашық.

20. Қыстырма сөздердің құрамы жағынан жасалу жолын көрсет.

А) Екі сөзден.В) Бір сөзден.С) Бір сөзден, бірнеше сөзден.Д) Бірнеше сөзден.



6 нұсқа

1. Ашық дауыстыларды анықта.

А) О,Ө,М,У.В) Ы,І,О,Ө.С) А,Ә,О,Ө,Е.Д) Ә,Ө,О,І.

2. «ң » әрпі жазылатын сөзді белгіле.

А) Сана.В) Бұрынғы.С) Көніл.Д) Концерт.

3. Тасымалдауға келмейтін сөздерді көрсет.

А) Қала,қауын,орман.В) От,бұлт,ата,ою.С) Кеше,қиын,жуын.

Д) Бөлтірік,ауыз,жауын.

4. Дыбыс үндестігіне сай дұрыс жазылған сөзді көрсет.

А) Досжан,сөзсіз.В) Дозжан,сөззіз.С) Дожжан,сөссіз.Д) Дошжан,сөсіз.

5. Екі немесе одан да көп түбірден жасалған сөзді ата.

А) Қысқарған сөз.В) Күрделі сөз.С) Біріккен сөз.Д) Қос сөз.

6. Қысқарған сөздерге қосымшалардың жалғануын көрсет.

А) Үтір қою арқылы.В) Бірге жазылады.С) Бөлек жазылады.

Д) Сызықша қою арқылы.

7. Синоним сөздерді белгіле.

А) Кәрі,қарт,қария.В) Биік,аласа.С) Қате,дұрыс.Д) Ата,әже.

8. Туынды сөзді анықта.

А) Тәрбие,таулы.В) Құрылысшы,көңілді.С) Жыр,төрле.Д) Еңбек,тәрбиеші.

9. Сөздерді құрамына қарай ата.Су,аң,шекара,кеш,ән.

А) Түбір сөз.В) Туынды сөз.С) Дара сөз.Д) Күрделі сөз.

10. Жіктік жалғауы жалғанған зат есімді тап.

А) Бөлмелер.В) Дәрігермін.С) Ұшаққа.Д) Бейбітшілікті.

11. I-II жақ тәуелдеулі зат есімдерге барыс септікте қандай жалғаулар жалғанатынын көрсет.

А) -нда,-нде.В) -на,-не.С) -а,-е.Д) -ны,-ды.

12. Туынды зат есімнің жасалуын анықта.

А) Жалғау жалғану арқылы.В) Жұрнақ жалғану арқылы.

С) Туынды зат есім болмайды.Д) Жалғау,жұрнақ жалғану арқылы.

13. Шығыс септікте тұрған сөзді анықта.

А) Терезені.В) Кітаптар.С) Киімін.Д) Шегірткеден.

14. Бірінші сыңары сын есім,екінші сыңары зат есімнен болған сөз тіркесін көрсет. А) Екі бала.В) Тұнық суС) Сегіз жыл.Д) Тез оқу.

15. Есептік сан есімді реттік сан есімге дұрыс айналдыр.

А) Төртеу сынып.В) Төртінші сынып.С) Төрт сынып.Д) Сынып төртеу.

16. Күрделі етістікті белгіле.А) Айтып отыр.В) Сөйледі.С) Жауды.Д) Жап.

17. Сөйлемге тиісті тыныс белгіні тап. Мұзайдында коньки тебу қандай тамаша

А) Нүкте.В) Леп белгісі.С) Сұрақ белгісі.Д) Қос нүкте.18. Құрмалас сөйлемнің бірінші жай сөйлеміндегі баяндауышын тап: Қарлығаш төмен ұшса,күн жауады.

А) Ұшса.В) Жауады.С) Төмен.Д) Күн.

19. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін анықта.

А) Анықтауыш.В) Толықтауыш.С) Бастауыш,баяндауыш.Д) Пысықтауыш.

20. Қыстырма сөздерді белгіле.

А) Амал қанша,бәсеВ) Қысқасы,кездестір.С) Кім біледі,кекшіл.Д) Жетпіс,кім білсі

7 нұсқа

1. Жуан дауысты дыбыстарды тап.

А) А,Б,З,Ө.В) Ә,Е,О,Й,І.С) А,О,Ұ,Ы.Д) А,Б,И,Е.

2. Дауыссыз дыбыстардың түрлерін ата.

А) Ашық,қысаң,қатаң.В) Үнді,ұяң,қатаң.С) Еріндік,езулік,жуан.Д) Жіңішке,ашық,ұяң.

3. Буынға дұрыс бөлінген сөзді белгіле.

А) Ша-пал-ақ-тап.В) Шапал-ақтап.С) Ша-па-лақ-тап.Д) Ша-палақ-тап.

4. Дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп,өзара үндесіп айтылуын ата.

А) Буын үндестігі.В) Буын,дыбыс үндестігі.С) Дыбыс,буын үндестігі.Д) Дыбыс үндестігі.

5. Күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөзді белгіле.

А) Ап-ашық.В) Күте-күте.С) Ата-бабаД) Қырқа-қырқа.

6. Екі түбірден жасалған сөзді ата.

А) Қос сөз.В) Біріккен сөз.С) Қыстырма сөз.Д) Қаратпа сөз.

7. Антоним сөздерді тап.

А) Көк,көкшіл.В) Ақ,қара.С) Оқушы,шәкірт.Д)Ұғымтал,зерек.

8. Туынды сөздердің жасалу жолдарын көрсет.

А) Қос сөз арқылы.В) Жалғау арқылы.С) Жұрнақ арқылы.Д) Түбір арқылы.

9. Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін ата.

А) Туынды сөз.В) Түбір сөз.С) Күрделі сөз.Д) Негізгі сөз.

10. Көптік жалғаулы сөзді тап.

А) Еңбектің,мектептер.В) Ұшқыштар,дәптерлер.С) Кітаптар,сызғыш.Д) Атанамыз,оқушылар.

11. Тәуелдік жалғауының II жағында тұрған сөзді тап.

А) Қалам.В) Басы.С) Арманың.Д) Балама.

12. Жалпы есімді көрсет.

А) Тайбурыл.В) Өскемен.С) Есіл.Д) Мал.

13.Табыс септігінің жалғауын тап.

А) -ны,-ні,-ды,-ді,-ты,-ті,-н.В) -да,-де,-та,-те,-нда,-нде.С) -ға,-ге,-қа,-ке,-а,-е,-на,-не. Д) -ым,-ім,-м.

14. Заттың сынын білдіретін сөзді көрсет.

А) Қаз.В) Сұлу.С) Ауа.Д) Жауын.

15. Сан есімнің түрлерін көрсет.

А) Есептік,туынды.В) Дара,негізгі.С) Жай,күрделі.Д) Дара,күрделі.

16. Өсті,құйды деген сөздер қай сөз табына жататынын анықта.

А) Етістік.В) Зат есім.С) Сан есім.Д) Сын есім.

17. Адамның көңіл-күйін ,сезімін білдіретін сөйлемді ата.

А) Сұраулы сөйлем.В) Лепті сөйлем.С) Хабарлы сөйлем.Д) Жай сөйлем.

18. Екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған сөйлемді ата.

А) Жай сөйлем.В) Құрмалас сөйлем.С) Жалаң сөйлем.Д) Жайылма сөйлем.

19. Сөйлемде бір сұраққа жауап беріп,бірдей тұлғада айтылған сөздер қалай аталатынын тап.

А) Сөйлем мүшелері.В) Сөйлемнің күрделі мүшелері.С) Сөйлемнің дара мүшелері.Д) Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.

20. Қаратпа сөзі бар дұрыс құрылған сөйлемді көрсет.

А) Етті нағашы турап беріңізші.В) Нағашы,етті турап беріңізші.С) Нағашым ет турады.

Д) Турап беріңізші нағашы етті.



8 нұсқа

1.«У» дыбысы дауысты болып тұрған қатарды белгіле.

А)Аққу. В)Ау. C)Әуе. D)Ауа.

2. «Фатима» сөзіндегі дауыссыз дыбыстар қатарын көрсет.

А)4 В)3 C)5 D)2

3. Тасымалданбайтын сөзді белгіле.

А)Балта. B)Адам. C)Құлын. D)Балалар.

4. Дұрыс жазылған қатарды белгіле.

А)Сар-Арқа. B)Сарыарқа. C)Сарарқа D)Сары-Арқа.

5. Біріккен сөз жазылған қатарды белгіле.

А)Әнші.B)Алатау.C)Ұзын-қысқа.D)Қария.

6. Қос сөздер жазылған қатарды белгле.

А)Бұзаубас. B)Қосаяқ. C)Түйе-түйе D)Балық.

7. «Адал» сөзіне қарама-қарсы мағыналы сөз қатарын белгіле.

А)Жомарт. В)Арам. C)Бейнет. D)Жамандық.

8. Туынды сөз қатарын белгіле.

А)Балапан. B)Өнер. C)Жарысқа. D)Кітап.

9.«Өнер» сөзінен туынды сөз шығатындай етіп, тиісті қосымшаны тап.

А)-лер. B)-ге. C)-лі.D)-ші.

10 . «Қоян» сөзіне жалғанатын көптік жалғауын белгіле.

А)-лар. B)-тар. C)-дар. D)-дер.

11. Тәуелдік жалғауы жалғанған сөзді белгіле.

А)Кітабы. B)Кітаптар. C)Кітапханада. D)Кітаптың.

12.Жалқы есімді белгіле.

А)Жетісу.B)Өзен.C)Қала.D)Адам.

13. Көмектес септікте тұрған сөзді белгіле.

А)Достық. B)Доспен. C)Досқа. D)Досты

14.Сын есімнің сұрағын белгіле.

А)Кім?не?B)Кімге?неге? C)Қанша?неше? D)Қандай?қай?

15.Сан есімді белгіле.

А)Аспан.B)Үшінші. C)Секірді. D)Жасыл.

16.Негізгі етістікті белгіле.

А)Тазала.B)Арқанда.C)Көр.D)Биле.

17.Хабарлы сөйлемді белгіле.

А)Малшы мал бақтыB)Илеу деген не C)Ақ бота D)Әдепті бала

18. Екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған сөйлемді көрсет.

А)Жайылма сөйлем.B)Құрмалас сөйлем.C)Жай сөйлем.D)Жалаң сайлем.

19. Бастауыштың ісін, қимылын білдіретін сөздерді белгіле.

А)Толықтауыш. B)Баяндауыш. C)Бастауыш.D)Тұрлаулы мүшелер.

20. Қаратпа сөзі бар сөйлемді көрсет.



А)Иә,балам, сабақ қарадың ба?B)Ақыл озбайды,білім тозбайды.C)Түлкі ірімшікті жеп қойды.

D)Сөйтіп,ауылға қайта қайттық.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет