1-бөлім Жүк вагондары мен контейнерлерді пайдаланғаны үшін төлем



бет1/3
Дата17.07.2016
өлшемі0.57 Mb.
#206114
  1   2   3
1-бөлім

Жүк вагондары мен контейнерлерді пайдаланғаны үшін төлем

1-тармаққа «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың 31.05.2011 жылдағы №119-Ц бұйрығына сәйкес өзгерістер енгізілген (ескі редакциясын қараңыз).

1) Жүк жөнелтуші, жүк алушы, тармақ иеленуші вагондарды, контейнерлерді пайдаланғаны үшін төлемді:

1) жүк тиеуге (түсіруге) және маневрлік жұмыстарға арналған тасымалдау қағидаларымен белгіленген уақытты қоса алғанда, вагондардың, контейнерлердің жүк жөнелтушілерде, жүк алушыларда, тармақ иеленушілерінде болған бүкіл уақыты;

2) жүк жөнелтушілердің, жүк алушылардың, тармақ иеленушілерінің кінәсінен вагондар мен контейнерлердің магистральдық, станциялық жолдарда тұрып қалған (аялдаған, кідірген) уақыты үшін тасымалдаушыға береді.



2-тармаққа «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың 31.05.2011 жылдағы №119-Ц бұйрығына сәйкес өзгерістер енгізілген (ескі редакциясын қараңыз).

2. Жүк жөнелтушілер, жүк алушылар, тармақ иеленушілер, вагондардың (контейнерлердің) иелері өздерінің кінәсінен магистральдық, станциялық жолдарда, сондай-ақ тасымалдаудың технологиялық процесінің бұзылуына апарған концессия шарттары бойынша теміржол жолдарында вагондардың бос тұрып қалғаны үшін аталған жолдардың иесіне оларда тұрған уақыты үшін төленген төлемдерді тасымалдаушыға қайтарып беруге міндетті.



3-тармаққа «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың 19.07.2006 жылдағы №551-Ц бұйрығына сәйкес өзгерістер енгізілген (ескі редакциясын қараңыз).

3. Жалпы парктің төрт осьті вагондарын, көліктің әмбебап контейнерлерін пайдаланғаны үшін әр вагон-сағат (контейнер-сағат) үшін төлем келесі мөлшерде алынады:

(сағатына теңгемен)

Вагондардың (контейнерлердің) үлгілері

Вагондарды (контейнерлерді)

пайдаланғаны үшін төлем ставкалары

1

2

1. Әмбебап вагондар (жабық, платформалар, үсті ашық вагондар), контейнертасығыштар, нөмірленуі «918» цифрынан басталатын жабық вагондар (рефрижераторлық вагондардан қайта жабдықталғандар)

205


2. Мамандандырылған вагондар:




1) фитинг платформалар, доңғалақ жұптарын тасымалдауға арналған екі ярусты платформалар

247


2) малға арналған вагондар, автомобильдерге арналған екі қабатты және бір қабатты платформалар

153


3) ұнтасығыштар

382

1

2

4) цистерналар: мұнайға, күңгірт және ашық түсті мұнай өнімдеріне, химиялық жүктерге, тамақ өнімдеріне, шарапқа, шырындарға арналған изотермиялық вагон-цистерналар, астыққа (астықтасығыштар), шекемтастарға және агломератқа (шекемтастасығыштар) арналған вагондар, кальцийлендірілген содаға арналған цистерналар (содатасығыштар), минералдық тыңайтқыштар мен олардың шикізатына арналған вагондар (минералтасығыштар), думпкарлар, хоппер-мөлшерлегіштер, вагондар: битумға (битумтасығыштар), рулонды болатқа (рулонтасығыштар), техникалық жаңқаларға, сыпталған ағаштарға, жеңіл машиналарға арналған

165







5) ағаш материалдарына арналған вагондар

281

6) қағазға арналған вагондар, цементке арналған хопперлер (хоппер-цементтасығыштар), мұздатқыш вагондар

116

7) улы химикаттарға арналған вагондар, цементке арналған цистерналар

101


8) вагон-термостар

395

9) тірі балық вагондары:

В-20 үлгісіндегі

В-329 үлгісіндегі (машиналық салқындатумен)

қос вагонды рефрижераторлық секциялар


165


330

676


10) автономдық рефрижераторлық вагондар және рефрижераторлық секциялардың жүк вагондары

700

11), 12) тармақтар «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың 10.06.2009 жылдағы №345-Ц бұйрығына сәйкес алып тасталған



13) транспортерлерге қызмет көрсету бригадасына арналған арнайы вагондар және қызметтік-техникалық вагон - рефрижераторлық секцияның машина бөлімшесі

382


14) жоғарыда аталғандардан басқа вагондар;

59

15) әмбебап контейнерлер:

брутто массасы 3 т

брутто массасы 5 т

брутто массасы 10 т

брутто массасы 20 т

брутто массасы 30 т және 40 т


12

20



39

76

153



Осьтерінің саны төрттен артық вагондарды пайдаланғаны үшін төлем төрт осьті вагондарды пайдаланғаны үшін төлем ставкасын төртке бөлу және осьтер санына көбейту жолымен анықталады.

Екі және одан да көп жүк вагондарынан тұратын рефрижераторлық секцияны пайдаланғаны үшін төлем рефрижераторлық секцияның жүк вагондарын пайдалануға арналған ставканы секциядағы жүк вагондарының санына көбейту жолымен анықталады. Бұл ретте қызметтік-техникалық вагонды-рефрижераторлық секцияның машиналық бөлімшесін пайдалануға арналған төлем бөлек алынады.

3-1-тармақ «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың 21.03.2008 жылдағы №131-Ц бұйрығына сәйкес алып тасталған (ескі редакциясын қараңыз).

4-тармаққа «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың 19.07.2006 жылдағы №551-Ц, 26.12.2012 жылдағы №222-Ц бұйрықтарына сәйкес өзгерістер енгізілген (ескі редакциясын қараңыз).

4. Жалпы парктің транспортерлерін пайдаланғаны үшін әр вагон-сағат үшін төлем келесі мөлшерде алынады:

(сағатына теңгемен)

Транспортерлердің үлгілері

Транспортерлерді пайдаланғаны үшін төлем ставкалары

1

2

1. 4 және 6-осьті

128


2. 8-осьті, тіркемеліктен басқа

254


3. 8-осьті тіркемелі жүк көтергіштігі 120 т: аралық платформасыз; аралық платформаларымен

176


229

4. 12-осьті

407


5. 16 және 24-осьті, біріктірілгендерден басқа

483


6. 16-осьті біріктірілгендер:

жүк көтергіштігі 220 т

жүк көтергіштігі 240 т

587


866*

7. 20-осьті біріктірілген жүк көтергіштігі 300 т:

ТМД-ның жалпы паркінің

импорттық (ТМД-дан басқа)

5097*


727

8. 28-осьті біріктірілген жүк көтергіштігі 400 т

1275*


9. 32-осьті:

тіркемелі жүк көтергіштігі 480 т

біріктірілген жүк көтергіштігі 500 т

1018


6498*

* - төлем ставкасына біріктірілген транспортерлерге қызмет көрсететін бригадаларға арналған вагон үшін төлем ставкасы енгізілмеген.

4-1. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың 21.03.2008 жылдағы №131-Ц бұйрығына сәйкес алып тасталған (ескі редакциясын қараңыз).

5-тармаққа «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың 19.07.2006 жылдағы №551-Ц бұйрығына сәйкес өзгерістер енгізілген (ескі редакциясын қараңыз).



5. Жүк жөнелтушілер, жүк алушылар, тармақ иеленушілер, вагондардың (контейнерлердің) иелері өздерінің кінәсінен магистральдық, станциялық жолдарда, сондай-ақ тасымалдаудың технологиялық процесінің бұзылуына апарған концессия шарттары бойынша теміржол жолдарында меншікті (жалға алынған) вагондардың бос тұрып қалғаны (меншікті (жалға алынған) контейнерлердің кідіргені) үшін төлемдерді әр вагон-сағат (контейнер-сағат) үшін келесі мөлшерлерде тасымалдаушыға қайтарып беруге міндетті міндетті:


Контейнерлердің, транспортерлердің, вагондардың үлгісі

Вагондардың (контейнерлердің) тұрып қалғаны (тұрақтағаны, кідіртілгені) үшін ақы ставалары вагон-сағат (контейнер-сағат) үшін

теңгемен (ҚҚС-сыз)

1

2

Меншікті (жалданған) әмбебап контейнерлер:

 

брутто массасы 3 т

6

брутто массасы 5 т

10

брутто массасы 10 т

20

брутто массасы 20 т

38

брутто массасы 30 т және 40 т

76

Меншікті (жалданған) транспортерлер:




4, 6 осьті, 8 осьті, тіркелгендерден басқа, 8 осьті тіркелген жүк көтергіштігі 120 т: аралық платформасы жоқ, аралық платформасы бар

127

12 осьті

203

16 осьті, біріктірілгеннен басқа; 24 осьті, біріктірілгеннен басқа

242

16 осьті біріктірілген




жүккөтергіштігі 220 т

293

жүккөтергіштігі 240 т

433

20 осьті біріктірілген жүккөтергіштігі 300 т:

364

20 осьті біріктірілген жүккөтергіштігі 300 т (үшінші елдердің):

2548

28 осьті біріктірілген жүккөтергіштігі 400 т

637

32 осьті:




тіркелген, жүккөтергіштігі 480 т

509

біріктірілген, жүккөтергіштігі 500 т

3248

Төрт осьті меншікті (жалданған) вагондар




Жабық вагондар, платформалар, үсті ашық вагондар, контейнер тасығыштар, нөмірленуі «918» цифрынан басталатын жабық вагондар (рефрижераторлық вагондардан қайта жабдықталған), мұнайға, күңгірт және мөлдір мұнай өнімдеріне, химиялық жүктерге, тамақ өнімдеріне арналған цистерналар, шарапқа, шырындарға изотермиялық вагон-цистерналар, шекемтастар мен агломератқа (шекемтас тасығыштар) цистерналар, кальцийленген содаға арналған цистерналар (сода тасығыштар), минералды тыңайтқыштарға және олардың шикізатына арналған вагондар (минерал тасығыштар), думпкарлар, хоппер-мөлшерлегіштер, битумға арналған вагон (битум тасығыштар), рулонды болатқа арналған вагондар (рулон тасығыштар), техникалық жаңқаға, шыбық ағашқа, жеңіл автомобильдерге арналған вагондар, астық тасуға арналған вагондар (астық тасығыштар), В-20 үлгісіндегі тірі балыққа арналған вагондар, қағазға арналған вагондар, улы химикаттарға арналған вагондар, цементке арналған цистерналар, малға арналған вагондар,

102

автомобильдерге арналған екі және бір қабатты платформалар




цементке арналған хопперлер (хоппер-цемент тасығыштар)

68

фитингтік платформалар, қос доңғалақтарды тасымалдауға арналған екі қабатты платформалар, ағаш материалдарына арналған вагондар

123

ұн тасығыштар, термос-вагондар, мұздатқыш-вагондар, транспортерлерге қызмет көрсету бригадаларына арналған арнаулы вагондар, қызметтік-техникалық вагон – рефрижераторлық секцияның машина бөлімшесі, В-329 үлгісіндегі тірі балыққа арналған вагондар (машиналық салқындатумен)

198

автономды рефрижераторлық вагондар және рефрижераторлық секциялардың жүк вагондары, қос вагонды рефрижераторлық секциялар

351

жоғарыда аталғандардан басқа, қалған вагондар

102

____________________________________________________________________________

Осінің саны төртеуден артық вагондар тұрып (тұрақтап, кідіртіліп) қалған жағдайларда тұру (тұрақтау, кідіртілу) үшін төлем төрт осьті вагондардың тұру (тұрақтау, кідіртілу) үшін ақының ставкасын төртке бөлу және вагондағы осьтер санына көбейту арқылы анықталады.

Бірнеше жүк вагонынан тұратын рефрижераторлық секция тұрып (тұрақтап, кідіртіліп) қалған жағдайларда тұру (тұрақтау, кідіртілу) үшін ақы рефрижераторлық секция жүк вагонының тұру (тұрақтау, кідіртілу) үшін ақы ставкасын секциядағы жүк вагондар санына көбейту арқылы анықталады. Бұл ретте қызметтік-техникалық вагонның - рефрижераторлық секцияның машина бөлімшесінің тұруы (тұрақтауы, кідіртілуі) үшін ақы бөлек алынады.

Аталған вагондар мен контейнерлер жүк жөнелтушінің, жүк алушының, тармақ иесінің кірме жолдарында бос тұрған жағдайда вагондар мен контейнерлерді пайдаланғаны үшін төлем алынбайды.

6. Осы Тарифтік басшылықтың (Тарифтік басшылықтың (Прейскуранттың)) 3, 4-тармақтарында атап өтілген жағдайларда вагондарды және контейнерлерді пайдаланғаны үшін төлемді есептеген кезде вагондар мен контейнерлерді пайдаланғаны үшін төлемді есептеу вагондарды және контейнерлерді пайдаланғаны үшін төлемнің сағаттық ставкасын пайдаланудың нақты уақытына көбейту жолымен жүргізіледі, бұл ретте минуттар 60-қа бөлу жолымен сағаттарға (жүздік бөліктерге дейін айналдырумен) көшіріледі.

7. Егер жүк жөнелтушіге, оның өтінімі бойынша жоспармен және өтініммен көзделген бос мамандандырылған вагондарды жүктерді тиеу үшін беру жүк жөнелтушіге байланысты себептермен кідірген жағдайда, одан вагондардың станциялық жолдарда бөгелген барлық уақытына вагондар мен контейнерлерді пайдаланғаны үшін төлем өндіріп алынады.

Егер жүк жөнелтуші тасымалдаушының станциядағы өкіліне жоспармен және өтініммен көзделген вагондарды пайдаланудан бас тартатыны туралы хабарлаған болса, аталған төлем тасымалдаушының станциядағы өкілінің осындай хабарламаны алған мезетіне дейін есептеледі.

Жүк жөнелтуші өзінің өтініміне сәйкес тиеу станциясына келіп жеткен бос мамандандырылған вагондарға жүк тиеуден бас тартқан кезде және оларды есептік тәулік ішінде осы станцияда басқа жүк жөнелтушілердің пайдалануы мүмкін болмаған жағдайда жүк жөнелтушіден жүк тасымалдары жоспары бойынша өтінімнің орындалмағаны үшін айыппұлдан басқа, станцияда вагондар бағытталған станциядан тиеу станциясына дейінгі олардың жүрісі үшін, бірақ 300 км-ден артық болмайтындай етіп: рефрижераторлықтарды есепке алмағанда, мамандандырылған вагондар үшін, – Тарифтік басшылықтың (Тарифтік басшылықтың (Прейскуранттың)) (2-бөлім) №17 тарифтік схемасы бойынша, ал рефрижераторлық вагондар үшін – екі есе ұлғайта отырып осы схема бойынша төлем өндіріліп алынады.


Ескерту. Бұдан басқа, суытып дайындалған вагондар мен машина бөлімі бар вагондарға жүк тиеуден бас тартқан жағдайда және оларды тәулік ішінде осы станцияда басқа жүк жөнелтушілердің пайдалануы мүмкін болмаған жағдайда, әр төрт осьті вагон үшін 3720 теңге мөлшерінде қосымша алым алынады.
8. Мыналардың:

тойтарылмас күштің, сондай-ақ табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың;

әскери іс-қимылдардың, төтенше жағдайды енгізудің;

«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы №266-II Заңымен белгіленген тәртіпте жүктердің орнын ауыстыруды, поездардың қозғалысын тоқтатудың немесе шектеудің салдарынан тиеу-түсіру жұмыстары тоқтатылған немесе оларға тыйым салынған жағдайда вагондар мен контейнерлердің бос тұрғаны және кідіртілгені үшін жүк жөнелтушіден және вагондар мен контейнерлерді пайдаланғаны үшін жүк алушыдан төлем алынбайды.

Жүк жөнелтушілері немесе жүк алушылары жекелеген азаматтар болып табылатын үй іші заттарын тасымалдау кезінде контейнерлерді кідірткен жағдайда, азаматтардан вагондарды және контейнерлерді пайдаланғаны үшін төлем алынбайды. 9-тармаққа «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-тың 19.07.2006 жылдағы №551-Ц бұйрығына сәйкес өзгерістер енгізілген (ескі редакциясын қараңыз); «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-тың 26.01.2007 жылдағы №145-Ц (2007 жылғы 26 қаңтарда қолданысқа енгізілген) (ескі редакциясын қараңыз); 21.03.2008 жылдағы №131-Ц бұйрықтарының редакциясында жазылған (ескі редакциясын қараңыз).

9-тармаққа «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың 31.05.2011 жылдағы №119-Ц бұйрығына сәйкес өзгерістер енгізілген (ескі редакциясын қараңыз).

9. Вагондар мен контейнерлердің магистральдық, станциялық жолдарда жүк жөнелтушілердің, жүк алушылардың, тармақ иелерінің, вагон (контейнер) иелерінің тұрып (тұрақтап, кідіртіліп) қалған уақыты ішінде, сондай-ақ вагондар айналымының технологиялық мерзімі және жүкті түсіру (босату) мерзімдері (технологиялық уақыты) ішінде вагондар мен контейнерлерді пайдаланғаны үшін ақы бір еселенген мөлшерде алынады.

Жүк алушы жүкті уақтылы түсірмеген (босатпаған) кезде «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы филиалы – жол бөлімшесінің директоры кідіртілген вагондар мен контейнерлерді пайдаланғаны үшін ақыны:

вагондар айналымының технологиялық мерзімінен және жүкті түсіру (босату) мерзімдерінен (технологиялық уақытынан) 24 сағаттан артық 48 сағатқа дейін, қоса алғанда – екі есе;

48 сағаттан артық 96 сағатқа дейін, қоса алғанда – бес есе;

96 сағаттан артық - 10 есе ұлғайтады.

Вагондар тұрып қалған жағдайда вагондар мен контейнерлерді пайдаланғаны үшін ақының ұлғайтылған мөлшері ақының ұлғайтылуы туралы хабарландыру станцияда ілінгеннен кейін тәулік өткен соң белгіленеді.

2-бөлім

Айыппұлдар
1. Жүктерді тасымалдау жоспары бойынша өтінімді

орындамағаны үшін айыппұл
10. Тасымалдаушы қабылданған өтінімді бұзып, көлік құралдарын бермегені үшін, ал жүк жөнелтуші жүкті бермегені, сондай-ақ берілген көлік құралын пайдаланбағаны үшін айлық есептік көрсеткіш шамасында пайыздармен есептелетін айыппұл түрінде, келесі мөлшерде өзара мүліктік жауапкершілік шегеді:

1) жүктерді контейнерлермен тасымалдау кезінде:

қоса алғандағы брутто массасы 5 т-ға дейінгі әр контейнер үшін 15%;

қоса алғандағы брутто массасы 5 т-дан 10 т-ға дейінгі әр контейнер үшін 30%;

брутто массасы 10 т-дан артық әр контейнер үшін 60%;

2) рефрижераторлық вагондар мен транспортерлерді қоспағанда, жүктерді вагондарда тасымалдау кезінде – әр вагон үшін 150%;

3) жүктерді рефрижераторлық вагондарда, транспортерлерде тасымалдау кезінде – әр вагон, транспортер үшін 290%.

Аталған айыппұл жинақтау карточкасы бойынша:

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының филиалы - тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі технологиялық орталық (бұдан әрі - ТехПД) арқылы орталықтандырылған есеп айырысуды жүзеге асырған кезде;

орталықтандырылған есеп айырысу құқығын пайдаланбайтын, есеп айырысуды тауарлық кассалар арқылы жүзеге асыратын жүк жөнелтушілер мен жүк алушылардан ГУ-57 нысанындағы әр түрлі алымның квитанциясы бойынша не болмаса « Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының «Процессинг орталығы» филиалы беретін көлік картасы бойынша (бұдан әрі - ПЦ көлік картасы) алынады.



«ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың 31.05.2011 жылдағы №119-Ц бұйрығына сәйкес абзацпен толықтырылды (ескі редакциясын қараңыз).

Жүк жіберуші тиеу күніне дейін кем дегенде үш тәулік бұрын вагондары (контейнерлерді) пайдаланбайтындығы туралы тасымалдаушыны ескерткен жағдайда айыппұл сомасы үштен бір бөлікке кемітіледі.

11. Тар жолтабаны бар теміржол желілері бойынша вагондармен ғана тасымалдау белгіленген жүктер үшін мүліктік жауапкершілік осы Тарифтік басшылықтың (Прейскуранттың) 10-тармағында көзделген айыппұлдың 50% мөлшерінде белгіленеді.

12. Жүктерді тасымалдау жоспарын бұзып, өтінімді орындамағаны үшін айыппұл вагондарды және контейнерлерді пайдаланғаны үшін төлем жасалғанына қарамастан өндіріп алынады.

13. Қабылданған өтінімді бұзып, жылжымалы құрамды бермегені үшін тасымалдаушының айыппұл төлеуі оны жылжымалы құрамды беру жөніндегі одан әрі атқаратын міндеттемелерінен босатпайды. Жылжымалы құрамды жүк жөнелтушімен келісілген ұзартылған мерзімдерде бермеген жағдайда, тасымалдаушы жылжымалы құрамды беру өзінің кінәсіынан болмағанын дәлелдей алмаса, тасымалдаушы тиісті қаржылық жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген бес есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.

14. Тасымалдаушының кінәсі бойынша кірме жолдарда жүк тиеу және түсіру (жүктен босату) орындарына (орындарынан) беруді, әкетуді, қабылдауды вагондарды беру және әкету шарттарымен көзделген мерзімдерден артық кідірткені үшін тасымалдаушы жүк жөнелтушіге немесе жүк алушыға әр вагон-сағат үшін айлық есептік көрсеткіш шамасының 1,7% мөлшерінде айыппұл төлейді.

Айыппұл аталған шарттармен көзделген вагондарды беру және әкету мерзімдерін бұзған сәттен бастап кешіктірілген бүкіл уақытқа есептеледі.

Вагондардың отыз минуттан аз уақытқа кідіруі есепке алынбайды. Вагондарды отыз минуттан бір сағатқа дейінгі мерзімге кешіктіру толық бір сағат болып есептеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет