1. Дәріс №14 Тәрбие жұмыстарының нәтижесі мен тиімділігінің диагностикасы



бет1/3
Дата18.03.2022
өлшемі19.81 Kb.
#456403
  1   2   3
тарбие (1)


Гүлзинат1.Дәріс №14 Тәрбие жұмыстарының нәтижесі мен тиімділігінің диагностикасы
Жоспары:

  1. Оқушылардың тәрбиелік деңгейінің өлшемдері мен көрсеткіштері.

  2. Диагностиканың әртүрлі әдістері мен әдістемесін пайдаланудың ерекшеліктері.

  3. Оқушы мен сынып ұжымының психологиялық - педагогикалық сипаттамасы. Мақсаты: Диагностиканың әдістері мен әдістемесі туралы білімдерін қалыптастыру.

Сынып жетекшісінің оқу - тәрбие жұмысының нәтижесі - сынып жетекшісі жұмысының ішіндегі ең күрделі кезеңі. Себебі, ол педагогикалық процестің мәнін танып білуге аса зор ықпал етеді. Әрбір жағдайды талдау жұмысының нәтижесінде, оған дер кезінде дұрыс шешім қабылдап, түзетулер және толықтырулар енгізіп отыруға мүмкіндік туады.
Ол сынып жұмысының мақсат, міндеттері және жоспарлау жұмысымен тығыз байланысты болады. Сондықтан да сынып жетекшісі үшін, оны атқарудың маңызы ерекше.
Талдау жұмысының мақсаты - оқу жылының соңында сынып көлемінде жалпы педагогикалық үдерістің нәтижесін бағалауды, келешекте оның жұмысын жетілдірудің жаңа оқу жылының мақсат, міндеттерін анықтап, ата-аналармен және пән мұғалімдерімен атқарылатын оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау барысында қолданылады.
Оқу жылының қорытындысына талдау жүргізу негізінен бір жыл бойы жүргізілген жұмыстардың мәліметтерді, оларды талдау қорытындысы, сауалнама жүргізу және зерттеу нәтижесі барысымен байланысты атқарылады. Қорытындысында, педагогикалық әрекетті жетілдіруге сай нақтылы ұсыныс білдіру және бірыңғай ортақ көзқарас қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі. Оны мамыр және маусым айларында атқару тиімді.
Оқу жылында атқарылатын жұмыстарға қатысты басқа да мәліметтерге және тоқсандық оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижесіне талдау жұмыстарын жүргізуге қарағанда, жылдық талдау көлемі, сипаты жағынан күрделі болып келеді.
Сондықтан да ол комплекстік (кешенді ) жұмыс болып есептелінеді. Талдау жұмыстары 3 кезеңде атқарылуы мүмкін.

  1. Жалпы сынып ұжымының өміріне талдау жасау

  2. Сынып жұмысындағы кейбір негізгі мәселелерді талдау.

  3. Жеке оқушымен жұмыс нәтижесін талдау.

Жоғарыда көрсетілген бөлімдерге сәйкес, талдауға қатысты мәселелер оқу жылының басында белгіленген міндеттерді ескере отырып, сынып жетекшісінің басшылығымен анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет