1– дәріс. Қазіргі жас ерекшелік психологиясының пәні мен міндеттері



Дата02.01.2022
өлшемі163.01 Kb.
#452296
Презентация Microsoft Office PowerPoint


1– дәріс. Қазіргі жас ерекшелік психологиясының пәні мен міндеттері.
  • Жас ерекшелік психологиясының теориялық және практикалық міндеттері. Жас ерекшелік психологиясының пайда болу тарихы. Жас ерекшілік психологиясының басқа ғылымдармен байланысы
  • Жас ерекшілік психологиясының әдістері және олардың мінездемесі (бақылау, эксперимент, диагностикалық әдіс, егіздер әдісі, лонгитюдтік әдіс, көлденең кесу).
  • Жас ерекшілік психологиясының негізгі категориялары (жас периодизациясы, даму және т.б.). Жас ерекшілік психологиясының бөлімдері.

«Жас ерекшелік психологиясы»_ пәнінің мақсаты - бала психологиясының әртүрлі жас дамуының кезеңдерінің айрықша ерекшеліктерін, іс-әрекеттің әртүрлілігінің, жеке адамды қалыптастыратын психикалық қалыптар мен мінез-құлықты, баламен жұмыс істеу барысында берілген заңдылықтарды есепке алу туралы студенттердің ғылыми түсініктерін дамыту болып табылады.

«Жас ерекшелік психологиясы» пәнінің негізгі міндеттері: 1)адам психологиясының қалыптасуындағы негізгі бағыттарды қарастыру;

2) психиканың жеке белсенділігін айналып өтетіндей оған тікелей араласпайтындай етіп, оны өзгерту және оған қатысты репцетуралық әрекеттерді болдырмау мақсатында, студенттердің қалыптасушы тұлғаны жоғары құндылық ретінде танымын қалыптастыру;

3) әрбір адамның психикалық құрылымының қайталанбастығы және дарындылығы туралы пікірін қабылдау.

Жас ерекшеліктері психологиясы адамның бүкіл өмір бойындағы психикалық қасиеттері мен даму тұлғасының даму үдерісін зерттейді. Бізді қызықтыратыны бүкіл өмірлік жол емес, өте жылдам есейіп келе жатқан баланың мектепті тамамдап, ересек өмірге қадам басқанша жүріп өткен, туғаннан 17 жасқа дейінгі өмірдің бастапқы кезі. Жас ерекшеліктері психологиясының бұл бөлімінде бала дамуының заңдылықтары мен фактілері анықталады.

Жас ерекшеліктері психологиясының психологияның басқа салаларынан басты айырмашылығы даму қарқынына басым көңіл бөлуі. Сондықтан оны генетикалық психология (грек тілінде «генезис» шығу тегі, қалыптасу) деп атайды. Әйткенмен, жас ерекшеліктері психологиясы психологияның басқа салаларымен: жалпы психологиямен, тұлға психологиясымен, әлеуметтік психологиямен, педогогикалық және дифференциалдық психологиямен тығыз байланысты. Жалпы психологияда психикалық қасиеттер: қабылдау, ойлау, сөйлеу, ес, зейін, қиял зерттелетіні белгілі.

Жас ерекшеліктері психологиясында әр психикалық қасиеттің даму үдерісі және әр түрлі жас кезеңіндегі қызметаралық байланыстардың өзгеруі қадағаланып отырады. Тұлға психологиясында түрткі, өзін өзі бағалау және талаптану деңгейі, құндылықты бағдарлар, дүниетаным және т.б сияқты тұлғалық түзілімдер қарастырылса, жас ерекшеліктері психологиясы осы түзілімдердің баланың бойында қашан пайда болып, олардың белгілі бір жас кезеңіндегі ерекшеліктері қандай болатындығы туралы сұрақтарға жауап береді. Жас ерекшеліктері психологиясының әлеуметтік психологиясымен байланысы баланың мінез құлықы мен дамуының оның өзі кіретін топтарға: отбасына, балабақша тобына, мектеп сыныбына, жасөспірімдер ортасына тән ерекшеліктерге байланыстылығын бақылауға мүмкіндік береді.

Әрбір жас кезеңі баланың айналасындағы адамдардың, ересектер мен құрбы құрдастардың өзіндік, ерекше ықпалы. Баланы оқытып тәрбиелейтін ересектердің мақсаты ықпалы педогогикалық психология аясында зерттеледі. Жас ерекшеліктері психологиясы мен педогогикалық психология бала мен ересек адамның өзара ықпалдасу үдерісіне әр түрлі қырларынан қарайды, жас ерекшеліктері психологиясы бала тұрғысынан, педогогикалық психология тәрбиеші, мұғалім тұрғысынан.

Дамудың жас ерекшелік заңдылықтарынан басқа, дифференциалдық психология айналысатын индивидуалды айырмашылықтары да болады: бір жастағы балалар ақыл парасаттың әр түрлі деңгейін және әр түрлі тұлғалық қасиеттерді иленуі мүмкін. Жас ерекшеліктері психологиясында барлық балаларға ортақ жас ерекшелік заңдылықтары зерттеледі. Бірақ бұл орайда дамудың магистралды желілерінен қандай да бір басқа жаққа ықтимал ауытқушылықтар да ескеріледі.

Сонымен, жас ерекшелік психологиясы психологиялық білімнің ерекше саласы. Баланың даму үдерісін қарастыра қарастыра отырып, ол әр түрлі жас кезеңдеріне сипаттама береді, демек «жас» және «балалық шақ» деген ұғымдарды қолданады. Жас немесе жас кезеңі дегеніміз бала дамуындағы өз құрылымы мен қарқыны бар цикл. Л.С.Выготский бұл туралы өз еңбектерінде жазып кеткен.

Біріншіден, психологиялық жас жекелеген баланың оның туылуы туралы куәлігінде, ал кейінірек төлқұжатында жазылған хронологиялық жасымен сәйкес келмеуі мүмкін. Өзінің қайталанбас мазмұны баланың тұлғасы мен психикалық қасиеттерінің даму ерекшеліктері, оның айналасындағы адамдармен өзара қатынастарының ерекшеліктері және ол үшін басты болып табылатын іс әрекеті бар жас кезеңінің белгілі бір шектері бар. Бірақ бұл хронологиялық шектер жылжытылуы мүмкін, бір бала жаңа жас кезеңіне ересек, ал екіншісі кешірек енеді. Әсіресе балалардың жыныстық пісіп жетілуімен байланысты жасөспірімдік шақтың шектері қатты «толқымалы болады».

Екіншіден, бастапқы жас кезеңдері балалық шақты негізінен ересек өмірге, өздігінен еңбек етуге дайындық болып табылатын тұтас бір дәуірді құрайды. Балалық шақ тарихи құбылыс, оның мазмұны да, ұзақтығы да ғасырлар бойы өзгеріп отырған. Алғашқы қауымдық қауымдағы балалық шақ қысқы, ал орта ғасырлардағы ұзағырақ болған. Қазіргі замандағы баланың балалық шағы одане да ұзағыраққа созылып, іс әрекеттің күрделі түрлерімен толыға түсті балалар өз ойындарында ересек адамдардың отбасылық және кәсіби қатынастарын қайталап, ғылым негіздерін меңгере бастады. Балалық шақтың өзіне тән ерекшелігі бала өмір сүріп, оқып және тәрбиеленіп отырған қоғамның әлеуметтік экономикалық және мәдени даму деңгейлерімен анықталады.

Біздің заманымызда балалық шақ қашан аяқталады? Дәстүрлі түрде жас ерекшеліктері психологиясының бірінші бөлімі ретінде балалар психологиясы баланың туылғаннан 7 жасқа дейінгі даму үдерісін қамтиды. Бірақ қазіргі балалық шақ мектепке барғаннан кейін де жалғаса береді, бастауыш мектеп оқушысы да бала болып қала береді. Оның үстіне, кейбір психологтар жасөспірімдік шақты да ұзап кеткен балалық шақ деп қарастырады. Қандай көзқарасты қарастырсақ та нағыз ересектің баланы тек мектеп табалдырығынан тыс, 15 немесе 17 жаста күтетіндігін мойындаумызға тура келеді.

Қазіргі таңда әрбір білімді адам «балалық шақ деген не», деген сұраққа бұл даму, үйрету, өзгеру кезеңі деп жауап береді. Алайда тек ғалымдар ғана бұл кезеңді парадокстар және қарама қайшылықтар кезеңі, және онсыз даму процесі болмайтындығын атап көрсетеді. Балалық шақ дамудың парадокстары жайлы В.Штерн, Ж.Пиаже, И.А.Соколянский және т.б жазды. Д.Б.Эльконинның айтуы бойынша балалық шақ психологиясында парадокс бұл ғалымдардың әлі де шешетін дамудың жұмбақтары.

Жас ерекшелік психологиясының дамуы және тарихы.

Баланың жасына лайық психологиялық даму заңдылықтары, оның даму тарихы туралы түсініктерді қалыптастыру.



БӨЖ:

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет