XIX ғ. Реализм бағытының қалыптасуы. Стендаль, Бальзак шығармашылығы Реализм қандай әдіс? - Реализм (лат. relіs — заттылық, шындық) —әдебиет пен өнерде өмір құбылыстарын шынайы қалпында, нақтылық белгілерін сақтай отырып, жинақтап бейнелейтін көркемдік әдіс. Реализм әдісі өмір құбылыстарын, маңызды қоғамдық мәселелерді, күнделікті тұрмыстағы сан алуан жайттарды мейлінше кең қамтып, әлеум. қайшылықтарды, адам бейнесін терең ашып көрсетуді мақсат тұтады. Реализмнің өмір шындығын бейнелеудегі әдісі, стильдік формасы алуан түрлі.
- Реализм болмыстың ең маңызды сипатын сұрыптап, көркем образ арқылы бейнелейді, өмір шындығын анық кескіндейтін образдар жүйесін жасайды. Реалистік әдістің негізгі ерекшелігі — өмірдегі типтік жағдайларды кеңінен қамтып, қай құбылыстың болсын даралық белгілерін де, жинақталған көптеген құбылыстарға ортақ сипаттарын да нанымды суреттеп, нағыз типтік дәрежедегі көркем образдар, бейнелі тұлғалар жасау.
Анықтамасы
Әдебиеттегі реализм
Әдебиеттегі реализм – шындықты, оның типтік белгілерін ешбір бұрмалаусыз, әсірелеусіз шынайы бейнелеу басты белгісі болып табылатын бағыт. Бұл 19 ғасырда пайда болды және оны ұстанушылар поэзияның күрделі формаларына және шығармаларда әртүрлі мистикалық концепциялардың қолданылуына үзілді-кесілді қарсы болды.
Ерекшелігі
Өкілдері
Романтизмнің орнын басқан әдебиеттегі реализм шындықты іздеу және оны табу, шындықты өзгертуге ұмтылатын көркемдік сипаттарға ие.
Реалистік романдар мен хикаяларда сюжет трагедиялық тартыспен сипатталса да, көркемдік өмірді қуаттайды.
Әдебиеттегі реализмнің Бальзак пен Стендаль, Теккерей мен Диккенс, Джорд Сэнд пен Виктор Гюго сияқты өкілдері өз шығармаларында жақсылық пен зұлымдық тақырыбын барынша айқын ашып, абстрактылы ұғымдардан аулақ болып, замандастарының шынайы өмірін көрсетеді.
Стендаль шығармашылығы
Анри Мари Бейль немесе Стендаль (фр. Marie-Henri Beyle; 23 қаңтар 1783, Гренобль — 23 наурыз 1842, Париж) – француз жазушысы. 1800 – 14 жылы әскери қызмет атқарып, Наполеон әскері құрамында Берлин, Вена, Мәскеу шабуылдарына қатысты. 1814 – 21 жылы Италияда, кейін Францияда тұрды. 1830 жылдан өмірінің соңына дейін Италияда елші қызметін атқарды. Стендаль алғашқы туындыларын бүркеншік атпен 1814 жылдан жариялай бастады. “Стендаль” есімін тұңғыш рет “Рим, Неаполь, Флоренция” (1817) атты еңбегінде қолданды. “Гайдн, Моцарт және Метастазионың өмірі” (1817), “Италия бейнелеу өнерінің тарихы” (1817), “Россинидің өмірі” (1823), т.б. еңбектері музыка және театр өнерін, кескіндемені зерттеуге арналған.
“Римді аралағанда” (1829), “Саяхатшы жазбалары” (1838) еңбектерінде философия, саяси, эстет. пайымдаулар басым болса, “Расин мен Шекспир” (1825) – көркемдік әдіс мәселесіне арналған реалистік мектептің алғашқы әдеби манифесі. Оның “Анри Брюлардың өмірі”, “Өзімшілдің естеліктері”, “Наполеонның өмірі”, “Наполеонды еске түсіру”, “Автобиографиялық естеліктер”, т.б. естеліктерінде тарихи құнды мәліметтер сақталған. “Ванина Ванини” (1829), “Қызыл мен қара” (1831) сияқты көркем шығармалары қоғамдағы “кішкентай адамның” рөлі мен тағдырын суреттеген. “Парма мекені” (1839) Наполеон соғысынан кейінгі саяси жүйені, “Люсьен Левен” (1836) Франциядағы монархияны әшкерелесе, “Махаббат туралы” трактат (1822) психол. талдаудың шебер үлгісі саналады.
Бальзак шығармашылығы
Оноре де Бальзак (Balzac) (20.5.1799 - 18.8.1850, Париж) — француз жазушысы. Париж заң мектебін бітірген (1819) әрі Сорбоннада әдебиет жөнінде лекция тыңдаған. Алғашқы жарық көрген шығармасы — “Кромвель” трагедиясы (1920). Бальзактың есімі “Шуандар” (1829) атты тарихи романымен белгілі болды. Бальзактың тоқсан шығармасы енген “Адам комедиясы” адамгершілік этюдтері, философиялық, аналитикалық этюдтер болып үш топқа бөлінеді.
- 1. Адамгершілік этюдтер тобының негізгі шығармалары — “Гобсек” (1830), “Отыздардағы әйел” (1831), “Горио атай” (1934 — 35), “Евгения Гранде” (1833), “Беатриса” (1839), “Кәрі қыз” (1836), “Бойдақтың өмірі” (1841), т.б.
- 2) Философиялық этюдтер тобының негізгі шығармалары — “Жендет” (1830), “Шегірен былғары” (1830 — 1831), “Көп жасаудың құпиясы” (1930), “Қызыл қонақүй” (1931), “Серафита” (1839), т.б.
- 3) Аналитикалық этюдтер тобының негізгі шығармалары—Неке физиологиясы” (1829), “Отбасы өміріндегі ұсақ-түйек керістер” (1845 — 1846), т.б. “Адам комедиясында” тұтас тарихи дәуірдің өте кең суреті жаңғырды. Бальзак шығармалары 19 ғасырдағы Батыс Еуропа әдебиетінің шыңы болды. Оның суреткер ретінде қолданған көркемдік әдісі жиынтық формада (гуманизм, ағартушылық идеясы, готикалық роман, романтикалық мектеп, т.б.) көрініс берді. Бальзактың шығармаларын Ф.Жиро, В.Гюго, Ж. Санд, Ф.М. Достоевский, М. Әуезов жоғары бағалады. “Шегірен былғары” романы, “Горио атай” повесі (1984, 1985, 1987), “Памэла Жиро” (1938) пьесасы қазақ тіліне аударылған.
- Реализм латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?
- Әдебиеттегі реализм қай ғасырда пайда болды?
- Әдебиеттегі реализм өкілдерін атаңыз
- “Рим, Неаполь, Флоренция” еңбегінің авторы?
- Бальзактың алғашқы еңбегі?
- “Адам комедиясы” қандай топтарға жіктеледі?
- “Қызыл мен қара” шығармасының тақырыбы
- Бальзактың шығармаларын кімдер жоғары бағалады?
Достарыңызбен бөлісу: |