1 емтихан билеті «Ғылым философиясы мен тарихы»



бет45/75
Дата26.06.2023
өлшемі321.33 Kb.
#475383
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   75
Фил емтихан

1.Антикалық философия (лат. antiquitas "ежелгі") - бзд. VIғ-да Сократқа дейінгі философиядан басталып, 529 жылы Афинада соңғы философиялық мектепті Император Юстиниан І жарлығымен жабылғанға дейін жалғасқан Ежелгі Грек және Ежелгі Рим философиясы (бзд. VІғ - VIғ). Дәстүр бойынша Фалес алғашқы антикалық философ, ал Боэций соңғы антиккалық философ саналады.
Ертедегі Грекияның алғашқы философтары стихиялы реализмдік бағытты ұстануымен ерекшеленеді. Олар бүкіл дүниені тұтастай алып қарап, әлемнің, дүниенің түп негізін, алғашқы бастамасын, түпнұсқа элементін табуға тырысты. Олар "дүние қалай пайда болды", "неден жаралды", "ең бірінші не пайда болды", "бәрінің негізі не" деген секілді сұрақтар қойды. Антикалық философтарды "натурфилософтар" деп те аталады, олар философиялық ойларын табиғат құбылыстарымен байланыстыра тұжырымдауға тырысты.
Ертегірек (антикалық) философиясы өзінің даму тарихында үш кезеңнен өтті:

  1. Сократқа дейінгі кезеңдік философия (б.д.д. 7-6 ғ.ғ.). Бұл кезеңде натурфилософиялық көзқарас басым болды. Милет, Элей, Пифагоршылдар, Софистер мектебінің қалыптасуымен қатар атомдық көзқарастың негізі қаланады.

  2. Классикалық кезең (б.д.д. 4ғ.). Платон мен Аристотель философиялық еңбектерімен ерекшеленеді.

  3. Римдік-эллиндік кезең (б.д.д 3ғ. соңы мен б.д. 3ғ. басы). Стоиктер, скептиктер және эпикуршілдік мектептер басымдылық танытқан кезең.

Мемлекет - тарихи категория. Ол таптық қоғамда пайда болып, халықты билеп-төстеудің құралы. Кең мағынасында, мемлекет дегеніміз - жария Үкіметтің пайда болуы мен іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың формасы және оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда үкіметтің күш-қуатына сүйенетін басқару жүйесі. Бұндай басқару жүйелері көне замандарда рулардың, тайпалардың құрған алғашқы қоғамның ыдырап, оның орнына таптық қоғамның келуімен мемлекеттің пайда болғаны жалпы тарихи процесс.







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет