Ел ертеңі – тәрбиелі жастар



Дата09.06.2016
өлшемі56 Kb.
#123908
Ел ертеңі – тәрбиелі жастар
Тәрбие – кең мағынасында алғанда қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп,

сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз.

М.Жұмабаев
Тәрбие – жеке адамды мақсатты,жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың бай тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана – сезімін, жағымды мінез – құлқын дамытушы. Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы керек.Тәрбие процесінде жастарымыз қоғамда қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, қоғамдағы өмір сүру тәртібін меңгереді.

Ұлы ұстаз Әбу Насыр әл – Фараби «Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім – адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген болатын.

Тәрбие – ұлылар өсиетін сақтай отырып, олардың адамгершілік құндылықтарын ұрпақтан – ұрпаққа жеткізуші бірден – бір құрал. Халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибелері мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың қоршаған ортаға қарым – қатынасын және соған сай мінез – құлқын қалыптастыру осы тәрбие арқылы жүзеге асырылады. Яғни, жеке адамның дүниеге деген өзіндік көзқарасы, ізгілік, адамгершілік, эстетикалық қасиеттері тәлім – тәрбие арқылы қалыптасып, жетіліп отырады.

Бүгінгі күннің талабына сай ұрпақ тәрбиесінің мазмұнын, әдіс – тәсілдерін және ұйымдастыру жүйесінің ірге тасын қалайтын негізгі қағидалар мыналар: тәрбиенің мазмұны, оны жүзеге асыратын әдіс – тәсілдердің негізі – адамгершілік, имандылық, ізгілік, елжандылық.

Колледжде жастар тәрбиесіне мынандай бағыттарды басшылыққа аламыз: кәсіби – шығармашылық, еңбек және экономикалық, азаматтық- патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік, дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру, отбасы тәрбиесі, коммуниктивті мәдениетті, экологиялық, рухани адамгершілік, әлеуметтік – мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру, интеллектуалдық мәдениетті дамыту, өзін – өзі тану мен өзін – өзі дамыту, эстетикалық тәрбие.

Студенттердің белсенділігінің дамуы оқу үрдісі мен тәрбие жұмыстарының мазмұны, түрі және әдістерінің дұрыс құрылымдас болуына байланысты. Жастар тәрбиесі үшін көптеген мамандардың қатысуы маңызды. Колледжде кітапхана, спорт клубы, әрбір бағытта құрылған үйірмелер,клубтар, шығармашылық жобаларға қатысусыз дамуы мен өсіуін елестету мүмкін емес.

Жоспарланған барлық шараларда студенттердің белсенді болуы, олардың бос уақыттарын тиімді өткізуі қадағалануы шарт. Оқу жылының басында ауылдық жерден, басқа жақтан келген оқушыларды жатақханаға орналастыру, бейімділіктеріне қарай әртүрлі үйірмелерді таңдауға көмектесу, колледж уставымен, оларды құқықтары және міндеттерімен таныстыру жұмыстары жүргізіледі.

Студенттердің қызығушылықтарына қарай «Денсаулық», «Бейнелеу өнері», «Қазақтың ұлттық аспаптары», «Тоқыма» үйірмелері, спорттық секциялардың түрлері , саздық салон «Өнер жолында», «Лира», «Қазақтың қара өнері құдіретім», «Білгенге маржан», «Сольное и вокальное пение» сияқты үйірмелер жұмыс жасайды.

Тәрбие қызметінің аса маңызды бағыттары бірінші курс студенттерінің оқу орнына бейімделуі, студенттерге әлеуметтік-тұрмыстық және бос уақытты ұтымды өткізу мәселелерін шешу барысында көмек көрсету, студенттік топта достықты, қайырымдылықты, бірлікті, өзара қолдауды қалыптастыру, бірегей оқу орны қауымдастығының оқытушылары мен студенттеріне қатыстылығын сезіндіру, бірыңғай әрі біріктіріле ұйымдасқан мәдениетке, жүйеге және көзқарастар мен қиындылықтарға тиістілігін ұғындыру болып табылады. Студенттердің іс- әрекетіндегі ерекшелігін бірінші курстан бастап байқауға болады. Мектептен кейінгі барлық өзгерістер студенттің психикалық жағдайына әсер етеді. Біз мұны бірінші курс студенттеріне жүргізілген сауалнамадан байқаймыз.

Бірінші курс студенттерін студент қатарына қосу, психологиялық ахуал, қарым – қатынас мәдениетін орнату мақсатымен қыркүйек, қазан айларында жыл сайын әртүрлі сауалнамалық сұрақтар, тренинг шаралары «Қалайсың, бірінші курс студенті?», «Сен осы мамандықты не үшін қаладың?», «Жеке тұлғаны қалыптастыру», «Достық», «Әдептілік – тәрбие бастауы» тақырыптарында өткізіліп отырады.

Колледж психологы ата – аналар мен ұстаздардың психологиялық білімдерін кеңейту мақсатында лекциялар оқиды, балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселесін дұрыс ұйымдастыру үшін ақыл – кеңестер береді. Жекеленген студенттердің психологиялық дамуын анықтау негізінде мұғалімдерге ұсыныс береді, жас ерекшелігін психология мәселелеріне арналған семинарлар, «Мен және менің тобым» атты тренинг ұйымдастырады

Студенттермен жұмыста кәсіби – шығармашылық міндетті бағыттардың бірі болып табылады. Таңдап алынған мамандыққа қызығушылық, онымен айналысу, оған берілу, бір бағытта жұмыс істейтін адамдармен қоғамдық пайдалы жұмыс, барлық істе көшбасшы болу осының барлығы студенттің әлеуметтену кезеңі. Студенттің кәсіби деңгейін арнайы ұйымдастырылған шығармашылық жұмыстың үстінде талқылаған дұрыс .Оларға кәсіби мамандықтары бойынша мағұлмат бере отырып, білімге, өз таңдаған мамандықтарына деген құштарлықтарын арттыру, терең меңгеруге ұмтылдыру және бәсекеге қабілеттіліктерін қалыптастыру мақсатымен мынандай шаралар : бірінші курс арасында «Халық байлығы – білімді ұрпақ», «Оқу, мазмұнды, жүйелі айта білу шеберлігі» тақырыбында топ сағаттары, екінші курс студенттерімен «XXI – ғасыр лидері» білім сайысы, үшінші курстықтармен «Тапқырлар әлемі» интеллектуалдық шоу, «Адамзатының дамуына үлес қосқан тұлғалар» дөңгелек үстел, 4 курс студенттерімен «Үздік практикант» сайысы өткізіледі.

Сонымен қатар, студенттерді ынталандыру, олардың үздік оқып, қоғамдық өмірде тәжірибелі және белсенді қатысып отыратын, ең дарынды адамдарды табуға, білім және ақыл – ойдың басымдылығын мойындауда, талантты тұлғаларды білуде әртүрі тәсілдерді қолданамыз, соның бірі бірінші курстықтармен «Біз дарындыларды іздейміз» атты сайыс өткізілсе, екінші курс студенттерімен «Ең үздік шығармашылық жұмыс» үшінші, төртінші курстықтарымен «Колледждің таңдаулы студенті» сайысы өткізіледі.

«Маңғыстау гуманитарлық колледжінің таңдаулы студенті» сайысы колледжде жыл сайын үздік оқитын және оқу орнының қоғамдық өміріне белсенділікпен қатысатын студенттердің арасында өтеді. Сайыстың қорытындысы бойынша студенттер келесі атаққа ие болады:



  1. «Колледждің таңдаулы студенті» сайыстың жеңімпазы - 1 адам;

  2. «Колледждің таңдаулы студенті» сайыстың II дәрежелі Дипломанты - 1 адам;

  3. «Колледждің таңдаулы студенті» сайыстың III Дипломанты - 1 адам;

Студенттермен әртүрлі бағыттарда, яғни діни ұғым, қылмыстық әрекеттердің алдын – алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жол ережелерін сақтау керектігін ескерту бойынша кездесулер ұйымдастыру өте тиімділігімен ерекшеленеді.



     Азаматтық ұстанымның, патриоттық сезімнің, құқықтық және саяси мәдениеттің қалыптасу басымдықтары, ұлттық көзқарасты дамыту, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің, толеранттылықтың, жастар ортасындағы құқықбұзушылыққа қарсы тұруға дайындық басымдықтары студенттерді тәрбиелеудегі маңызды құрам бөлігін анықтайды. Азаматтылық – тұлғаның қоғам және мемлекет алдында қарыздығын сезіп және орындауда сана-сезімі жетіліп, патриоттық іргелі қасиеті дамиды. Адамның еліне деген баға жетпес махаббаты негізінде оның ойлары мен бағамы ғана емес, сонымен қатар тағдыры және өмірінің мағынасы анықталады. Колледжде студенттердің бойында азаматтық – патриоттық, құқықтық тәрбие қалыптастыру, өз Отанын сүюге, елін, туған жерін қорғауға, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге үйрету жұмыстары толық іске асырылады. Осы бағыттарда жыл сайын заң қызметкерлерімен кездесу «Заңды қадірлейтін азамат болуға тиіспіз», «Заңды біліп қана қоймау керек» тақырыптарында ұйымдастырылып, «Бала құқығы туралы конвенция», «Келіспеушіліктің туындау себептері» атты әңгіме өткізіледі. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты болдырмау және оның алдын – алу шаралары жоспарлы түрде іске асырылып отырылады. Колледжде 3 жыл бойы «Полицияның жас көмекшілері» отряды жұмыс жасайды.

Біз тәрбиенің басты мақсаты деп жеке адамның гармониялық дамуы мен оның шығармашылық дамуын санаймыз. Бұл істің ең сенімді көмекшісі, колледждің жастар ісі комитеті болып саналады және олардың өзін – өзі басқарудағы жетістіктері. Өзін – өзі басқару педагогикалық мақсаттың жоғарғы деңгейіне жету болып табылады, оның негізі болып: студенттердің әлеуметтік белсенділіктерінің дамуы, олардың ұйымшылдығы, азаматтылығы, жауапкершілігі және басқа адамгершілік қасиеттері кіреді. Бұл жетістіктерге жету үшін өзін – өзі басқару әртүрлі мақсатты орындауы керек: студенттердің ұжымы арасында туындайтын қиыншылықтар мен шарттарды түсініп шеше білуі, ұжым жұмысын жоспарлау, дер кезінде шешім қабылдай білу, жасалған жұмысты бақылап , бағалау, өзінің жасаған іс – әрекетіне жауап беріп, сонымен бірге басқалармен жақсы қарым – қатынаста бола біліп, ұжымда адамгершілік – психологиялық климат құра білу. Сондықтан да өзін – өзі басқару мазмұны оқу процесінде , әсіресе оқу аудиториясында, ғылыми – зерттеу әрекеттерінде, мәдени - спорттық жұмыстарда, оқу үлгерімдерінде, бос кездері мен демалысты ұйымдастыруда толық болуы керек.

Өзін – өзі басқару бағыты студенттердің іс – әрекеттеріне қолдау көрсетуде ғана дұрыс нәтиже беріп отырады.

Колледждегі өзін – өзі басқару ең алдымен Жастар ісі жөніндегі кеңес жұмыстарының басшылығымен дамиды, оның мынандай құрылымы бар.

Жастардың бастаған істерін қолдау, олардың бойында патриотизмді қалыптастыру, олардың еңбек, білім алу және денсаулық сақтау салалары бойынша бағыттық жұмыстарына тікелей басшылық жасау, көмекке келу негізгі мақсаттық жұмысымыз. Колледжде жастар ісі комитеті тұрақты жұмыс жүргізіп келеді. Құрамында 28 студент бар. Жұмыстары келесі бағыттардан тұрады: Оқу, студенттік ғылыми шығармашылық жұмыстар, мәдени – ағарту бағыты, жастардың құқығын қорғау, салауатты өмір сүру, жастар арасында іскерлік сапаны дамыту, басқа да ұйымдармен тәжірибе алмасуда қарым – қатынаста болу бағыттары. Осы бағыттарды басшылыққа ала отырып, «дебат клубы», «КВН командасы», «Жас ақындар клубы», «Жас гетарист», «Би клубы», «Полицияның жас көмекшілері» т.б. икемділіктеріне қарай жұмыс жасайды.

Жастар арасында отбасы және қоғамдық, мемлекет, ұлтаралық бірлік және рухани – адамгершілік құндылықтарды, салт – дәстүрлерді нығайту мақсатымен ұйымдастырылған шаралар: бірінші, екінші курс студенттерімен «Отбасындағы біздің міндеттіміз», «Біздің болашағымыз, біздің балаларымыздың болашағы – еліміздің болашағы» әңгіме өткізілсе, үшінші курстықтармен «Адам және адамгершілік» тақырыбында топ сағаты, «Елдің ертеңі - бірлігінде» әңгіме, «Ұлттық салт – дәстүр мен ұлттық мінез» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Төртінші курстар арасында «Халықтар достығы – бейбітшілік кепілі» реферат жазу, «Адамгершілік қасиеттің жоғары белгілері» шығармашылық сайыс өткізілді.

Колледжде студенттеріміздің шығармашылық қабілеттерін дамытып, ізденімпаздыққа үйрететін шығармашылық топ жұмыс жасайды. Шығармашылық жұмыс арқылы студенттің танымдық қабілетіне мотивациялық тұрғыда басшылық жасау туындайды. Ең алдымен студенттің іс – әрекетке көзқарасы өзгеріп, танымдық белсенділігі артады, қоғамда болып жатқан өзгерістерді танып білуге,ғылыми жаңалықтарға тұрақты қызығушылығы болып, үнемі ізденіп, белсенді әрекет ететін жеке тұлға қалыптасады. Бұл шығармашылық топ қазіргі көкейтесті тақырыптар бойынша жыл сайын облыстық деңгейде сайыс өткізеді. Шығармашылық топ жетекшісінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздіктің 20-жылдық жолында. Мақтан тұтар істеріміз бар!», «Жастар және қазіргі әлемдегі дін», «Тілдерді меңгеру – зор мүмкіншілік кепілі», «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастырудың қазіргі заман мәселелері», «Қазақстандық жастар: толеранттық және конфессияаралық диалог арқылы өзара түсіністік пен ынтымақтастыққа қол жеткізу» тақырыптарында ғылыми – тәжірибелік конференция өткізіп, құнды материалдар жиналды.



Салауаттылыққа шақыру үшін барлық курс студенттеріне арналған «Денсаулық-зор байлық», «Денсаулықпен бетпе-бет» тақырыптарында лекция өткізілді.
Сондай-ақ, 1-2 курс студенттерімен педагог - психолог және облыстық ЖИТС орталығының педагогі «Сенің өмірің – сенің таңдауың!» тақырыбында семинар және «Біз қарсы тұра аламыз!» ұранымен тренинг ұйымдастырды. «Бақытым да, байлығымда- денсаулық!» тақырыбында конференция өткізілді. Мақсаты: студенттерге ЖИТС-ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды әдеттен аулақ болуға шақыру. ЖИТС-ның адам өміріне зиянды әсерін олардың сана – сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақыру. Осы бағытта жылына 2 рет «Денсаулық күні» шарасы теңіз жағасында қыркүйек, мамыр айларында тұрақты ұйымдастырылады.

Қандай тәрбиелік бағыт болмасын, ол студенттің ойлау ерекшелігімен мінез – құлқына талдау жасай алғанда және өзін - өзі тәрбиелеуге ынтасы болғанда ғана тәрбие жұмысы нәтижелі жүреді.

Ұлы чех педагогы Я.А. Коменский былай деген екен «Келесі ғасырдың қандай болатындығы сол ғасыр үшін тәрбиеленген азаматтарға байланысты. Дүние даналардың көптігімен бақытты».

С. Сармалаева,



Маңғыстау гуманитарлық колледжісінің

Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет