1 емтихан билеті «Ғылым философиясы мен тарихы»



бет53/75
Дата26.06.2023
өлшемі321.33 Kb.
#475383
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   75
Фил емтихан

Орта ғасырдағы ғылым. Еуропалық орта ғасырлық ғылымы және фи-лософиясы (б.з.д. IV-VI ғғ.) эллинизмнің құлдырауы шағындағы, ескі және жаңа дәуірдің аяғында иудаизм (Көне өсиет) негізінде пайда болған, хрис­тиан діні негізіңде құралды. Христиан діні әлеуметтік-экономиқалық, саяси және рухани тәртіптегі күрделі әрекеттердің накты формасының көрінісі бо­лып табылады. Оның негізінде жарату (креационизм) идеясы жатыр: Алла та-ғала жоқтан әлем жасап шығарды. Әлем бастамасы - ол құдайдың өзі. Хрис­тиан қудайының табиғат негізінде туысқан болып келетін антиқалық край-дан ерекшелігі, ол табиғаттан жоғары тұрады. Құдайлар арасында және олар-дың жараткан жемістерінің (адам, табиғат) арасында айырмашылық көп.
Өмірдің ең қиын шақгарында, Рим империясының дәуіріңде христиан діні көпшиіікке белгші бола бастады. Библияда букіл әлем көрінісі туралы сөз болған жоқ еді, көп сұрактарға жауап кажет болды: Құдай кдлайша жоқтан формасыз материяны жасады және одан Әлемді; Аристотельдің алғашқы кие-лі бірінші түрпкісі христиандық кұдайдың бінеше мәрте басқаруымен қалай үйлеседі; Қрайдың үиггік бірлігі идеясын қалай түсінуге болады; Құдайдың жетілгендік идеясын оның жасағандарының жетілмегендігімен қалайша ұш-тастыруға болады.
Осы сұрактардың жауабын табу мақсатында антиқалық философияның және ғылымының, олардың категориялық кұралдарын қамту қажет болды.
Адам «Қүдайдың туындысы» болғаңдықган, оны тану бірінші кезектеті міндет болды. Бұл адамның танымдық қасиеттері жайлы сұрактардың туындауына өз кезінде әсер еткен болатын. Христиандық теоретиктердің бірі Ав­густин Аврелий (блд. 354 - 430 ж.) танымның белсенділігінің шығу кай-нарын ерік бастауына (инициатива) жатқызды: «ақылды» нұр естің ішіндегі туылғаннан адам баласының бойында болатын логика, мораль, математика, кұкық сияқты жалпы білімдерге жарық береді. Танып - білу акгісі, Августин-нің мәлімдеуінше, еріктің күшімен естің мазмұнына әсер ету процесіне алып келеді.
Жеке қасиетгердің дұрыс елемеулігіне қарамай, орта ғасырлық адам өзі-нің бойында өзін-өзі бақылау қабілетін дамытты.
Орта ғасырпық ғылым мен философияның айрықша белгілерінің бірі -ортағасырлық схоластиканың (схоластика - логиканың заңдарын крлдана отырып үтмдар мен сөздердің комбинациясының көмегімен күрътган білім жүйелері) өнімі «символизм» болды. Ол себеп-салдарлы байланыс зерттеулерінің орнын басты, әлемді қабылдау мен тәжірибені көрсетудің басты әдісіне айналды, ойлауды дамытты, сенімнің шындығында көрінетін «образға» ай-налдыруға мүмкшдік берді.
Орағасырлық ғылым және философия кітаби ісімен жалғасты, олар абс­тракты ойға сүйенді. Өйткені шындыктың ашылуы (откровение) тікелей ба-яндалмай шифрланған түрде болды. Схоластика ортағасырлық логиқалық ойларды тіл арқылы жеткізумен айналысты. Көп уақыткд созылған схоластақал ы к диспуттың қатысушылары бейімделген.
Акырында, ортағасырлық адамның шығармашылық қарекетінің әртүрлі көріністері ортағасьф алхимиясында ажырамастай қосылды. XІV-ден XVI ғ. арасында спекулятивтік (теориялық) те, практиқалық (эмпириқалық) алхимия да тарады. Теориялық алхимия заттың табиғи материалдығының тұғастығы туралы ой қозгальюы, бұл ой ақикаттың кілті - «жай металды алтынға айнал-дьфу» - жоғарыдан берілген, мұны тек магиялық салт жоралар арқыпы және мистиқалық ашылу, сонымен катар, ойдан шығарылған күрделі рецепттер ар-кьиты (сары адамның каны, бақаның баскан жұмыркасы және пгб.) шықты.
Осы тұрғыда кейінгі ортағасырда табиғатты тану бағытында жаратылыс-тану ғылымына қарай (математиканың дамуы, физиканың, эсіресе оптика-ның) нақты бағыттылық көрінді. Бірте-бірте тәжірибелілік, механистиқалы-себегггілік, детерминисттік тұрғылар көріне бастады. Сол уакытқа дейін белгі-сіз жандлық болған: сыртқы күн сәулесі алғашқы, ал көз екінші, жан (психика) сыртқы ортага бағынышты, деген ақикдттар бекітілді.
Орта ғасыр дәуірінің ірі теософы Фома Аквинский (1225-1274) «сенім және ақыл-ой» ұғымын біріктірген: сенетіндігінді біл, яғни сонымен бірге, көпшілік ғылымының өркендеу мүмкіндігін және оның өз беттігіне мүмкінді-гінше жол берді. Бірақ та овдағы сенім, білімнен жоғары (ақын-ойдаи), щ-дайшылық шындыктың бөлігі ақыл-ойдан жоғары сипатта (үштілік, бірінші күнә және т.б догматтары), ал ғылым және философиялық шындыкгар тек қарапайьм ақыл-ойдан.
Сонымен орта ғасыр кезеңіңде ғылым және философия дінмен тығыз байланыста болған, сондықган олардың өсу бағыты схоластиканың көмегімен шіркеу догматикасын жалғасуға және күшейтуге бағытталды немесе орта-ғасыр авторитеттерін қабылдамай қарама-қайшы методологиялық принцил-терді өндеуге бағытталып ортағасырлық әлемді көру дәстүріне сыйыспайтын нәтижелерді іуындатш (Р. Бэкон, Хейтсбери және т.б).
Нәтижесінде, бір жағынан орта ғасырлық ғылым және философия анти-қалықпен салыстырғанда жалпыланған-мистикаға көбірек ден қойды: антика-лық дәуірдегі көптеген ірі ғылыми жаңалықгар (Демокрит атомистшасы, биологиялық, геологиялық астрономиячыц және т.д. бічімдер) пайдаланыл-май ұмытылып кетті.

3. Теория және практика: өзара байланысы. Ғылыми танымдағы ақиқат мәселесі.


Практикамен тығыз байланысты келесі мәселе — дүниетану жолындағы ашылған білімнің ақиқаттығы. Әңгіменің қиындығы мынада: қайсыбір білімнің екі жағы бар. Біріншісі — адамның биологиялық табиғаты, яғни оның түйсіктері, жүйке мен ми ерекшеліктері, сонымен қатар нақтылы-тарихи жағдайдағы қоғам құрылымы, оның мәдени ерекшеліктері, ғылыми ақпаратты өңдеп, пайдалану тәсілдерімен байланысты. Екіншісі, танымда бейнеленетін объективтік шындықтың өз қасиеттері мен ерекшеліктерін анықтау болмақ. Танымның осы екі жағы бір-бірімен өте тығыз байланыста екені сөзсіз. Олай болса, біздің білім мазмұнының қай жақтары жеке адам, я болмаса адамзатқа тәуелсіз түрде зерттеліп жатқан заттың шынайы қасиеттеріне сәйкес келеді? Бұл сұрақ білім ақиқаттығы мәселесінің өзегін құрайды.
Сонымен қатар біз мына нәрсені ұмыт қалдырмауымыз керек. Дүниені зерттеуде адамзат шегіне жеткен ақиқатқа ешқашанда жете алмайды, өйткені ол — шексіз үрдіс. Сондықтан да ақиқат жөніндегі ілімде оның объективтік, салыстырмалы, абсолютті, прагматистік, когеренттік т.с.с. жақтары ерекше бөлініп алынып талданады.
Абсолютті ақиқат деп дүние жөніндегі толық сарқылып шегіне жеткен білімді айтуға болады. Алайда Дүниенің іш және сырт жағына да шексіздігі бізді абсолюттік ақиқатқа жеткізбейді. Сонымен қатар дүниені зерттеу жолындағы алынған объективті ақиқаттар бір-бірімен қосыла келе, бізді абсолюттік ақиқатқа жақындата түседі. Оны шексіз үрдіс деп те айтуға болар еді.
Негізінен, адамзат қолы жеткен білім әрқашанда салыстырмалы десек те болғаны, өйткені ол оның нақтылы тарихи қалыптасқан іс-әрекетімен, яғни сол заманның практикасымен шектелген. Мысалы, соңғы уақытқа дейін Марс планетасында су болды ма, я жоқ па деген сұраққа жауап бере алмадық. Өйткені ол жөніндегі болжамдарды тексеретін дәрежеге жеткен жоқ едік. Енді, тек 2004 жылы ғана американ ғалымдары Марсқа жіберген ғылыми аппараттар арқылы онда өткен шақта су болғанын дәлелдейтін деректер алды. Олай болса, бұрын осы планетада өмір формаларының болғаны сөзсіз, өйткені су бар жерде өмір де дүниеге келеді. Мүмкін, вирустар, я болмаса кейбір бактериялар болған болар. Бұл болжам техникалық құралдар дами келе тексерілетіні сөзсіз. Екінші жағынан, дүниеге келген әр ұрпақтың білімінде ақиқатпен қатар әрқашанда жаңылу болатынын да ескеруіміз қажет. Келесі ұрпақ оның біршамасын тексеріп түзетсе де, ғылымды дамыту жолында ақиқатпен қатар жаңылу да болуы мүмкін. Осы тұрғыдан жаңылуды жалғаннан ажыратуымыз қажет. Егер ғылыми танымның қиындықтары кейбір жағдайда зерттеушіні ақиқаттан алшақтатып, жаңылуға әкелсе, жалғандық өтірік айтып адамды саналы түрде қисық жолға түсірумен тең, дер едік.
Ақиқат мәселесін талдай келе, оның әрқашанда нақтылығын ұмыт қылмаған жөн. Дүниеде абстрактіліқ, барлық жағдай мен уақытта пайдалануға болатын ортақ ақиқат жоқ. Бұл жөнінде Гегель былай әңгімелейді: адам өлтірген жас жігітті дарға асуға, алаңға, әкеле жатыр. Алаңға жиналған халық оған тас лақтырып, неше түрлі қарғыс сөздер айтуда. Осы кезде алаңда тұрған бір қыздың аузынан: «Шіркін, қандай сұлу жігіт еді», — деген сөздер шығып кеткенде, басқалар оған жекіп: «Қылмыскер қалай сұлу болады, сен не шатып тұрсың», — десе, екіншілер: «Қазіргі жастар бұзылған», -деген «терең» пікір айтады. Бұл, әрине, мәселеге абстрактілік тұрғыдан қарау деген сөз. Өйткені алаңда тұрғандардың арасында ешкім де сол жігіттің адам өлтіруге қалай барғанын, мүмкін, оны байқамай, я болмаса кездейсоқ жағдайда жасағанын білмейді.
Енді философия тарихында кең орын алып, осы уақытқа дейін талданып келе жатқан «ақиқат пен сенім» мәселесіне көшейік. Өз уақытында Ибн-Рошд: «Белгілі бір нәрсе жөнінде екі қарама-қарсы тұрған ақиқат айту мүмкін емес, ол — біреу, олай болса, ақыл-ой таразысынан өтуі қажет», — деген пікір айтқан болатын. Ф Аквинскийге келер болсақ, ол, керісінше, сенім ақиқаты білім ақиқатынан жоғары, өйткені ол — Құдайдың аяны деген пікір ұстады. Бүгінгі таңда бұл мәселе «ғылым және мораль» мәселесіне айналды. Өйткені адамзаттың әрі қарай өрлеуі моральдық құндылықтарға сәйкес келетін ғылым нәтижелерімен тығыз байланысты екенін баса айтуымыз қажет. Басқаша жағдайда, ғылым өз мән-мағынасын жойып, адамға қарсы тұрған зұлымдық күшке айналып кетуі мүмкін. Осы арада қазіргі ғылымды талдауға уақыт келген сияқты.

25 емтихан билеті







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет