1. «О» дыбысы қандай дыбыс екенін белгілеңіз.
A) Ұяњ.
B) Дауысты.
C) Дауыссыз.
D) Үнді.
E) Қатањ.
|
2. Жалпы есім қатарын анықтаңыз.
A) Қала, көше.
B) Айна, Гүлдария.
C) Әйгерім, Батыр.
D) Көпір, Ертіс.
E) «Жас Алаш», «Парасат»
|
3. Негізгі сын есімді көрсетіңіз.
A) Биік.
B) Тұсаулы.
C) Табыскер.
D) Білгіш.
E) Шаруақор.
|
4. Қосарлану арқылы жасалған топтау сан есiмiн табыңыз.
A) Қырықтаған.
B) Төртеу.
C) Жүз бес.
D) Он-оннан.
E) Жиырмасыншы.
|
5. Мына сөйлемге қай шылау лайық, көрсетіңіз.
Алтынсары қадалған …, оның кескіні құбыла бастады.
A) Таман.
B) Туралы.
C) Қарай.
D) Сайын.
E) Тарта.
|
6. Ұяңнан басталып, ұяңға аяқталған сөзді табыңыз.
A) Бір.
B) Тоғыз.
C) Төрт.
D) Жүз.
E) Сегіз.
|
7. Қате жазылған сөзді табыңыз.
A) Доб ойнау.
B) Өзенге.
C) Бара алмады.
D) Құлын.
E) Жібек.
|
8. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшалы сөзді белгілеңіз.
A) Арманды.
B) Ертеңгіміз.
C) Үшінші.
D) Қарашашпен.
E) Балаға.
|
9. Шығыс септігінде тұрған сілтеу есімдігін табыңыз.
A) Бұны.
B) Бұлар.
C) Бұнысы.
D) Бұнымен.
E) Бұдан.
|
10. Етістіктің нақ осы шақ түрінде тұрған сөзді көрсетіңіз.
A) Тұрасың.
B) Тұратынсың.
C) Тұрғанмын.
D) Тұрарсың.
E) Тұрмын.
|
11. “Көзді ашып-жұмғанша” – тұрақты сөз тіркесінің мағынасын белгілеңіз.
A) Әдемі.
B) Жай жүру.
C) Лезде.
D) Алыс жер.
E) Момын.
|
12. Тұрлаулы мүшелердің екеуі де сан есімнен болғанда қойылатын тыныс белгісін табыңыз.
A) Қос нүкте.
B) Көп нүкте.
C) Үтір.
D) Сызықша.
E) Дефис.
|
13. Себеп-салдар салаластың шылауларын табыңыз.
A) Өйткені, сондықтан, сол себепті.
B) Сондықтан, және, әрі.
C) Өйткені, сол себепті, бірақ.
D) Дегенмен, әйтсе де, ал.
E) Немесе, бірде, кейде.
|
14. Төл сөздің алдынан автор сөзі келсе, қойылатын белгіні көрсетіңіз.
A) Нүктелі үтір.
B) Қос нүкте.
C) Көп нүкте.
D) Үтір.
E) Нүкте.
|
15. Тура мағыналы сөзді көрсетіңіз.
A) Баласы өсті.
B) Бұл ойды мен өсірген емеспін.
C) Өсу жолы - бұл емес.
D) Халық саны өсуде.
E) Сен өсіріп сөйлеме.
|
16. Омоним бола алмайтын сөзді табыңыз.
A) Өзек.
B) От.
C) Кітап.
D) Қазы.
E) Орыс.
|
17. Дұрыс жасалған сөзді табыңыз.
A) Білімкер.
B) Білімпаз.
C) Білімжан.
D) Білімқой.
E) Білімгер.
|
18. Жіктік жалғауы нені білдіреді, табыңыз.
A) Бағыт мағынасын.
B) Меншіктілікті.
C) Жақтық байланысты.
D) Көптік ұғымды.
E) Қимылдың орындалғанын.
|
19. "Бас-басына", "өзді-өзі" - қос сөздерінің білдіретін мағынасын табыңыз.
A) Мәндес сөздер.
B) Жинақтау мәні.
C) Көптік мәнді.
D) Бөлшектеу, саралау.
E) Қайшы мәнді.
|
20. Сөздердің тіркесуінен құралған күрделі үстеулердің әрбір сыңары қалай жазылатынын белгілеңіз.
A) Бөлек.
B) Бірге.
C) Қосарлану арқылы.
D) Дефис арқылы.
E) Қайталану арқылы.
|
21. Толықтауышқа тән байланысу түрін көрсетіңіз.
A) Қабысу, матасу.
B) Жанасу, матасу.
C) Қиысу, қабысу.
D) Меңгеру, қиысу.
E) Меңгеру, жанасу.
|
22. Қаратпа сөзді табыңыз.
A) Мүмкін, сәл кідіре тұрарсыз?
B) Сөйтіп, ол Домалақ ана атанды.
C) Немене, риза емеспісің?
D) Амал қанша, осылай болды.
E) Алма, алманы әкел.
|
23. Сөйлеушінің біреудің айтқан сөзін ешбір өзгертпей беруінің атауын табыңыз.
A) Автор сөзі
B) Қыстырма сөз
C) Төл сөз
D) Төлеу сөз
E) Қаратпа сөз
|
24. Бірыңғай мүшелерден кейін келген жалпылауыш сөздің алдынан қандай тыныс белгісі қойылатынын табыңыз.
A) Үтір.
B) Сызықша.
C) Қос нүкте.
D) Нүктелі үтір.
E) Дефис.
|
25. Көнерген сөзді табыңыз.
A) Өзі оңбаған ант ұрған.
B) Ол жанын шүберекке түйді.
C) Отаның мен халқыңа еңбек ет.
D) Жақсылық ағаш басында, жамандық аяқ астында.
E) Сексен түйе үстінде
Алтын жағлан орнаған
|
26. Бейнелеуіш сөзді көрсетіңіз.
A) Үлкен-кіші.
B) Ала жаздай.
C) Жалт қарады.
D) Көкпеңбек.
E) Он бес.
|
27. Берілген сөйлем жай сөйлемнің қай түрі, көрсетіңіз.
Бурабай көлінің ығындағы кішкене қаланы сол көл атымен “Бурабай” дейді.
A) Толымсыз.
B) Жақты.
C) Атаулы.
D) Жақсыз.
E) Жалаң.
|
28. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмаластың сұрағын анықтаңыз.
A) Не еткен соң?
B) Қайткендіктен?
C) Қалай?
D) Қашаннан бері?
E) Не еткенше?
|
29. Сөйлемдердің арасында қай тыныс белгісі қойылмаған, дұрысын белгілеңіз.
Естіген нәрсені ұмытпасқа төрт түрлі себеп бар: әуелі көкірегі байлаулы, берік болмақ керек екінші - сол нәрсені көргенде я естігенде ғибратлану керек көңілденіп, тұщынып, ынтамен ұғу керек үшінші - сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек төртінші - ой кеселді нәрселерден қашық болу керек.
A) Үтір.
B) Нүктелі үтір.
C) Нүкте.
D) Көп нүкте.
E) Қос нүкте.
|
30. Техникалық әдебиет тілін қай қатарға жатқызамыз, белгілеңіз.
A) Публицистика тілі.
B) Ауызекі тіл.
C) Ғылыми тіл.
D) Көркем әдебиет тілі.
E) Ресми тіл.
|
|