1. Ғылым дегенді қалай түсінесіздер?


Академиялық бағытта сенімсіз ақпараттарға қандай материалдарды жатқызуға болады?



бет4/6
Дата14.05.2024
өлшемі0.69 Mb.
#501111
1   2   3   4   5   6
1-18

12.Академиялық бағытта сенімсіз ақпараттарға қандай материалдарды жатқызуға болады?
1.Газеттер (Тіпті көлемді мақалалар жариялайтын “Егемен Қазақстан”,”Жас алаш”) т.б
2.Веб-сайттар
3.Студенттердің эссесі мен жазба жұмыстары
4.Укипедия және т.б
5. Компаниялар мен кәсіпорындардың вебсайттары


13.Тақырып дегенімі не?

Тақырып – бүкіл мәтіннің жаны. Тақырып – сіз жазған туындының ең керемет жетістігі.


Әдеби немесе публицистикалық мәтіндерді оқымас бұрын, ең бірінші назар аударатын дүниеңіз – тақырып. Тақырып сізді өзіне тартып, жұтынып тұрса, міндетті түрде оқисыз. Өйткені тақырып – тұтас мәтінде айтылатын ойдың кілті. Ал ол кілт сіздің қолыңызға түссе, мәтіннің құлпын ашуға талпынасыз. Кілт алтын бола тұра, құлпы алтын жалатылған не қарапайым темірден жасалған болса, құлыпты ашпай-ақ лақтыра саласыз.

Көне гр. thema («Тақырып»/тақырыптама) сөзі жаңа еуропа тілдерінде тема/тематика түрінде кеңінен қолданыс табуда. Өнертану мен әдебиеттануда аталған термин түрлі мағынада қолданылады, ең бастысы оның ілкі екі мәні. Біріншіден, тақырып деп көркем құрылымның, форма аспектілерінің, тірек амал-тәсілдердің ең маңызды компоненттері аталады.




14.Эссенің тақырыбының мақсаты қандай?
Эссе контекстке байланысты әртүрлі мақсаттарға ие. Дегенмен, әдетте эссенің негізгі мақсаты белгілі бір тақырып бойынша ойларды, идеяларды, дәлелдерді немесе сезімдерді білдіру болып табылады. Сондай-ақ ол оқырманды хабардар ете алады, сендіруі, көңіл көтеруі немесе шабыттандыруы мүмкін.
Мысалы, егер бұл академиялық эссе болса, онда мақсат белгілі бір тақырыпты немесе тұжырымдаманы түсінгеніңізді ашу, өз көзқарасыңызды дәлелдеу немесе сыни ойлау қабілетін көрсету болуы мүмкін. Егер бұл шығармашылық эссе болса, онда мақсат эмоцияларды ашу, оқырманды шабыттандыру немесе белгілі бір атмосфераны құру болуы мүмкін.
Эссенің тақырыбының мақсаты
1.Мазмұны тақырыпқа сәйкес келуі тиіс
2.Оқырманның қызығушылығын арттыру керек
3.Өз саласындағы бір тақырыпта жазылған жұмыстардың тақырыбына ұксамау керек




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет