«Эссе жазудың тиімді тәсілдері» курс жоспары 11 сынып Түсінік хат
«Эссе жазудың тиімді тәсілдері» курс жоспары
11 сынып
Түсінік хат
Эссе жанры қазіргі заманда барлық мамандықтағы адамдар үшін негізгі іскерлік қарым –қатынас жасаудың, табысқа қол жеткізу үшін өз жаңалығын жүзеге асырудың, басқа адамдардың ой-пікіріне көзқарасын білдіру үшін ең негізгі жазу түрі болып қалыптасып отыр. Қазіргі мектеп оқушысы- келешек маман, ол қандай салада болсын өзінің шешімі мен тұжырымын сауатты бере алатын, ауызша да, жазбаша да талаптарға әрі уақытқа сай ойын толғай алатын маман болуы тиіс.
ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша әлемдегі ең сауатты адам берілген тақырыпқа 500 сөзден астам көлемде өз ойын әдеби тілмен бере білген адам болып табылады. Сол себепті болашақ маман мектеп қабырғасында эссе жазуға қалыптасып, қай мамандық иесі болса да тұжырым жасай алатын тұлға болуы керек. Қазіргі кезде барлық бағытта эссе жазылып жүр.
Өз ойын жазбаша түрде жеткізу және өз бетімен шығармашылық ойлау дағдыларын дамыту мен жазылымның табиғатын түсініп жазуға, түсінгенін сараптай алуға, білімін таразылай алуға көп септігін тигізеді.
Мақсаты:
-Белгілі мәселе бойынша өз пікірін айту және дәлелдеу;
-Сұрақ бойынша өзінің түсінігін, ойын айту;
-Оқырмандарды ақпараттандыру;
-Мәселені талқылау және шындықты табуға тырысу;
-Өзінің және оқырманның көңілін толтыру, рақатқа бөлеу;
-Көңіл-күйіңді білдіру және оқырман көңілін аудару, эмоция туғызу;
-Іс-әрекетке түрткі болу.
Міндеттері:
1 Оқырманға өз ойын дұрыс жеткізе біледі. 2.Оқырманға әсер етеді, оны сендіреді, оның назарын аударады. 3. Оқырманды қызықтырады, оқырманның реакциясын тудырады.
4. Ойды логикалық және дәлелденген баяндау дағдыларын меңгеруді көрсетеді. 5. Әртүрлі талдау әдістерін қолданады.
Өзектілігі:
Оқушының жеке көзқарасы көрініс табады, фактілерді келтіре біледі, дәлелдей алады (аргументтер), терминдерді орынды қолдануды меңгереді, әртүрлі көзқарастарды мысалға алады, логикалық ойлауы қалыптасады.Салыстыру және қорытындылауға дағдыланады ,сауаттылығы көрініс табады,Қолданылған ғылыми еңбектерге сілтеме жасауға бейімделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |