1. Француз буржуазиялық революциясының тарихи маңызы:
▸Абсолюттік монархия жойылды
2. ХVІІІ ғасырдың І ширегінде Ресей экономикасына тән жағдай:
▸Батыс елдерінен техникасы мен экономикасы жағынан артта болды
3. Ресейдің болашақ астанасы – Санк-Петербург қаласының құрылысы басталған жыл:
▸1703 ж
4. 1721 ж. Ресей мен Швеция арасында қол қойылған бейбітшілік келісімі:
▸Ништад келісімі
5. Еуропалық ойлауды орыс дәстүрімен алғаш сабақтастыра білген орыс патшасы:
▸І Петр
6. І Петр ұйымдастырған Петербургтегі алғашқы орыс мұражайы:
▸Кунсткамера
7. І Петр жүргізген үздіксіз соғыстардың жалпы ұлттық мақсаты:
▸Ресейдің теңізге шығу жолына ие болу
8. 1700 ж. 9 тамызда Ресей соғыс жариялаған мемлекет:
▸Швеция
9. Орыс тарихшысы В.О.Ключевскийдің 1725-1761 ж. аралығындағы Ресей тарихын атауы:
▸«Сарайлар төңкерісі дәуірі»
10. 1773-1775 жылдары Ресейде болған көтерілістің басшысы:
▸Е.Пугачев
11. 12 томдық шығармалар жинағы жарық көрген және балаларға арналған ертегілер, педагогикалық ойлар, өмірбаяндық естеліктер жазған орыс патшасы:
▸ІІ Екатерина
12. 1700-1721 жылдары болған соғыс:
▸Солтүстік соғыс
13. ХVІІ ғ. алғашқы ширегінде Үндістанның солтүстігінде өмір сүрген мемлекет:
▸Дели сұлтандығы
14. ХVІ ғ. Солтүстік Үндістан мен Ауғанстанда Ұлы Моғолдар мемлекетін құрған қолбасшы:
▸Бабыр
15. Орта ғасырда Үндістандағы діни орындардың меншігіндегі жер:
▸Вакф
16. ХVІІІ ғ. ортасында Үндістанды отарлау үшін соғысқан мемлекеттер:
▸Англия мен Франция
17. ХV ғ. Кіші Азиядағы және Балқандағы барлық византиялық аумақтарды жаулап алған мемлекет:
▸Осман империясы
18. ХVІІ ғ. Осман империясының әскери күш-қуаты мен өкімет билігінің әлсіреуіне себеп болған басты жағдай:
▸Сипахилік жүйенің ыдырауы
19. 1730 ж. Стамбулда қала кедейлерінің көтерілісін бастаған:
▸Патрон Халил
20. ХVІІІ ғ. ІІ жартысында Англия мен Францияның «осман мұрасын» бөлісуде ІІ Екатерина патшайымның саясатына қарсы шығу себебі:
▸Ресейдің Балқан мен Жерорта теңізінде күшейіп кетуінен қауіптенді
21. ХVІІІ ғ. Цин империясының ұстанған сыртқы саясаты:
▸Оқшаулану саясаты
22. 1628-1644 жы. Қытайдағы шаруалар көтерілісінің басшысы:
▸Ли Цзычэн
23. 1757 ж. бастап Қытай императоры Цяньлунның еуропалықтарға байланысты ұстанған саясаты:
▸Қытайға келуіне тыйым салды
24. Жоңғар хандығының негізі қаланған жыл:
▸1635 ж.
25. Жоңғар мемлекетінің алғашқы ханы:
▸Батыр қонтайшы
26. ХVІ ғ. соңында Жапонияда билікті қолында ұстаған әскери адамдар:
▸Сегундар
27. ХVІІ ғ. аяғынан бастап билік құруда «шығыстық король», «батыстық техника» принципін ұстанған мемлекет:
▸Жапония
28. ХVІІ-ХVІІІ ғ. араб әлемінде жүзеге аса бастаған саяси жағдай:
▸Капиталистік-отаршылдық жүйенің ықпалына түсе бастауы
29. ХVІІ ғасырда Иранды билеген әулет:
▸Сефевидтер әулеті
30. ХVІІ ғ. Ирандағы мемлекет меншігіндегі жер:
▸Дивани
31. 1795 ж. АҚШ-пен бейбітшілік және достық туралы шартқа қол қойған араб елі:
▸Алжир
32. 1869 ж. іске қосылған Суэц каналын салған мемлекет:
▸Франция
33. ХVІІІ ғ. Иран халқының ауғандарға қарсы күресін басқарған ......
▸Нәдір
34. ХVІІІ ғ. Иран шахы Нәдірдің саяси беделінің түсу себебі:
▸Үздіксіз жүргізген соғыстарының халыққа ауыр зардаптар әкелуі
35. Иранның Каджар әулеті тұсындағы астанасы:
▸Тегеран
36. Каджар әулеті тұсындағы Иран жерінің әкімшілік аймақтары:
▸Вилаеттер
37. ХVІІ ғ. Ирандағы отбасы меншігіндегі жер:
▸Хассэ
38. Мәдениет пен мемлекеттіліктің өзіндік дәстүрлерін бұрын жасаған елдер:
▸Шығыс елдері
39. ХVІІ-ХVІІІ ғ. Еуропалық жаулап алушылар құрған сауда тірек пунктері:
▸Факториялар
40. ХVІІ ғ. басына қарай Батыс Еуропа елдерінің ішінде сауда және отарлық біріншілікті иемденген мемлекет:
▸Голландия
223
Достарыңызбен бөлісу: |