1.Гимнастика
Гимнастика - дене тәрбиесі жүйесінің негізі. Дене тәрбиесі жүйесінде қандай
жаттығу болсын, барлығы гимнастикалық жаттығулардың негізін құрайды.
Айталық, жалпы дамыту жаттығулары - спорттың барлық түрінде,
ең әуелі
денені қыздыру үшін, арнаулы жаттығуды орындау үшін дайындықтан
басталады. Мысалы, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы -
гимнастикалық жалпы дамыту жаттығулар жиынтығынан тұрады. Міне,
сондықтан да гимнастикалық жаттығулар бүкіл спорттың негізін қалайды.
Гимнастика
адамның
дұрыс
қозғалысының,
күш-қуатының,
сымбаттылығының, т.б. адам бойындағы барлық
қабілет қасиетінің дұрыс
қалыптасуының негізгі көзі, денсаулығының дұрыс қалыптасуы.
Жалпы
адамның адами болмысын қалыптастырады.
Гимнастикамен шұғылдану
деген сөз - адамның өзін-өзі тіршілікке қалыптасуға дайындауы болып
табылады.
Гимнастикамен шұғылдану, негізінен екі бағытта жүреді.
Біріншісі -
гимнастиканың негізін қалайтын жалпы дамыту жаттығулары. Сондықтан,
негізгі гимнастика деп аталады. Негізгі гимнастика барлық жаттығулардың
негізгі жиынтығы болып табылады. Гигиеналық
гимнастика - денсаулықты
қалыптастыратын, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы,
сондай-ақ өндірістік гимнастика және арнаулы емдеу гимнастикасы.
Ырғақты гимнастика - негізгі мақсаты әр адамның дене жағынан дамуына
байланысты және жалпы денсаулығына байланысты шұғылданады. Жалпы
дамыту жаттығуларының маңсатты түрде белгілі бір уақыт аралығында
үздіксіз орындалуы.
Атлетикалық гимнастика - жалпы дамыту жаттығуларының арнаулы
мақсатты түрде дене құрылысын жетілдіру үшін қолданылады.
Бірақ бұл
жаттығулар арнаулы гимнастикалық жабдықтармен орындалады. Айталық
батпан, қосшоқпарлы батпандармен орындалатын жаттығулар болса, сондай-
ақ, тренажорлық аспап-құралдарда орындалады. Атлетикалық гимнастика
негізінен - жалпы дамыту мақсатында спорт ретінде де қарастырылады.
Екіншісі - спорттың гимнастика. Спорттың гимнастика
бірнеше жекелеген
спорт жаттығуларынан тұрады. Бұл жаттығулар жекеленген спорт түрі болып
есептеледі. Ерлердің жабдықтары - керме, шығыршық, қоссырық, кіші және
үлкен ағаш ат және еркін жаттығу. Әйелдердің жабдықтары - бөрене, үлкен
ағаш ат, әр түрлі биіктегі қоссырық және еркін жаттығу.