Акробатика қайдан шыққан?



бет1/3
Дата15.02.2024
өлшемі22.77 Kb.
#491931
  1   2   3
Акробатика



АКРОБАТИКА

Акробатика қайдан шыққан?
Бұл сөз сонау ерте заманда пайда болған, сол себепті ол туралы дұрыс түсінік адамдар арасында «ескіріп» қалған. Көбісі оны жеңіл атлетика немесе гимнастикамен шатастырып жатады.
Акробатика – көне дисциплинаның бірі. Ол біздің заманымызға дейін 2300 жыл бұрын Египетте, Көне Грекияда, Римде белгілі болған. Акробатика гимнастиканың бір тармағы, ол әдемі көріністерге құралғандықтан, көпшілікті өзіне баурап әкете алады. Бұл спорт түрі ептілікті, тепе-теңдікті, әсемділікті талап етеді.
Расында гимнастика мен акробатикаға ортақ нәрселер көп-ақ. Әрбір комбинацияны орындау үшін баланс ұстап, биікке секіре алуы маңызды рөл ойнайды. Айтпақшы, акробатикаға баратын ұлыңыз не қызыңыз ара-тұра жаттығуларды өткізіп алатын болса, оның «таланты» өше бастайды. Бұл спорт үздіксіз жаттығуды талап етеді. Мәселен, бір суда жүзіп үйренген бала, қайта бассейнге бармай қойса да, жүзу тәсілдерін есінен шығармайды. Акробатикада мұндай есте сақтаушылық болғанының өзінде оның күрделі комбинацияларына үздіксіз дағдыланбаса, бәрі бекер деп біліңіз.
«Акробатика» грек тілінен аударғанда «жоғарыға өрмелеу» мағынасын білдіреді. Бұрын акробат сөзі тек жоғары күмбездерде өнер көрсететін цирк әртістеріне ғана қолданылатын болған.
Бүгінде акробатиканың үш түрін бөліп қарастырады:
Спорттық – секіру, жұптық және топтық. Мұнда спортшы ұзындығы 30 метрге жететін кілемді жолақта акробатикалық секірістер жасайды. Жұптасқан және топтасқан акробаттар қиын да күрделі трюктарды орындайды.
Циркті акробатика – аты айтып тұрғандай цирк аренасында жасалатын трюктер.
Арнайы акробатика – оның элементтерін түрлі би бағыттарында қолданады.
Акробат болудың пайдасы бар ма?
Акробатика – баланың артық энергиясын жұмсауға таптырмас тәсіл. Бұл – басқа спорт түрлерімен салыстырғанда көп күш талап етеді. Қиын трюктерді орындау үшін біршама энергияны сыртқа шығаруға тура келмек. Бір сөзбен айтқанда, баланың басқа нәрсеге басын бұрып қарауға шамасы да болмайды. Сұрақ – бұл жақсы ма, әлде...?
Бір ай жаттығуға қатысқан балада мықты бұлшықет белбеуі мен әдемі мүсін пайда болады. Бұл әсіресе көп уақытын артық қимылсыз мектеп партасында өткізетін болашақ оқушыларға пайдалы.
Кішкентай акробаттың өмірде де іс-қимылы әдемі болады. Ол жаттығудан тыс ойнап жүріп, абайсызда құлап жатса, жарақат алмайтындай жермен жанаса біледі.
Акробатика басқа спорт түрлерімен салыстырғанда координацияны дамытып, ептілік пен шыдамдылыққа үйретеді.
Тіпті ебедейсіз баланың өзі бірнеше жаттығудан соң, дұрыс, тік жүретін болады. Сол сияқты бұл спорт вестублярлы аппаратты жаттықтыруға көп көмегін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет