Сабақ Сүйіспеншілік жоғарғы ақиқат ретінде жол Махаббат әуелі адамның адамдығы Абай Құнанбайұлы



Дата25.11.2022
өлшемі1.63 Mb.
#465782
түріСабақ
9 сынып. Өзін өзі тану сабағы 29 «Сүйіспеншілік - жоғары ақиқат ретінде»


9-сынып
Өзін-өзі тану
IV тарау
АДАМЗАТТЫҢ РУХАНИ ТӘЖІРИБЕСІ
29 - сабақ
Сүйіспеншілік – жоғарғы ақиқат ретінде
жол

Махаббат – әуелі адамның адамдығы Абай Құнанбайұлы


Дәйексөз
Сүйіспеншілік пен адамдық ұғымдарының ара қатынасы қандай?
Сүйіспеншілік тек адамға ғана тән бе?
Жүрегі сүйіспеншілікке толы адам қандай болады?
Өзіңіз айналаңызға сүйіспеншілігіңізді қалай жеткізесіз? Мысал келтіріп, әңгімелеп беріңіз.
Ойланайық, пікірлесейік

Ана ұлылығы
Сафуан Шәймерденов
1.Кейіпкер өгей анаға деген сүйіспеншілігін неліктен өмір бойы жоғалтпады?
2. «Тек сүйіспеншілік қана жүректің аштығы мен шөлін қандырады» дегенді қалай түсінесіздер?
3.Риясыз сүйіспеншілік адам бойындағы қандай қасиеттерді кемелдендіреді?
4.Өз өмірлеріңізде риясыз сүйіспеншілікке куә болған кездеріңіз болды ма? Мысал келтіріп, әңгімелеп беріңіздер.
Шығармашылық жұмыс
Cөздер шоғырын мұқият қарап шығыңыздар. Оларды мағынасына қарай орнын тауып қойсаңыздар, ұлы ойшыл Абайдың өлеңінен үзінді оқуға болады. Үзіндіде айтылған ойды одан әрі өрбітіп, бүгінгі өмірмен байланыстырыңыздар.

Шығармашылық жұмыс
1- тапсырма. Берілген қанатты сөздердің мазмұнындағы ортақ ойды анықтап, сүйіспеншіліктің маңыздылығы жайлы өз тұжырымдамаңызды жазыңыз.
  • Әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге тиіс. Бауыржан Момышұлы
  • Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болмақ. Лев Толстой
  • Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Нұрсұлтан Назарбаев
  • Егер де ең ұлы ашылымдар болмаса да, бәрібір адамзат өмір сүрген болар еді, ал егер сүйіспеншілік жоқ болса, ол тез арада құрып бітер еді. Ілияс Есенберлин

Шығармашылық жұмыс
«Сүйіспеншілік елі» тақырыбында эссе жазыңыздар. Бұл тапсырманың мақсаты – сабақта алған білімдеріңізді пайымдай отырып, сүйіспеншілікпен өмір сүруге дағдылану.
Эссе жазу барысында сүйіспеншілік елінің атауы, заңдары мен салт-дәстүрлері, онда өмір сүретін адамдардың мінез-құлықтары және т.б. туралы жазғандарыңыз жөн.
Сабақты қорытындылау
  • Адамзаттың бақыты үшін басын бәйгеге тіккен, бары мен жоғын ортаға салып, баршаның көңіліне тақ құрған ізгілік жаршыларын өзі өлсе де аты өлмейтін нағыз қаһармандар деуге әбден лайық.
  • Ізгілік жаршыларының қолында кез келген дұшпанды тізе бүктіретін қару және барлық қақпаны айқара ашатын сиқырлы кілт бар. Ол – сүйіспеншілік.
  • Иә, сүйіспеншілікпен барша адамзатты бауырға басып, жүректерге жол таба білсек, дүниеде шешімін таппаған мәселе қалмас еді.
  • Сүйіспеншілікті өмірлік ұстанымына айналдырған жандар қандай бақытты!


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет