ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
Оқу әдістемелік кешенінің құжаты 3 деңгейлі
|
ПОӘК
|
042-18-22-1.115/03-2013
|
ПОӘК "Ботаника" пәні бойынша
|
1 басылым
|
5В060700 – «Биология" мамандығына арналған
"Ботаника"
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰЖАТТАР ЖИЫНТЫҒЫ
СЕМЕЙ – 2013
Мазмұны
1. Глоссарий
2. Дәрістер
3. Практикалық сабақтар
4. Студенттердің өз бетімен істейтін жұмыстары
1. Глоссарий
Андроцей - бір гүлдегі аталықтардың жиынтығы.
Апомиксис – ұрықтың ұрықтану процесінсіз пайда болуы.
Амилопластар – крахмал жинайтын лейкопластар.
Гифалар – саңырауқұлақтардың денесін түзетін жіңішке жіп тәрізді жасушалар.
Геотропизм - өсімдік органдарының кеңістікте белгілі бір бағытта өсуге қабілеттілігі.
Гетерофилия - өсімдікте әртүрлі жапырақтылық.
Гинецей – бір гүлдегі аналықтардың жиынтығы.
Гаметофит - өсімдіктің жынысты ұрпағы.
Калеоптилия - өсімдіктің сыртқы ұрықтық жапырақшасы.
Клон – жыныссыз өсіп даму арқылы бір ортақ тектен тараған жасушалар немесе ұрпақтар.
Микроспорофилл – жапырақтың өзгерген түрі, онда микроспорангилер түзіледі.
Мегаспорофилл – құрылысы жапырақ тәрізді орган, онда тұқым бүршіктері жетіледі.
Плазмодесмалар – жасушаның қабықшалары арқылы өтетін және екі жақын жатқан жасушаларды жалғастырып тұратын цитоплазманың жіңішке жіпшелері.
Паренхималы жасушалар – ұзындығы енімен бірдей жасушалар.
Прозенхималы жасушалар – ұзындығы енінен бірнеше есе артық жасушалар.
Партеногенез – еркектің гаметасынсыз ұрғашының гаметасынан организмнің дамып өсуі.
Полиплоидия – гаплоидтық жиынтықпен салыстырғанда хромосомалар санының өсуі.
Субмикроскопиялық – Жасуша компаненттерінің электронды микроскоппен қарағанда, басқаша айтқанда он және жүз есе үлкейткенде ғана көрінетін жұқа құрылысы.
Спорофит - өсімдіктің жыныссыз ұрпағы.
СеДәріс – мал тұқымын, өсімдіктер сорттарын микроорганизмдердің, бактериялардың және вирустардың расаларын өзгертетін ғылымның саласы.
Таллом – төменгі сатыдағы өсімдіктердің вегетативтік денесі.
Телу – бір өсімдіктен ойып алған бүршіктің немесе сол өсімдіктің сабағынан дайындалған қалемшенің екінші өсімдіктің сабағымен жымдасып бірігіп кетуі.
Тіршілік формалары – белгілі бір экологиялық жағдайдың әсерінен қалыптасұан, өсімдіктің сыртқы формасы.
арқылы дамуы.
2. Дәрістер
Тақырып 1. " Ботаника курсына кіріспе.
-
Ботаника пәнінің мақсаты мен міндеті.
-
Ботаника ғылымының даму тарихы.
-
Ботаниканың бөлімдері.
-
Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі
маңызы.
Ботаника өсімдіктер туралы ғылым. Ғылым ретінде шамамен 2300 жылдай бұрын қалыптасқан. Негізін салған грек философы Аристотель. Қазіргі уақытта ботаника үлкен көп салалы ғылым болып отыр. Ботаника жалпы биология ғылымының негізгі бөлімдерінің бірі болып табылады. Ботаниканың бөлімдері: Өсімдіктер морфологиясы- өсімдіктердің және олардың жекелеген органдарының пайда болуын, сырқы құрылысын зерттейді. Өсімідктердің өсуі мен дамуын биологилық тәсілмен бақылап отыру , толығымен өсімдіктер морфологиясына негізделген. Өсімдіктер анатомиясы- өсімдіктердің ішкі құрылысын, гистология –ұлпалардың қалыптасуын, эмбриология- ұрықтың дамуының заңдылықтарын, органография- өсімдіктердің органдарының құрылысын, палинология- тозаңдар мен споралардың морфологиясын зерттейді. Ботаника басқа фундаментальды ғылымдармен : агрономия, топырақтану, орман шаруашылығы, геология, химия, зоология, өсімдіктердің физиологиясы, өсімдіктердің биохимиясымен өте тығыз байланысты. Флорография- түрлерді танып сипаттап жазуды зерттейді. Флорографтар сипаттап жазған түрлерді систематиктер олардың туыстық жақындығын көрсететін, ұқсастық белгіліріне қарай топтарға бөледі. Өсімдіктердің географиясы – ботаникаоың ең үлкен бөлімдерінің бірі, оның негізгі міндеттеріне өсімдіктердің және олардың судағы қауымдастықтарының таралуы мен белгілі кеңістікте қаншалықты жиілікте кездесетіндігінің заңдылықтарын зерттеу болып табылады. Өсімдіктер экологиясы - өсімдіктердің өмірі қоршаған ортамен тікелей байланысты /климатқа, топыраққа, рельефке, және т.б./. Экологияның міндеттеріне- өсімдіктердің құрылысы мен тіршілігін қоршаған ортамен байланыстыра отырып зерттеу жатады. Өсімдіктер физиологиясы- өсімдіктердің тіршілік процесстерін , негізінен олардың зат алмасуын, қозғалуын, өсуін, даму ырықтылығын зерттейтін ғылым. Палеоботаника-бұрынғы геологиялық кезеңдерде жойылып кеткен өсімдіктер туралы ғылым.
Біздің планетамыздағы континенттер 150 млн.км.кв. жерді алып жатады, олардың көпшілігін өсімдіктер жауып тұрады. Тіптен климаты ең қатал шөлдердің өзінде өсімдіктердің тіршілігі тоқтап қалмайды.тек полюстердің мұз басқан кеңістіктері мен таулардың ең биік шыңдарында ғана өсімідік болмайды.
Теңіздер мен мұхиттар жер бетінің шамамен 360 млн.км.кв.-дей кеңістігін алып жатады. Бұл жерлерде су өсімдіктері (негізінен бладырлар) көптеп кездеседі.
Олардың біреулері, микроскопиялық ұсақ болып келеді және судың бет жағында жүзіп жүретін планктонды құрайды, ал екіншілері су астында субстратқа бекініп шалғын түзетін – бентос болып табылады.
Олардың кейбіреулері ересен үлкен болып келеді және 100м ұзындыққа дейін жетеді, кейде тіптен одан да асып кетеді.
Өсімдіктердің басым көпшілігінің түсі жасыл болады, ол бұлардың клеткалардындағы хлоропластар деп аталынатын ерекше органеллаларында немесе органоидтарында жиналатын жасыл пигмент хлорофиллге тікелей байланысты болады. Хлорофиллдің ерекше қасиеті сол, ол күн сәлесінің электромагниттік энергиясын тасымалдаудағы күрделі процесстерге қатысады. Яғни өсімдік хлорофилл пигменттерінің көмегімен күн сәулесінің электромагниттік энергиясын пайдалана отырып ауадан өз бойына көмір қышқыл газын сіңіреді де, судың қатысуымен органикалық заттардың химиялық энергиясын түзеді (фотосинтез).
Фотосинтез процессінің барысында ораникалық заттардың түзілуімен қатар, ауаға оттегі бөлініп шығады. оымен біздер тыныс аламыз.
Атап өткен жөн фотосинтез процессі аса үлкен көлемде жүзеге асады, өйткені бір өсімдіктің жапырақ тақталарының алып тұратын ауданы, осы өсімдіктің алып тұрған жер көлемінен бірнеше есе артық олады, ал бір жапырақтың хлоропласттарының алып тұратын ауданы осы жапырақтың алып тұратын ауданынан 10 есе артық болады, ал хлоропласт мембраналарының алып жататын ауданы, осы өсімдіктің фотосинтез процессі жүретін жалпы ауданын тағы да 100 есеге арттырады. өсімдіктер түзген көп қабатты жасыл экранның алып тұрған ауданы біздің планетамыздың жер көлемінен бірнеше есе артық болады.
К.А.Тимирязевтің берген анықтамасы бойынша, хлорофилл дәні әлемдік кеңістегі күн сәулесінің химиялық энергияға ауасып, жер бетіндегі барлық тіршіліктің көзіне айналатын орталығы болып табылады.
Аса көрнекті прогрессивтік көзқарасиағы физиктердің бірі Ф.Жолио-Кюри мынадай қызық ой айтқан: «мен атом энергиясының болашағына сенемін және осы жаңалықтың маңыздылығына күмән келтірмеймін, бірақ та менің ойымша энергетика саласында нағыз өзгеріс, тек сол жағдайда ғана болады, егерде біздер хлорофилл секілді немесе сапалығы одан да жоғары болып келетін молекулалардың көп мөлшерде тұрақты түрде синтезделуіне қол жеткізер болсақ. Оған қол жеткізу үшін молекуланың осы типін және фотосинтездің іс-әрекетін жан-жақты зерттеу керек».
Осы сөзден кейін бірнеше жыл өткен соң бір мезгілде екі лабораторияда (ГФР және АҚШ) хлорофил жасанды жолмен синтезделді. Бірақ та ғылымның осындай даусыз қомақты жетістігінің маңызын асыра бағалаудың қажеттігі шамалы. Өйткені өсімдіксіз фотосинтез процесін іске асыру мүмкін емес. Фотосинтездің құпия сыры әлі күнге дейін толық ашылмай келеді.
Өсімдіктердің атқарып отырған жұмыстарының көлемінің қаншалықты екендігін дәл анықтау қиын, тіптен мүмкін де емес.
Шамамен есептегенде, өсімдіктер фотосинтез процесінің нәтижесінде жыл сайын 400 млрд.т. органикалық заттар түзеді және сол үшін олар 175 млрд.т. көміртегін пайдаланады.
Сонымен, эволюцияның барысында жер бетіндегі тіршілік осыдан миллиондаған жылдар бұрын пайда болған, ал өсімдіктер болса хлорофиллдерінің болуына байланысты органикалық емес заттардан, органикалық заттарды синтездеуге қабілетті жалғыз организм ретінде дараланған.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1 . Ботаниканың дамуына Қазақстанның қандай ғалымдары үлес қосты.
2. Өсімдіктердің табиғаттағы ролі.
Қолданылған әдебиеттер: 1,2,4.
Тақырып 2.3. "Өсімдік жасушасы."
-
1.Цитологияның тарихы жөнінде қысқаша деректер.
-
2. Өсімдік жасушасына сипаттама.
-
3. Өсімдік жасушасының құрылысы мен қызметтері.
Жасушаны зерттейтін ғылым –цитология . Алғаш рет жасушаны Р. Гук көрген. 1831 жылы ағылшын ботанигі Р.Броун ядроны , ал 1839 жылы Чехия биологы Ян Пуркинье цитоплазманы ашты. Неміс ғалымдары Шлейден мен Шван 1838 –1839 ж.ж жасуша теориясын ашты. Бұл теорияның мәні мынада: Жасуша барлық тірі организмдердің негізгі қарапайым құрылымдық бірлігі. Жасушаның пішіні мен мөлшері алуан түрлі болып келеді. Паренхималық жасушалардың ұзындығы енімен бірдей, ал прозенхималық жасушалардың ұзындығы енінен бірнеше есе артық. Жасушаны зерттеуде қолданылып жүрген тәсілдер алуан түрлі. Олардың негізгілерінің бірі микроскопиялық тәсіл. Бұл тәсілмен жұмыс істеуде оптикалық микроскоп үлкен роль атқарады. Оның қазіргі кездегі модельдері обьектіні 2 мың есеге дейін үлкейтіп көрсетеді. Электронды микроскоп обьектіні 200-300 мың есе үлкейтіп көрсете алады. Цитологиялық тәсіл- жасушадағы әртүрлі заттардың: белоктардың, майлардың, көмірсулардың, нуклейн қышқылдардың, дәрумендердің болуын және олардың жасушадағы мөлшерінің қаншалықты екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Жасушаның тығыздығы әртүрлі болып келетін компаненттерін центрифугирования тәсілі арқылы бір-бірімен қоспай бөлек зерттеуге болады. Өсімдік жасушасы қабықшадан, протопласт және вакульден тұрады.Өсімдік жасушасының жануар жасушасынан айырмашылығы олардың жақсы жетілген қатты қабықшасы болады. Клетка қабықшасы өсімдікке мықтылық беретін оның қаңқасын береді. Протопласт құрамында мембранасыз, мембраналы, қос мембраналы органоидтар болады. Олар: ядро, митохондрия, пластид, рибосома, эндоплазмалық тор, гольджи апараты, лизосома, вакуль. Цитоплазма үш мембранадан тұрады. Плазмаллема цитоплазманы жасуша қабықшасынан бөліп тұратын мембрана. Тонопласт цитоплазманы вакуольден бөліп тұрады. Екі мембрана арасында мезоплазма болады. Эндоплазмалық тор каналдар мен цистерналардан тұрады. Эндоплазмалық тордың түйіршікті және түйіршіксіз түрі болады. Түйіршікті эндоплазмалық торда рибосомалар орналасқан, сондықтан ол ақуыз синтезіне қатысады. Рибосомалар ақуыз синтезі өтетін орталық. Рибосомдар диаметрі 20 нм.-дай болады. Гольджи аппараты цистерналардан тұрады. Оларда көмірсулар синтезделеді. Жасуша қабығын құруға қатысады. Митохондриялар пішіні әртүрлі болады: сопақша, дөңгелек. Митохондриялар жасушаның энергия жинайтын лабораториясы. Пластидтер тек өсімдіктерде ғана болады. Атқаратын қызметіне және түріне қарай пластидтер үшке бөлінеді:хлоропластар (жасыл түсті), лейкопластар (түссіз), хромопластар (қызыл). Хлоропластарда жасыл пигмент хлорофилл болады. Хлоропластардың негізгі қызметі тікелей хлорофилмен байланысты. Хлоропласт екі мембраналы органоид. Ішінде строма деп аталатын зат болады. Онда қапшық тәрізді ламеллалар немесе тилакоидтар болады. Тилакоидтар топтасып диск тәрізді грандар түзеді. Грандар бір-бірімен гранаралық тилакоидтар арқылы байланысып жатады. Осы грандарда хлорофилл дәндері орналасатындықтан фотосинтез процессі жүреді. Лейкопластарда пигменттер болмайды. Лейкопластар өсімдіктің күн сәулесі түспейтін ұлапаларынан, органдарынан және тамырларында, түйнектерінде кездеседі. Негізгі атқаратын қызметі артық қоректік заттарды жинау болып табылады. Хромопластарда каратинойдтар тобына жататын түсі қызыл сары, сары пигменттері болады. Өсімдікткн гүлінің, піскен жемісітерінде, күзгі жапырақтарында кездеседі. Ядро –тұқымқуалаушылық мәліметтерін сақтайтын және түзетін орын болып саналады. Зат алмасу процессін басқаратын және цитоплазманың органелдерінің қызметін басқаратын орталық. Ядроның формасы алуан түрлі болып келеді. Әдетте жасушаның формасына сәйкес келеді. Ядро ядро қабықшасынан, нуклеоплазмалардан, хромосомдардан және ядрошықтан тұрады. Ядро қабықшасы екі қабат мембранадан тұрады. Нуклеоплазма ішінде хромосомдар мен ядрошықтар орналасқан коллоидты ерітінді. Ядрода бір немесе бірнеше ядрошық болуы мүмкін. Жасуша бөлінуінің үш түрі бар: амитоз, митоз, меиоз. Митоз жасуша бөлінуінің көп кездесетін әдісі. Ол генетикалық материалдың жас жасушаларға тең бөлінуін және жасуша ұрпақтарындағы хромосоманың ұқсастығын қамтамасыз етеді. Жасуша бөлінген кезде бес сатыдан өтеді: интерфаза, профаза, метафаза, анафаза,және телофаза.
Интерфаза- жасушаның екіге бөлінуі аралығындағы тіршілік кезеңі. Профаза- ядроның бөлінуге жайындалған бірінші сатысы. Бұл кезде хромосома жіпшелерінің өз осінде шиыршықталып, бұратылуының арқасында хромосомалар қысқарып, жуандайды. Ядро қабығы бұзылады. Метофазада- Хромомомалар хасушаның экватор аймағына жиналаып шоғырланады, жасуша бөлінуге дайындалады. Әрбір хромосоманың центромерасы дәл экваторда ал қалған денесі экватордан тыс жазықтықта жатады. Анафаза- хроматин жіпшелерінің болашақ жас жасушалардың полюстеріне қарай созылып, ахроматин ұршығын құрау кезеңі. Телофаза-митоздың ақарғы сатысы. Хромосомалардың қозғалуы аяқталады. Митоздық аппарат бұзылады. Ядрошықтар пайда болады. Жасушаның қарама-қарсы полюстерінде пайда болған хромосомалардың сыртынан ядролық қабық пайда болады. Жаңа ядролардың қайта құрылуымен қатар әдетте жасуша денесі бөлініп, цитокинез өтеді. Екі жасуша құрылады. Жыныстық көбею жануарлар мен өсімдіктердің көбеюінің бір түрі. Жыныстық көбею жолында жаңа организм аналық және аталық жыныс жасушалары - гаметалардың қосылуынан пайда болған зиготадан дамиды. Жыныс жасушаларының даму жолдары мен ұрықтану процестері әртүрлі. Бірақ жыныс жасушаларының даму негізінде бір жалпы процессбар- ол ұрық жасушаларының бөлшектенуі және осы жасушалардың хромосомалар санының азаю механизмі. Бұл механизмді басқаратын мейоз- жыныс жасушаларының бөліну әдісі. Жасушадағы хромосомалардың саны екі есе азайып диплоидты жасушаға, бұдан тағы екі рет бөлініп төрт гаплоидты жасушаға айналады. Ұрықтананан кейін хромосомалардың диплоидты саны қайтадан қалпына келеді. Мейоз жыныс жасушаларының қалыптасуын, организмде кариотиптің тұрақтылығын сақтайды және гендер мен хромосомалардың рекомбинациялануын қамтамасыз етеді.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
-
Жасушалық теорияның мәні неде.
-
Протопласт деген не.
-
Өсімдіктер жасушасы мен жануар жасушасының айырмашылықтары.
Қолданылған әдебиеттер: 1,2,4.
Тақырып 4.5. Өсімдік ұлпалары.
-
Ұлпаның жалпы сипаттамасы
-
Ұлпаның классификациясы.
3. Түзуші, жабындық, арқаулық және өткізгіш ұлпалар.
Шығу тегі, құрысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар жиынтығы ұлпа деп аталады. Ұлпалар туралы ғылымды гистология деп атайды. Ұлпа туралы ғылымның негізін салған италия ғалымы М.Мальпиги мен ағылшын ғалымы Н. Грю болған. Ұлпаларды негізінен мынадай топқа жіктейді: Түзуші ұлпа, өткізгіш ұлпа, механикалық ұлпа, жабындық ұлпа, аренхима, ассимиляциялық ұлпа, бөліп шығарушы ұлпа.
Өсімдіктердің жануарлардан айырмашылығы сол, олар өмір соңына дейін өсуін тоқтатпайды және жаңа органдар түзіп отырады. Бұл жағдай өсімдіктердің белгілі бір жерлерінде түзіліп қалыптасатын меристемалық немесе түзуші ұлпалардың болуымен байланысты. Түпкілікті ұлпаларды жасап, өсімдіктің өсуін қамтамасыз ететін жасушалар тобын түзуші ұлпалар деп атайды. Меристема ұлпасы тығыз орналасқан тірі жасушалардың тобынан тұрады. Мұндай жасушалардың қуысын цитоплазма толтырып тұрады., оның ортасында үлкен ядро орналасады, жасуша қабықшасы өте жұқа болып келеді. Меристемалық жасушалардың екі қасиеті болады- белсенді түрде бөлінеді және дифференциацияланады, яғни басқа ұлпалардың жасушаларына айналады.
Алғашқы және соңғы меристема. Алғашқы меристема өскіннің, ұрықтың жасушаларынан дами бастаған кезінен пайда болады. Соңғы меристема , әдетте алғашқы меристемадан кейін тұрақтанған ұлпалардан пайда болады. Алғашқы меристемадан алғашқы ұлпалар, соңғы меристемадн соңғы ұлпалар түзіледі. Түзуші ұлпа өсімдікте орналасуына қарай және атқаратын қызметіне байланысты төбе, бүйір, қыстырма, жарақат меристемасы деп бөлінеді. Төбелік меристема сабақтың, тамырдың негізгі және бүйірлік өстерінің ұштарында орналасқан. Ол органдардың ұзындыққа өсуін қамтамасыз етеді. Сабақ пен тамырдың ең жоғарғы ұштарында тез бөлінуге қабілетті паренхималық жасушалардың тобы орналасады. Оларды белсенді /инициалды/ жасушалар деп атайды. Бүйірлік меристема өстік органдардың ұзына бойында, олардың үстіне параллель, цилиндр тәрізді орналасады. Органдардың көлденеңінен өсіп жуандауын қамтамасыз етеді. Көп жағдайда оны камбий деп атайды. Сабақтың буынаралықтарының төменгі жағында және гүл сағағының түп жағында орналасады. Бұл алғашқы меристема болып табылады., ол органдардың ұзындыққа өсуін қамтамасыз етеді. Зақымдық меристема өсімдіктің кез келген зақымдалған бөлігінде пайда болады. Шығу тегі жағынан ол соңғы меристемаға жатады.
Жабындық ұлпаның негізгі қызметі өсімдік мүшелерін сыртқы орта әсерінен қорғау. Пайда болуына қарай алғашқы және соңғы деп бөлінеді. Алғашқы жабындық ұлпа үлпекқабат деп аталады. Оның құрамында құрылысы, атқаратын қызметі әртүрлі түктер мен трихомдар, жұптасқан жасушалар, төмпешіктер, қозғаушы жасушалар кездесетіндіктен, үлпекқабат өте күрделі ұлпалар қатарына жатады. Олар алғашқы меристема протодермадан жасалады. Үлпекқабат бір қатар тығыз орналасқан жасушалардан тұрады., оның сыртқы қабырғасы кутик затымен қапталған. Көптеген өсімдіктерде үлпекқабатөсіндісі болып табылатын түктер түзіледі. Түктер бір және көп жасушалы, жабындық және тығыздық, тірі және өлі болады. Үлпекқабаттың газ алмасуы мен транспирация қызметін лептесіктер атқарады. Лептесік аппараты екі бұршақ тәрізді жанаспа жасушалар мен саңылаудан тұрады. Саңылау ауа камерасына ашылады. Үлпекқабат жасушалары түссіз болса, жанаспа жасушаларында хлоропласт болады. Хлоропластардың қызметінің нәтижесінде лептесік саңылауларының ашылып жабылуы реттеледі. Жабындық ұлпа жасушаларының ерекшеліктері. Лептесік. Трихома. Перидерма құрамы. Қыртыс. Қос жарнақты өөсімдіктерде алғашқы жабындық ұлпа соңғы жабындық ұлпамен алмасады. Соңғы жабындық ұлпа перидерма деп аталады. Ол бірнеше қатар жасушалардан тұратын күрделі ұлпва. Перидерма соңғы меристема- феллогеннің тангентальды және радиалды бөлінуі нәтижесінде қалыптасады. Феллогеннің радиалды бөлінуі нәтижесінде сыртқа қарай феллема, ішке қарай феллодерма жасалады. Онда жасушааралық қуыстар болмайды. Сыртқы ортамен байланыс жасымықша арқылы жүзеге асады.
Арқаулық ұлпа өсімдік мүшелеріне беріктік, серпімділік қасиет береді. Арқаулық ұлпа жасушаларының ерекшелігі – жасуша қабықшасының сүректеніп, қалыңдауы. Жасушаларының пішініне, қабықшаның қалыңдау ерекшелігіне және орналасуына қарай колленхима, склеренхима, склереид деп бөлінеді. Колленхима өсімдік мүшелерін үлпекқабатты астарлай орналасатын, жасуша қабықшасы әркелкі қалыңдаған тірі жасушалар. Көп жағдайда оның құрамында хлоропластар болғандықтан зат алмасу процесіне белсенді қатысады. Жасуша қабықшасының қалыңдауына қарай бұрыштық, тақталы, борпылдақ колленхима кездеседі. Склеренхима жасуша қабықшасы біркелкі қалыңдайтын, бір-бірімен өте тығыз орналасқан прозенхималық өлі жасушалардан тұрады. Склереид жасушасы қабықшасы өте қалыңдаған, бұтақтанып кеткен шұрықтары бар, изодиаметрлі паренхималық жасушалар. Олар өсімдік денесіне топтасып жеке дара кездеседі. Негізгі жасушадан пайда болады.
Қоректік заттарды өсімдік денесіне тарататын жасушалар тобын өткізгіш ұлпа деп атайды. Атқаратын қызметіне , жасушалардың құрылысына сәйкес флоэма және ксилема деп бөлінеді. Ксилема өсімдік тамырларынан минералды заттарды жер бетіндегі өркен бөлімдеріне жеткізетіндіктен жоғарғы ағыс жолы деп аталады. Ксилема трахея мен трахеидтен тұрады. Олар жасуша қабықшасы сүректеніп, қалыңдап кеткен өлі жасушалар. Флоэма /тін/ жапырақта синтезделген органикалық заттарды өсімдік мүшелеріне таратады. Оның өткізгіш элементтеріне сүзгілі түтік және серік жасушалар жатады. Өткізгіш ұлпа мен арқаулық ұлпа өсімдік денесінде белгілі ретпен орналасып өткізгіш шоқтар жүйесін түзеді. Өткізгіш шоқтар өсімдік мүшелеріне қоректік заттарды таратады. Шоқтардың төрт түрін ажыратады: коллотериальды, биколлотериальды, концентрлі, радиальды.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
-
Меристемалық ұлпаның негізгі белгілері қандай.
-
Прокамбии деген не.
-
Арқаулық ұлпаның атқаратын қызметі қандай.
Қолданылған әдебиеттер: 1,2,4.
Тақырып 6. "Өсімдіктің вегетативті мүшесі тамыр. "
Өсімдіктің вегетативті мүшесі тамырға жалпы сипаттама. Қызметі. Түрлері. Тамырдың анатомиялық құрылысы.
Өсімдіктің вегетативті органдарына тамыр, сабақ, жапырақ және өркен жатады. Тамыр апикальды меристема арқылы оң геотропизм бағытында өседі. Тамыр әртүрлі қызмет атқарады. Өсімдіктерді топыраққа бекіндіріп тұрады. Тамырда қорлық заттар жиналады. Вегетативті көбею қызметін атқарады. Кейбір микроорганизімдер тамырмен селбесіп симбиоз құрады. Шығу тегіне қарай негізгі, жанама, қосалқы деп жіктеледі. Тамырлар жүйесіне қарай: шошақ тамырлар, кіндік тамыр және аралас тамыр деп бөлінеді. Экологиялық түрлері: ауа тамырлар, жер асты тамырлар, су тамырлары, гаустриялы тамырлар. Тамырдың ұзын бойында әртүрлі аймақтар болады. Олар: өсу, бөліну, сору, өткізу және тамыр аймақшасы. Тамырдың алғашқы құрылысын сору аймағынан көруге болады. Тамырдың алғашқы құрылысында сыртын қоршап жатқан ризодема қаптап жатады. Оның астында алғашқы қабық, орталық цилиндр орналасқан. Алғашқы қабық экзодерма, мезодерма, эндодерма қабаттарынан тұрады. Көптеген өсімдіктерде эезодерма бір қабатты, радильды бағытта созылыңқы орналасады. Мезодерма дөңгелек пішінді, ірі және тірі паренхималық жасушалардың экзодерма мен эндодерма арасындағы көп жасушалы қабат. Оның жасушалары шеттен орталыққа қарай іріленіп, борпылдақтанып эндодермаға жақындағанда қайта кішірейіп тығыздала түседі. Эндодерма алғашқы қабықтың ең ішкі қабаты. Эндодерменың жасушаларының радиальды және көлденең қабырғасы белбеу тәрізді қалыңдаған, ол жасушаларды Каспар белдемшелі жасушалар деп атайды. Олардың арасында қалыңдамаған өткізгіш жасушалар болады. Өткізгіш жасушалар арқылы орталық цилиндрге қоректік заттар өтеді. Орталық цилиндрдің алғашқы қабаты перицикл жасушалары. Орталық цилиндрде флоэма және ксилема кезектесіп радиальды шоқ құрайды. Тамырдың соңғы анатомиялық құрылысы орталық цилиндрде камбий түзілуден басталады. Камбий ксилема сәулесінің қарсысындағы перицикл жасушаларынан және ксилема мен флоэма арасындағы паренхима жасушаларынан жасалады. Олар радиальды және тангенталды бағытта бөліне келіп екі аймақ бір-біріне қосылады да ирек камбий сақинасын түзеді. Сөйтіп флоэма мен ксилема арасындағы паренхималық жасушалардың ығыстырылуының салдарынан радиольды шоқ ашық коллатериальды шоққа айналады.
Орталық цилиндрдегі өзгерістермен бір мезгілде ксилема сәулесінің қарсысындағы перицикл жасушаларынан феллоген түзіледі. Феллоген қызметінің нәтижесінде перидерма жасалып, алғашқы қабық орталық цилиндрмен байланысын жоғалтады. Алғашқы қабықтың өлген жасушалары жаңадан түзілген жас ұлпалар қысымынан айырылып, түлеп түседі.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Тамыр системасы деген не.
-
Дара жарнақты өсімдіктердің сабағының ерекшелігі неде.
-
Жапырақтың орналасуының қандай варианттары бар.
Қолданылған әдебиеттер: 1,2,4.
Тақырып 7. Өсімдіктің вегетативті мүшесі-сабақ.
Өсімдіктің вегетативті мүшесі сабаққа жалпы сипаттама. Қызметі. Түрлері. Сабақтың анатомиялық құрылысы.
Сабақ ұшында төбе меристемасы болуына байланысты үнемі ұшынан өсіп отыратын өсімдіктің вегетативті мүшесі. Қызметі: сабақ арқылы жапырақта фотосинтез процесі нәтижесінде пайда болған органикалық зат тамырға, ал тамыр арқылы қабылданған минералды заттарды жапыраққа қарай жылжытады. Өсімдіктерді кеңістікте ұстап тұру, жапыраққа бағыттау қызметін атқарады. Сабақта фотосинтез жүреді және вегетативті көбею мүшесі болып табылады.
Сабақтың анатомиялық алғашқы құрылысын зерттеген кезде қос жарнақты өсімдіктер сабағында үш бөлімді айқын көруге ьолады.: алғашқы қабық, орталық цилиндр жіне өзек. Алғашқы қабық бөллімінде колленхима, паренхима және эндодерма болады. Сабақтың сыртын өң қаптап жатады. Эндодермада крахмал жиналатындықтан , оны крахмал қынабы деп те атайды. Дара жарнақты өсімдіктерде эндодерма анық көрінбейді. Өң астын қаптарлай склеренхима қабаты орналасқан. Орталық цилиндрдің алғашқы қабаты- перицикл жасушалары. Қос жарнақты өсімдіктерде сосуд-талшық шоқтары шеңбер бойымен орналасса, дара жарнақтыларда сабақ бойында түзу спираль түзе орналасады. Өң қабатынан өзекке қарай шоқ көлемі үлкейіп, саны азая түседі. Өзек бірыңғай паренхима жасушаларынан тұрады. Қос жарнақты өсімдік сабағында камбий жасушалары қызметі нәтижесінде соңғы құрылыс түзіледі. Орталық цилиндрде камбий шоқ ішілік және шоқ аралық прокамбийден пайда болып, бөліне келіп бір-бірімен қосылып, камбий сақинасын түзеді. Сөйтіп сабақтың алғашқы анатомиялық құрылысындағы тұйық коллотериалды шоқ ашық коллатериалды шоққа айналады. Орталық цилиндрдегі өзгерістермен бір мезгілде алғашқы қабықтың эпидермис астындағы паренхима жасушаларынан Феллоген түзіліп, оның қызметінің нәтижесенде тоз, феллоген, феллодерма қабаттарынан тұратын соңғы қабық перидерма жасалады. Алғашқы қабық түлеп түседі. Ағаш тектес көп жылдық өсімдіктер сабағы жай көзге анық көрінетін үш бөлімнен – қабық, сүрек, өзектен тұрады. Камбийдің ұзақ мерзімге созылған қызметінің нәтижесінде жылдық сақиналардың түзілуі, өткізгңш элементтердің сүректенуі және соңғы жабындқ ұлпалардың пайда болуы көп жылдық сүректі өсімдіктердіңи сабағын қалыптастырады. Көп жылдық сабақ перидермасын қалың қабатты қыртыс алмастырады. Сабақтың негізін ксилема элементтері мен сүрек талшығынан тұратын сүрек бөлімі құрайды. Қылқан жапырақты өсімдіктердің сүрегі біртекті, су өткізумен қатар механикалық қызмет атқаратын трахеидтер мен паренхима жасушаларынан тұрады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Тамыр системасы деген не.
-
Дара жарнақты өсімдіктердің сабағының ерекшелігі неде.
-
Жапырақтың орналасуының қандай варианттары бар.
Қолданылған әдебиеттер: 1,2,4.
Тақырып 8.9. Өсімдіктің вегетативті мүшесі жапырақ.
Өсімдіктің вегетативті мүшесі жапыраққа жалпы сипаттама. Қызметі. Түрлері. Жапырақтың анатомиялық құрылысы.
Жапырақ -өсу шектелген өркеннің бүйір мүшесі. Ол қыстырмалы меристеманың белсенділігінің нәтижесінде түп жағымен немесе барлық жағымен ұлғайып өседі. Жапырақтың атқаратын қызметтері: фотосинтез, газ алмасуын және судың булануын реттеу болып табылады. Сонымен бірге жапырақтарда артық қор заттары жиналады. Жеклеген жағдайларда жапырақ вегетативтік көбею қызметін атқарады. Жапырақ морфологиясы. Жапырақ мөлшері өзгеріп отырады. Бір өсімдікте әртүрлі пішіндегі жапырақтың болу құбылысы гетерофилия деп аталады. Жапырақтың үш түрлі формациясы болады: тқменгі, ортаңғы және жоғарғы. Жапырақтың төменгі формациясы әдетте арнаулы қызмет атқаруына қарай жетілмеген немесе түрі өзгерген болып келеді. Оларға тұқым жарнақтары, бүршіктердің қабықшалары, тамыр сабақтың, кейде жер беті сабағының редукцияға ұшыраған жапырақтары жатады. Жапырақтың ортаңғы формациясы өсімдіктің жапырақтарының негізгі массасын түзеді. Оларда хлорофилл дәндері болады. Жоғарғы формацияның жапырақтары гүл беретін өркендерде орналасады. Бұл жабындық жапырақтар, орама жапырақтар және т.б. . Олардың барлығы әдетте нашар жетілген, сағақтары болмайды. Жай және күрделі жапырақ . Сағақты және сағақсыз жапырақ. Жапырақ тақтасының жиегі тегіс, ара тісті, екі рет ара тісті, ирек т.б.
Жоғары сатыдағы өсімдіктер жапырағының анатомиялық құрылысы негізгі үш бөліктен тұрады. Олар: 1/ Жапырақ тақтасын астыңғы және үстіңгі бет жағынан қоршап жататын жабындық ұлпа үлпекқабат /эпидерма/. 2/ ассимиляциялаушы ұлпадан тұраиын негізгі бөлігі- мезофилл, 3/ мезофилл бөлігінде орналасқан өткізгіш шоқтар. Дорзовентральды жапырақтың үстіңгі бетінің үлпекқабат жасушалары астыңғы бетіне қарағанда ірі, түзу төрт бұрышты болады. Жапырақ тақтасының үстіңгі беті жарыққа бағытталған жағдайда лептесіктер негізіне жапырақ тақтасының астыңғы бетінде орналасады. Жапырақ тік бағытта өсіп жарық екі бетіне бірдей түскен жағдайда лептесік екі бетінде де болады. Қалқып жүретін су өсімдіктерінде лептесік жапырақ тақтасының тек үстіңгі бетінде болады. Мезофилл бағаналы және борпылдақ ұлпадан тұрады. Жапырақтары өткізгіш шоқтар әдетте тұйық коллатериалды. Қылқан жапырақтың үлпекқабаты өте қалыңдап, оның астында жабындық ұлпаның бір түрі гиподерма бар. Мезофилл гиподерманың ішкі жағында орналасады. Жасушалары біркелкі және қабықшалары қатпарлы болады. Қылқанның ортаңғы бөлігінде өткізгіш шоқ мезофиллден эндодерма арқылы бөлініп тұрады.
Бүршік жаңа өркен бастамасы. Бүршік өркеннің ұзарып өсуіне және бұтақтануын қамтамасыз етеді. Өркен өсімдік сабағының өсуі барысында бұтақтанады. Бұтақтанудың төменгідегідей түрлерін ажыратады:
Моноподийлі, дихотомиялы, симподийлі, жалған дихотомиялы.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Тамыр системасы деген не.
-
Дара жарнақты өсімдіктердің сабағының ерекшелігі неде.
-
Жапырақтың орналасуының қандай варианттары бар.
Қолданылған әдебиеттер: 1,2,4.
Тақырып 10. "Өсімдіктердің көбеюі."
-
Көбею туралы түсінік.
-
Көбею түрлері.
-
Телу әдісі.
-
Ұрпақ алмасу.
Көбею – тірі организімнің жеке санының артуы, өзінен кейін ұрпақ қалдырып, түрдің сақталып, табиғатта таралуын қамтамасыз ету қасиеті. Көбеюдің үш түрін ажыратады. Олар: жынысты көбею, жыныссыз көбею, вегетативті көбею. Жынысты көбею кезінде жаңа организім әртүрлі жыныс клеткаларының қосылуынан пайда болады. Жыныссыз көбеюде жаңа организім жыныс тұрғысынан жетіле қоймаған бір клетканың өзінен жетіледі. Вегетативті көбеюде жаңа организімге бастаманы вегетативті мүшелер, олардың бөліктері және түр өзгерістері береді. Вегетативті көбею өсімдіктің регенерацияға қабілеттілігіне байланысты. Бір жасушалы өсімдіктерде /балдырларда, бактерияларда/ вегетативтік көбею жасушаның тең екіге бөлінуі арқылы жүреді, ал коллониялы және көп жасушалы өсімдіктерде талломдарының бірнеше бөліктерге бөлінуі арқылы, саңырауқұлақтарда маманданған бір жасушалы құрылым арқылы жүзеге асады. Көптеген мәдени жағдайда жағдайда өсірілетін өсімдіктер қалемшелеу және телу арқылы да көбейеді. Қалемше деп аналық өсімдіктен кесіп алынған сабақтың, тамырдың, жапырақтың бір бөлігін айтады. Қолдан вегетативті көбейтудің бірнеше жолы бар. Соның бірі – телу әдісі. Телу – бір өсімдіктің бүршікті бөлігін екінші өсімдіктің денесіне ұластыру. Телуді кейде трансплнтация деп атайды.
Жыныссыз көбею спорлар немесе зооспоралар арқылы жүзеге асады. Спораладың қатты қабықшасы болады және олар желмен таралады. Зооспоралардың қатты қабықшасы болмайды және талшықтарының көмегімен қозғалады. Олар жыныссыз көбею органы болып табылады және спорангилердің немесе зооспорангилердің ішінде жетіледі. Төменгі сатыдағы өсімдіктерде олар бір жасушалы, ал жоғары сатыдағы өсімдіктерде олар көп жасушалы орган болып келеді.
Жыныстық көбеюдің мәні өсімдікте арнайы маманданған жасушаладың – гаметалардың түзілуімен , олардың екеуінің жұптасып қосылуымен /капуляция/ және зиготаның түзілуімен , одан жаңа өсімдіктің пайда болуымен байланысты. Гамета дегеніміз ядросында хросмосомаладың саны гаплоидты болатын жыныстық жасуша. Өзара қосылатын гаметалардың бір-бірінен құрылысы жағынан, физиологиясы жағынан, яғни жыоныстық және тұқымқуалаушылық қасиеттері жағынан айырмашылықтары болады. Соған байланысты: изогамия, гетерогамия, оогамия деп бөлінеді. Егер қосылатын гаметалар формасы, мөлшері және қозғыштығы жағынан бірдей болса, онда оларды изогаметалар, ал жыныстық процесті изогамиялық деп атайды. Егер гаметалардың формасы бірдей болса, бірақ аналық гаметаның мөлшері аталыққа қарағанда біршама үлкендеу және баяу қозғалатын болса, ондай гаметаларды гетерогаметалар, ал жыныстық процесті гетерогамиялық деп атайды. Оогамиялық жыныс процессінде аналық гамета үлкен шар тәрізді, қозғалмайтын, ал аталығы өте ұсақ және қозғалғыш болып келеді. Гаметалар гаметангиялар деп аталатын органдарда жетіледі. Аталық гаметалары антеридилерде, аналық гаметалары төменгі сатыдағы өсімдіктерді оогонилерде ал жоғары сатыдағы өсімдіктерде архегонилерде жетіледі. Өсімдіктердің өмірлік циклінде жыныссыз және жыныстық жолдармен көбеюі кезектесіп келіп отырады. Көбею кезіндегі ядролық фазаларының алмасуына талдау жасаудың негізінде мынадай жағдай дәлелденді. Спорфит дегеніміз хромосомдар саны жұп болып келетін жасушалардан тұратын жыныстық споралады және олар түзілетін спорангилерді беретін особьты айтады.Жыныстық көбеюге арналған споралар түзілгенде мейоз процессі жүреді, сондықтан да олар барлық уақытта гаплоидты. Жыныстық көбеюге арналған споралардан гаметофиттер жетіледі. Ал оларда жыныстық жасушалады беретін көбею органдары пайда болады. Гаметофиттің барлық жасушалары, оның ішінде гаметалары да гаплоидты. Жыныстық процестің нәтижесінде зигота түзіледі. Ұрпақ аусу және ядро фазаларының алмасуы туралы түсінік. Тұқым арқылы көбею.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
-
Гүлдің атқаратын қызметі қандай.
-
Ұрық қалтасы деген не.
-
Вегетативтік көбеюдің қандай жасанды жолдары бар.
Қолданылған әдебиеттер: 1,2,4.
Тақырып 11. Өсімдіктің репродуктивті мүшесі-гүл.
Гүлдің шығу тегі және функциясы. Гүл формуласы және диаграммасы.
Гүлшоғырлар классификациясы.
Гүлді өсімдіктерде тұқым жемістің ішінде жетіледі, сондықтан гүлді өсімдіктерді жабықтұқымдылар деп атайды. Түрлерінің саны 250 мыңнан 300 мыңға дейін жетеді. Бұл жер бетінде қазіргі кезде қалыптасқан жағдайға ең жақсы бейімделген, барлық құрлықтардың өсімдіктер жабынында ерекше басым болып келетін өсімдіктер. Гүлді өсімдіктерге қосарынан ұрықтану тән. Гүл жабықтұқымды өсімдіктердегі қысқарған, түрі өзгерген, өсуі шектелген, көбеюге қажетті жыныс мүшелері бар споралы өркен. Гүл өркеннің апикальдық және қолтық меристемасынан пайда болады. Гүлде спорогенез, гаметогенез және процесі өтеді. Тозаңданып ұрықтанғаннан кейін гүл жеміске айналады. Гүлдегі аталықтар жиынтығы - андроцей, аналықтар жинтығы - геницей деп аталды. Гүлдің құрылысн ықшамдап көрсету үшін оны арнаулы формуламен белгілейді. Формулада гүл бөліктері шартты таңбалармен белгіленеді. Мегаспорагенез және мегаметогенез. Тозаңдану жолдары. Жабық тұқымдылар өте ертеден қос жарнақтылар және дара жарнақтылар кластары болып екіге бөлінеді. «Қосжарнақтылар класы » Қосжарнақтылар класының түрлерінің саны 200 мыңнан астам болады. Қосжарнақтылар класының ерекшеліктері: Ұрықтың екі тұқым жарнағы болады. Ұрықтық тамырша келешегінде жанама тамырлары бар кіндік тамырға айналады. Тамырлары екінші рет қалыңдауға қабілетті. Тамыр системасы формасы жағынан көп жағдайда кіндік тамырлы. Сабағы өсімдіктің өсу барысында жуандайды, өйткені өткізгіш шоқтары ашық; сабақтың көлденең кесіндісінде олар шаңбердің бойымен орналасады немесе барлығына бірдей ортақ өткізгіш цилиндрі болады. Жапырақтары жай және күрделі, жүйкеленуі торлы. Гүлдерінің мүшелері 5 қатар, сиректеу 4 қатар түзіп орналасады. «Даражарнақтылар класы». Даражарнақтылар класы 4 класс тармағынан, 38 қатардан, 104 тұқымдастан және 63000-дай түрлерден тұрады. Негізгі өмірлік формалары шөптесін өсімдіктер. Жер бетінің барлық континенттерінде кең таралған.
Даражарнақтылар класының ерекшеліктері: Ұрықтың бір ғана тұқым жарнағы болады. Ұрықтық тамырша біршама ертерек өледі, кіндік тамырларының орнына қосалқы тамырлар пайда болады. Тамырлары екінші рет қалыңдауға қабілетсіз, тамыр жүйесі көп жағдайда шашақ тамырлы. Сабағы жуандамайды, өткізгіш шоқтары жабық, сабақтың көлденең кесіндісінде олар ретсіз шашыраңқы орналасады. Флоемасында тін паренхимасы болмайды, сондықтанла ол тек сүзгілі түтіктерден және серіктік клеткалардан тұрады. Ксилемасы флоеманы айнала қоршап тұрады. Жапырақтары жай, параллель немесе доға тәрізді жүйкеленген болып келеді. Гүлдерінің мүшелері 3 қатар түзіп орналасады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары.
1. Гүлдің шығу тегі қандай
2. Жабық тұқымдылардың өмірлік циклі.
Қолданылған әдебиеттер: 1,3,7,8,21,22,23,24,25.
Тақырып 12. Гинецей.
Гинецей жалпы сипаттамасы. Мегаспорогенез және аналық гаметофит.
Бұл бір гүлдегі аналықтардың жиынтығы. Бір жеміс жапырақшадан тұратын аналық түзетін гинецейді, бір мүшелі, ал бірнеше жеміс жапырақшаларынан тұратын аналық түзетін гинецейді көп мүшелі деп атайды. Бір гүлдегі аталықтардың жиынтығы. Андроцейдегі аталықтардың саны көп мөлшерде бірден бірнеше жүзге дейін ауытқып отырады. Аталықтары не жеке –жеке бос орналасқан немесе әртүрлі деңгейде біріккен болып келеді. Егер аталықтардың барлығы біріккен болса, онда оларды бір ағайынды, ал аталықтардың біреуі бос қалып , қалғандары біріккен болса –екі ағайынды, ал егер аталықтары бірнеше топ түзіп бірігетін болса көп ағайынды деп атайды. Аталықтардың биіктіктері бірдей болуыда немесе әртүрлі болуыда мүмкін. Биіктіктері әртүрлі болып келетін аталықтарды мынадай топтарға бөледі: екі жақсы жетілген аталығы болатын, үш жақсы жетілген аталығы болатын және т.б. Екі жақсы жетілген аталығы болған жағдайда, аталықтың екеуі басқаларынан биік болады.т.б. Қалыпты жағдайда аталық екі бөліктен тұрады. Аталық жіпшесінен және тозаңқаптан.
Қолданылған әдебиеттер: 1,3,7,8,21,22,23,24,25.
Тақырып 13. Андроцей.
Андроцей жалпы сипаттамасы. Микроспорогенез және аталық гаметофит.
Бір гүлдегі аталықтардың жиынтығы. Андроцейдегі аталықтардың саны көп мөлшерде бірден бірнеше жүзге дейін ауытқып отырады. Аталықтары не жеке –жеке бос орналасқан немесе әртүрлі деңгейде біріккен болып келеді. Егер аталықтардың барлығы біріккен болса, онда оларды бір ағайынды, ал аталықтардың біреуі бос қалып , қалғандары біріккен болса –екі ағайынды, ал егер аталықтары бірнеше топ түзіп бірігетін болса көп ағайынды деп атайды. Аталықтардың биіктіктері бірдей болуыда немесе әртүрлі болуыда мүмкін. Биіктіктері әртүрлі болып келетін аталықтарды мынадай топтарға бөледі: екі жақсы жетілген аталығы болатын, үш жақсы жетілген аталығы болатын және т.б. Екі жақсы жетілген аталығы болған жағдайда, аталықтың екеуі басқаларынан биік болады.т.б. Қалыпты жағдайда аталық екі бөліктен тұрады. Аталық жіпшесінен және тозаңқаптан.
Қолданылған әдебиеттер: 1,3,7,8,21,22,23,24,25.
Тақырып 14. Өсімдіктердің тозаңдануы.
Тозаңдану туралы түсінік. Тозаңдану түрлері. Тозаң түтігінің дамуы.
Тозаңдар пісіп жетілген соң тозаңқап қақырап ашылады. Одан шашылған тозаң аналықтың аузына келіп түседі. Бұл процесті тозаңдану деп атайды. Тозаңданудың екі жолы бар: Өздігінен және айқас тозаңдану. Өздігінен тозаңдану тек қос жынысты өсімдіктерге тән. Бұл жағдайда бір гүлдің аталық тозаңы сол гүлдің аналығының аузына келіп түседі. Өздігінен тозаңданатын өсімдіктерді автогамиялық өсімдіктер деп атайды. Бір гүлдің тозаныы екінші гүлдің аналығының аузына келіп түсуін айқас тозаідану деп атайды. Айқас тозаңданудың екі түрі бар гейтеногамия, ксеногамия.
Ұрықтану аталық және аналық гаметалардың қосылуы арқылы жүзеге асады. Жабық тұөымды өсімдіктердің аталық гаметасын спермия, ал аналық гаметасын жұмыртқа жасушасы деп атайды. Тозаңның жасушасының біреуі аналықтың аузына түсіп, экузиннің порасы арқылы созылып өсіп, тозаң түтігіне айналады. Кейде мұндай түтіктің ұзындығы бірнеше сантиметрге жетеді. Онда генеративитік жасушаның бөлінуінің нәтижесінде екі спермия түзіледі. Тозаң түтігі аналықтың аузы мен мойнының борпылдақ ұлпасын жарып өтіп, гүл түйініне қарай өседі, одан әрі тозаң тесігі арқылы тұқым бүршігіне өтеді. Немесе жабындықтарды жарып өтіп ұрық қалтасымен тікелей түйіседі.Ұрық қалтасының тозаң түтігімен түйіскен жеріндегі қабықшасы шырыштанады, нәтижесінде тозаң түтігі қалтаның ішіне енеді. Ол жұмыртқа жасушасына жеткен соң жарылады нәтижесінде одан спермиялар босап шығады. Оның біреуі жұмыртқа жасушасымен қосылып зигота,и екіншісі ұрық қалтасының диплоидты орталық ядросымен қосылып триплоидты жасуша түзеді. Қосарынан ұрықтануды 1898 жылы орыс ғалымы, академик С.Г.Навашин ашқан. Қосарланып ұрықтанғаннан кейін зиготадан ұрық, триплоидты жасушадан эндоспермпайда болады.
Ұрықтың әртүрлі жағдайларға байланысты ұрықтану процесінсіз пайда болуын –апомиксис деп айтады. Апомиксисті өсімдіктер көп жағдайда морфологшиялық ауытқушылықтарға ұшырайды. Олардың тозаңы көптеген жақсы қасиеттерін жоғалтып, бұрынғы қабілетінен айырылады., яғни дегенерацияға ұшырайды, ал тозаңқабы редукцияға ұшырайды.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Тозаңдану ұрықтану деген не.
2.Поликарпты өсімдіктер деген қандай өсімдіктер.
Қолданылған әдебиеттер: 1,2,4.
Тақырып 15. Тұқым және жеміс.
Тұқым және жеміс туралы түсінік.Тұқымның құрылысы және дамуы. Қосарынын ұрықтану. Жемістің құрылысы және класификациясы.
Тұқым гүлді өсімдіктердің қосарынан ұрықтану нәтижесінде пайда болатын, көбею, таралу қызметін атқаратын мүшесі болып табылады. Ол сырты жеміс қаппен қапталған ұрықтен және қор жинайтын ұлпадан тұрады. Өсуге қолайсыз жағдайда тұқым тыныштық қалпында топырақта ұзақуақыттар бюойы жата беруі мүмкін. Қолайлы температурада және ылғал жеткілдікті болған кезде тұқым бойына суды тартып, ауа жеткілікті мөлшерде келіп тұрса ісініп өседі. Қор заттарының жиналуына байланысты тұқым эндосперімді, эндоспермсіз, перисперімді, эндосперімді-перисперімді деп бөлінеді. Жеміс тұқымды сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан сақтайтын, өсімдіктің көбею және таралу мүшесі. Жеміс гүлден, ұрықтану процесіне кейін ондағы жүретін өзгерістердің нәтижесінде пайда болады. Жемістің түзңлуінде негізгң рольді гинецей атқарады. Ке,йбір өсімдіктер ұрықтану процессі жүрмесе де жеміс береді. Мұндай жемістерді партенокарпты деп атайды. Жеміс перикерпийден және тұқымның жиынтығынан тұрады. Перикарпий- бір немесе бірнеше аналықтың жатынының қабырғасынан көп жағдайда гүлдің басқа бөлңктерңнен – жапырақшалардан, сиректеу гүл тұғырынан пайда болатын, жемістің қабықшасы болып табылады. Перикарпий үш қабаттан тұрады: сыртқы-экзокарпий, ортаңғы- мезокарпий және ішкі- эндокарпий. Жемістер алуан түрлі болып келеді. Қарапайым апокрапты гинецейден пайда болған жемістерді апокарпиялар, ал ценокарпты гинецейден пайда болған жемістерді ценокарпиялар деп атайды. Жемістерді жай және күрделі деп екіге бөледі. Егер жеміс гүлдің бір ғана аналығынан дамыса-ол жай, ал бірнеше аналығынан дамыса –күрделі болып табылады. Жабық тұқымды өсімдіктердің жемістерін шырынды және құрғақ жәімістер деп бөледі. Шырынды жемістердің ірі паренхималық, шырыны мол жасушалардан түзілген мезокарпийі жақсы дамыған. Құрғақ жемістілердң шырындыларға қарағанда мезокарпийі нагар дамыған. Көпшілігінің мезокарпийі көп қабатты, жасуша ішілік заттарын жоғалтқан паренхималық, склеренхималық және қабыршақ жасушалардан түзілген. Құрғақ жемістер қақырайтын және қақырамайтын, ал шырынды жемістер шиелі және сүйекті жемістер деп бөлінеді. Қақырайтын құрғақ жемістер қақырау жолына, ішіндегі ұялардың санына қарай бөлінеді. Таптама- бір жеміс жапырақшасынан пайда болған, бір ұялы, көп тұқымды құрғақ, бір жағынан қақырайтын жеміс. Апокрпты гинецейден біріккен таптама түзіледі. Таралу жолдары – жел, су, жануар, адам арқылы таралады. Жемістерді қақырайтын, қақырамайтын, құрғақ және шырынды деп жіктейді.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Қосарынан ұрықтану деген не.
2.Поликарпты өсімдіктер деген қандай өсімдіктер.
Қолданылған әдебиеттер: 1,2,4.
3. Зертханалық сабақтардың тақырыптары .
Тақырып 1. Ботаника пәні, мақсаты және әдістері.
Сабақтың мақсаты. Ботаника ғылымымен, әдістерімен және микроскоптың құрылысымен танысу .
Тапсырма
1. Микроскоп құрлысымен танысып, оның бөлімдерін есте сақтау.
-
Микроскоппен жұмыс істеу тәртібін және уақытша препарат дайындау әдісін меңгеру.
-
Суретін салып, тиісті белгілерін қой.
Бақылау сұрақтары:
1. Ботаниканың және оның бөлімдерінің алдында қандай міндеттер тұр.
2. Өсімдіктердің табиғаттағы рөлі қандай. Олардың қандай ерекше
қасиеттері болады.
3. Ботаниканың құрамына қандай жекелеген ғылымдар кіреді.
4. Микроскоптың қандай түрлері бар.
5. Цитологияда зерттеудің қандай тәсілдері қолданылады.
Тақырып 2. Өсімдік жасушасының құрылысы
Сабақтың мақсаты: Өсімдік жасушасының құрылысын, пішіні мен орналасу ерекшеліктерін зерттеу.
Тапсырма
1. Пияздың қабыршағының эпидермисынан уақытша препарат дайындау.
2. Препаратты кіші және үлкен объективпен қарап, жасушаның пішініне, орналасуына көңіл аудару.
3. Қараған объектінің суретін салып, белгілеу.
-
Қорытынды.
Бақылау сұрақтары.
1 Жасушаның өлі компаненттеріне нелер жатады.
2. Биологиялық универсалды мембрананың құрылысы, қасиеті қандай.
3. Ядроның атқаратын қызметі қандай.
Тақырып 3. Элодейдің жапырағының жасушаларындағы гиалоплазманың қозғалуы. Хлоропластар. Алғашқы крахмал.
Сабақтың мақсаты: Элодейдің жапырағының жасушаларындағы гиалоплазманың қозғалуын байқау және хлоропластарды, алғашқы крахмалды табу.
Тапсырма:
1. Элодея жапырағынан уақытша препарат дайындау.
2. Препаратты кіші және үлкен объективпен қарап, гиалоплазманың қозғалуын және бағытын байқау.
3. Өте баяу қозғалып жүрген хлоропластарға назар аудару.
4. Иодты калийдегі иодтың ерітіндісімен жапыраққа әсер етіп алғашқы крахмалды табу.
5. Көрген обьектілердің суретін салып, белгілерін жасау. Қорытынды жасау.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Пластидтердің қандай түрлері бар.
2. Пластидтердің эволюциясы қандай.
Тақырып 4. Өсімдік жасушасындағы лейкопластар мен хромопластар. Бидайдың дәнінің эндосперміндегі жасушалардың алейрон дәндері.
Сабақтың мақсаты: Өсімдік жасушасындағы лейкопластар мен хромопластарды және бидайдың дәнінің эндосперміндегі жасушалардың алейрон дәндерін зерттеу.
Тапсырма:
1. Традесканция жапырағынан уақытша препарат дайындау. Препаратты кіші және үлкен объективпен қарап, лейкопластарды көру.
2. Піскен жемістің етженді бөлігінен уақытша препарат дайындау. Препаратты кіші және үлкен объективпен қарап, хромопластарды көру.
3. Бидайдың дәнінен уақытша препарат дайындау. Препаратты кіші және үлкен объективпен қарап, алейрон қабатын көру.
4. Қорытынды жазу және суретерін салып, белгілерін жасау.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары.
-
Лейкопластың қызметі.
-
Хромопластың қызметі.
Тақырып 5. Крахмал қоры.
Сабақтың мақсаты:Крахмал дәндерін анықтау.
Тапсырма:
1. Бидайдың крахмал дәнедерін анықтау.
2. Картоптың крахмал дәндерін анықтау
3. Жүгерінің крахмал дәндерін анықтау. Қорытынды жазу
Бақылау сұрақтары:
1. Өсімдіктер мен жануарлар жасушасының айырмашылығы.
Тақырып 6. Элодея сабағының алғашқы меристемасы.
Мақсаты: Түзуші ұлпаның құрылысы мен қызметін зерттеу.
Зертханалық сабақ жоспары.
1. Микроскоптың кіші ұлғайтқышы арқылы элодея өркенінің бой
конусынан жасалған тұрақты препаратты қарап, жапырақ бастамаларын, одан
төмен сабаққа кеткен ұсақ жасушалар тобын тап. Ол прокамбий жасушалары.
2. Элодея жасушаларының пішіні мен көлеміне назар аудар.
2. Өркен апексінің суретін салып, белгілерін қой.
3. Қорытынды.
Бақылау сұрақтары.
Ұлпа деген не.
Меристемалық ұлпаның негізгі белгілері қандай.
Меристемалар қалай жіктеледі.
Қандай меристема органның ұзындыққа өсуін, ал қандайы жуандыққа өсуін қамтамасыз етеді.
Тақырып 7. Ирис жапырағының эпидермисі. (Жабындық ұлпа).
Мақсаты: Алғашқы жабындық ұлпаны зерттеу. Эпидермисті және лептесікті, трихомаларды зерттеу.
Тапсырма
1. Микроскоп арқылы ирис жапырағының эпидермисінің тұрақты препаратынан алғашқы жабындық ұлпаны анықтау.
2. Эпидермистің жасушаларын суретке салып , оларды белгілеу.
3.Эпидермистің өсінділерін, трихомаларды және лептесіктерді тауып орналасу ерекшеліктері мен түктердің құрылысын анықта. Суреттерін салып белгісін жасау.
4. Қорытынды.
Бақылау сұрақтары.
1. Эпидермис жасушаларының құрылысының ерекшелігі неде.
2. Устьица аппараты қандай компаненттерден тұрады. Атқаратын қызметі
2. Қыртыс қалай пайда болады және қандай гистологиялық элементтерден тұрады.
Тақырып 8. Арқаулық ұлпа түрлері.
Мақсаты: Арқаулық ұлпа: колленхима, склеренхима, склереиданы зерттеу.
Тапсырма
1. Асқабақ сабағы мен бегония сағағынан жасалған препараттарды микроскоп арқылы зерттеп, колленхима мен склеренхиманы тап. Колленхиманың түрін анықтап , склеренхимамен салыстыр.
2. Шайшөп жапырағының тұрақты препаратынан микроскоп арқылы склереид жасушаларын тауып, ерекшеліктерін сипатта.
3. Қорытынды жаз. Арқаулық ұлпалардың суреттерін салып, белгілерін жаса.
Бақылау сұрақтары.
1. Арқаулық ұлпаның атқаратын қызметі.
2.Склеренхима жасушаларының колленхима жасушаларынан айырмашылығы неде.
Тақырып 9.10. Өткізгіш ұлпа түрлері.
Сабақтың мақсаты: Өткізгіш ұлпа флоэма және ксилеманы зерттеу.
Тапсырма:
1. Асқабақ немесе күнбағыс сабақтарының көлденең кесіндісінің тұрақты препараттарын микроскоппен зерттеп, флоэма, ксилема, камбийді тап.
2. Аталған өсімдіктердің сабағының ұзын бойынан дайындалған микропрепараттан трахея түрлерін зертте.
3. Асқабақ сабағының сосудтары мен електі түтіктерін зерттеу.
4. Жүгері сабағының жабық және асқабақтың биколлатеральды өткізгіш шоқтарын зертте.
5. Ксилема, флоэма өткізгіш элементтерінің суреттерін салып, қорытынды жаз.
Өзін -өзі тексеру сұрақтары:
1. Флоэма мен ксилема қандай гтстологиялық элементтерден тұрады.
2. Дара және қосжарнақты өсімдіктердің сабақтары мен тамырларына қандай шоқтар тән.
3.Қандай өткізгіш ұлпалармен органикалық заттар, ал қандайымен минералды заттар тасымалданада.
Тақырып 11. 12. Өсімдіктің вегетативті мүшесі- тамыр.
Мақсаты: Тамырдың морфологиялық және анатомиялық құрылысын зерттеу.
Тапсырма
1. Гербарийден әр түрлі өсімдіктердің тамыр жүйесін анықта.
2. Шығу тегіне қарай тамыр түрлерін анықта.
3.Жас өскін тамырынан уақытша препарат дайындап, препараттан тамыр аймақтарын және жасушасының ерекшеліктерін қарастыр.
4. Ирис тамырының тұрақты препаратынан тамырдың анатомиялық алғашқы және соңғы құрылысын (эпиблеманы, экзодерманы...) зерттеу.
5. Тамыр аймақтарының және тамырдың анатомиялық алғашқы және соңғы құрылысын құрылысының суретін сал.
Бақылау сұрақтары.
1. Шығу тегіне қарай тамырдың қандай түрлері бар. Тамыр жүйесі деген не.
2. Тамыр қандай аймақтардан тұрады.
3. Тамырдың алғашқы құрылысының соңғы құрылысына ауысуы қалай жүреді.
4. Тамырдың соңғы құрылысы қандай ұлпалардың комплексінен тұрады.
Тақырып 13. Аралық бақылау.
Сабақтың мақсаты:Өтілген тақырыптар бойынша бақылау жүргізу.
Тақырып 14. Өсімдіктің вегетативті мүшесі- сабақ.
Мақсаты: Сабақтың морфологиялық құрылысын зерттеу.
Тапсырма
1. Гербарийден әртүрлі өсімдіктердің сабағының түрлерін және қырлануын анықта.
Бақылау сұрақтары:
1. Сабақтың кеңістіктегі түрлерін ата.
2. Жертағанды сабақ деген не.
Тақырып 15. Өсімдіктердің сабағының шоқсыз құрылысы.
Мақсаты: Ағаш және шөптесін өсімдіктердің сабағының шоқсыз құрылысын зерттеу.
Тапсырма:
1. Қарағайдың сабағының шоқсыз құрылысын талдау.
2. Жөке ағашының сабағының шоқсыз құрылысын талдау.
3. Зығырдың сабағының шоқсыз құрылысын талдау. Ағаш және шөптесін өсімдіктердің сабағының шоқсыз құрылысын салыстыр. Қорытынды жаз.
Бақылау сұрақтары:
1. Сабақ қандай қызмет атқарады.
2.Сабақтың алғашқы құрылысы қайда қалыптасады.
Тақырып 16. Күнбағыстың сабағының аралық құрылысы.
Мақсаты: Күнбағыстың сабағының аралық құрылысын зерттеу.
Тапсырма:
1. Микроскоппен дайын препараттан эпидерманы, перициклдік зонаның склеренхимасын, өткізгіш шоқтарын, шоқаралық камбийдің жаңа шоқтарын , өзекті табу.
2. Әр бөліктің қызметін анықта. Суреттерін салып, белгілерін жаса.
Бақылау сұрақтары:
1. Сабақ пен тамырдың алғашқы құрылысының ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай.
2. Сабақтың соңғы құрылысына ауысуы қалай жүреді. Ол қандай өсімдіктерде болады.
Тақырып 17. Кирказон сабағының шоқтық құрылысы.
Мақсаты: Кирказон сабағының шоқтық құрылысын зерттеу.
Тапсырма:
1. Препараттан эпидерманы, алғашқы қабықты (колленхима, паренхима, эндодерманы), орталық цилиндрі (склеренхиманы, коллатериальды шоқты-флоэманы және ксилеманы; шоқтық және шоқаралық камбийді, өзектік сәулелерді тап.
2. Суретін салып, белгілерін жасау.
Бақылау сұрақтары.
1. Сабақтың алғашқы құрылысы қайда және қашан қалыптасады.
2. Сүректе жылдық сақиналардың пайда болуының себебі неде.
Тақырып 18. Дара жарнақты өсімдіктердің сабағының құрылысы.
Мақсаты: Дара жарнақты өсімдіктердің сабағының құрылысын зерттеу.
Тапсырма:
1. Дайын препараттан қара бидайдың сабағын зерттеу.
2. Дайын препараттан жүгерінің сабағын зерттеу
3. Салыстыру және қорытынды жазу.
Бақылау сұрақтары:
1. Шөптесін, дара және қосжарнақты өсімдіктерлің сабақтарының құрылысының ерекшеліктері.
Тақырып 19. Жапырақтың макроморфологиясы.
Мақсаты: Жапырақтың морфологиялық құрылысын зерттеу.
Тапсырма
1. Гербарийден әртүрлі өсімдіктердің жапырақтарының түрлерін, жапырақ тақтасының пішінін, жапырақ тақтасының жүйкеленуін, жапырақ тақтасының жиектерінің пішінін, сағақты және сағақсыз жапырақтарды анықта.
Бақылау сұрақтары.
1. Өркен деген не. Буын, буынаралығы деген не.
2. Бүршік деген не. Оның құрылысы қандай.
3. Жапырақтың орналасуының қандай варианттары болады.
Тақырып 20.21. Жапырақтың анатомиялық құрылысы.
Сабақтың мақсаты: Жапырақтың анатомиялық құрылысын зерттеу.
Тапсырма:
1. Шайшөп жапырағын микроскоптың кіші және үлкен ұлғайтқышы арқылы зерттеп, ұлпалардың жапырақта орналасу ерекшеліктерін анықта. Үстіңгі және астыңғы үлпекқабат жасушаларын салыстыр.
2. Кәдімгі қарағай қылқанының тұрақты препаратын кіші ұлғайтқыш арқылы зерттей келіп, жапырақ пен қылқан құрылысы арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықта.
3. Шайшөп жапырағы мен қарағай қылқанының суреттерін салып, белгілерін қой.
5. Қорытынды.
Бақылау сұрақтары.
1. Гетерофилия деген не.
2. Жапырақ қалай түседі. Оның мәнісі неде.
Тақырып 22. Аралық бақылау.
Сабақтың мақсаты:Өтілген тақырыптар бойынша бақылау жүргізу.
Тақырып 23. Өсімдіктің вегетативті мүшесі -өркен.
Сабақтың мақсаты:Сабақтың вегетативті мүшесі өркенді зерттеу.
Тапсырма:
1. Өркеннің бұтақтануын қарастыр.
2. Бүршіктің құрылысын зертте, сабақта орналасуын қарастыр.
3. Өркеннен жетілген метаморфозға ұшыраған органдар.
Бақылау сұрақтары:
1. Өркен деген не.
Өркеннің метамерлігі деген не.
Тақырып 24. 25. Гүлдің құрылысы. Гүлшоғырлар.
Сабақтың мақсаты: Гүлдің құрылысын зерттеу. Гүлшоғырлар түрлерін анықтау.
Тапсырма:
1.Әртүрлі өсімдіктердің гүлдерінің құрылысын талдау.
2.Гербарийден әртүрлі өсімдіктердің гүлшоғырларының түрлерін ажырату.
3. Әртүрлі өсімдіктердің гүлінің формуласын және диаграммасын жазу.
Бақылау сұрақтары:
1. Гүлшоғыр деген не.
2. Қосарынан ұрықтануды кім ашты.
Тақырып 26. Тұқымның құрылысы.
Сабақтың мақсаты: Тұқымның құрылысын зерттеу.
Тапсырма:
1. Қос жарнақты өсімдіктердің құрылысын зерттеу.
2. Дара жарнақты өсімдіктердің құрылысын зерттеу.
3. Эндоспермді тұқымның құрылысын зерттеу.
Бақылау сұрақтары:
1. Эндосперм деген не.
2. Қосжарнақты өсімдіктерге қандай өсімдіктер жатады.
Тақырып 27.28. Жемістің құрылысы. Қосарынан ұрықтану.
Сабақтың мақсаты: Жемістің құрылысымен танысу.Қосарынан ұрықтануды талдау.
Тапсырма:
1. Әртүрлі өсімдіктердің түрлерінің жемістерін зерттеп, олардың қандай типке жататындығын және аттарын анықтау.
2. Жемістердің суреттерін салып белгілеу.
Бақылау сұрақтары:
1. Перикарпий деген не.
2. Жеміс неден түзіледі.
Тақырып 29. 30. Аралық бақылау
Сабақтың мақсаты: Өтілген тақырыптарды қайталау.
Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыбы:
1.Өсімдіктердің ерекше қасиеттері.
2.Өсімдік жасушасынан заттардың бөлінуі (секреция).
3.Артық қор заттары
4.Бездеуіт және шырын бөлетін бездер.
5.Аэренхима
6.Тамырдың экологиялық типтері
7.Бұтақтану түрлері
8.Жапырақтың тіршілік ұзақтығы
9.Өркеннің мамандануы мен түрлене өзгеруі
10.Жанастыра телу
11.Күлте жапырақшалар
12.Жабықтұқымды өсімдіктер
13.Қосарынан ұрықтану
14.Партеногенез
15.Периспермі бар тұқым
Достарыңызбен бөлісу: |