Шешендік сөздер. Қазақтың би-шешендері.
Шешендік сөздердің жанрлық тектері
Шешендік сөздер қазақ халқының
ауыз әдебиетіндегі ерекше
жанр. Шешендік
сөздер қазақ халқының
даналық үлгісі болып табылады. Шешендік сөздер тарихы бірнеше
кезеңге бөлінеді:
1. ХІІ – ХІІІ ғасыр – Майқы би, Аяз би.
2. ХІV – ХV ғасыр – Асан қайғы, Жиренше шешен.
3. ХVІ – ХVІІІ ғасыр – Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.
Қазақ шешендік өнері
Майқы би мен
Аяз биден басталады. Халық арасында
«Түгел
сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би» деген нақыл сөз содан қалған. Шешендер –
«ердің
құнын екі ауыз сөзбен бітіретін», жауласқан елдің арасына бітім айтатын даналық
сөздің иелері.
Бөлтірік шешеннің айтуынша, тәтті де,
ащы да
сөз болған. Шешендік
өнердің
қиындығы туралы
Бұқар жырау да ерекше айтып кеткен.
Қазақ шешендік өнерінің тарихынан ерекше орын алатын би –
Төле би Әлібекұлы
1663 жылы қазіргі Жамбыл облысына қарайтын Шу өзенінің бойындағы
Жайсаң жайлау
деген жерде дүниеге келіп, 1756 жылы дүние салған. Әз Тәуке ханның «
Жеті жарғы» заңдар
жинағын жасауға қатысқан,
«Билер кеңесінің» мүшесі болған. Төле биді
әділдігіне,
парасаттылығына қарап
«Қарлығаш әулие», «Қарлығаш би» деп атаған. Төле биден
қалған көптеген
нақыл, өсиет, шешендік сөздер, толғаулар бар. Мысалы,
Жаңбыр жаумаса, жер – жетім,
Басшысы болмаса, ел – жетім,
Ұқпасқа айтқан сөз – жетім...
Атың жақсы болса – ер жігіттің пырағы.
Балаң жақсы болса – жан мен тәннің шырағы.
Әйелің жақсы болса –
Бірінші – иманың,
Екінші – жиғаның,
Үшінші – ырысыңның тұрағы...
Бір үйдің баласы болма,
Көп үйдің санасы бол!
Бір елдің атасы болма,
Бар елдің данасы бол!
Көп тонның жағасы болма,
Көп қолдың ағасы бол!
Ақты ақ деп бағала,
Қараны қара деп қарала.
Өзегің талса өзен бойын жағала
Басыңа іс түссе, көпшілікті сағала.
Өзіңе-өзің кәміл бол,
Халқыңа әділ бол,
Жауыңа қатал бол,
Досыңа адал бол!
Төле бидің даналығы, шешендігі, тапқыр сөздері, мақал-мәтел,
нақыл сөздері ел
арасына мол тараған. Төле бидің өмірі, ел басқарудағы қызметі, ол айтып кеткен билік сөздер
жөнінде
Ш. Уәлиханов, Ресей ғалымдары
А. Левшин, Г. Потанин, Ә. Диваев, кеңес
дәуірінде
Б. Адамбаев, Ә. Мәметова, М. Қалдыбаев, т.б. ғалымдар, тарихшылар,
фольклортанушылар зерттеу жүргізген.
Қазақ халқының
айтулы кемеңгер билерінің бірі –
Қаз дауысты Қазыбек би
Сырдария жағалауында дүниеге келіп,
жастық шағын Қаратау, Ұлытау атырабында өткізген.
Қазыбектің әкесі
Келдібек те кезінде елді аузына қаратқан
би болыпты.
Қазыбек есімі
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атанған Жоңғар
басқыншылығына қарсы күрес жылдары екі елдің арасын бітістіруші
батыл елші, парасатты
мәмілегер ретінде әйгілі болған. Қалмақ ханына елшілікке барғанда жасқанбай өз ойын
жалынды
сөздермен бұршақтай жаудырып, мірдің оғындай өткір сөздерімен жоңғар ханының
аузын аштырмай тұтқындағы ұл-қыздарды босатып алады. Қалмақ ханы Қазыбектің
саңқылдағын даусына орай
«Қаз дауысты Қазыбек» деген ат береді.
Қаз дауысты Қазыбек бидің толғаулары, нақыл сөздері, өмірдегі
сыйластық,