1. хх-ғасырдың аяғына қарай ҚР-да рыноктық экономикаға өтпелі кезеңнің басталуы. Рыноктық экономиканың артықшылыктары мен кемшіліктері



Дата04.07.2016
өлшемі77.41 Kb.
#178184
1.ХХ-ғасырдың аяғына қарай ҚР-да рыноктық экономикаға өтпелі кезеңнің басталуы.

Рыноктық экономиканың артықшылыктары мен кемшіліктері.

Қазіргі таңда дүниежүзі елдері рыноктық үлгідегі әлеуметтік- экономикалық дамудың жолына бірінен соң бірі өтіп жатыр. Рыноктық қатынастар глобальді халықаралық қатынастар сипатына ие болды. Қазір дүниежүзінде рыноктық катынастармен қамтылмаған бірде-бір ел калған жоқ.

ХХ-шы ғасырдың соңына қарай 80-90-шы жылдары адамзат тарихының жана парағы ашылды, атап айтқанда - дүниежүзілік аренада социалист жүйенің ыдырауы мен күйреуі, социалистік елдердің рыноктық даму үлгісіне көшуі басталды. Осыған байланысты саясаткерлер мен қоғамтану ғылымдарының өкілдері адамзаттың дамуының жаңа тарихы басталды деп әртүрлі деңгейлерде және көптеген ғылыми жұмыстарда ұйғарымдар жасап, жаңа зерттеулерді интенсивті жүргізе бастады. Рыноктық экономика құру мен оны жетілдіру мәселелері жаңа, бұрынғыдан да биік тұғырға шығарып, теориялық және тәжірибелік мазмұны жағынан өзекті мәселелерге айналды. Бұрынғы социалистік кеңістіктегі елдердің оқымыстылары, солардың арасында көпшілікке танымал Қазақстандық ғалымдар да интенсивті зерттеулер жүргізіп, қысқа мерзім аралығында рыноктық экономика құру мен рыноктық қатынастар мәселелеріне арналған көптеген құнды монографиялық енбектер мен ғылыми мақалалар жазды.

Рыноктық экономиканың сипатын айтып, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсетіп, рыноктық реформаларды қалай және қандай бағыттарда жүргізген жөнді екендігін, жүзеге асырылып жаткан рыноктық Реформаларға ғылыми талдау жасап жүрген, рыноктық экономиканың

методологиялық теориясын дамытуға көп еңбек сіңірген ғалымдардың қатарында Қазақстандық ғалымдарды атайтын болсақ, олар - академиктер Т.Ашимбаев, С.Сатубалдин, У.Баймұратов, Қ. Есім, К.Сағадиев, Я.А.Әубәкіров, ғылым докторлары, профессорлар Қ.Арыстанбеков, А.Қошанов, Н.К.Мамыров, Р.Алшанов, О.Ж.Әлиев, К.Есентүгелов, Қ.Түркебаев, Т.Есіркепов, тараздық Б.А.Алдашов, СЛІ.Әуелбаев және тағы баскалар. Мысалы, Т.Ашимбаевтың «Экономика Казахстана на пути к рынку», С.Сатубалдиннің “Драконы” и”тигры Азии: сможет ли казахстанский “барс” пройти их тропами?”, “Хроники будущего”, У.Баймұратовтың “Национальная экономическая система”, О.Ж.Әлиевтің ”Теоретическая экономика: общедисциплинарная модель”, Н.К.Мамыровтың “Государство, предпринимательство и общество”, А.Туркебаевтың “Нарықтық экономика негіздері” ауқымды монографиялық еңбектері мен ғылыми басылымдардағы мақалалары рыноктық экономиканың теориялық мәселелерін дамытуға үлкен үлес қосты деп айтуға толық негіз бар.

Ерекше атап өтетін жайт, рыноктық экономика мен рыноктық қатынастардың теориялық және тәжірибелік аспектілері Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында», «Тарих толқынында», «Жаңа кезең - жаңа экономика», «Мақсат - гүлденген, тұрақты Қазақстан!», «Қазақстандық жол: тұрақтылық, модернизация және гүлденіп даму» атты және басқа да еңбектерінде, жыл сайынғы халыққа арналған дәстүрлі Жолдауларында жан-жақты және терең қамтып, қазақстандық экономикалық ойдың алтын қорынан өзінің лайықты орнын алды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың, әртүрлі мінбелер мен форумдарда (жиылыстарда) жасаған баяндамалары, сөздері, ақпарат құралдарында берген сұхбаттары рыноктық теориялық, ғылыми-практикалық ойды дамытудың үлгілері болып табылады. Ал, оның жыл сайынғы халыққа дәстүрлі Жолдаулары Қазакстанның рыноктық экономикасын құрудың, жетілдірудің бағдарламалық ғылыми-әдістемелік құжаты болып табылады. Мысалы, ғылыми терең негізделген Елбасының биылғы, 2006 жылғы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы.» атты Жолдауы еліміздің рыноктық экономикасын жедел жаңарту, озық технологияларды енгізіп және экономиканы әртүрлендіру арқылы әлемдік бәсекеге кабілетін арттырып, алдынғы қатардагы 50 елдің қатарына қосудың 2015 жылға дейінгі мерзімге арналған ғылыми-әдістемелік бағдарламасына айналды.

Рыноктық қатынастарды құрудың және оларды жетілдірудің теориялық және тәжірибелік мәселелері алыс және жақын шетелдерде жеткілікті деңгейде зерттелгеніне қарамастан, бұл мәселелер әлі де болса өзекті мәселелер қатарында тұр. Себебі адамзат қоғамының дамуы барысында рыноктық

шаруашылық жүргізу формалары үздіксіз жетілдіріліп келеді. Адамзат коғамының эволюциялық дамуы барысында рыноктық шаруашылық формалары бірін бірі алмастырып, қалыптасқан заман талаптарына сәйкес келмейтіндерінің орнына прогрессивті жаңа формалары орнап жатыр. Ол өздігінен орнап жатқан жоқ. Адамдардың үздіксіз ғылыми ізденістер жүргізуінің арқасында әлеуметтік - экономикалық дамудың қазіргі сатысында тиімді қызмет атқара алмайтындары анықталып, олардың орнына жаңалары өмірге келіп жатыр. Басқаша айтқанда, рыноктық қатынастарды адамдар ғылыми негізде жүйелі жетілдіріп жатыр. Рыноктық қатынастар әрі қарай да жетілдіре береді. Сондықтан оларды зерттеу әлі ұзак мерзім аралығында өзінің маңыздылығын жоймайды.

Рыноктық экономиканың теориялық мәселелерінің зерттелу дәрежесі туралы айтар болсақ, ол көптеген ғасырлардан бері, ежелгі дәуірлерде өмір сүрген ғұлама ойшылдардан бастап, қазіргі экономикалық және әлеуметтану ғылымдарының оқымыстыларының басты назарында болып келді. Осы мәселе төңірегінде жазылған ғылыми еңбектерді бір жерге жинастырса, мыңдаған томдарды құрайтыны сөзсіз. Рыноктық қатынастарға арналған еңбектердің ішінде көне дәуірлерде жазылған, бірақ әлі де болса өзінің құндылығымен ерекшелінетін еңбектер кездеседі (ежелгі араб, Қытай мен Индия ойшылдарының, көне Рим мен Грекияның Аристотель, Ксенофонт Платон сияқты ойшылдарының немесе экономикалық ғылымның негізін қалап берген А.Смит, Д.Рикардо, У.Петти, К.Маркс, К.Менгер, Л.Вальрас, А.Маршалл және т.б.еңбектері). Олар жазған классикалық еңбектер күні бүгінге дейін рыноктық қатынастарды зерттеудің методологиясы ролін атқаруда. Рыноктық катынастарды зерттеген қазіргі замандагы көрнекті оқымыстыларының қатарына экономикалық ғылымда елеулі із қалдырған, оның жаңа теориялық бағыттары мен мектептерін қалыптастырған көптеген экономист-ғалымдарды атауға болады. Олардың арасында Ян Тинберген, П.Самуэльсон. К.Эрроу,В.Леонтьев, М.Фридмен, Р.Солоу, М.Аллэ, Р.Коуз сияқты тағы басқа Нобель сыйлығының иегері болған әлемге танымал ғалымдар да бар.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2006 жылдың наурыз айында «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында «Біз қысқа мерзім аралығында нарықтық экономика құрып үлгердік... Тәуелсіздіктің тар жол, тайғақ кешуіне өзімізбен бірге түскен елдердің маңдай алдындамыз. ІЖӨ- нің жан басына шаққандағы көлемі жөнінен біздің алдымызда тек Ресей тұр. Басқа елдер бізбен салыстыруға да келмейді»- деді. Қазақстанның рыноктық экономика кұрудағы жетістіктері әлем жұртшылығын таңдандырып, «Қазақстан кереметі» деп айтуларына негіз болды.

Жарты ғасырдан астам социалисттік қоғам үлгісінде дамыған еліміз неліктен рыноктық экономикалық жүйеге көнуге мәжбүр болды? Неліктен социалистік жүйе күйреп, дүниежүзілік аренадан кетуге мәжбүр болды?

Мұндай жағдайда экономиканың биік қарқынды дамуы мүмкін болмады, сондықтан КСРО мен басқа социалистік елдер капиталистік жолмен дамып жатқан Батыс елдерінен әлеуметтік-экономикалық даму да артта қалып қойды.

Әлеуметтік-экономикалық өмірдің бюрократтандырылуы, биліктің бір орталыққа шоғырландырылып, шаруашылық жүргізушілердің егеменділігі мен инициативасына орын қалдырылмауы, жоғары нәтижелі еңбекке деген мүдделер жүйесінің қалылтастырылмауы, жанашыр меншік иелері топтары болмағандықтан тұрақты және қарқынды экономикалық дамудың мығым негізі болмады. Керісінше, қоғам да, экономика да ұзақ мерзімді тоқыраудан шыға алмады. Тоталитарлық билік мерзім - мерзім жүзеге тікелей асырып отырған іс-шаралар тек қана қысқа мерзімдік оңды нәтижелер ғана беріп отырды, ал ғылыми негізсіз жасалған волюнтаристтік сипаттағы орта және ұзақ мерзімді директивті жоспарлар орындалмастан қалып жүрді.

Социалисттік әлеуметтік - экономикалық жүйенің ыдырауы мен күйреуі себептері әлі ұзақ зерттеледі, көптеген ғылыми еңбектер жазылуы мүмкін. Бұл жерде біздің айтар қорытынды сөзіміз, социализмнің тарихи аренадан ығысып шығуының себебі - ол өзінің өміршілдігін объективті қамтамасыз ете алмады. Социализмнің сол кездері дамытылған үлгісінде елеулі кемшіліктер болды, ол кемшіліктер рыноктық жүйеге тән кемшіліктерден анақұрлым басым болды. Социалисттік жүйенің басты кемшілігі - оның ездігінен жетіле алу, өздігінен дами алу қабілеті болмады. Сондықтан социализм экономикалық бәсеке күресінде капитализмнен жеңіліп қалды.

ХХ-шы ғасырдың 80-ші жылдардың ортасына таман социалистік жүйені жетілдіру максатында түбегейлі жаңартуға бағытталған реформалар жүргізуге әрекет жасалды. Ол «қайта құру» деген атпен тарихта қалды. Ол реформалардан оңды нәтиже шықпады, себебі қайта құру заманының реформалары социализмнің өзін ақтамаған үлгісін жаңасымен алмастыруға бағытталмаған еді. Яғни, түбегейлі өзгерістерге бағытталмады. Керісінше, «косметикалық» сылап-сипаумен ғана шектелді. Сонымен қатар билік жүргізіп отырған орталық (КОКП-КПСС) үлкен өрескел қателіктерге орын беріп, сеператизмге жол ашып берді де, ақыр соңында Кеңестер Одағы мен социалисттік лагерьдің ыдырауын жылдамдатты.

Кеңестер Одағы ыдырап, Қазақстан өзін тәуелсіз мемлекет деп жариялағаннан кейін еліміз әлеуметтік-экономикалық дамудың үлгісін таңдауға мәжбүр болды. Сол кездегі көпшіліктің аузындағы сұрақ, әртүрлі Деңгейлерде қарастырылған өзекті мәселе - «біз қайсы жолды, дамудың қайсы үлгісін таңдауымыз керек?», «біз кайда барамыз?» Сол кездері бүкіл ел өзі таңдап сайлаған, елі үшін жанын аямай қызмет атқаратын, болашақты дұрыс болжай алатын ҚР-ның тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев дұрыс бағытты нұсқап, рыноктық экономика құрудан басқа жол жоқ екендігіне халықты сендірді. Ол өзінің «Ғасырлар тоғысында» деген еңбегінде кейін осы драмаға толы кезеңді суреттеп, Қазақстанның қалай тәуелсіздік алғанын, әлеуметтік- экономикалық дамудың жолы қалай таңдалғанын баяндап берді. Осы еңбегін

оқып отырып, рыноктық экономика кұру туралы соңғы шешім қабылдаудың онай болмағанын түсінуге болады.

Шындығында, бір жағынан басқа елдердің бірнеше ғасырлар бойы рыноктық жүйемен дамығанына және мол тәжірибе жинақталғанына қарамастан, әлеуметтік-экономикалық дамудың рыноктық үлгісін тандаудың өзі оңай болған жоқ. Біріншіден, осы кезеңге дейін рыноктық экономика құрудың бірнеше жолдары қалыптасып, ондай экономиканың классикалық екі үлгісі қалыптасқан болатын: либералды үлгісі мен әлеуметтік бағышталған (реттелмелі, мемлекеттің едәуір араласуына негізделген) үлгісі. Біздің елде рыноктық экономика құрудың тәжірибесі болмағандықтан және ондай экономиканы жетік білетін саясаяткерлер мен мамандар дайындалмағандыктан, алғашында әртүрлі көзқарастар қалыптасып, әртүрлі пікірлер айтылды. Кейбір ғалымдар мен саясаткерлер “либералды рыноктық экономика құрайық, оның артықшылықтары А.Смиттің ілімінде жақсы жазылған, әлеуметтік- бағышталған экономиканың ауыртпалығын тек қуатты елдер ғана көтере алады”,- деп ұсыныс жасаса, басқа біреулері мұндай қадам бізге жарамсыз, біз әлеуметтік-бағышталған рыноктық экономика кұруымыз керек деп үйретті. Олардың ойы бойынша, социализм заманында биік деңгейлі әлеуметтік қолдау мен қорғауға дені үйренген халық либералды экономиканың қатал жағдайына шыдай алмай, амалсыз қолдануға тура келетін «естен тандыру терапиясына (шоковая терапия)» шыдай алмай, рыноктық экономикаға өтуге ашық қарсылық білдереді деді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев та либералды рыноктық экономиканың бізге жарамсыз екендігін ескертті. Талдау жасау қабілетінің жоғарылығымен, көрегендігімен әлемге танымал болған Елбасымыз отандық және шетелдік саясаткерлер мен ғалымдармен кеңесе отырып, біразын елімізге консультанттар ретінде шақырып, олардың берген кеңестерін зерделеп, дамудаң үлгісін таңдау мәселесін терең сараптаулардан өткізіп алды. Сондай сараптаулардың нәтижесінде Қазақстандағы қалыптасқан жағдайға байланысты рыноктык экономиканың әлеуметтік-бағышталған үлгісі оңтайлы екендігіне көз жетіп, сол үлгісін таңдап алдық.



Әлеуметтік-экономикалық дамудың рыноктық жолын тандап алуымыздың себебі шаруашылық өмірді ұйымдастырудың адамзат ойлап тапқан экономикалық жүйелерінің ішіндегі ең тиімдісі рыноктық экономикалық жүйе

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет