1 «Қиын» балалар әлеуметтік және педагогикалық-психологиялық іс-әрекеттің объектісі ретінде


Жасөспірімдік кезеңдегі психологиялық ауытқушылықты түсіндірудегі негізгі теориялар



бет9/26
Дата09.09.2024
өлшемі0.96 Mb.
#503497
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26
киын бала - дипл

1.3 Жасөспірімдік кезеңдегі психологиялық ауытқушылықты түсіндірудегі негізгі теориялар
Жасөспірімдік кезеңде кездесетін психологиялық ауытқушылық түрлеріне тоқталу үшін алдымен аномия түсінігіне анықтама бере кетейік.
Аномия түсінігін ғылымға Э. Дюркгейм енгізді. Аномия деп ол қоғам жүйесіндегі нормалардың әлсіреп, бұзылуынан пайда болған өзгеріс, яғни әлеуметтік ұйымдаспағандық (дезорганизация) деп түсіндірді.
Өткен ғасырдағы көрінбейтін үлкен апат «антибатыр» синдромы,яғни бұнда біздің батыр тұлғаларымыз жойылып,қоғам нағыз патриот роліндегі модельдің болмауына алып келеді. Антибатыр көптеген жастар үшін рольдік модельдерге айналады.Барлық басымдармен фильмдерден көрінетін негізгі қозғаушы күш –ақша деген махаббат барлық зұлымдықтың бастамасы болып табылады.
Бұқаралық ақпарат құралдары - бұл ақыл-ойға әсер ететін ең күшті күш. Қазіргі жастар антипедагогикамен ауыратын тәрізді. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Филиппин, Полинезия, Африка, Америка халықтарына небір түрлі жыныстық қатынастар тарату кездейсоқ болмағанымен, сол елдедің халықтары қазіргі кезде өздерінің отандық тәжірбиелеріне ұялады. Ер адам мен әйел адам бейнелері мен жыныстық қатынастар туралы қате түсінік салдарынан жастар ересектік өмірдің интимдік жағына күлкімен, әзілмен қарайды.
Негізінен аномия индивидтің барлығы тұжырымдарына өзгерістер алып келіп,оның моральді қалыпты ұстанымдарын түпкілікті өзгертетін жеке тұлғалықтан да пайда болуы мүмкін.
Өздерінің өмір жолында адам түрлі дағдарыстар мен мәселелерге кездеседі.Осы мәселелер мен дағдарыстардың себептері мен табиғаты әртүрлі.Олардың кейбіреуі өмірлік айналымындағы тұлға дамуына байланысты және де олар әрбір адамның өмірінде болатын күнделікті табиғи жағдайлар,сонымен қатар олар өмірдің бір кезеңін екіншісінен айырып тұрады. Кез-келген «табиғи жағдай (жанұя құру, баланың дүниеге келуі, мектепке баруы,біреудің ауырып не өлуі) және оның нәтежесіндегі қандай да бір мәселені ситуация, дағдарыс туғызып, тұлғадан дұрыс шешім қабылдап,осыған орай қажетті күш жинауды қажет етеді.Оларды «қалыпты стресс» деп атайды.
М.И. Рожковтың пікірінше, қазіргі кезде адам көп тап болатын өзге мәселелер мен дағдарыстар қалыпты емес жағдайлардан туындайды. Оларға уақытынан бұрын болған өлім, ажырасу, сотталу,инфляция, жұмыссыздық, соғыс жатады [7].
Өмірдің әртүрлі кезеңдерінде адамдар дағдарыс жағдайлары мен ситуацияларды түрліше қабылдайды. Ол тұлға дамуында үлкен маңызға ие,себебі біреулердің дағдарыстың шешімін тауып ары қарай дамыса, енді бірі оған бейімделе алмай өзін бұзады. Бұл адамның дағдарыс жағдайын қабылдап,шешу мүмкіндігіне байланысты.
Ғалымдардың көзқарасы бойынша, аномия бұл келіспеушіліктің немесе «мәдениет» пен «әлеуметтік құрылым» арасындағы заңдарға, қалыптылыққа, құралдарға түрліше қарап, қажеттілікті қанағаттандырудың жаңа жолдарын іздеудің нәтижесі.
Ф. Райс түрлі бейімделу жағдайындағы «аномиялық бейімделу» реакциясы ретінде аномиялық қысымның бес түрін көрсетті [6]. Олар: конфоризм, инновация, ритуализм, ретритизм және мятеж.
Конформизм – сыртқы ортадан тәуелділік.
Инновация – белгілі мәдениеттің мақсатымен келіскенмен ,оған жетудің әлеуметтік тәсілдерінен мойындамайды (қорқыту,рэкеттік).
Ритуализм –белгілі мәдениеттің мақсатымен келіспейді,бірақта оған қол жеткізудің әлеуметтік тәсілдерін мойындамайды.
Ретритизм (кейін шегіну) – адам мәдениеттің мақсатында,оған қол жеткізудің әлеуметтік тәсілдерінен де бас тартады (қаңғыбастар,нашақорлар, т.б.).
В. Авериннің еңбектерінде девиаантты мотивацияның пайда болуын күткенің болмауымен түсіндіріп, жасөспірімдер мен жастардың аномиясы түсінігін ол – құндылықтар мен қалыптылық әлі түсініксіз немесе мүлдем маңызын жойған деп қарастырады [8]. Осыған орай бағыну дифференциялық құрылымды күшейтіп, келіспеушілік пен девиантты мінез-құлыққа алып келеді.
Қазіргі кезеңдегі мінез құлқында ауытқуы бар жеткіншектердің өзін өзі бағалауы мен оның эмоционалды және когнитивті компоненттерін, талаптану деңгейінің ерекшеліктерін эксперименттік тұрғыдан зерттеу болып табылады. Сонымен қатар осы мәселе төңірегінде ғалым А.Т. Ақажанова да ұзақ жылдар бойы зерттеу жұмысымен айналысып келеді. Ғалымның «Кәмелеттік жасқа толмаған балалардың девианттық мінез-құлқын педагогикалық-психологиялық тұрғыда түзету» атты зерттеу жұмысы [9]. Осы тақырыптың теориялық мазмұнын ашуға көп үлесін қосты.
А.Т. Ақажанова көп жылдық зерттеуінде кәмелеттік жасқа толмаған жас өспірімдердің қатыгездік және агрессивтік мінез-құлықтарының қалыптасуы мен олардың көрініс беруіндегі түрткі болатын негізгі факторларды атап көрсетеді: эмпатияның жоқтығымен, өзін-өзі сыйлау мен өзін-өзі бағалаудың төмендіғінен, отбасында жағымды ахуалдың болмауынан, өмірде кездескен сәтсіздіктерден уақытша болса да құтыламын деген жаңсақ оймен ішкілікке түсуінен, үйден қашудан, үлкендердің бақылауынан тыс қалған немесе ата-ананың шектен тыс өбектеуінен және т.б. жайттардан қалыптасатынын айтады [9].
Психологияда агрессия деп өзгелерді өзіне бағындыру немесе олардан басым болу мақсатында шынайы іс-әрекетте немесе қиялдауда көрініс табатын үрдісті айтады. Латын тілінен аударғанда «агрессия» «шабуыл» деген мағына береді. Қазіргі уақытта «агрессия» сөзі аса кең мағынада қолданылады. Бұл құбылыс жағымсыз эмоциялармен және жағымсыз мотивтермен, сонымен қатар жағымсыз нұсқаулармен және бүлдіруші әрекеттермен байланыстырылады.
Ауытқушы (девианттық) мінез-құлық деп қоғамда қалыптасқан нысандарға сәйкес емес әлеуметтік мінез-құлықты айтамыз.
А.И. Захаровтың еңбектеріңде, балалар мен жеткіншектердің дамуы мен мінез-құлқына кері әсер ететін сыртқы факторларға мыналарды жатқызады:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет