Зерттеудің мақсаты- жасөспірімдік кезеңдегі психологиялық ауытқушылыққа әсер етуші психогенетикалық факторды ғылыми тұрғыдан талдап, әдіс-тәсілдер арқылы анықтау, арнайы зерттеу жүргізу арқылы мінез-құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің теріс әрекеттерінің алдын-алу жолдарын қарастыру.
Зерттеудің міндеттері:
- жасөспірімдердегі мінез-құлық ауытқушылығына әсер ететін психогенетикалық факторға ғылыми тұрғыдан талдау жасау.
- жасөспірімдерге әсер ететін психогенетикалық факторларды талдай отырып, ата-аналар мен байланыс орнату.
- жасөспірімдердегі мінез-құлық ауытқушылығына әсер ететін психогенетикалық факторды анықтау.
- жасөспірімдердің мінез-құлық ауытқушылығының алдын-алу жолдарын қарастыру.
Зерттеу пәні- жасөспірімдік кезеңдегі психологиялық ауытқушылық .
Зерттеу объектісі- 40 жасөспірімдер тобы, зерттеуге ата-аналар, барлығы 15 отбасы қатысты.
Зерттеудің ғылыми болжамы : егер жасөспірім тұлғасының қалыптасуы мен психологиялық ерекшелігіне әсер ететін факторлардың бірін алдын-ала анықтап, психокоррекциялық жұмыстар тиімді түрде жүргізілсе, жасөспірім мінез-құлқында кездесетін психологиялық аутқушылық алдын-алуға болар еді.
Жанама болжамдар: жасөспірім мінез-құлқында кездесетін психологиялық ауытқушылыққа әсер ететін факторлар: психогенетикалық факторлар, мінез-құлық акцентуациясы, тұлғалық қарым-қатынасы, нервтік-психикалық қалпы, ортаға бейімделуі және т.б. әсер етуі мүмкін.
Зерттеу базасы: Талдықорған қаласының мектеп-интернаты, №43 орта мектеп.
Зерттеу тақырыбының мақсаты, міндеттері мен болжамына сәйкес жасөспірімдердің мінез-құлық ауытқушылығын алдын-алу жолдарын психодиогностикалау мақсатында жасөспірімтердің тұлғалық ерекшеліктеріне, қарым-қатынасы мен нервтік-психикалық тұрақтылығына кешенді эксперименттік зерттеу жұмыстары төмендегідей әдістемелер негізінде жүргізілді:
1- әдістеме; «Шмишектің мінез акцентуациялық сұрақнамасы» әдістемесі;
2– әдістеме; Жасөспірімдердің тұлғалық қасиеттерін зерттеуге Р.
Б. Кеттел 16-факторлы тұлғалық сауалнамасы
3-әдістеме; А.Г.Маклаков, С.П.Чермяниннің «Көп деңгейлі тұлғалық бейімделу» сұрақтамасы
Достарыңызбен бөлісу: |