Мемлекеттік қызметті алуға қажетті құжаттар мен талаптардың тізбесі:
1) тіркеулік сынау жүргізу үшін:
тіркеулік сынау жүргізуге еркін нысандағы өтініш;
пестицидке (улы химикатқа) қысқаша дерек;
өтінім берілген пестицидтiң (улы химикаттың) өсiмдiк шаруашылығы өнiмінiң және қоршаған орта объектілерінің құрамындағы нормативтер;
өтінім берілген пестицидтiң (улы химикаттың) өсiмдiк шаруашылығы өнiміндегi және қоршаған орта объектілеріндегі қалдық көлемін анықтау әдiстерi;
пестицидтiң (улы химикаттың) тәжiрибелiк үлгiсi;
эталондық пестицид (улы химикат);
пестицидтiң (улы химикаттың) әсерлі заттарының талдау стандарттары және қажетіне қарай метаболиттердің, оның ішінде далалық және зертханалық тәжірибелер жүргізуге жетерлікті мөлшердегі талдау стандарттары;
2) өндірістік сынау жүргізу үшін:
өндірістік сынау жүргізуге еркін нысандағы өтініш;
пестицидтiң (улы химикаттың) тәжiрибелiк үлгiсi;
эталондық пестицид (улы химикат);
3) пестицидтi (улы химикатты) мемлекеттiк тiркеу үшін:
1) тiркелушiнің (өтінім берушінің) пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуге осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімі;
2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидті (улы химикатты) тіркеу және өндірістік сынақтарының нәтижелері туралы есептер;
3) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтердiң (улы химикаттардың) өсімдік шаруашылығы өніміндегі және қоршаған орта объектілеріндегі қалдық мөлшерлерінің құрамын анықтау жөніндегі есептер;
4) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтi (улы химикатты) өндірістік тексеру актісі;
5) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицид (улы химикат) туралы мәліметтер;
6) пестицидтiң (улы химикаттың) әрекет етуші заты мен препараттық нысанын токсикологиялық-гигиеналық бағалау жөніндегі есептер (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада осы жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға рұқсат беріледі);
7) пестицидтiң (улы химикаттың) қауіптілігін гигиеналық бағалау жөніндегі есептер (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада осы жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға рұқсат беріледі);
8) пестицидтi (улы химикатты) өндіру және қолдану кезіндегі еңбек шарттарын санитариялық-гигиеналық зерттеулер (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада осы жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға рұқсат беріледі);
9) пестицидтi (улы химикатты) токсикологиялық-балық шаруашылығы бағалауы туралы есептер (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада осы жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға рұқсат беріледі);
10) пестицидтi (улы химикатты) экологиялық-токсикологиялық бағалау туралы есептер (Ресей Федерациясында, Беларус Республикасында, Украинада осы жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға рұқсат беріледі);
11) пестицидтi (улы химикатты) ара шаруашылығы мен мал шаруашылығы үшін ветеринариялық-санитариялық, экологиялық- токсикологиялық бағалау туралы есептер (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада осы жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға рұқсат беріледі);
12) пестицидтегi (улы химикаттағы) әрекет етуші затты анықтаудың талдамалық әдісі. Тiркелушi (өтінім беруші) әдісті Қазақстан Республикасының жағдайларына бейімдеуді жүргізеді (бейімделген тәсілді де ұсынуға рұқсат беріледі);
13) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша D1 тарауына (21-тармаққа) сәйкес пестицидтердiң (улы химикаттардың) өсімдік шаруашылығы өніміндегі және қоршаған орта объектілеріндегі қалдық мөлшерлерін анықтау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында және Қазақстан Республикасында бейімделген әдістемелерді ұсынуға рұқсат беріледі);
14) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша D1 тарауына (21-тармаққа) сәйкес пестицидтердiң (улы химикаттардың) жұмыс аймағының ауасындағы қалдық мөлшерлерін анықтау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар (бейімделген әдістемелерді де ұсынуға рұқсат беріледі);
15) пестицидтiң (улы химикаттың) өсімдік шаруашылығы өніміндегі және қоршаған орта объектілеріндегі құрамының нормативтері (пестицидтiң (улы химикаттың) өсімдік шаруашылығы өніміндегі ең көп жол берілген деңгейi, пестицидтiң (улы химикаттың) санитарлық-тұрмыстық мақсаттағы су қоймалары суындағы шекті жол берілген шоғырлануы, пестицидтiң (улы химикаттың) жұмыс аймағы ауасындағы шекті жол берілген шоғырлануы, пестицидтiң (улы химикаттың) жұмыс аймағы ауасындағы және атмосфералық ауадағы болжамды қауiпсіз әрекет ету деңгейi, пестицидтiң (улы химикаттың) топырақтағы шекті жол берілген шоғырлануы) (Қазақстан Республикасының немесе Ресей Федерациясының немесе Беларусь Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы бекіткен);
16) пестицидтi (улы химикатты) мемлекеттік тіркеу мүмкіндігі туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның келісімі;
17) пестицидтi (улы химикатты) мемлекеттік тіркеу мүмкіндігі туралы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның келісімі;
18) техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттік органның талаптарына сәйкес пестицидтi (улы химикатты) өндіруге (формуляциялауға) ұйымдастыру стандарты (техникалық шарттар), препараттық нысанның рецептурасы, пестицидтi (улы химикатты) өндіруге (формуляциялауға) лицензиялық келісімнің көшірмесі (ТМД елдерінде және Қазақстан Республикасында өндірілетін препараттар үшін);
19) пестицидтi (улы химикатты) өндіруші берген пестицид (улы химикат) пен оның әрекет етуші заттарын өндіруге (формуляциялауға) рұқсатты растайтын құжат (шетелдік пестицид (улы химикат) өндірушілер үшін белгіленген тәртіппен заңдастырылған, отандық пестицид (улы химикат) өндірушілер үшін салыстырып тексеру үшін түпнұсқа болмаған жағдайда нотариалды куәләндырылған көшірмесі);
20) пестицидті (улы химикатты) өндіруші әзірлеген пестицидтiң (улы химикаттың) қауіпсіздік паспорты;
21) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтi (улы химикатты) тасымалдау, сақтау, қолдану және залалсыздандыру жөніндегі ұсынымдар;
22) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпараты бар ыдыс заттаңбасының үлгісі.
|