1. «Жаңақорған аудандық ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі



Дата17.07.2016
өлшемі168.5 Kb.
#205330
«Жаңақорған ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 120300, Жаңақорған кенті, М. Көкенов көшесі 37 үй, анықтама үшін байланыс телефондары: 8(724)-35-22-4-18, электронды. пошта org_acim@mail.ru «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

1. «Жаңақорған аудандық ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі (E-R-3 санаты, 1 бірлік). Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 99607 тенгеден 129920 тенгеге дейін (экологиялық коэффициентті есепке алмағанда).

Негізгі функционалдық міндеттері:

Бөлімше жұмысын үйлестіреді. Бөлімше мамандары арасында қызметтік міндеттерін бөледі және бөлімше мамандарының жұмысын қадағалайды.

Жоғары орындарға берілетін есепті мерзімнен кешіктірмей береді. Бөлімшедегі мамандардың міндетін айқындап, бөлім басшысына бекіттіріп, нақты іс шаралар жасайды.

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы


10 шілдедегі № 339 Заңының 10 бабының 2 тармағына сәйкес:

қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;

мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;

тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;

уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;

ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;

ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына ақпарат беру;

ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну;

облыстың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу;

облыстың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;

ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;

жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.



Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: Ветеринария мамандығы бойынша жоғары білімі.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4,
D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуы;
4) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

5) ғылыми дәрежесінің бар болуы.



Мынадай құзыреттердің бар болуы: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану,тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталған тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

«Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орныдау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.



2. «Жаңақорған кенті әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маман- есепші (E-G-3 санаты, 1 бірлік). Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 69957 тенгеден 94109 тенгеге дейін (экологиялық коэффициентті есепке алмағанда).

Негізгі функционалдық міндеттері: Кент әкімі аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, аудандық мәслихаттың бекітуі үшін аудан әкімдігінің қарауына ұсыну. Қаржы-шаруашылық есеп жұмыстарын жүргізіп, тиісті орындарға уақтылы қаржылық есептерді тапсырып отыру.

Бюджеттік бағдарлама бойынша міндеттеме мен төлем қаржылық жоспарын жасап, ішкі есеп жұмыстарын жүргізіп отыру.

Атқарылған жұмыстар көлемін нақтылап, орындаушылармен есептесіп отыру.

ҚР заңанамасына сәйкес кіріс көздерін қалыптастырады.

Кент әкімінің басқаруына берілген коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын қарап, бекітуге ұсыну.

Бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда кент әкімінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз ету.

Жергілікті қоғамдастықтың жиналысында келісілгенннен кейін жергілікті өзін-өзі басқарудың ақша түсімдері мен шығыстары жоспарын жасап бекітуге ұсыну.

Көрсетілетін қызметтерден түсетін түсімдері мен шығыстарының жиынтық жосапрын ҚР бюджет заңнамасына сәйкес жасап, бекітуге ұсыну.

Мемлекеттік сатып алу бойынша жылдық жұмыс жоспарын жасап, ҚР осы саладағы заңнама нормаларына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жоспарға сәйкес жүзеге асырылуын қамтамасыз етіп, қажетті есептерді тиісті орындарға уақтылы тапсырып отыру.

Кент әкімінің басқа да қызметтік тапсырмаларын орындау.



Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит, менеджмент, маркетинг, статистика) мамандығы бойынша жоғары білімі.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе E-G-4 санатынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
      2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

4) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

 5) ғылыми дәрежесінің болуы.

Мынадай құзыреттердің бар болуы:

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік

тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандиидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

«Қазақстан - 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды ретейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

3. «Жаңақорған кенті әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маман-заңгер (E-G-3 санаты, 1 бірлік). Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 69957 тенгеден 94109 тенгеге дейін (экологиялық коэффициентті есепке алмағанда).

Негізгі функционалдық міндеттері:

Кент әкімі аппаратының ережесін әзірлеу.

Кент әкімі тағайындайтын қызметшілердің кадр жөніндегі жеке іс-қағздарын жүргізеді. Мемлекеттік қызметшілердің сапалы құрамына мониторинг жасап және кадр жөніндегі статистикалық есептерді тапсырып отыру.

Мемлекеттік қызмет өтілін анықтайтын, тәртіптік комиссияларға хатшылық жасайды, мемлекеттік қызметшілер арасында Ар-намыс кодексі талаптарының сақталуын қадағалау.

Кент әкімі қабылдайтын нормативтік актілер жобасының заң талаптарына сай әзірленуіне құқықтық сараптама жүргізуді қамтамасыз етеді, оларға бұрыштама қояды, сондай-ақ қажет болған жағдайда осы құжаттарды дайындауға қатысады..

Кент әкімі қабылдаған мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілерге негіздеме анықтама әзірлеп, мемлекеттік тіркеуге дер кезінде ұсынып, баспасөз бетінде жариялануын қамтамасыз ету.

Құқықтық оқулар өткізудің кестесін жасап, бекітілген кестеге сәйкес құқықтық оқулар өткізіп отыруды қамтамасыз ету.

Сыбайлас жемқорлыққа, нашақорлыққа қарсы күрес, құқық бұзушылық профилактикасы, зорлық зомбылық, гендерлік теңсіздік және құқық тәртіп мәселелері бойынша жүзеге асырудың іс-шарасын жасап, аудандық комиссиямен, құқық қорғау, қадағалау және бақылау функцияларын атқаратын органдармен, қоғамдастық жиналыстарымен өзара байланысып, жүзеге асырылуын үйлестіру.

Кент әкімі аппаратына тұлғалардан келіп түскен өтініштердің «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының талаптарына сай өтініштерді есепке алып, мемлекеттік құқықтық статистикалық есепте көрсетіп, тоқсан сайын мерзімінде статистикалық есеп беріп отыру.

Сот және төрелік сот органдарына қажетті материалдар дайындауды және беруді қамтамасыз етеді. Құқықтық мәселелерді қарау кезінде кент әкімі аппаратының соттағы, төрелік соттағы , сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардағы мүддесін білдіреді.

Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 165, 300, 311, 387 баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қолдануға дайындалған құжаттарға құқықтық сараптама жүргізіп отыру.

Алқабилердің және кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізу.

Кент әкімінің басқа да қызметтік тапсырмаларын орындау.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: Құқық мамандығы бойынша жоғары білімі.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе E-G-4 санатынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
      2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

4) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

 5) ғылыми дәрежесінің болуы.

Мынадай құзыреттердің бар болуы:

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік

тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандиидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

«Қазақстан - 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды ретейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

4. «Өзгент ауылдық округі әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маман-статисті (E-G-3 санаты 1 бірлік). Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 69957 тенгеден 94109 тенгеге дейін (экологиялық коэффициентті есепке алмағанда).

Негізгі функционалдық міндеттері:

Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамалық және заңға тәуелді актілерінің, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік-құқықтық кесімдерінің іске асырылуын қамтамасыз ету.

Өз саласына қатысты ауылдық округ әкімінің қабылдайтын нормативтік-құқықтық актілері мен құқықтық актілерінің жобасын әзірлеуге қатысу, ауылдық округі әкімінің шешімдері мен өкімдерін, қызметтік тапсырмаларын, ішкі еңбек тәртібі ережелерінің сақталуы мен орындалуын қамтамасыз ету. Өз саласына қатысты және өз құзіреті шегінде ауыл әкіміне азаматтардан келіп түскен өтініштерді қарау, олардың арыз-шағымында көрсеткен мәселерлерді шешу жөнінде және құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қабылдау,

Ауылдық округі әкімі аппаратына келіп түскен бақылаудағы хаттар мен іс қағаздарын сапалы орындау және ҚР Заңдарында қаралған тәртіп пен мерзімінде жұмыс жасау. Өз саласы бойынша тұрақты түрде ауылдық округтегі межеленген көрсеткіштер бойынша мониторинг жүргізіп, дамыту жөнінде шаралар қабылдау.

Статистика, салық, кәсіпкерлік жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметімен байланысты мемлекеттік функцияларды орындау. Статистикалық есептіліктерді мерзімінде тапсыру, аппараттың қолма-қол бақылау шотына қаржы түсіру, түскен қаржының жұмсалуын жоспарлау, салық көздіктерін молайту, кіші кәсіпкерлік нысандарының көбеюі мен жаңа жұмыс орындарын ашу жөніндегі жұмыстарды жүргізу. Ауылдық округтегі ауылшаруашылық құрылымдарының жұмысын үйлестіру, олардан статистикалық деректер жинақтау, ауылдық округ бойынша барлық деректерді шаруашылық кітабына (электронды шаруашылық кітабына) енгізу, белгіленген мерзімде статистикалық есептілікті тапсыру.

Жұмыспен қамту орталығы арқылы ауылдық округ тұрғындарының кәсіптік даярлау, қайта даярлау курстарында оқуға, мемлекеттік бағдарламалар арқылы жеңілдетілген несиелер алуға ықпал жасау. Қоғамдық, әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар тәжірибесі бойынша адамтар тартуға байланысты жұмыстарды жүргізу. Ауылдық округі әкімі аппаратында өз саласы бойынша өткізілетін жиналыс материалдарын әзірлеу, ұйымдастыру, хаттамаларын рәсімдеу, мәселелер ұсыну. Ауылдық округ әкімі аппаратының жылдық, тоқсандық жұмыс жоспарын әзірлеуге қатысу.

ҚР Президентінің, Үкіметінің және облыстың немесе ауданның бекіткен мемлекеттік бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарының және басқа да заңдардың жүзеге асырылуына өз құзіреті шегінде жұмыс жасау және ауылдық округ әкімі аппаратының ережесінде бекітілген басқа да қызметтерді ұйымдастыру және жүзеге асыру.



Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: Білім, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, техникалық ғылымдар және технологиялар, ауылшаруашылық ғылымдары мамандықтары бойынша жоғары білімі.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе E-G-4 санатынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
      2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

4) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

 5) ғылыми дәрежесінің болуы.

Мынадай құзыреттердің бар болуы:

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік

тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандиидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

«Қазақстан - 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды ретейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Ішкі конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының (бұдан әрі-Қағида) 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады .

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді.Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде «Жаңақорған ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 120300, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті, М. Көкенов көшесі 37 үй ғимараттың 3 қабат, 305 бөлмеде қабылданады.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн конкурс комиссиясы ішкі конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарауды жүзеге асырады. Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн қарайды.

Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттарды қарау қорытындысы бойынша құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін екі жұмыс күн ішінде олардың тиiстi «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi мен конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жiберу туралы шешiм қабылдайды.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурс комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары конкурс комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күн ішінде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Кандидаттардың кәсiби және жеке қасиеттерiн бағалау кезiнде конкурс комиссиясы бiлiктiлiк талаптарына және тиiстi бос лауазымның лауазымдық нұсқаулығына сүйенедi.

Үміткерлермен әңгімелесу «Жаңақорған ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 120300, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті, М. Көкеенов көшесі 37 үй ғимараттың 3 қабат, 304 бөлмеде өтеді.

Әңгімелесу өткiзілгеннен кейiн екі жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізілетін қорытынды отырыста конкурс комиссиясы кандидаттарды берген құжаттары, өткiзiлген әңгiмелесудiң нәтижелерi негiзiнде бағалайды және олардың қатарынан бос лауазымға орналастыру үшiн iрiктеудi жүзеге асырады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағиданың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Қағиданың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.



Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
«Жаңақорған ауданы әкімінің аппараты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің


конкурстық комиссиясы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет