Пән бойынша студенттердің біліміне арналған материалдар кқТ 2216 «Кәсіби қазақ тілі»



бет1/24
Дата03.01.2022
өлшемі55.83 Kb.
#451257
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Уи А - КҚТ-ІVсем.-1


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті




ПӘН БОЙЫНША СТУДЕНТТЕРДІҢ БІЛІМІНЕ

АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР

КҚТ 2216 - «Кәсіби қазақ тілі» пәні

Til 4 Тілдік модуль

5В 050600 - Экономика мамандығы

Инженерлік экономика және менеджмент факультеті

Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасы

2017

Бухгалтер мен аудитордың кәсіби қызметі

Қазіргі уақытта бухгалтер мамандығы – экономика мен қаржы саласындағы сұранысы жоғары кәсіптердің бірі. Есеп және аудит саласындағы бакалаврларды оқыту бухгалтерлік есеп пен есептілік аясындағы ақпараттардың қалыптасуының нақты қағидалары мен ережелерін түсінетін, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік аудитін жүргізудің заманауи дағдыларын меңгерген білікті бухгалтерлер мен аудиторларды дайындауға бағытталған. Аталған мамандық  бойынша білім алу барысында студенттер қаржылық, басқару және салық есебін ұйымдастыру, қаржылық есептілікті дайындау, қаржылық есептілікті талдау мен оның аудиті облысындағы ғылыми және тәжірибелік білімдерді игереді.

Мамандықтың артықшылықтары:


  • жұмысқа орналасудағы кең мүмкіншіліктер;

  • ақысы жоғары, тұрақты жұмыс орны; ­

  • мансап жолындағы жақсы мүмкіншіліктер.

Қазіргі уақытта бухгалтердің міндеттері өзгеріске ұшырап, ол шешуі тиісті міндеттер аясы да кеңеюде. Бухгалтер шаруашылық іс-әрекеттерін бухгалтерлік есеп шоттарына тіркейтін техникалық санақшыдан ұйым экономикасын тиімді басқаруға ықпал ететін тиімді есеп саясатын дайындайтын және жүзеге асыратын шығармашылық тұлғаға айналды.

Аталған мамандық бойынша экономика және бизнес бакалаврлары ұйымдастыру-құқықтық нысандары әртүрлі кәсіпорындар мен экономиканың  түрлі  салалары кәсіпорындарында шаруашылық үрдістері туралы ақпараттарды жинаудың, өңдеу мен ақпаратты ұсынудың заманауи әдістерін меңгерген, қаржылық есептілікті дайындау мен оны талдау дағдысын игерген, тәжірибеде қаржылық есептілік пен аудиттің халықаралық стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен аудитті жүргізудің әртүрлі бағдарламаларын меңгерген білікті мамандар.

Еңбек нарығындағы мамандардың қандай да бір артықшылығына қарамастан, осы саладағы білікті мамандарға әрқашан да, барлық жерде сұраныс бар, себебі бірде бір ұйым тиянақты жолға қойылған бухгалтерлік есепсіз қалыпты әрекет ете алмайды. Коммерциялық және коммерциялық емес жаңа құрылымдардың тіркелуіне орай, бухгалтерлерге де сұраныс өсіп отырады. «Экономика» және «Есеп және аудит» мамандықтарының түлектері қазақстандық және халықаралық компанияларда, ұлттық және жеке компанияларда, қаржы саласында бухгалтер, қаржылық кеңесші, қаржылық директор, аудитор, менеджер, қаржылық сарапшы қызметін атқара алады. Бухгалтерлік есептің қағидаларын жетік білу жеке бизнесті басқаруда да көмектеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет