1. Жалпы ережелер «Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру»



Дата24.02.2016
өлшемі86.13 Kb.
#14790
«Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік

теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою,

куәліктің телнұсқасын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – күнтізбелік 15 (он бес) күн;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең көп рұқсат етілетін уақыты – 30 (отыз) минут;

3) қызмет көрсетудің ең көп рұқсат етілген уақыты – 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлiк (бұдан әрi – куәлiк), Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарнаны қайта есепке қою, Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қою туралы куәлiктің телнұсқасын беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін лицензиялық алымның мөлшерлемелері мынаны құрайды:


  1. теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлік бергені үшін:

балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы теле-, радиоарна құратын жеке немесе заңды тұлғалардан – алым төленген күні қолданылатын екі айлық есептік көрсеткіш;

өзге тақырыптағы теле-, радиоарна құратын жеке немесе заңды тұлғалардан – алым төленген күнін қолданылатын бес айлық есептік көрсеткіш;



  1. теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын бергені үшін:

балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы теле-, радиоарна құратын жеке немесе заңды тұлғалардан – алым төленген күні қолданылатын бір бүтін оннан алты айлық есептік көрсеткіш;

өзге тақырыптағы теле-, радиоарна құратын жеке немесе заңды тұлғалардан – алым төленген күні қолданылатын төрт айлық есептік көрсеткіш.

Теле-, радиоарнаны есепке қою үшін алым төлеу екінші деңгейдегі банктер арқылы қолма-қол немесе қолма-қол емес есеп айырысу арқылы жүргізіледі.

Теле-, радиоарнаны қайта есепке қою тегін жүзеге асырылады.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес өтiнiш;

2) жеке тұлғалар үшiн – теле-, радиоарнаның меншік иесі болып табылатын шетелдiк жеке тұлғаның паспортының немесе жеке басын куәландыратын басқа құжатының көшiрмесi, қазақ және орыс тiлдерiндегi аудармасын нотариат куәландырған кәсiпкерлiк қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың көшiрмесi;

3) заңды тұлғалар үшiн – сауда тiзiлiмiнен заңдастырылған үзiндi немесе құрылтайшы – шетелдiк заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа заңдастырылған құжат;

4) шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат.

Теле-, радиоарнаны қайта есепке қою үшін (теле-, радиоарнаның атауының, негізгі тақырыптық бағытының өзгеруіне байланысты) көрсетілетін қызметті алушы мыналарды ұсынады:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес өтiнiш;

2) жеке тұлғалар үшiн – теле-, радиоарнаның меншiк иесi болып табылатын шетелдiк жеке тұлғаның паспортының немесе жеке басын куәландыратын басқа құжатының көшiрмесi, қазақ және орыс тiлдерiндегi аудармасын нотариат куәландырған, кәсiпкерлiк қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың көшiрмесi;

3) заңды тұлғалар үшiн – сауда тiзiлiмiнен заңдастырылған үзiндi немесе құрылтайшы – шетелдiк заңды тұлға шет мемлекет заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа заңдастырылған құжат;

4) теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің бұрын берілген түпнұсқасы.

Теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мыналарды ұсынады:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес өтiнiш;

2) жеке тұлғалар үшiн – теле-, радиоарнаның меншiк иесi болып табылатын шетелдiк жеке тұлғаның паспортының немесе жеке басын куәландыратын басқа құжатының көшiрмесi, қазақ және орыс тiлдерiндегi аудармасын нотариат куәландырған, кәсiпкерлiк қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың көшiрмесi;

3) заңды тұлғалар үшiн – сауда тiзiлiмiнен заңдастырылған үзiндi немесе құрылтайшы – шетелдiк заңды тұлға шет мемлекет заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа заңдастырылған құжат;

4) алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат.

Көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттардың бәрін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде өтініштің көшірмесіне оның көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі қойылып, құжаттардың қабылданған күні мен уақытының көрсетілуі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.

10. Мыналар:

1) өтініш мазмұнының талаптарға сай келмеуі (өтініште: теле-, радиоарнаның меншiк иесi болып табылатын жеке тұлғаның тегінің, атының, әкесінің атының (бар болса), тұратын жерінің, теле-, радиоарнаның меншiк иесi болып табылатын заңды тұлғаның атауының, орналасқан жерінің, ұйымдық-құқықтық нысанының, теле-, радиобағдарламалардың тілінің (тілдерінің), теле-, радиоарнаның хабар тарату торының, теле-, радиоарнаның негізгі тақырыптық бағытының, теле-, радиоарнаның бас редакторының (редакторының) тегінің, атының, әкесінің атының (бар болса), теле-, радиокомпанияның Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау туралы міндеттемесінің көрсетілмеуі);

2) теле-, радиоарнаны есепке қою үшiн алымның төленбеуі;

3) шетелдiк теле-, радиоарнаның материалдарында Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, экстремизмдi немесе терроризмдi, қатыгездiк пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық астамшылықты насихаттауды және үгiттеудi, ұлтаралық және конфессияаралық араздықты қоздыруға бағытталған ақпараттың, сондай-ақ порнографиялық және арнайы сексуалдық-эротикалық сипаттағы кино- және бейнеөнiмдердi, сондай-ақ суицидтi насихаттайтын ақпараттың қамтылуы;

4) дiнтану сараптамасы нәтижелерi бойынша терiс қорытындының болуы;

5) шетелдiк теле-, радиоарна өнiмдерiне қатысты Қазақстан Республикасының аумағында оны таратуға тыйым салу туралы сот шешiмiнің болуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болады.


3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсiздiгіне) шағымдану тәртiбi
11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметі берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетiне (әрекетсiздiгіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс, 263-кабинет мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.

Шағым почта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Шағымды қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.



Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.



4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле

отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы Министрліктің www.mki.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін құжаттарды сенімхат бойынша өкіл беруге болады.



14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mki.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет