Қабылдаған: Альшуразова Р



бет1/3
Дата21.12.2023
өлшемі375.45 Kb.
#487531
  1   2   3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
«Қылмыстық процесс және криминалистика» кафедрасы
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы
Орындаған:Уалиханов Ә.
Тобы: Юм-14-1К1
Қабылдаған: Альшуразова Р.
Шымкент 2016.
  • Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы
  • Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау себептері
  • Кiнәсiн мойындап келу
  • Қылмыстық құқық бұзушылық туралы бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар
  • Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарды немесе рапортты қабылдау мiндеттiлiгi

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы
Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздың, хабардың Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелуі не бірінші кезек күттірмейтін тергеу әрекеті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы болып табылады. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғаны туралы бір тәулік ішінде прокурор хабардар етіледі.
ҚР Қылмыстық процестік Кодекстің 184-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда прокурор, тергеуші, анықтаушы, анықтау органы қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз және хабар тіркелгенге дейін қылмыстық құқық бұзушылық іздерін анықтау мен бекіту бойынша кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін жүргізеді. Сонымен бір мезгілде олар қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздың және хабардың Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелуіне, оның ішінде байланыс құралдарын пайдалана отырып тіркелуіне шара қолдануға міндетті.
Жекеше айыптау істерін қоспағанда, қылмыстық құқық бұзушылық туралы барлық арыздар, хабарлар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуге міндетті.
Келіп түскен арызда, хабарда әкімшілік құқық бұзушылық не тәртіптік теріс қылық белгілері туралы мәліметтер болған кезде жолданым үш тәуліктің ішінде ілеспе хатпен тиісті уәкілетті мемлекеттік органға немесе лауазымды адамға беріледі.
Келіп түскен арызда, хабарда олар бойынша қылмыстық қудалау жекеше тәртіппен жүзеге асырылатын мәліметтер болған кезде материалдар соттылығы бойынша тиісті сотқа жіберіледі, ол туралы арыз иесі хабардар етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет