«Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу» мемлекеттiк қызмет стандарты Жалпы ережелер Осы «Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу»



Дата08.07.2016
өлшемі164.52 Kb.
#184498
Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2315 қаулысымен    
бекiтiлген       

«Қазақстан Республикасында таратылатын
шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу»
мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу» стандарты (бұдан әрi - стандарт) Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңiстiгiнiң жай-күйiн дұрыс  және уақтылы талдау мақсатында Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын (бұдан әрi - шетелдiк БАҚ-тар) есепке алу тәртiбiн (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет) анықтайды.


      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 4-4-бабы 2) тармақшасы негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызметтi тiзбесi осы стандарттың 1 және  2-қосымшаларында көрсетiлген облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) көрсетедi, сондай-ақ баламалы негiзде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi - Орталық) арқылы көрсетiледi.
      5. Мемлекеттiк қызметтiң аяқталу нысаны Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын шетелдiк БАҚ-тарды есепке алу туралы анықтама беру болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi - тұтынушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет мынадай мерзiмдерде көрсетiледi:
      уәкiлеттi органға өтiнiш бiлдiрген кезде:
      1) құжаттарды ресiмдеу мерзiмi - уәкiлеттi органға түскен күнiнен бастап 15 күнтiзбелiк күн;
      2) мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттарды тапсырған кезде, сондай-ақ құжаттарды алу кезiнде кезекте күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты - 10 минут;
      Орталыққа өтiнiш бiлдiрiлген кезде:
      1) құжаттарды ресiмдеу мерзiмi - уәкiлеттi органға құжаттарды жiберген сәттен бастап 15 күнтiзбелiк күн;
      2) мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттарды тапсырған кезде, сондай-ақ құжаттарды алу кезiндегi кезекте күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты - 30 минут;
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi мен қажеттi құжаттар туралы толық ақпарат электрондық Үкiмет порталында: www.е.gov.kz, уәкiлеттi органдардың интернет-ресурстарында, ресми ақпарат көздерiнде, тiзбесi осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетiлген уәкiлеттi органдар мен Орталықтардың стендтерiнде орналастырылады.
      10. Мемлекеттiк қызмет:
      уәкiлеттi органға өтiнiш бiлдiрген кезде:
      сенбi мен жексенбiнi қоспағанда, күн сайын белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн жүргiзiледi, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн. Қабылдау кезекке тұру тәртiбiмен жүзеге асырылады, алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады;
      Орталыққа өтiнiш бiлдiрген кезде:
      жексенбi және мереке күндерiнен басқа, аптасына алты күн, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес сағат 9-00-ден 20-00-ге дейiн үзiлiссiз, филиалдар мен өкiлдiктер үшiн сағат 9-00-ден 19-00-ге дейiн бiр сағаттық түскi үзiлiспен жұмыс кестесi белгiленедi. Қабылдау «электронды» кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
      11. Мемлекеттiк қызмет дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдарға қызмет көрсету шарттары көзделген, сондай-ақ қажеттi құжаттардың тiзбесi бар стендтермен жарақтандырылған үй-жайлары бар уәкiлеттi органның ғимаратында жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк қызмет сондай-ақ тұтынушының тұрғылықты жерi бойынша Орталықтың ғимаратында көрсетiледi, онда дене мүмкiндiктерi шектеулi тұтынушыларға қызмет көрсету шарттары көзделген. Залда анықтама бюросы, күту орындары, толтырылған бланкiлердiң үлгiлерi бар ақпараттық стендтер орналастырылады.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      12. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушы мынадай құжаттарды ұсынады:


      1) шетелдiк БАҚ-ты есепке алу туралы өтiнiш, онда мыналар көрсетiлуi тиiс:
      өтiнiш берiлетiн уәкiлеттi органның атауы;
      тұтынушының мәртебесi (жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға), оның ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы (заңды тұлға үшiн), аты, әкесiнiң аты, тегi (жеке тұлғалар үшiн) орналасқан жерi (тұрғылықты жерi);
      шетелдiк БАҚ-тың таралу аумағы;
      таратылатын шетелдiк БАҚ-тың тiлi (тiлдерi);
      таратылатын шетелдiк БАҚ-тың негiзгi тақырыптық бағыты;
      шетелдiк БАҚ-тар мерзiмдi баспасөз басылымдарының таратылатын даналарының болжамды саны, хабарларын тарату көлемi;
      2) тұтынушы жеке тұлға үшiн - кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға құқығын растайтын құжаттың көшiрмесi;
      3) тұтынушы заңды тұлға (филиал немесе өкiлдiк) үшiн - заңды тұлғаны (филиалды немесе өкiлдiктi) мемлекеттiк тiркеу (есепке алу) туралы куәлiктiң көшiрмесi;
      4) мемлекеттiк қызметтi алу үшiн құжаттарды ұсынған тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат түпнұсқасы мен көшiрмесi.
      Құжаттар пакетiн қабылдау кезiнде уәкiлеттi орган немесе Орталық қызметкерi көшiрменiң түпнұсқамен сәйкестiгiн тексерiп, түпнұсқаны тұтынушыға қайтарып бередi.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар тiзбесiн және өтiнiш бланкiсiн уәкiлеттi орган қызметкерлерi бередi.
      Орталықта бланкiлер күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады не Орталықтың консультанттарында болады.
      14. Өтiнiштiң толтырылған бланкiлерi, сондай-ақ осы стандарттың 12-тармағында көрсетiлген құжаттар уәкiлеттi органға тапсырылады.
      Уәкiлеттi орган құжаттарды алған соң осы стандарттың 12-тармағына сәйкестiгiн тексередi, түскен құжаттарды есепке алу кiтабына (журналына) тiркейдi.
      Орталықта құжаттарды қабылдау «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, онда «терезелердiң» мақсаттары, орындайтын функциялары туралы ақпарат орналастырылады, сондай-ақ Орталық инспекторының аты, әкесiнiң аты, тегi және лауазымы көрсетiледi.
      Орталық инспекторы осы стандарттың 12-тармағына сәйкестiгiне құжаттардың толықтығын тексерудi, журналға тiркеудi және құжаттарды жинақтаушы бөлiмнiң инспекторына берудi жүзеге асырады.
      Орталықтың жинақтаушы бөлiмiнiң инспекторы құжаттарды жинауды, тiзiлiм жасауды және уәкiлеттi органға жiберудi жүзеге асырады.
      Орталық өтiнiштердi қоса берiлген құжаттармен бiрге уәкiлеттi органға осы өтiнiштердi қабылдаған күнi арнайы байланыс арқылы кемiнде екi мәрте жеткiзiп отырады.
      Орындалған (дайын) құжаттар уәкiлеттi органнан Орталыққа тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатта көрсетiлген беру мерзiмiнiң аяғына дейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей келiп түседi.
      15. Тұтынушының мемлекеттiк қызметтi алғанын уәкiлеттi органның осы стандарттың 12-тармағында көрсетiлген барлық қажеттi құжаттарды қабылдап алғанын көрсете отырып құжаттарды тiркеуi растайды.
      Құжаттарды Орталық арқылы қабылдаған жағдайда тұтынушыға:
      1) сұраудың нөмiрi мен қабылдау күнi;
      2) сұратылған мемлекеттiк қызмет түрi;
      3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атаулары;
      4) құжаттарды беру күнi (уақыты) мен орны;
      5) Орталықтың құжаттарды ресiмдеуге арналған өтiнiштi қабылдаған инспекторының аты, әкесiнiң аты, тегi көрсетiлген тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхат берiледi.
      16. Уәкiлеттi органда шетелдiк БАҚ-ты есепке алу туралы анықтама тұтынушының өз қолына берiледi, не поштамен жiберiледi.
      Орталықта тұтынушыға дайын құжаттарды берудi Орталық инспекторы қолхаттың негiзiнде онда көрсетiлген мерзiмде «терезелер» арқылы жүзеге асырады.
      17. Мемлекеттiк қызмет көрсетудi тоқтата тұруға немесе қызметтi көрсетуден бас тартуға мына жағдайлар негiз болады:
      1) осы стандарттың 12-тармағында көрсетiлген барлық қажеттi құжаттардың ұсынылмауы;
      2) осы стандарттың 12-тармағында көрсетiлген құжаттарда толық емес немесе дәйексiз ақпараттың берiлуi;
      3) шетелдiк БАҚ-тар матариалдарында Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, таптық, дiни, нәсiлдiк, ұлттық және рулық басымдықты, қатыгездiк пен зорлық-зомбылықты және порнографияны насихаттауды немесе үгiттеудi қамтыса;
      4) тұтынушыға қатысты осы қызмет түрiмен айналысуға тыйым салатын сот шешiмiнiң болуы;
      5) шетелдiк БАҚ өнiмiне қатысты оны Қазақстан Республикасының аумағында таратуға тыйым салу туралы сот шешiмiнiң болуы.
      Тұтынушыға шетелдiк БАҚ-ты есепке алудан бас тартылған ретте Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жазбаша түрде дәлелдi жауап берiледi.
      Уәкiлеттi орган құжаттарды ресiмдеуде қателiктер тапқан кезде, осы стандарттың 12-тармағында көрсетiлген құжаттар пакетi толық ұсынылмаған немесе құжаттар тиiсiнше ресiмделмеген, сондай-ақ ұсынылған құжаттар түпнұсқаға сай келмеген кезде құжаттар пакетiн алғаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде оларды қайтару себептерiн жазбаша негiздемемен Орталыққа қайтарады.
      Орталық құжаттар пакетiн қабылдаған соң бiр жұмыс күнi iшiнде тұтынушыға уәкiлеттi органның қайтару себептерiн негiздеп хабарлайды.
      Егер тұтынушы құжаттарды мерзiмiнде алуға келмеген жағдайда Орталық оларды 1 ай бойы сақтауды қамтамасыз етедi, одан кейiн оларды Орталық мұрағатына бередi.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Уәкiлеттi органның және Орталықтың қызметi адамның конституциялық құқықтарын, қызметтiк парызды орындау барысында заңдылықты сақтауға негiзделедi және сыпайылық, жеткiлiктi және толық ақпаратты ұсыну, оны қорғау және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады.



4. Жұмыс нәтижелерi

      19. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижелерi осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа мен қол жеткiзу көрсеткiштерiмен өлшенедi.


      20. Мемлекеттiк қызметтiң сапасы мен қол жетiмдiлiгiнiң мақсатты көрсеткiштерiн облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерiнiң iшкi саясат басқармаларының басшы қызметкерлерiнен арнайы құрылған жұмыс тобы жыл сайын бекiтедi.

5. Шағымдану тәртiбi

      21. Уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген уәкiлеттi органның басшылығы түсiндiредi.


      Орталық инспекторының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты Орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметiнiң телефоны бойынша алуға болады: 58-00-58.
      22. Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасына наразылық болған жағдайда осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша уәкiлеттi орган басшысының атына шағым берiледi.
      Шағымдар жазбаша түрде поштамен, не қолдан уәкiлеттi орган кеңсесi арқылы қабылданады.
      Орталық арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету сапасына қатысты шағым Орталық директорының атына берiледi. Орталық мекенжайлары мен телефондары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген.
      Даулы мәселелер азаматтық сот iсi тәртiбiмен шешiледi.
      23. Қабылданған шағым уәкiлеттi органның және Орталықтың кiрiс хат-хабарды есепке алу журналында тiркеледi және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мерзiмде қаралады.
      Шағымның екiншi данасы не шағымның көшiрмесiне шағымды қабылдайтын тұлға берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орнын және шағымның қаралу барысы туралы бiлуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректерiн көрсетуi шағымды қабылдағанын растайтын құжат болып табылады.
      Шағымды қарау нәтижесi туралы тұтынушыға жазбаша түрде пошта арқылы, не электронды поштамен хабарланады.

6. Байланыс ақпараты

      24. Уәкiлеттi орган мен Орталық басшыларының жұмыс iстеу және қабылдау кестесi осы стандарттың 10-тармағында көзделген уәкiлеттi орган мен Орталықтың жұмыс кестесiне сәйкес анықталады.


      Уәкiлеттi орган мен Орталықтың мекенжайлары, байланыс телефондары осы стандартқа 1 және 2-қосымшасында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерiнде және уәкiлеттi орган мен Орталықтардың үй-жайларында орналастырылған стендтерде көрсетiлген.
      25. Ұсынылатын мемлекеттiк қызмет туралы қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң интернет-ресурсынан алуға болады: www.gov.mki.kz.

«Қазақстан Республикасында 


таратылатын шетелдiк бұқаралық
ақпарат құралдарын есепке алу»
мемлекеттiк қызмет стандартына
1-қосымша        

Уәкiлеттi органдардың мекенжайы

Р/с


Уәкiлеттi органның аты

Уәкiлеттi органның мекен-жайы

Телефон

1

Астана қаласы әкiмiшiлiгiнiң Iшкi саясат басқармасы

Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36

(8 7172) 555915
ф.555990

2

Алматы қаласы әкiмшiлiгiнiң Iшкi саясат басқармасы

Алматы қаласы, Республика даңғылы, 4

(8 3272) 716647
ф. 716647

3

Алматы облысы әкiмшiлiгiнiң Iшкi саясат басқармасы

Талдықорған қаласы, Тәуелсiздiк көшесi, 38

(8-3282) 247722
ф. 247722

4

Ақмола облысы әкiмшiлiгiнiң Iшкi саясат басқармасы

Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 89

(8-3162)
ф. 25-20-80

5

Ақтөбе облысы әкiмшiлiгiнiң Iшкi саясат басқармасы

Ақтөбе қаласы, Әбiлхайырхан даңғылы, 40

(8-3132) 56-26-69
ф. 56-25-26

6

Атырау облысы әкiмшiлiгiнiң Iшкi саясат басқармасы

Атырау қаласы, Әйтеке би көшесi, 77

(8-3122) 27-08-96
ф. 27-11-57

7

Шығыс-Қазақстан облысы әкiмшiлiгiнiң Iшкi саясат басқармасы

Өскемен қаласы, Горький көшесi, 40

(8-3232) 26-42-54
ф. 26-42-54

8

Батыс Қазақстан облысы әкiмшiлiгiнiң Iшкi саясат басқармасы

Орал қаласы, Достық даңғылы, 201

(8-3112) 50-02-36
ф. 50-09-46

9

Жамбыл облысы әкiмшiлiгiнiң Iшкi саясат басқармасы

Тараз қаласы, Абай көшесi, 125

(8-3262) 43-08-54
ф. 45-76-20

10

Қарағанды облысы әкiмшiлiгiнiң Iшкi саясат басқармасы

Қарағанды қаласы, Бейбiтшiлiк гүлзары, 39

(8-3212) 56-19-80
ф. 56-19-79

11

Қызылорда облысы әкiмiнiң Iшкi саясат басқармасы

Қызылорда қаласы, Жақаев көшесi, 76

(8-3242) 26-24-79
ф. 27-73-62

12

Қостанай облысы әкiмшiлiгiнiң Iшкi саясат басқармасы

Қостанай қаласы, Әл-Фараби көшесi, 66

(8-3142) 57-51-90
ф. 57-53-53

13

Маңғыстау облысы әкiмшiлiгiнiң Iшкi саясат басқармасы

Ақтау қаласы, 14-шағын аудан, 1-үй

(8-3292) 42-66-10
ф. 42-13-00

14

Павлодар облысы әкiмшiлiгiнiң Iшкi саясат басқармасы

Павлодар қаласы, Жеңiс даңғылы, 15

(8-3182)
ф. 32-21-03

15

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмшiлiгiнiң Iшкi саясат басқармасы

Петропавл қаласы, Конституция көшесi, 53

(8-3152) 46-31-33
ф. 46-31-33

16

Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмшiлiгiнiң Iшкi саясат басқармасы

Шымкент қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 3

(8-3252) 56-37-97
ф. 50-08-69

«Қазақстан Республикасында 
таратылатын шетелдiк бұқаралық
ақпарат құралдарын есепке алу»
мемлекеттiк қызмет стандартына
2-қосымша         

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мекенжайлары

Р/с


Орталықтардың атауы

Орталықтар орналасқан мекенжай

Телефон нөмiрлерi

1

Ақмола облысының ХҚО

Көкшетау қаласы, Әуезов көшесi, 189 «а» - үй

40-10-76

2

Ақтөбе облысының ХҚО

Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесi, 109-үй

56-57-87

3

Алматы облысының ХҚО

Талдықорған қаласы, Тәуелсiздiк көшесi, 67 «б» үй

24-41-33

4

Атырау облысының ХҚО

Атырау қаласы, Баймұқанов көшесi, 6-үй

28-40-14

5

Шығыс Қазақстан облысының № 1 ХҚО

Өскемен қаласы, Белинский көшесi, 37 «а» үй

51-03-46

6

Шығыс Қазақстан облысының № 2 ХҚО

Семей қаласы, 408-шi квартал, 21-үй

33-55-93

7

Жамбыл облысының ХҚО

Тараз қаласы, Қойгелдi көшесi, 158 «а» үй

43-84-18

8

Батыс Қазақстан облысының ХҚО

Орал қаласы, Жамбыл көшесi, 81-үй

23-68-81

9

Қарағанды облысьшың ХҚО

Қарағанды қаласы, Чкалов көшесi, 7-үй

41-63-03

10

Қостанай облысының ХҚО

Қостанай қаласы, Таран көшесi, 114-үй

54-10-20

11

Қызылорда облысының ХҚО

Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесi, нөмiрсiз үй

23-08-46

12

Маңғыстау облысының ХҚО

Ақтау қаласы, 15-шағын аудан, 67 «б» үй

31-85-16

13

Павлодар облысының ХҚО

Павлодар қаласы, Павлов көшесi, 48-үй

33-47-55

14

Солтүстiк Қазақстан облысының ХҚО

Петропавл қаласы, Әуезов көшесi, 157-үй

33-31-03

15

Оңтүстiк Қазақстан облысының ХҚО

Шымкент қаласы, Мәделi қожа көшесi, нөмiрсiз үй

30-06-79

16

Алматы қаласы Алмалы ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесi, 221-үй

263-82-51

17

Алматы қаласы Бостандық ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Ходжанов көшесi, 9-үй

248-17-77

18

Алматы қаласы Жетiсу ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Төле би көшесi, 155-үй

378-47-01

19

Алматы қаласы Медеу ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Марков көшесi, 44-үй

239-65-52

20

Алматы қаласы Түрксiб ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Зорге көшесi, 9-үй

234-09-35

21

Астана қаласы Алматы ауданының № 1 ХҚО

Астана қаласы, Жұбанов көшесi, 2-үй

37-02-06

22

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 ХҚО

Астана қаласы, 70 «а» көше

40-65-62

23

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 1 ХҚО

Астана қаласы, Пушкин көшесi, 97-үй

32-42-79

24

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 ХҚО

Астана қаласы, 81-шi көше, 85-үй

37-74-34

«Қазақстан Республикасында 
таратылатын шетелдiк бұқаралық
ақпарат құралдарын есепке алу»
мемлекеттiк қызмет стандартына
3-қосымша        

Сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерi

Сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттар тапсырылған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну жағдайларының %-ы (үлесi)










1.2. Қызмет алуды кезекте 30 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың %-ы (үлесi)










2. Сапасы

2.1. Қызметтi көрсету үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










2.2. Құжаттарды лауазымды адам дұрыс ресiмдеген жағдайлардың (жүргiзiлген төлемдер, есеп айырысулар және тағы басқалар) %-ы (үлесi)










3. Қол жетiмдiлiк

3.1. Қызметтi көрсету тәртiбi туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










3.2. Тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бастапқыдан тапсырған жағдайлардың %-ы (үлесi)










3.3. Ақпаратқа Интернет арқылы қол жеткiзуге болатын қызметтердiң %-ы (үлесi)










4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Қызметтiң осы түрi бойынша қызмет көрсетiлген тұтынушылардың жалпы санына негiзделген шағымдардың %-ы (үлесi)










4.2. Белгiленген мерзiмде қаралған және қанағаттандырылған негiзделген шағымдардың %-ы (үлесi)










4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың % -ы (үлесi)










4.4. Шағымдану мерзiмiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)











Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет