«Бесқарағай ауданының әкімі аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. «Бесқарағай ауданының әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі (одан әрі -әкім аппараты) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен әкіммен құрылған мемлекеттік орган болып табылады.
2. Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңға, Қазақстан Республикасының басқа да Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, облыс әкімінің, аудан әкімінін нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ аппарат туралы Ережеге сәйкес іске асырады.
3. «Бесқарағай ауданының әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде жазылған өзінің мөрі мен мөртаңбасы, бланклері сондай-ақ заңнамаларға сәйкес банктерде ашқан есеп шоты бар.
Әкім аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарға түседі.
4. Әкім аппаратының басшысы өз қүзырындағы мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады, олардың аппарат қызметкерлері үшін міндетті күші бар.
5. Аппарат туралы Ережені, оның құрылымы және штаттық саны облыс әкімімен белгіленген лимиттер шеңберінде әкім бекітеді.
6. Аудан әкімі аппаратының заңды мекен -жайы: 070300, Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылы, Сейфуллин, 144 көшесі.
7.Толық атауы: «Бесқарағай ауданының әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, орысша атауы – Государственное учреждение «Аппарат акима Бескарагайского района».
8.Әкім аппаратының құрылтайшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі аппараты болып табылады.
9. Әкім аппаратының қызметін қаржыландыру тек жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады. Әкім аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен осы органдардың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау нысанына келісім-шарттық қатынастарға енуге тыйым салынады.
2
П. Функциялар, негізгі міндеттер мен құқықтар
10. Бесқарағай ауданының әкімі аппаратының функциялары:
1) Бесқарағай ауданы әкімінің және әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
2) Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметі, облыс әкімі, Бесқарағай ауданы әкімі актілерінің орындалуына бақылау жасауды ұйымдастыру және іске асыру;
3) Бесқарағай ауданының атқарушы органдары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Президентінің, облыс әкімінің алға қойған міндеттерін жүзеге асыру жөніндегі қызметін үйлестіру;
4) ауылдық округтер әкімдері аппараттарының қызметін үйлестіру
11. Бесқарағай ауданының әкімі аппаратының міндеттері:
1) Бесқарағай ауданының әкімі мен әкімдігінің ауданды дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларың тиісті бюджеттерін, олардың орындалу жоспарларын әзірлеудегі қызметін үйлестіру;
2) Бесқарағай ауданының әкімі мен әкімдігінің облыс әкімі аппаратының тиісті бөлімдерімен, облыстық атқарушы органдармен, құқық қорғау органдарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, облыстық бірлестіктермен, саяси партиялармен ұйымдастырушылық байланысын іске асыру;
3) Бесқарағай ауданының атқарушы органдары мен ауылдық округтері әкімдерінің аппараттарындағы атқарушылық тәртіптің жалпы деңгейін арттыру жөніндегі жұмысты үйлестіру;
4) аудан әкіміне әкімдік жұмысының жоспарларын әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
5) Бесқарағай ауданы әкімінің, оның орынбасарларының тапсырмалары бойынша ауылдық округтері әкімдері аппараттарының, Бесқарағай ауданының атқарушы органдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыс әкімінің, аудан әкімінің актілерін орындау жөніндегі жұмысын тексеруді ұйымдастыру, жұмыста орын алған кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдау және қажет болған жағдайда әкімдіктін отырысына мәселелер енгізу;
6) ауылдық округтер әкімдері аппараттарына, сондай-ақ ауданның атқарушы органдарына олардың жұмыс әдісі мен тәсілін жетілдіруге тұрақты әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
7) Бесқарағай ауданының сайлау органдарының референдумалар мен сайлауларды дайындау және өткізу жөніндегі жұмысын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
3
8) «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыруға қатысу;
9) Бесқарағай ауданы әкімдігінің отырыстарын, аудан әкімі өткізетін кеңестерді, әкімнің басқа да іс-шараларын ұйымдастыру және құжаттамалық қамтамасыз ету;
10) Бесқарағай ауданының әкімі мен әкімдігіне және орынбасарларының атына түсетін қызметтік корреспонденция бойынша іс қағаздарын ұйымдастыру мен жүргізу және аудан әкімі мен әкімдіктің берген орындамасы мен тапсырмаларын орындауға жеткізу;
11) азаматтардың өтініштері және келушілерді қабылдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
12) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдесу;
13) Бесқарағай ауданы аумағында кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін жағдай және инвестициялық ахуал жасауға қатысу;
14) халықты жұмыспен қамту және кедейлікке қарсы күрес бағдарламаларын жүзеге асыруға, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына атаулы көмек көрсетуге қатысу;
15) Бесқарағай ауданындағы қоғамдық органдарды көркейту және сыртқы келбетін безендендіру мәселелерін шешуге қатысу;
16) қылмысқа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, кәмелетке толмағандар арасында құқық бүзушылықты алдын-алу бағдарламасын іске асыруға қатысу.
12. Бесқарағай ауданы әкімі аппаратының құқығы:
1) аудан әкімінің, оның орынбасарының тапсырмасы бойынша белгіленген тәртіппен аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың жұмысын тексеруді іске асыруға;
2) ауылдық округтері әкімдерінен, ауданның атқарушы органдары мен ұйымдарынан аудан әкімі мен әкімдігінің жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті ақпараттар мен басқа да анықтамалық материалдар сұрауға;
3) тиісті лауазымды тұлғалардан жазбаша және ауызша түсініктемелер алуға, сондай-ақ оларға аудан әкімі аппаратының құзырына енетін мәселелер бойынша орындауға міндетті тапсырмалар беруге;
4) әкімге ауданның атқарушы органдарының лауазымды тұлғаларын «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының саяси және әкімшіліктік мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану Ережелеріне сәйкес ынталандыру және тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы үсыныстар енгізуге.
4
Ш. Аудан әкімі аппаратының мүлкі
13. Бесқарағай ауданы әкімінің аппаратының құны баланыста көрсетілген, оған мемлекетпен берілген, оперативтік басқару құқығындағы бөлшектелген мүлкі бар.
14. Аудан әкімі аппараты оған бекітіліп берілген мүлікті өз бетімен бөлуге құқы жоқ.
1У. Бесқарағай ауданы әкімі аппаратының қызметін ұйымдастыру
15. Аудан әкімінің аппаратын аудан әкімі мен «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгілеген тәртіппен лауазымға тағайындалған және лауазымынан босатылатын аппарат басшысы басқарады.
16. Аппарат басшысы аппарат жұмысын ұйымдастырып, басшылық жасайды және аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз функцияларын іске асыру үшін жеке жауапкершілік атқарады.
17. Аппарат басшысы осы мақсатқа:
1) аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіппен аудан әкімі аппаратының жұмысын техникалық қамтуды іске асыратын Е-4, Е-5 санаттардағы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді және жұмысшыларда лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
3) аудан әкімі аппаратының қызметкерлеріне Заңмен белгіленген тәртіпте тәртіптік жазалар қолданады;
4) аудан әкімінің аппараты бойынша бұйрықтар шығарып, қол қояды;
5) аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
6) аудан әкімінің аппараты атынан мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда өкілдік етеді;
7) заңнамаға сәйкес басқа өкілдікті іске асырады.
У. Аудан әкімі аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату
18. Аудан әкімінің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38 бабынын 2 тармағында белгіленген тәртіпте іске асырылады.
Бесқарағай ауданы әкімінің
аппараты басшысы: Т.ГЛАЗИНСКИЙ.
Достарыңызбен бөлісу: |