1. Жалпы ережелер



Pdf көрінісі
бет1/15
Дата18.01.2024
өлшемі0.49 Mb.
#489318
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
nschoice rules kaz




 «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ 
СЕ - 42 
Жазатайым оқиғалардан ерікті сақтандыру 
ережелері 
2020 ж.19.10. № 2 басылым 
18-беттен 2
2014 жылғы 25 тамыздағы №1 
басылымның орнына 
1. Жалпы ережелер 
1. Осы жазатайым оқиғадан ерікті сақтандыру ережелері (бұдан әрі - Ережелер) Қазақстан 
Республикасының заңнамасына, "Сентрас Иншуранс" сақтандыру компаниясы" АҚ ішкі 
нормативтік құжаттарына сәйкес әзірленді және сақтандыру шарттарын, жазатайым 
оқиғалардан ерікті сақтандыру шартын (бұдан әрі - Сақтандыру шарты) жасасу, сүйемелдеу 
және орындау тәртібін регламенттейді. 
2. Сақтандыру шарттары жеке тұлғалармен (азаматтығына қарамастан) және бұдан әрі 
Сақтанушылар деп аталатын заңды тұлғалармен (меншік нысанына және ұйымдық-құқықтық 
нысанына қарамастан) жасалады: 
3. Осы Ережелерде пайдаланылатын ұғымдар: 
Пайда алушы –Сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға. 
Заңды тұлға да, жеке тұлға да пайда алушы бола алады.
Егер Сақтанушы Сақтандырылушы болып табылмаса, онда Сақтандырылушы Пайда алушы бола 
алады ненемесе ол Сақтандырылушының жазбаша келісімімен тағайындалады. 
Егер заң актілерінде өзге жағдайлар белгіленбесе, 14 жасқа дейінгі Сақтандырылушыға тиесілі 
сақтандыру төлемі ата-аналарына (оларды алмастыратын тұлғаларға) төленеді. Сақтандырылушы 
қайтыс болған жағдайда, егер Пайда алушы алдын ала тағайындалмаса, онда 
Сақтандырылушының заңды мұрагері (мұрагерлері) Пайда алушы болып табылады. 
Сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда, Сақтандыру шартында көрсетілген тұлға не Қазақстан 
Республикасының заңнамасына сәйкес Сақтандырылушының мұрагерлері Пайда алушы болып 
табылады. 
Сақтандырылушы - өзіне қатысты сақтандыруды жүзеге асыратын тұлға. Сақтандыру шарты 
бойынша Сақтанушының өзі, сондай-ақ Сақтандыру шартында көрсетілген басқа тұлға немесе 
қызмет түрін ескере отырып немесе штат кестесіне сәйкес атаулы тізім бойынша тұлғалар тобы 
(бұдан әрі-Сақтандырылушылар) сақтандырылуы мүмкін. Иесіздендірілген сақтандыру кезінде 
Сақтандырылушылар тобы Сақтандыру шартында сақтандыру жағдайын, оның әрбір 
Сақтандырылушыға қатысты салдарын және оған тиесілі сақтандыру төлемінің мөлшерін даралау 
үшін қажетті шамада нақтылануы тиіс.
Ережеге сәйкес Сақтандыру шарты бойынша Сақтандырылушылар 4 жастан 70 жасқа дейінгі жеке 
тұлғалар болуы мүмкін, егер бұл ретте Сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтандыру 
мерзімі басталған сәтте Сақтандырылушының жасы 70 жастан аспауы тиіс. Егер сақтандырылған 
тұлға Сақтанушы болып табылмаса, онда Сақтанушы Сақтандырушыға Сақтандырылушының 
сақтандыру шартын жасасуға жазбаша келісімін ұсынуы қажет. 
Осы Ереже бойынша, егер олар сақтандыру сыйлықақысын енгізсе де, Сақтандыру шартының 
қолданылуы басталған сәтте мынадай санаттардың біріне жататын тұлғалар сақтандыруға 
қабылданбайды және Сақтандырылушылар болып есептелмейді: 
1) I, II және III топ мүгедектері; 
2) мас болу мақсатында есірткі немесе уытты заттарды пайдаланатын тұлғалар
3) маскүнемдіктен, нашақорлықтан немесе уытқұмарлықтан зардап шегетін тұлғалар; 
4) психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған жүйке және психикалық ауытқулары бар, 
церебральды сал ауруы немесе Даун ауруы бар тұлғалар; 
5) онкологиялық, созылмалы жүрек-қан тамырлары ауруларынан зардап шегетін тұлғалар; АИТВ 
жұқтырған тұлғалар; 
Сақтанушы - Сақтандырушымен Сақтандыру шартын жасасқан тұлға. Егер Сақтандыру 
шартында өзге жағдайлар көзделмесе, Сақтанушы бір мезгілде Сақтандырылушы болып 
табылады; 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет