Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігілі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Өмірді, тәуекелді сақтандыру. Сақтандыру сыйақысы
Орындаған: Жақсылық А.Б.
Тұрсынбаева Ә.М.
Сапарғали А.М.
Шынтахова А.С.
Утепханов Ғ.С.
Тексерген: Тұраров Д.Р.
Алматы қаласы , 2015
Жоспары:
Кіріспе:
Жалпы сақтандыру және оның түрлері
Негізгі бөлім:
1.Өмірді сақтандыру
1.1. өмірдің ақырғы мерзіміне дейін өмірді сақтандыру;
1.2. қайтыс болған жағдайда өмірді сақтандыру;
1.3. өмірді жинақтап сақтандыру
2. Тәуекелді сақтандыру
2.1 Тәуекелді сақтандырудың қолданылу сферасы
3. Сақтандыру сыйақылары
3.1. Сақтандыру класстары бойынша сақтандыру сыйлықақы
Қорытынды
Кіріспе:
Сақтандыру — сақтандыру ұйымдары (сақтандырушылар) мен жеке заңды тұлғалар арасындағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының өздерінің арасындағы жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар. Сақтандыру ерікті және міндетті нысандарда жүзеге асырылады. Ерікті сақтандыру сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы шартқа негізделеді. Ерікті сақтандырудың ортақ шарттарын және оның жүргізілу тәртібін айқындайтын ережелерін сақтандырушы дербес айқындайды. Міндетті сақтандыру заңға сәйкес жүзеге асырылады.[1]
Сақтандырушы сақтандыру қызметін өз агенттері мен делдалдары арқылы жүзеге асырады. Сақтандырылатын болжалды оқиға сақтандыру тәуекелдігі (қатері) болып табылады. Сақтандыру тәуекелдігі ретінде қарастырылатын оқиғаның басталуында ықтималдық пен кездейсоқтық белгілер болуға тиіс. Ол белгілі болған жағдайда сақтандырылған тұлғаға, пайда алушыдан сақтандыру өтемі түрінде немесе сақтандыру жағдайы басталғанда сақтандыруды қамсыздандыру түрінде сақтандыру төлемі төленеді. Сақтандыру шартында айқындалған немесе заңда белгіленген ақшалай сома сақтандыру сомасы деп аталады, осы соманың негізінде сақтандыру жарнасының немесе сақтандыру төлемінің мөлшері белгіленеді.[1]
Сақтандырудың мынадай түрлері бар:
Өмірді сақтандыру нарығы болып азаматтардың өмірі, деңсаулығы және енбекке жарамдылығы табылады.[2]
Мүлікті сақтандыру нарығы, оның обьектілері болып жер, әуе және су көлігі, жүктермен байланысты басқа да мүліктер, қаржылық тәуекелдік табылады.[2]
Жүктерді сақтандыру жүктерді, соның ішінде багажды, тауарларды және өнімнің басқа барлық түрлерін қоса алғанда иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне жүктердің тасымалдану әдісіне қарамастан оның зақымдануы, жойылуы, жоғалып кетуі салдарынан келтірілген залалды толық өтемі мөлшерінде қайтару.[2]
Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру барлық тәуекелдерді сақтандыру салдарынан үшінші тұлғаларға келтірілген залалды өтеу міндетіне байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды толық өтемі мөлшерінде қайтару.[2]
Ұлттық сақтандыру нарығы – жеке мемлекеттегі сақтандыру ұйымдарының қызмет ету сферасы. [2]
Аймақтық сақтандыру нарығы өзара интеграциялық байланыстармен байланысушы жеке аймақтардың сақтандыру ұйымдарын, ұлттық нарықтарын біріктіреді
Халықаралық сақтандыру нарығы – бұл ұлттық және аймақтық сақтандыру нарықтары жиынтығы. [2]
Тәуелсіз Қазақстанда алғашқы сақтандыру компаниялары 1990 жылы пайда болды.Оның негізгі мәселелеріне нәтижелі заңдық негіздің болмауы, мемлекет тарапынан салықтық қысымның болуы, коммерциялық құрылымдар тарапынан мүдденің болмауы, халықтың сақтандыру ісіне сенбеуі, бұл салада білікті мамандардың және де тәжірибенің болмауы т.б. жатады.Олардың ұйымдастыру құрылымдары кооперативтер пен серістестіктерден акционерлік қоғамдарға дейін дамыды. 1993 жылы, «Сақтандыру туралы» заңның қабылдануымен біздің мемлекетіміздің сақтандыру заңнамасының негіздері қаланды, сақтандыру ұйымдарының саны 900 жетті. Әрине, олардың көбінің сақтандыру ісімен тек атауы ғана сәйкес келетін. Заң талаптарын тек 13 сақтандырушы ғана орындай алды. Осы жылы 35 компанияның бастамасымен Қазақстан Сақтандырушылар Одағы құрылды.[3]
Ірі халықаралық сақтандырушылардан Қазақстанда «СК «Эй Ай Джи Казахстан» АҚ жұмыс істейді. Бұдан басқа, біздің елде 13 сақтандыру брокері, оның 4-уі ірі халықаралық сақтандыру брокерлері (“Marsh”, “AON”, “Heath Lambert”, “EOS RISQ”) болып табылады жəне 82 актуарий жұмыс істейді [3]
1-кесте. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының құрылымы
Сақтандыру секторының институционалдық құрылымы
|
1.01.13
|
1.01.14
|
Сақтандыру ұйымдарының саны
|
38
|
35
|
оның ішінде өмірді сақтандыру бойынша
|
7
|
7
|
Сақтандыру брокерлерінің саны
|
14
|
13
|
Актуарийлердің саны
|
85
|
82
|
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ-ның қатысушысы болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының саны
|
33
|
31
|
Автор пайдаланып жасаған әдебиет көзі [3]
|
Елімізде сақтандыруды дамытудың негізгі мақсаты – мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын толыққанды, орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтық нарығын қалыптастыру.
Негізгі бөлім:
-
Өмірді сақтандыру
Өмірді сақтандыру сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда немесе сақтандыру мерзімі аяқталғанға дейін не жасқа байланысты сақтандыру шартымен анықталған жағдайларда сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді. [4]
Өмірді сақтандыруға сақтандырудың мынадай түрлері кіреді:
-
өмірдің ақырғы мерзіміне дейін өмірді сақтандыру;
-
қайтыс болған жағдайда өмірді сақтандыру;
-
өмірді жинақтап сақтандыру.
1.1. ӨМІРДІҢ АҚЫРҒЫ МЕРЗІМІНЕ ДЕЙІН САҚТАНДЫРУ
Өмірдің ақырғы мерзіміне дейін өмірді сақтандыру - бұл сақтандырушының сыйлықақы төлеудің орнына егер сақтандырылушы аталған мерзімге немесе жасқа дейін өмір сүрсе пайда алушыға сақтандыру төлемін жасауды міндетіне алады. Осы сақтандырумен жабылатын тәуекел бұл сақтандырылушының кірісті кеміту мүмкіндігі факторын ескере отырып, айрықша өмірінің ұзақтығы тәуекелі. [4]
Өмірдің ақырғы мерзіміне дейін өмірді сақтандырудағы сақтандыру жағдайы болып қайтыс болу емес, өмірдің ақырғы мерзімі алынады, сондықтан медициналық тексеру, сақтандырылушының денсаулық жағдайы туралы өтініш тапсыру міндетті емес. Сақтандырылу немесе сақтандырылмау жөнінде таңдауды сақтандырылушының өзі жүзеге асырады, өйткені денсаулығы нашарлаған адамға сақтандырылу тиімді емес. [4]
Өмірдің ақырғы мерзіміне дейін сақтандырудың негізгі түрлері:
-
Баяулатылған сақтандыру төлемі бар сақтандыру;
-
Дереу өмірлік рентасы бар сақтандыру.
Баяулатылған сақтандыру төлемі бар сақтандыру. Сақтандыру сомасын төлеу белгілі бір уақыт кезеңінен басталған кезде сақтандыру баяулатылған болып табылады. Сөйтіп, егер сақтандырылушы аталған сақтандыру мерзіміне дейін өмір сүрген болса, онда сақтандыру төлемі сақтандыру шартында көрсетілген белгілі уақыт кезеңі аралығында жүзеге асырылады. Егер сақтандырылушы сақтандыру шартында көрсетілген күнге дейін өмір сүрген болса, онда сақтандырушы баяулатылған сақтандыру капиталы арқылы пайда алушыға сақтандыру сомасын төлеуді міндеттенеді. [4]
Сыйлықақыларды сақтанушы сақтандырудың барлық мерзімі аралығында немесе сақтандырылушы қайтыс болған күнге дейін төленеді.[4]
Баяулатылған сақтандыру төлемі бар сақтандырудың екі түрі бар: сыйлықақыны өтеу арқылы және сыйлықақыны өтемей жасалатын.
Сыйлықақыны өтемей жасалатын баяулатылған сақтандыру төлемі бар сақтандыруда егер сақтандырылушы сақтандыру мерзімі аяқталғанға дейін қайтыс болса, төленген сыйлықақылар сақтандырушының билігінде қалады. Сақтандырудың бұл түрі тек жинақтық болып табылады, өйткені оның мақсаты – сақтандырылушының кәртаюына жинақ жасау. [4]
Қалыптағы жағдайда сақтандырылушы шартта көрсетілген жастан ұзақ өмір сүрген жағдайда сақтандыру рентасын жасау арқылы белгілі бір соманы төлем жасауға сақтандырылуға ұмтылады. Төлем жасалатын сәттеге қатысты ренталар шұғыл және баяу жасалатын болып бөлінеді. [4]
Шұғыл өмірлік рента – бұл өздерінің қалған күндерін қамтамасыз ету үшін капитал салымын салғысы келген егде жастағы адамдар үшін тиімді сақтандыру. Баяу жасалатын өмірлік рентаның екі түрі бар: сыйлықақы өтелетін және сыйлықақы өтелмейтін. Сыйлықақы өтелетін баяу жасалатын рентаны сақтандыру кезінде сақтандырылушы белгіленген мерзім аяқталғанға дейін қайтыс болған жағдайда сақтандырушы төленген сыйлықақыларды пайда алушыға қайтарады. Сыйлықақы өтелмейтін рентаны сақтандыру кезінде сақтандырылушы белгіленген мерзім аяқталғанға дейін қайтыс болған жағдайда сақтандыру жойылды деп есептеледі, және сыйлықақылар сақтандырушының билігінде қалады. Баяу төленетін рентамен сақтандыру – бұл қосымша зейнетақымен қамсыздандыру жөнінде қамкөңілдік танытып отырған адамдар үшін тиімді. Ол әлеуметтік сақтандыруға қосымша ретінде қызмет етеді.
Өмірдің ақырғы мерзіміне дейін өмірді сақтандыруға байланысты төленуге тиісті сақтандыру сомаларын анықтау әдістемесін қарайық.
Төлем жасау туралы шешім қабылданғаннан кейін негізінде тікелей ақша төленетін белгіленген нысандағы төлемге есеп жасалады.
Сақтандырылушының өмірінде тартымды жағдайдың пайда болуына байланысты өмірдің ақырғы мерзіміне дейін өмірді сақтандыру төлемдері өмірді сақтандыруды танымал етуде маңызды рөл атқарады. Сондықтан уақтылы төлем жасау - сақтандыру сомаларын төлеу және өмірді сақтандыруды одан әрі дамыту арасындағы кері байланысты бекітуге ықпал жасайтын маңызды фактор болып табылады. [4]
Сатып алу сомасын алу құқығы бар сақтанушы өмірді сақтандыру шартын мерзімінен бұрын бұзу кезінде өтініш, сақтандыру куәлігін, сондай-ақ соңғы жарнаны қолма-қол ақшамен төлегені туралы түбіртекті (есептеу кітапшасының түбіртегінің түбіршегі) береді. Осы құжаттардың және сақтанушының жеке шоты негізінде сатып алу сомасының есебі және төлемі жасалады. [4]
1.2. ҚАЙТЫС БОЛҒАН ЖАҒДАЙДАҒЫ САҚТАНДЫРУ
Қайтыс болған жағдайдағы өмірді сақтандыру жеке сақтандыру түрінің қатарына жатады. Оның мейлінше жиі қолданылатын түріне мыналар жатады:
-
Мерзімді сақтандыру;
-
өмірлік сақтандыру.[5]
Сақтандырудың осы түрлерімен жабылатын тәуекел – сақтандырылушының қандай да болсын себеппен қайтыс болуы (науқастану, жарақат немесе жазатайым жағдай).
Мерзімді сақтандыру кезінде сақтандыру сомасы пайда алушыға сақтандырылушы қайтыс болғаннан кейін бірден төленеді, егер ол шарттың қолданылу мерзімі ретінде көрсетілген мерзім ішінде қайтыс болатын болса. Тек сақтандырылушы шарттың қолданылу мерзімі ішінде қайтыс болған жағдайда ғана сақтандырушы сақтандыру сомасын төлейді. Бұдан басқа жағдайда, яғни егер сақтандырылушы шарттың аяқталу мерзіміне дейін өмір сүретін болса, онда ешқандай капитал төленбейді, ал төленген сыйлықақылар сақтандырушының билігінде қалады. [5]
Мерзімді сақтандырудың негізгі сипаттамаларын келтірейік:
Мерзімді сақтандыру шартының құны мейлінше төмен, өйткені шарттардың мұндай түрлері үшін сатып алу сомалары болмайды, сондықтан сақтандыру сомасы мейлінше жоғары болуы мүмкін. [5]
Әдеттегідей мерзімді сақтандыру шарты 60-65 жасқа дейінгі тұлғалармен жасалады, сөйтіп сақтандыру жағдайының жастары 65-тен жоғары адамдар үшін пайда болу ықтималдығы өте жоғары. [5]
Қайтыс болу жағдайына байланысты төленуі тиіс сақтандыру сомаларын анықтау әдістемелерін қарайық.
Егер өмірді жинақтап сақтандырудың алғашқы алты айы ішінде қайтыс болу жүрек-қан тамырлары немесе қатерлі ісік ауруларымен, өзіне-өзі қол салу негізінде және басқа сақтандырылмайтын себептерге байланысты болса, онда сақтандыру талаптарына қатысты тиісті құжаттарды ұқыпты түрде талдағаннан кейін сақтандыру төлемін жасау немесе сатып алу сомасын төлеу не төлем жасаудан бас тарту туралы шешім қабылданады. [5]
1.3. ӨМІРДІ ЖИНАҚТАП САҚТАНДЫРУ
Өмірді жинақтап сақтандыру - өмір жағдайы мен қайтыс болу жағдайына байланысты сақтандыру комбинациясы. Жинақтап сақтандырудың артықшылығы мынада, ол сақтандырылушыға аз бағаға тәуекелді жабу және шарттарды қайталап жасаудан қаша отырып, бір ғана полистің көмегімен жинақты қамтамасыз ету шартын жасауды ұсынады. Сақтандырушы сақтандырудың осы түрі арқылы мыналарды міндеттенеді:
1) егер шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан бұрын сақтандырылушы қайтыс бола салысымен дереу сақтандыру сомасын төлеу;
2)егер сақтандырылушы өмір сүруді жалғастырған жағдайда шарттың қолданылу мерзімі аяқталған сәтте сақтандыру сомасын төлеу. [6]
Жинақтап сақтандырудың мынадай бірқатар қасиеттері бар:
-
Белгілі бір уақыт аралығында қайтыс болуы мүмкін адамдардың санына және белгілі бір жасқа дейін өмір сүруі мүмкін адамдардың санына объективті түрде баға беру мүмкіндігі;
-
Cыйлықақы өтелмейтін баяулатылған сақтандыру зардаптарына душар ететін ыңғайсыздықтарды жою керек болады, өйткені сақтандырылушы шарттың қолданылу мерзімі аяқталардан бұрын қайтыс болған жағдайда осылайша сақтандыру сомасын алуға кепілдік беретін мерзімді сақтандыру іске кіріседі;
-
Капиталы тұрақты түрде кеміп отыратын мерзімді сақтандырудың сай келуі және осылайша тұрақты өсіп отыратын жинақтың немесе резервтердің екі компоненттерінің сомасы сақтандыру сомасына теңестіріледі;
-
Кепілдік берілген құқықтарын (сатып алу, кепілдік беру) ұсынады. [6]
Сақтандырушы жинақталған сақтандыру арқылы сақтандырылушымен шарттың қолданылу мерзімі аралығында сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда немесе сақтандырылушы осы уақытта әлі тірі болып, шарттың қолданылу мерзімі аяқталған кезде пайда алушыларға арналған капиталды төлеуге кепілдік береді. Сыйлықақыны төлеу сақтандыру шартының мерзімінің аяқталуымен немесе егер сақтандырылушы осының алдында қайтыс болған болса, онда соған байланысты тоқтатылады. Сақтандырудың осы әртүрлілігі – мерзімді сақтандыру комбинациясынан және ұзақтығы және сақтандыру сомасы бірдей сыйлықақыларды өтемейтін капиталға баяулатып төлем жасау жөніндегі сақтандырудан артық емес.[6]
Жинақталған сақтандырудағы қайтыс болу және өмірді сақтандыруға байланысты төлем жасау мөлшері әр уақытта бірдей болғандықтан, сақтандыру компаниялары жинақтан гөрі тәуекелді көбірек өтеуге келісім жасауға мүмкіндік беретін бірнеше комбинацияларды таңдауға мүмкіндік ашады және керісінше. Бұл комбинациялар сыйлықақылар мөлшерінің арақатынасын реттейді. [6]
Сонымен қатар, өмірді жинақтап сақтандыру бойынша банктік қызмет көрсетуге ұқсас басқа да қызметтер бар. Сақтандыру ұйымы өмірді жинақтап сақтандыру заемдарын бере алады, яғни Сіз 10 жылға сақтандырылған болсаңыз, сіз осы 10 жыл ішінде сақтандыру ұйымынан жинақталған сома мөлшерінде заем ала аласыз. Заемдар кез-келген мақсаттар үшін беріледі, сыйақы мөлшерлемесі мынадай шектерден құралады: құнсызданудан немесе кепілдік берілген инвестициялық кірістер және 2% тұрады. Қазіргі сәтте сыйақы мөлшерлемесі жылдық 9%-дан тұрады, бұл әрине екінші деңгейдегі банктер ұсынып отырған пайыздан қомақты түрде төмен. Болашақта заем бойынша сыйақы мөлшерлемесі 9%-дан төмендейді, өйткені мемлекет құнсыздануды кеміту жөнінде бірқатар бағдарламалар әзірледі. Егер сақтандыру компаниясы заемды кепілдік берілген инвестициялық кіріс мөлшерімен ұсынып отырса, онда құнсыздану инвестициялық кіріс мөлшерінен төмен деген сөз, өйткені сақтандыру компаниясы сақтанушыға заемды құнсыздану немесе кепілдік берілген инвестициялық кіріс шегінен жоғары сыйақы мөлшерлемесі бойынша беруі тиіс. [6]
2. ТӘУЕКЕЛДІ САҚТАНДЫРУ
Тәуекелді сақтандыру – тәуеклді төмендетудің басты жолы. Сақтандыру тек сәтсіз шешімдер кезіндегі жоғалтуларды сақтау үшін емес, сонымен қатар шешім қабылдайтын тұлғалардың жауапкершілігін жоғарлатады, және олардың шешім қабылдауына байыпты мән беріп, сақтандыру байланыстарымен іс- шараларды жиі өткізу қажет. Әрине, жаңа өнімдер мен технологияларға сақтандыру механизмдерін қолдану қиын болып келеді, себебі бұл жағдайда сақтандыру компанияларында толық мәліметтер жетіспейді. [7]
2.1 Тәуекелді сақтандырудың қолданылу сферасы
Тәуекелді сақтандыру көп жағдайларда:
• құрылыс- монтаж, іске асу тәуекелдері және кепілдік міндеттемелері
• мүлік
• жабдық құрылымы
• азаматтық міндеттемелер
• жұмысшылардың өмір және денсаулық сақтандыруы
Ресейлік сақтандыру компаниялары дәстүрлі түрде көрсетілген сақтандыру түрлерінің барлығын қолданады. Ресей нарығы үшін тәуекелді сақтандыру кәсіпкерлігіне түбегейлі жаңа ықпалы тиді:
• өндірістегі үзіліс сақтандырылуы
• келісім міндеттемелерін орындамау тәуекелінің сақтандырылуы. [7]
Өндірістегі үзіліс сақтандырылуы
Кәсіпкерлік өндірістік тұрып қалулар шығын салдарынан сақтандырылуы мүмкін, бұл жағдайлар кәсіпорынға тәуелді себептерден туындамайды. Сақтандыру келісімшарт шарттарына сай шығындар қайта қалпына келтіріледі, мысалы толық қызметін тоқтату нәтижесіндегі өндірістік компания, айналымының біртіндеп төмендеуі, сақтандыру жағдайының туындауымен байланысты.
Егер өндірісте келесідей жағдайлар: өрт, найзағай ұру, жарылыс, өзге тұлғалардың олқы қылықтары стихиялық жағдайлар туындаса, сақтандыру келісімі компенсация төлеу жайын қарастырады.[7]
Болашақта сақтандыру компаниясымен кикілжіңдер туындамас үшін, сақтандыру келісіміндегі өндірістік үзілісте шығындар есебінің өтелетін, олардың анықтамалық алгоритмінің толық тізімі көрсетілуі тиіс.[7]
Сақтандыру келісімшарттарына сай сақтандыру компаниялары мыналарды өтейді:
• алынбаған пайда ( кезең ішіндегі тұрып қалулардың пайда көлемі,өткен жылда алынған пайдамен анықталады, егер өткен жылы компания пайда таппаған болса, онда алынбаған табыс сақтандыру келісімшартына сәйкес өтелмейді )
• қызметтегі үзілісті тоқтатумен байланысты шығындар
• өндірістегі өнім көлеміне ( көрсетілген қызметтермен орындалған жұмыстар көлемі) байланысты емес тұрақты шығындар, олардың ішінде:
→ қызметкерлердің еңбекақысы( келісімді еңбекақы жүйесі бойынша бекітілгендерден басқасы) мен әлеуметтік аударымдар бойынша шығындар
→ жал төлемі
→ сақтандыру жағдайы жасалғанға дейінгі несиелеу пайыздары
→ сақтандырылған қызметтің нәтижесіне байланысты емес ( мүлік салығы, жер салығы, тіркелген жиналымдар ) салықтар мен жиналымдар.[7]
Сақтандыру комапниясының жауапкершілік шегі ( төлемнің максималды көлемі) эксперттік зерттеу жолымен бухгалтерлік есептіліктегі қызметтің мүмкін болатын тоқтату мерзімі жіберіп алған табыс пен шығын соммасы негізінде анықталады.
Келісім құру мезетінде ең негізгі назар аударарлық жайт бекітілген франшиза көлемі, ол максималды төлем соммасының сол күнгі пайыздары ретінде анықталады. Өндірістік қызметтегі үзіліс кезіндегі сақтандыру келісімі бойынша франшиза көлемі 3-10 күнді құрайды. [7]
Сақтандыру компаниясының сақтандыру тарифы мыналарға байланысты:
• өндіріске енетін ұлттық шаруашылық саласы
• өндірістік тоқтап қалудың максималды сақтандыру кезеңі
• бекітілген фрашиза көлемінен
Сақтандыру тарифы көлемі сақтандыру соммасының 0,6—5% арасында ауытқуы мүмкін.
Келісім міндеттерінің орындалмау тәуекелдерін сақтандыру:
Келісім міндеттерінің орындалмау тәуекелдерін сақтандыру тәсілдерінің жиі қолданылатын түрі коммерциялық кредиттер мен лизингтік операцияларды сақтандыру.[8]
Коммерциялық кредиттерді сақтандыру:
Коммерциялық кредиттерді сақтандыру келісімшартының объектісінің ұйымның мүліктік қызығушылығымен нақты алынған тауарларға(жұмыс және қызмет ) толық және бөлшек дебиторлық төлемдердің жүзеге аспауымен байланысты
Сақтандыру компаниясы компенсацияны төменде келтірілгендей жағдайларда төлейді:
дебитор заңды түрде банкрот деп танылғанда;
форс-мажорлық жағдайлар (әскери қимыл мен саяси тәуекелдерді есепке алмағанда);
мерзімінен ұзаққа созылған төлем.[8]
Сонымен қоса, келтірілген залал өндірісте апат болған жағдайда, керекті тауарлар, ақша құралдарының жоқтығы орын алғанда, келісімшартта көрсетілген міндеттемелер орындалмаған жағдайда компенсацияланбайды.
Форс-мажорлық жағдайларға байланысты келісімшартта көрсетілген міндеттемелер орындалмаған жағдайда сақтандыру компаниясы ережеге сәйкес сақтандыру сомасын 30 күннен кейін төлейді. Егер міндеттемелерді орындамау контрагенттың банкроттығымен болса, сақтандыру компаниясы компенсацияны қарызгер ретінде соттың шешемімен банкрот деп танылғанда төлейді.[8]
Коммерциялық несиелерді сақтандырғанда ережеге сәйкес сақтандырудың бас шарты құрылады. Осындай келісімшарт жасасқан кісәпорын төлемқабілеттілігін бағалайтын сақтандыру компаниясының барлық тұтынушыларын хабар береді. Сақтандыру тәуекелінің деңгейін және сақтандыру сыйлықақысының мөлшері жайлы шешім қабылдау үшін сақтандыру компаниясы құрылтай құжаттарын, бухгалтерлік есеп-қисап, келісімшарт көшірмесін, несиеқабілеттілігі жайлы мәлімет және басқа да керекті құжаттарды талап ете алады.[8]
Ұсынылған құжаттарды тексеру нәтижесінде компаниялар тізімі анықталады. Әрбір контрагент үшін сақтандыру сомасының максималды көлемі анықталады. Тариф келісімшартта көрсетілген максималды төлену керек соманың 1-2,5% құрайды, және әрбір контрагент үшін бөлек есептелінеді:
-
бір айдағы келісімшарт көлемі;
-
келісімшарттардың орташа сомасы;
-
контрагенттермен тұрақты келісімшарттардың болуы;
-
залалдың болуы.[8]
Шартқа қол қою барысында компания алдында дебиторлық қарызы бар контрагенттермен келісімшарт сақтандырылмайды. Алайда дебиторлық қарыздарын өтеп болған соң дебиторларды сақтандыру өтелімінің қатарына жатқызуға болады.
3.САҚТАНДЫРУ СЫЙАҚЫЛАРЫ
Сақтандыру сыйақысы (Р) - сақтандыру жиынтығын қарастыратын орташа көлем. Бұл сақтандырушының сақтандыру жиынтығындағы әрбір бірліктен алған міндеттемелерінің жалпы көлемін қалай бөлінетіндігін көрсетеді. Сақтандыру сыйақысының көлемі қатысты факторларға және ең бастысы ерікті және мүліктік сақтандырудың салалық және жеке ерекшеліктеріне байланысты болып келеді.[9]
Сақтандыру сыйақыларының түрлері:
Мақсаттық бағыты бойынша:
- тәуекел сыйақысы;
- жинақтық сыйақы;
- нетто-сыйақы;
- жеткілікті салым;
- брутто-сыйақы (тарифтік ставка).
Рисковая премия - таза нетто-сыйақы. Тәуекел көлемін толықтай өтейтін ақшалай түрдегі сақтандыру салымы.[9]
Жинақтық сыйақы – Өмірді сақтандыру кезінде қолданылады.. Жинақтық сыйақы сақтандырушының сақтандыру мерзімі өткенннен кейін, оның барлық төлемдерін өтеу қажет. [9]
Нетто-сыйақы - бұл сақтандыру төлемдерін кварталдық жүйе бойынша алдын ала өтеу үшін қажет. [9]
Брутто премия – бұл сақтандырушының тарифтік қойылымы.
Б. По характеру рисков, подлежащих страхованию, страховые премии делят на натуральные и постоянные. [9]
Тәуекел сипаттамасы бойынша:
Натуралды сыйақы тәуекелді алдын ала келісілген уақыт бойынша өтейді. Ол тәуекелдің факторлық дамуына сәйкес келеді. [9]
Ұдайы сыйақы – уақыт мерзімінің өтуіне қарамастан өзгеріссіз қалатын сыйақы.[9]
Төлем формасы бойынша:
-
бір реттік;
-
ағымдық;
-
жылдық;
Бір реттік - сақтандырушының сақтандырылушыға сақтандыру периоды бойынша алдын ала бір рет төленетін төлемі. Ағымдық сақтандыру сыйақысы- сақтандырушының сақтандырылушы алдындағы субъекттік міндеттемелерінің бір бөлігі. Жылдық салым- келісімшарт бойынша шектеулі мерзімі бар уақыттық төлем.[9]
2014 жылы 1 қаңтарда сақтандыру ұйымдары активтерінің жиынтық көлемі 442 647,7млн теңге болды, бұл 2013 жылғы 1 қаңтардағы ұқсас көрсеткіштен 14,2%-ға көп. Активтердің жылдам өсуіне мынадай факторлар әсер етті:
-
Сақтандыру сыйақылары өсімінің жоғарғы қарқыны;
-
Шығынның төмен көрсеткіші;
-
Сақтандыру ұйымдарының кезеңмен дамуы;
-
Сақтандыру ұйымдары санының өсуі, соның ішінде мемлекет және шетел қатысуымен;
-
Сақтандыру қорларының есебі мен қайта сақтандырушы үлесінің өзгеруі;
Табысты акционерлерге дивиденттер төлеуге емес, сақтандыру ұйымының дамуына пайдалану.[3]
2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары міндеттемелерінің сомасы 202 920,5 млн. теңге болды, бұл 2013 жылғы 1 қаңтардағы ұқсас көрсеткіштен 29,7%-ға көп.[3]
Есепті күні сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары қолданыстағы сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін құрған сақтандыру резервтерінің көлемі 211 513 105. теңге болды, бұл 2013 жылғы 1 қаңтарда құрылған резервтер көлемінен 36,2%-ға көп.[3]
3.1. Сақтандыру класстары бойынша сақтандыру сыйлықақы
Сақтандыру класстары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының 2014 жылғы 1 қаңтардағы түсімінің құрылымына қатысты төмендегіні көрсетуге болады:
-
міндетті сақтандыруда – сақтандыру сыйлықақылары түсімі 48 679 585 теңге, оның ішіндегі көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру түсіміне, қызметкердің еңбек (қызмет) міндеттерін атқару кезінде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру түсіміне, қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қауіптілігімен байланысты нысан иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру түсіміне және өзге жағдайларға жатады;
-
ерікті жеке сақтандыруда – сақтандыру сыйлықақылары түсімі 85 154 985теңге, оған жазатайым жағдайлардан сақтандыру түсімі, ауру-сырқау жағдайларынан сақтандыру түсімі, өмірді сақтандыру бойынша, аннуитетті сақтандыру түсімі жатады;
-
ерікті мүліктік сақтандыруда – сақтандыру сыйлықақылары түсімі 77 678 535 теңге басқа да қаржы шығындарын сақтандыру түсіміне жатады, оларға мүлікті (автомобиль, әуе жолы, теміржол, су жолы көліктерін және жүктерді сақтандыруды қоспағанда) сақтандыру бойынша, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру (автомобиль, әуе жолы, су жолы көліктері иелерінің азаматтық- құқықтық жауапкершілігін сақтандыруды қоспағанда) бойынша және өзге де жағдайлар бойынша түсімдер жатады.[3]
Сақтандыру саласы бүгінгі күні де қаржылық нарықтың ең тиімді салаларының бірі болып танылып отыр. Сақтандыру сыйлықақылары сақтандыру ұйымдарының негізгі табыс көзі болып табылады.[9]
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
-
Қазақ энциклопедиясы, 7 – том
-
Жуйриков К.К., Назарчук, Жуйриков Р. «Страхование: теория, практика, зарубежный опыт» — Алматы, 2001 г.
-
ҚР-ның барлық статистиқалық ақпараттар туралы жиынтығы: www.stat.kz ,http://www.ereport.ru
-
О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0
-
Өсербайұлы, С. Ө. ҚР-дағы сақтандыру нарығының қазіргі жағдайы мен оның даму жолдары / С. Ө. Өсербайұлы, Р. А. Сариева // ҚазҰУ хабаршысы=Вестник КазНУ. Сер. экономическая. 2014. № 2. 6367 б. Рубрики: Экономика
-
Ресми сайт АФН – www.afn.kz
-
Маянлаева Г.И. «Теория и практика страхового дела - Алматы 2005 г.
-
2013-2014 жж.Республикалық және жергілікті мерзімдік басылымдар
http://finansovyjgid.ru/strahovanie/40-strahovaya-premiya.
http://business.gov.kz/
-
Сергеева Ю. С. «Страховой риск как элемент договора имущественного страхования»
Достарыңызбен бөлісу: |