V. Түркі тілдері. Тюркологияда түркі тілдерінің әр түрлі классификациясы бар. Н.А. Баскаков қазіргі түркі тілдерін батыс хун бұтағы және шығыс хун бұтағы деп бөледі де, әрбір бұтақты бірнеше топқа таратып, былайша топтастырады.
І. Түркі тілдерінің батыс хун бұтағы. Бұған енетін тілдер топтары: 1.Булгар тобына чуваш тілі (Чуваш АССР-і, Башқұрт АССР-і, Татар АССР-і және РСФСР) енеді; 2) Оғуз тобына енетін тілдер: туркмен тілі (Түркменияда, Өзбекстанда, Совет Одағының басқа республикаларында; Иран, Ауғанстан, Түркия, Сирияда), гагауз тілі (Украина мен Молдавияда және Болгарияда), балқан түркілерінің тілі, азербайжан тілі (Азербайжанда, Грузия, Арменияда, Дағыстанда, Иранда), түрік тілі (Түркия, Кипр, Греция, Ирак, Сирия, Болгария, Югославия, Румыния, СССР, Франция, Аргентина, АҚШ-да) ; 3. Қыпшақ тобына енетін тілдер: қараим тілі (Литва мен Украинада), құмық тілі (Дағыстанда, аз бөлігі Чечен-Ингуш автономиялы республикасы мен Солтүстік Осетин автономиялы республикасында), карачай-балқар тілі (қарачайлар Қарачай-Черкес автономиялы облысында, балқарлар Қабардин-Балқар АССР-інде, қарачайлар мен балқарлардың аз бөлегі Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстанда), қырым татарларының тілі (Қырымда, Өзбекстанда), татар тілі ( Татар, Башқұрт, Чуваш автономиялы республикаларында, Горький, Тамбов, Пенза, Рязань, Ульянов, Куйбышев, Оренбург, Волгоград, Саратов, Астрахань, Челябинск, Новосибирь, Омск, Томск, Тюмень, Пермь және Қиров облыстарында, Қазақстанда және Совет Одағының басқа республикаларында), башқұрт тілі (Башқұрт АССР-інде, РСФСР, Қазақстанда және Совет Одағының басқа республикаларында), ноғай тілі (Ставрополь өлкесінде, Қарачай-Черкес автономиялы облысында, аз бөлегі Астрахань облысында, Краснодар өлкесі мен Дағыстан АССР-інде), қарақалпақ тілі (Қарақалпақ АССР-інде, Өзбекстанның Хорезм, Ферғана облыстарында, Түркменстанның Ташауз облысында, Қазақстанның және Астрахань облысының кейбір аудандарында), қазақ тілі (Қазақстанда, Орта Азия республикалары мен РСФСР-дің кейбір аудандарында, Қытай мен Монголияда); 4. Қарлук тобына енетін тілдер: өзбек тілі (Өзбекстанда, Қазақстанда, Қырғызстанда, Тәжікстан, Түркменстан, Қарақалпақстанда; Қытай мен Ауғанстанда), ұйғыр тілі (Қытайда, Қазақстанда, Қырғызстанда, Өзбекстан, Түркменстанда).
ІІ. Түркі тілдерінің шығыс хун бұтағы . Бұған енетін тілдер тобы: 1) Ұйғыр - оғуз тобы; бұл топқа енетін тілдер: тува тілі (Тува АССР-інде, Монғолияда), тофа тілі (600 шамасында адамы бар этникалық топтың тілі; Краснояр өлкесінде), якут тілі (Якут АССР-інде, Краснояр өлкесінде), Магадан, Сахалин, Амур облыстарында) , хакас тілі (Хакас автономиялы облысында) , шор тілі (Солтүстік Алтайда, Хакс және Таулы-Алтай автономиялы облыстарымен шектесетін территорияда), чулым тілі (Чулым өзенінің) Обь өзенінің құйылысы (жағасында); 2) Қырғыз - қыпшақ тобы; бұл топқа енетін тілдер: қырғыз тілі (Қырғызстанда, Өзбекстан, Тәжікстан, Қазақстанда, Қытай, Монголия, Ауғанстанда), алтай тілі (Алтай өлкесінің Таулы-Алтай автономиялы облысында). Түркі тілдерінің (түрік тілінен басқаларының) жазулары орыс алфавитіне негізделген. Түркі тілдеріне жазба ескерткіштерінде сақталған мынадай өлі тілдер енеді: орхон, қыпшақ (половец, құман), көне ұйғыр, чағатай және т.б. тілдер.
Тюркологияда түркі тілдерінің бұдан басқаша түрде жасалған классификациялары бар. Бұл ретте Н. И. Ильминский, В.В. Радлов, Н. А. Аристов, Н. Ф. Катанов, Ф. Е. Қорш, А. Н. Самойлович, В. А. Богрорицкий, С. Е. Малов және И. А. Батманов ұсынған классификацияларды атауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |