1. Жалпы мәлімет


Пәннің мақсаттары мен міндеттері



бет58/118
Дата04.09.2022
өлшемі3.28 Mb.
#460215
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   118
Тіл біліміне кіріспе-кешен

Пәннің мақсаттары мен міндеттері – студенттерге лингвистикадан элементарлы мәлімет беру, тілдің қызметі, тілдердің пайда болуы мен дамуы, олардың генеологиялық және типологиялық ерекшеліктерін, жазу мен оның түрлері, тіл және қоғамның диалектикалық бірлігі, тілдің деңгейлік жүйесі – фонетика және фонология, лексикология, грамматика туралы жүйелі білім беру.
Пәнді оқыту аяқталғаннан кейін студенттің меңгеретін білімдік, іскерлік дағдылары:

  1. Тілдің қарым-қатынас құралы екенін тану, тілдің басқа да қызметтерін айыра білу;

  2. Тіл ғылымының құрылымдық жүйесін тану, зерттеу мақсаттарына қарай түрлерін айыру, қай ғылымдар тобына жататындығын және басқа да ғылымдармен байланысу ерекшелігін тану;

  3. Тіл ғылымының жүйелік, құрылымдық қабаттары – фонетика, лексика, грамматика салаларынан жүйелі білім алу, ерекшелігін тану;

  4. Тілдердің шығуы жайындағы теориялардан және тілдердің дамуы, қарым-қатынас әсері жайлы мәлімет алуы;

  5. Жазу және оның түрлерін, даму кезеңдерін айыра білу;

  6. Тілдердің генеологиялық, типологиялық классификацияларын айыру және білу




  1. Курстың күнтізбелік-тақырыптық жоспары



Тақырып атауы

Дәріс

Семинар

СОӨЖ

СӨЖ

1

Кіріспе. Тіл біліміне кіріспе пәнінің мақсаты мен міндеттері және маңыздылығы. Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы және алатын орны. Тіл білімінің методологиялық негіздері. Жалпы тіл білімінің даму жайы тұжырымдамалар. Тілдің мәдени философиясы жайлы көзқарастар. Тіл білімі және оның салалары.

1

1

4

4

2

Тілдің жалпы және қоғамдық мәні. Мемлекеттік саясат және тіл. Тілдің негізгі қызметі. Тілдің танымдық және коммуникативтік қызметі.
Тіл және ойлау. Ойлау жүйесі мен тілдік бірліктердің қарым-қатынасы. Тіл және сөйлеу. Тілдің атауыштық пен вербальдық қарым-қатынасы және анықтамасы. Тілдің территориялық және әлеуметтік жағынан жіктелуі.

1

1


1

1


4

4

3

Тілдің тарихи дамуы мен қоғам тарихының байланыстылығы. Тіл дамуының сыртқы және ішкі факторлары. Тілдің шығуы жайлы теориялар. Біртұтас тіл теориясы. Тілдің даму кезеңдері. Халықтардың және тілдердің қалыптасуы. Ұлт тілдері.
Қазіргі қоғамның даму кезеңіндегі әдеби тілдердің жайы. Жазба тілдер. Әдеби тіл және сөйлеу тілі ұғымдары. Әдеби тілдік норма. Әдеби тіл және ұлттық мәдениет.
Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде қалыптасуы. Тілдердің өзара қарым-қатынасы. Субстрат, суперстрат, интерсрат, адстрат құбылыстары. Қостілділік және көптілділік мәселесі. Кең тараған тілдер. Халықаралық жасанды тілдер. Машина тілі және оның қолданылуы.

1

1
1


1

1
1


4

4

4

Фонетика. Фонетиканың міндеті мен мақсаты, қарастыратын мәселесі. Дыбыс және оның түрлері. Тіл дыбыстары. Дыбыс және таңба.
Тіл дыбыстарының артикуляциялық, акустикалық сипаты, аспектісі, дауыстың жоғарылығы, ұзақтылығы, күштілігі, тембр, дауыс жасауда шуыл мен салдырдың рөлі. Сөйлеу апараты, оның құрылысы мен сөйлеу мүшелерінің қызметі, актив, пассив сөйлеу мүшелері, ерекшеліктері, дыбыс артикуляциясының үш кезеңі, тіл дыбыстарын жіктеу принциптері. Дауысты-дауыссыз және аффрикат, сонор дыбыстар, олардың әртүрлі тілдердегі қызметі.
Буын, оның түрлері, буын жасайтын және жасамайтын дыбыстар, әртүрлі тілдердегі буын құрылысы. Екпін, оның түрлері, элементтері, әртүрлі тілдердегі екпін мен интонацияның ерекшеліктері.
Тіл дыбыстарының өзара қарым-қатынасы, комбинаторлық өзгерістер, ассимиляция, диссимиляция, аккомодация, редукция құбылыстары, дыбыс үндестігі. Фонема ұғымы, дыбыс және фонема, қызметі. Орфоэпия жайлы ұғым.

1
1

1
1



4

4

5

Жазу, оның түрлері. Дыбыстау тілі және жазу. Қоғамның және тілдің дамуындағы жазудың рөлі. Жазудың шығуы мен даму кезеңдері. Жазу және әліпби. Дыбыс және әріп, әртүрлі тілдердегі дыбыстар мен әріптердің арақатынасы. Орфография оның принциптері.

1

1

4

4

6

Лексикологияның міндеті мен мақсаты және зерттеу нысанасы: ономосиология, семасиология, фразеология, этимология, лексикография. Сөзге тән басты белгілер, оның жалпылауыштық қызметі, лексикалық мәні, көпмағыналылық, тура және ауыс мағыналары, омоним, синоним, антонимдер. Жалпы халықтық лексика, әдеби тіл, кітаби, қарапайым, ауызекі сөйлеу тілі лексикасы. Сөздің экспрессивті-эмоционалды бояуы. Диалектизмдер, кәсіби сөздер мен терминдер, жаргон мен қарапайым сөздер. Сөздік құрамның тарихи дамуы. Архаизмдер мен историзмдер, неологизмдер, олардың пайда болу жолдары.
Сөзжасам және сөздік құрамның толығу жолдары, жаңа сөз жасаудың морфологиялық тәсілі, семантикалық тәсілі, калька тәсілі арқылы сөз жасау.. Морфема және сөз формасы, сөз құрылысы. Грамматикалық мағынаның берілу түрлері мен тәсілдері. аффиксация. фузия. (флективтілік) және агглютинация. көмекші сөздер (предлог, септеулік шылау, артикль, көмекші етістік, жалғаулық шылау және жалғаулық мәнді сөз, демеулік шылау). Нөлдік морфемалық форма. грамматикалық мағыналарды берудің өзге түрлері мен тәсілдері. сөздердің орын тәртібі, дыбыстардың алмасуы және "ішкі флексия", екпін мен интонация, суплетивизм мен редупликация. грамматикалық категория жайлы ұғым.
Сөз таптары, оларды ажырату принциптері, негізгі белгілері: семантикалық, морфологиялық (сөз тудырушылық) және синтаксистік. Әртүрлі тілдердегі сөз таптарының жүйесі.
Сөйлем мен сөз тіркесі, сөйлем мүшелері, байланысу түрлері, айтылу мақсаты мен құрылымына қарай жіктелуі, қазақ орыс тілдеріндегі төл сөздер, олардың ерекшеліктері

1

1
1

1


1

1
1

1


5

5

7

Тілдердің классификациясы. Дүние жүзі тілдерінің типологиялық және құрылымдық ұқсастығы.Салыстырмалы -тарихи әдіс жайлы түсінік. Тілдердің генеологиялық классификациясы. Үнді-еуропа тілдері семьясы, оның негізгі топтары. Алтай тілдері семьясы. Алтай тілдерінің (түркі, монғол және тунгус-маньчжур) бірлестік проблемасы. Түркі тілдері, олардың пайда болуы және қазіргі таралуы.
Тілдердің морфологиялық типтері жайлы ұғым. Тілдердің типтерін айқындайтын белгілер (сөзжасамдық және сөз тіркесі т.б.). Тілдердің морфологиялық (типтік) классификациясы. Синтетикалық құрылысты тілдер. Тілдердің даралаушы (түбір), жалғамалы (агглютинативті) жәке фузиялы (флективті) типтері. Қазақ тілі-синтетикалық құрылысты, жалғамалы тіл екендігі. Қазақ тіліндегі даралаушы және фузиялы (флективті) тілдік элементтердің көрінісі, аналитикалық тәсілдің қолданылуы.

1

1


1

1


5

5




Барлығы

15

15

30

30





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   118




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет