А. Н. Кононов ескерткіштер тіліндегі зат есімдердің жасалуы- ның морфологиялық, синтаксистік-морфология- лық, фонетикалық және кірме сөздерді қабылдауға байланысты қолданылатын сөзбе-сөз аудару кал
А.Н. Кононов ескерткіштер тіліндегі зат есімдердің жасалуы- ның - морфологиялық, синтаксистік, синтаксистік-морфология- лық, фонетикалық және кірме сөздерді қабылдауға байланысты қолданылатын сөзбе-сөз аудару (калькирование) амалдарын, сын есімдер жасалуының - аффиксация, сөздердің күрделенуі (бірііуі, қосарлануы, тіркесуі), адекътивация амалдарын 1ажы- ратады.
Орхон, Енисей, Талас ескерткіштері тіліндегі дербес сөздер негізінен синтетикалық, яғни, морфологиялық амалдар арқы- лы жасалған туынды сөздер, бір буынды түбір сөздер мен түбір- негіздер 400-дей ғана моносиллабтарды қамтиды. Бұл агглюти- нативті тілдік жүйеге тән сөз қорын байыту үдерісі VI-VIII ғасыр- ларға дейін-ақ қарқынды жүргенін аңғартады. Көне түркі жазба ескерткіштері тіліндегі есім сөз тудырушы қосымша морфема- лар қазіргі қазақ тіліндегі есім сөздер жасайтын қосымшалардан айрықша ерекшеленбейді.
Көне түркі ескерткіштері тіліндегі зат есімдердің бәрі бірдей тек түбір сөз бола бермейтінін, зат есімдер жұрнақ арқылы бір- бірінен немесе басқа сөз таптарынан да жасалатынын көрсеткен Ғ.Айдаров VII-IX ғасыр түркілері тіліндегі бірнеше зат есім туды рушы форманттарды ажыратады: «-чы, чі. айғучы (кеңесші), йа- ғычы (қолбасшы, жетекші), йерчі (жершіл); -ынч, -інч, -унч, -үнч, -нч. булғанч (былғаныш), тарқанч (тарқасу), өтунч (өтініш); -лыг,- ліг. қағанлығ (қағандық), йарықлығ (қарулық), төгүнліг (құрал- дық); -ма, -ме.йелме (атты, желме, барлау); -іг. біліг (білік), кечі (өткел), бітіг (жазу, хат);-уг. көрүг (тыңшы, хабаршы); -уц.туруқ (тұрақ)»2.
Жалпы алғанда түбір морфема да, қосымша морфема да тіл бірліктері, екеуі де тілдің ішкі заңдылықтары негізінде дамып, жетіліп қалыпқа түседі. Түбір сөздер адамзат тілінің алғашқы жемісі дегенімізбен, жүйелі агглютинативтік сипат алған түркі тілдерінің даму эволюциясында агглютинативтік құрылым- ның да өте ерте кездерден бастау жойындығы дау тудырмай- ды. Алғашқы қосымшалардың да тұлғалық өзгерістерге түсу мүмкіндігінің шектеулігіне орай бір форманттың бірнеше грам- матикалық мәнде немесе бірнеше лексикалық (етістік - есім) мәнде қолданылуы мүмкін. Бұл құбылыс түбір сөздердің семан- тикалық дамуында ерекше орын алғандығы белгілі, әрі қосым- ша морфемалардың бір кездері толық мағыналы дербес сөз бол- ғанын қолдайтын зерттеушілердің пікіріне сүйенсек, қосымша морфемалардың да полисемантикалық мүмкіндігі арта түседі.
Қосымша морфемалардың дербес лексема түріндегі архитұл- ғалары өзінің омонимдік сапасын сақтай отырып, қосымшалар құрамына өтуі де ықтимал. Осы орайда Ә. Қайдардың «...син- кретикалық түбірлерге жалғанған қосымшалар да синкретика- лық сипат алады, одан басқа аффикстердің ішінде екі функцио- налды, көп функционалды, индиферентті түрлері түрлері тағы бар» деген пікірін келтіре кеткеніміз орынды1 Ғалымның көз- қарасы бойынша, «жалпы грамматикалық форманттар, соның ішінде сөз тудырушы қосымшалар әдетте кз келген түбірге жал- ғана бермейді және олар белгілі бір тәртіппен ғана жалғанады, сондай-ақ аффикстерді ғылымда есім түбірге және етістік түбір- ге жалғанатын аффикстер деп екі топқа бөліп қарастыру дәстүрі бар. Сөздердің морфологиялық тұлғасын диахронды деңгейде зерттейтін морфологиялық этимология бұл қағиданы аксиома
деп қарауға болмайтынын дәлелдейді»2.
Түркі тілдеріндегі қосымшалар синкретизм немесе грам-
матикалық синкретизм, екінші дәрежелі синкретизм жай- лы пайымдаулар мен пікірлерді В.Л.Котвич, Ф.В. Севортян, А. Зайончковский, И.А. Батманов, А.А. Юлдашев, А.М. Щербак, А.Н. Кононов т.б. белгілі түркітанушы ғалымдардың та- рапынан айтылып1, жекелеген түркі түркі тілдерінің деректері бойынша дамытылуда.
Түркі тілдеріндегі грамматикалық синкретизмдер қосымша морфемалардың полисемиялық сапасы аясына енеді. Сондық- тан кейбір қосымша морфемалар тек зат есім мен етістікке ғана емес, сын есімдерге, сан есім категорияларына, үстеулерге де ортақ болып келуі мүмкін.Мысалы, негізінен қимыл есімін ту- дыратын көне түркілік v-ауи, -agii жұрнағы түркі тілдерінде зат есімдер жасауда да: kiidagU—>*kiid+agii «күйеу, күйеу бала», сан есімнің жинақтау мәнін беруде де: ekagii^>ek(i)+iigu. «екеу» қол- данылады.
Түркі тілдерінің тарихи даму жолында әртүрлі мәнде қол- данылған көне қосымшалар қатарында УІ-qZ-k, -y!-gr iqZ-ik, -іуі- ig,-aq/-dk, -ayl-ag тұлғаларын да атауға болады. y/-q/-k және оның фонетикалық варианттары «қазіргі тілімізде туынды сөздер жасауға өнімі де мол, қызмет өрісі де аса кең омонимдес жұр- нақтардың бірі»2 V-q/-k, -yl-gr iqt-ik, -'iyl-ig қосымша морфемасы коне түркі дәуірінде қимыл атауын және зат есімдер мен сын есімдер жасауға қатысса, қазіргі түркі тілдерінде әрі зат есім жа- cay¥a(qaziq—>qaz+'iq «қазық»), әрі сын есім тудырға(Ьегік—>Ьег+ік«- берік») қабілетті. Аталған қосымша морфеманың шығу тегі, бас- қа тұлғадағы аффикстермен байланысы, қызметі жайлы айтыл- ған пікірлер мен көзқарастар да оның синкретикалық табиғатын сипаттайды.
Б.Серебренников түркі тілдеріндегі yf-qf-k, -y/-gr tqZ-ik, -гу/- ig формантының қосарлы-жұптық мәнде жұмсалғанын көрсетеді: «суффикс -г/-г по-видимому имеет общее происхождение с тюркским суффиксом двойственного числа, обнаруживается в таких словах, как айаг-ног, цүлаг-ухо»1. Мұндай мысалдардың саны тым аздығына және у/-уl-g-yl-g қосымшаларының қосар- лы, жұптық мәнге қатысы жоқ басқа да зат есімдер мен сын есім- дерге жалғануына байланысты (асіу "кислый, горкий" ДТС, 4, adiy "медведь" ДТС, 6, aruq "худой" ДТС, 54, azuq "пища" ДТС, 73, orug "дорога" ДТС, 372, qojuy "іустой" ДТС, 453 т.б) пікірдің негізділігі анықталмай отыр.
Түркі тілдеріндегі УІ-ql-k, -yl-gr iql-ik, -iyl-ig және 'J-gaj, -qaj тұлғалы сөздердің әртүрлі сөз таптарына жаіуы грамматика- лык, синкретизмдердің ерекшеліктерін көрсетеді. Г.И. Рамстедт түркі, монгол тілдерінде бірдей қолданылатын, сын есім тудыру- шы yj-gak қосымшасын yf-sa-q, УІ-ra-q аффикстері сияқты күрделі құрамды формант деп таниды және соңгы УІ-k форманты негізгі мағынада қолданылатынын, yf-ga, УІ-qa тұлгалы екінші дәрежелі етістіктерге жалганатынын айта отырып2, у/ -gak тұлгасының қазіргі тілдердегі варианты УІ-gaj, -qaj формантының синкретика- лық мәнін көрсетеді: «Помимо отглагольных имен на исконное -gaj—qaj, существует еще масса отыменных имен с тем же окон чанием. Однако в отдельных случаях бывает трудно различить, что из них является исторический первичным глагол или имя образования на qaj имеют обыкновенно уменьшительное значе ние»3. у/-qaj /-kej, -yajl-gej қосымшасының кішірейту мәнін беруі де тілдік жүйені толық қамтымайды ( ajqaj «айқай»), сондықтан көне форманттың қызметін бір мәнмен шектеуге болмайды. Н.А. Баскаков та V-qaj /-kej, -yajl-gej моделін у!-qaql-kek,-yaq/-gek мо- делімен байланыстырады. Осы көзқарасты Э.В. Севортян1, М. Хабичев2, Ғ Қалиев3т.б. ға- лымдар да қолдайды.
Б.Серебренников пен Н.Гаджиева bicyuw-pisaq «нож» т.б. мы- салдарға сүйене отырып 4-ql-k форманты \l-qi/-ki аффикстерінің құрамындағы ызың дауыссыздардың түсіп қалуы нәтижесінде қалыптасуы мүмкін деген ой айтады4. Қазақ тіліндегі құрал-сай- ман атауын білдіретін bury'i, stirgi, stizgi, stiqgi, salyi, sayrji сияқты сөздердің қолданылуы -уl-gyl-уи/-gii қосымшаларының бір кез- дері етістіктің грамматикалық бірліктеріне қатысты қолданы- луынан болуы мүмкін. Көне түркілік 4-ql-k, -yl-gr ЩІ-ik, -iyl-ig, -aq/-ak, -ayl-dg- жұрнағы қазіргі түркі тілдерінде зат есім және сын есім тудыратын аффикстердің қатарына жатады. Бұл модель- дердің көнелігін сөз тудырушы тұлға ретінде барлық түркі тіл- дерінде қолданылатындығымен және ескі жазба ескерткіштерін- де жиі кездесетіндігімен түсіндіруге болады.
В.М. Насилов етістіктерден жасалған есімдердің тарихи дамуы туралы түркі тілдеріндегі лексикалық категориялардың грамма- тикалық трансформацияға ұшырауға өте бейімділігін айта оты рып, «синтаксистік тіркесімділік нәтижесінде субстантив адъек- тивтенеді, адъектив субстантивтенеді, екеуі де белгілі бір фор- мада адвербализацияға ұшырайды. Бұл түркі тілдерінің негізгі заңдылықтарының және ерекшеліктерінің бірі. Бұл заңдылыққа есімдердің барлық категориялары және қимыл есімдері де бағынады» - деп ой түйеді.
Түркі тілдеріндегі омонимиялық қосымша морфемалардың шығу тегі, қолданысы жайлы әртүрлі көзқарастардың айтылуы да олардың күрделі табиғатына байланысты. Қосымша морфе- малардың тұлғалық және мағыналық, функционалдық сипаты- ның өзгерістері жалпы тілдің даму эволюциясымен бірге жүріп отырады. Э.В. Севортян әзірбайжан тілінің деректері негізінде жиырмаға жуық етістік - есім мәнді синкреттік қосымшаларды көрсетеді1 Қосымшалардың эволюциялық дамуы олардың тұл- ғалық өзгерістері, мағыналық тұрақтылығы немесе өзгергіштігі, көп функционалдылығы немесе бір ғана қызметте қолданылуы, тұлғалық және семантикалық жағынан сараланып бірізге түсуі тәрізді күрделі процестерді қамтиды.
Түркі тілдері дамуының бастапқы кезеңіндегі қосымшалар да тұлғалық өзгерістерге түсу мүмкіндігінің шектеулігіне орай бір форманттың бірнеше грамматикалық мәнде қолданылуы мүмкін. Көпмағыналылық түбір сөздердің семантикалық да- муында ерекше орын алғандығы белгілі, қосымша морфемалар да бір кездері толық мағыналы дербес сөздердің грамматика- лизациялануы нәтижесінде қалыптасқанын көрсететін тілдік бірліктердің кездесуі тілдік дамудың бастапқы кезеңдерінде по- лисемиялық құбылыстың қосымша морфемаларды да қамту мүмкіндігін нақтылай түседі.
VII-X ғасырлардағы түркі тілінің 1400-1500 жыл көлеміндегі тарихи даму барысына сәйкес қалыптасқан кейбір дыбыстық өз- герістер қазақ тіліндегі зат есім сөз тудыратын жұрнақтардан да көрініс бергенімен, аффикстердің мәні мен қызметі, морфоло- гиялық ерекшеліктері негізінен ескерткіштер тіліндегі есім сөз жасайтын қосымшаларға сәйкес келіп жатады.