Сөз таптары, олардың жіктелуі жайлы. Сөз таптары— өздеріне тән лексика-семантикалық, морфологиялық және синтаксистік ортақ белгілердін негізінде қалыптасқан категориялары бар сөз топтары. Сөз таптары үш түрлі белгісімен сипатталады: а) Белгілі топқа жататын сөздерді семантикалық жағынан бірыңғайластығы (мысалы, зат есімге заттық атаулар, етістік/етістікке қимылдық атаулар жатады); ә) Сөз түрлендіруші грамматикалық категорияларының ортақтығы; б)Синтаксистік қызметінің ұқсастығы. Бірақ бұл үш белгі сөз таптарының бәрінен бірдей табыла бермейді. Мысалы зат есім, етістіктен үш белгінің үшеуі де табылады, ал одағайға екінші (морфологиялық) белгі тән емес. Сөз таптарының саны тілдерде бірдей емес. Мысалы, қазіргі қазақ тілінде негізінен 9 сөз табы көрсетіліп жүр: зат есім, сан есім, сын есім, етістік, есімдік, үстеу, одағай, шылау, еліктеу сөздер. Ал кейбір еңбектерде модаль сөз табымен 10 деп көрсетіледі. Еліктеу сөздер қазақ тіліне бөлек сөз табы болса, орыс тілінде одағайлардың құрамына кіреді. Қазақ тілінде предлог жоқ, союз, частица орыс тілінде бөлек сөз таптары, ал қазақ тілінде олар шылау сөз табына біріктіріледі. Сөз таптары толық мағыналы сөздер (зат есім, сын есім, етістік, үстеу) және көмекші сөздер (шылау) болып табылады. Типалогиялық тұрғыда есімдік пен сан есіиді жеке сөз табы ретінде қарастыру күмәнді деп есептеледі. Олар синтаксистік функциясы мен мағынасы жағынан әр текті және басқа сөз таптарына қатысты болып келеді. Кейбір тілдерде басқа сөз таптарының құрамында қаралады. Мысалы, үш, терт есептік сан есімдері — зат есім-сан есімдер, үшінші, төртінші реттік сан есімдері сын есім-сан есім түрінде қаралады. Есімдік пен сан есім дәстүр бойынша толық мағыналы сөз таптарына жатқызылып жүр. Сөздерді тапқа бөлу мәселесі өте көне дәуірлерден басталады (Аристотель, т. б. грек ғалымдары, үнді ғалымдары Панини, Яска т. б.). Тіл білімінде сөз таптарын жіктеу мәселесі күні бүгінге дейін талас тудырып келеді. Оған байланысты проблемалар аз емес. Сөйлемнiң бiрiншi позициясындағы сөздер зат атауы мен оның алуан түрлi сипаттарын белгiлейтiн жалпы грамматикалық мағыналарға ие болып, сөйлемнiң соңындағы сөздер сол есiм сөздердiң әр түрлi қимыл, iс-әрекеттерiн бiлдiретiн жалпы грамматикалық мағыналарға ие бола бастаған. Тiл дамуының келесi бiр сатысында есiмдердiң өздерi өз iшiнде саралана бастайды: зат атауын бiлдiретiн сөздер бiр грамматикалық топ болып қалыптасып, өзiндiк түрлену жүйесi, парадигмалық сипаты қалыптаса бастайды, сонымен бiрге заттың әр түрлi белгiсiн, сындық қасиетiн бiлдiретiн сөздер (сын есiм) бiр бөлек, сандық қасиетiн бiлдiретiн сөздер (сан есiм) бiр бөлек, қимылдың әр түрлi белгiсiн (амалын, сынын, мекенiн, мезгiлiн, мақсатын, себебiн т.б.) бiлдiретiн сөздер (үстеу) бiр бөлек, негiзгi сөздердiң орнына жүретiн орынбасар сөздер (есiмдiк) бiр бөлек қалыптаса бастайды. Бұл жерде де семантикалық процестердiң (адъективтенудiң, адвербиалданудың т.б.) орны ерекше болған. Сөздердi грамматикалық топтарға, яғни сөз топтарына жiктеуде, топтастыруда ұстанатын басты принциптер бар. Олар: семантикалық, морфологиялық мәне синтаксистiк тәсiлдер. Мәселен, модаль сөздер түркi тiлдерiнiң бiрқатарында (солардың iшiнде қазақ тiлiнде де) негiзiнен көмекшi сөздер тобына кiредi. Ол сөйлеушi субъектiнiң айтылған ойдың шындыққа қатынасы (сәйкестiгi) жөнiндегi көзқарасын айқындайды. Модаль сөздер мен модаль тiркестердiң заттық семантикасы болмайды. Олардың семантикасы модальдiлiктi бiлдiретiн грамматикалық мағынамен астасып жатыр. Модальдiлiктi грамматикалық мағыналардың бiр түрi ретiнде қарайтын болғандықтан, оны бiлдiрудiң тек грамматикалық құралдары ғана (аффикстер, көмекшi сөздер, синтаксистiк конструкциялар т.б.) негiзге алынуы тиiс. Сонымен модальдiлiк – грамматикалық құбылыс. Демек, тiлдiк модальдiлiктi бiлдiретiн құралдар қызметiнде фонетика-интонациялық, аффикстiк, лексика-грамматикалық (көмекшi сөздер), синтаксистiк және айтылған хабарға сөйлеушiнiң қатынасын көрсететiн басқа да жекелеген грамматикалық амал-тәсiлдер қолданылады. Соның арқасында кейбiр жеке мәндi сөздер (әр тарап, қыстырмалар т.б.) сөйлеуде модальдық мәнге ие болады да, ол қасиет сол сөздерде тұрақтала бастайды. Модаль сөздердi бiраз тiлдерде қазiр көмекшi сөз таптарына жатқызуда да бiрден бiр негiз, критерий ретiнде оның осы жалпы категориялық мағынасы, яғни сөйлемде айтылған хабарға сөйлеушiнiң қатынасы алынған. Жалпы қай сөз табын да танып, даралап алуда бiрiншi орында оның категориялық мағынасы тұруы шарт. Модаль сөздердiң семантикалық сипаты. Сөйлемнiң модальдылығын тiл ғылымында жалпы объективтi модальдылық және субъективтi модальдылық деп екi бағытта қарастырады. Объективтi модальдылық жалпы предикаттылық категориясы деңгейiмен, яғни сөйлемнiң предикаттылығы деген кең көлемдi проблемамен барып астасады. Ал субъективтi модальдылық деп сөйлем мазмұнының ақиқат шындыққа қатынасы жөнiндегi сөйлеушiнiң көзқарасын, пiкiрiн айтады: объективтi модальдылық, көбiнесе рай формалары арқылы берiледi де, субъективтi модальдылық негiзiнен, арнайы жеке сөздер арқылы бiлдiрiледi.Модаль сөздер қазiргi қазақ тiлiнде сан жағынан онша көп емес. Диалектiлiк сипаттағыларын, жеке тiркес түрiнде келетiндерiн және дыбыстық вариант түрiндегiлерiн – бәрiн қоса алғанда алпыстан сәл ғана асады. Бiрақ бұларды соның өзiнде де семантикалық сипаты жағынан мына төмендегiдей бiрнеше топқа бөлiп қарауға болады: болжал мәндi модаль сөздер (сияқты, сынды, әлпеттi, мүмкiн, шамасы, ықтималы, болар, -са, -се керек, -у керек, мобасы), мiндеттiлiк мағына бiлдiретiн модаль сөздер (керек, қамет, тиiс, лазым сөздерiнiң көмегiмен масалатын –у керек, -у қамет, -мақ керек, -уға тиiс, -уы тиiс), бiреудiң сөзi не бiр дерек негiзiнде айтылатын модаль сөздер (“де” формасының “деп айтады”, “деп естимiз”, “деген сөз бар”, “дейдi”), қостау (растау) мағынасында қолданылатын модаль сөздер (рас, анығындағ шындығында), қалау (тiлек) мәндi модаль сөздер (-са, (-се) екен, -са, (-се) деймiн) және күмән (күдiк) ұғымын бiлдiретiн модаль сөздер (-ар ма екен, -са неғылсын, кiм бiледi).
Қазақ тiлiндегi модаль сөздердi қолданылу ерекшелiгiне қарай үш топқа бөлiп қарауға болады. Олар мыналар: а) сөйлемде тек синтаксистiк қыстырма мүше қызметiнде қолданылатын модаль сөздер; ә) тұтас сөйлем мазмұнымен байланысты емес, үнемi тек баяндауыштың шылауында көмекшi мүше қызметiнде ғана жұмсалатын модаль сөздер; б) Мүмкiн. Бұл болжал мәндi модаль сөз қазақ тiлiнде сөйлемде әрi синтаксистiк қыстырма мүше позициясында, әрi қимыл есiмдi баяндауыштың шылауында көмекшi қызметiнде қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |