1. жалпы мәліметтер: Пән оқытушылары



бет1/10
Дата01.11.2023
өлшемі154.39 Kb.
#482109
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
қазақ т.оқыту силлабусс



1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР:


Пән оқытушылары: аға оқытушы, PhD Рысбаева А.К.
Электронды адрес:ardak_rysbaeva@mail.ru
аға оқытушы Кенжебекова Н.Ә.
Электронды адрес: kna.19627@mail.ru
Пәннің қысқаша сипаттамасы:Қазақ (орыс) тілін оқытудың теориясы мен әдістемесі пәні тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын дамыту арқылы бастауыш сынып оқушыларына тіл туралы бастапқы білімді меңгертудің жолдарына арналған. Пәннің мазмұны оқушының сөйлеу және ойлау әрекетін, түрлі саламен қарым-қатынас жағдайында тілді еркін игеруді қамтамасыз ететін коммуникативтік іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
Оқыту мақсаты:Қазақ(орыс) тілін оқыту теориясы мен әдістемесі пәнінің мақсаты- болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін, кәсіби білікті маман, шығармашыл тұлға дайындау, қажетті кәсіптік теориялық білім мен тиісті практикалық машық-дағдыларды қалыптастыру.
Оқыту нәтижелері:
А)Оқытылатын пәннің теориялық негіздерін білу; білім берудің қазіргі даму кезеңіндегі оқытылатын пәннің мақсаттары мен міндеттерін түсінуі
В)Оқушылардың әртүрлі мүмкіндіктерін ескере отырып, жаңартылған білім беру жүйесінің мазмұны тұрғысынан білім мен дағдыларды ірілендіруге және қазіргі қоғамдастықты табысты әлеуметтендіру мен интеграциялауда педагогикалық білімді қолдана білу
С)Қазақ (орыс) тілі оқу пәні ретінде ерекшеліктерін, білім беру жүйесінің әр түрлі деңгейлеріне сай қазақ (орыс) тілі пәнінің мақсаты мен міндеттерін білуі, талдауы
D) Жеке іс-әрекеттерде ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың әртүрлі түрлерін пайдалану: ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және тарату интернет ресурстары, бұлт және мобильді қызметтер
Е) Тарих, философия және әлеуметтік-саяси пәндер туралы негізгі білімді ескере отырып, тұлғааралық, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынастың түрлі салаларында жағдайларды бағалау


Прекреквизиттер:«Бастауыш лингвистикалық білім негіздері», «Педагогика», «Қазақ (орыс) тілінің практикумы»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет