Тіл ғылымының тарихын түсіну салыстырмалы тарихи зерттеулердің
көбеюіне оның нəтижесінің жақсаруына əкелді. Лингвистикалық идеялар мен
ілімдердің сабақтастығы ретінде, ғылыми жүйелеу жүйесі ғалымдарға тиісті
əдіс болып саналды. Теориялар тіл философиясының бір түрі ретінде
қарастырыла отырып, дамудың «ғылымға дейінгі» жəне «ғылыми» кезеңдері
деп екі бөлікке бөлінді.
Тіл білімі тарихшыларының концепцияларындағы лингвистикалық ойлар –
өрнек. Олар осы өрнекті құрастыра отырып, əдемі бейнені алуды мақсат
тұтты. «Ойлаудың дамуының үш кезеңі» туралы позитивистік мифология
жəне оның көрінісінің пайда болуы да осы жайтқа тікелей байланысты. 19-20
ғасырлардағы лингвистикалық мектептер мен ағымдардың пайда болу
мифологиясы да тереңінен жатыр. Батыс елдерінде еуропалық антикалық
дəуірдегі ғылыми білім жəне философияның физикаға, этикаға бөлінуі болып
жатырса, бізді алғашқы тек тіл саласындағы оқу орындары енді ашылып
жатты. Алғашқы оқыту барысында басты назар аударылған тұстар:
•
Сөздердің түпкі логикасы, осы ұғымдардың мазмұны;
•
ғылымның құрамдас бөлігі ретінде сөз туралы ғылымды ашып көрсету;
•
ғылым дамуының барлық кезеңдерін түсіндіру;
•
. Философиялық жəне техникалық əдістерді үйрету.
Ежелгі тіл білімнің барлық салаларының құрамдас бөліктері: тіл
философиясы, тіл нормасы жəне грамматикалық өнер.
Тіл ғылымының тарихы жəне əлеуметтік-лингвистикалық тəжірибе негізінде
бірнеше кезеңдерге бөлінеді.
1.
Алғашқы қалыптасу;
2.
Жан-жақты даму, басқа ғылымдармен байланысы;
3.
Көздеген мақсатқа жету.
19 ғасырдағы тіл білімі тек ғылыми бағыттарды дамытып, жаңалықтар ашу
жолында ғана емес, ол ұлтты рухани азықтандыру бағытында да мардымды
істер атқарды. Тіл білімі ол ұлттың, оның құндылығы, болмысы, салт-
дəстүрінің сақталуының түпкі негізі.
Достарыңызбен бөлісу: