1 жарақат шоғының дамуын ескерту, әсіресе бірлескен жарақаттарды



Дата17.07.2016
өлшемі38 Kb.
#206039
Источник: ИС Параграф WWW http://online.zakon.kz
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтауды дамыту институты

 

Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары

 

(біріншілік медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдар үшін)

 

Алматы 2007 ж



 

 

Бұғана сынығы



 

Хаттама коды: Е-015

Кезең мақсаты:

1) жарақат шоғының дамуын ескерту, әсіресе бірлескен жарақаттарды;

2) зақымдалған магистральды қан тамырларының және жарадан кеткен қанды тоқтату;

3) иық өрімі бұтақтары және бұғана бөліктерінің қан тамырларының зақымдарын ескерту;

4) жарақатты инфекция дамуын ескерту;

5) зардап шегушілерді асқыну болмаса жарақат пунктіне, асқынулар болса, зардап шегушіні стационардың травматологиялық профиліне жіберу;

АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):

S42.0 бұгана сынығы

Анықтамасы:

Бұғана сүйегінің құрылымы ашық немесе жабық түрде бүтіндігінің бұзылуы.

Тікелей емес механизм: жазылған иық немесе шынтақ буынымен қолды тіреп құлау.

Тікелей механизмі: бұғана аймағын затпен соғу немесе құлау арқылы соғу.

Жіктемесі:

1. жабық бұғана сынығы: а) сүйек жарықшақтарының ығысуынсыз; б) сүйек жарықшақтарының ығысуымен - асқынбаған және асқынған (бұғана асты қан тамырының зақымдалуы плевра ішіне қан кетулер немесе күштенген гематоманың түзілуімен жүреді).

2. ашық бұғана сызығы - асқынбаған және асқынған (сыртқы немесе плевра ішіне қан құйылумен жүретін бұғана қан тамырларының зақымдануы).

Қауіп - қатер топтары:

1) жарақат шогы

2) геморрагиялық шок

3) май эмболиясының дамуы

4) сыртқы профузды және плевра ішілік қан ағудың пайда болуы, бұғана астылық қан тамырларыдың қосарланған зақымдануы кезінде

5) иық тармағы өрімінің бұғана жарықшақтарымен зақымдалуы келесі, қолдардың иннервациясы мен қоректенуінің бұзылуы.

Диагностика критерилері:

1) бас бұрылған және зақымдалған жағына қарай иілген, зақымдалған иық үсті төмен түскен және алға ығысқан; бұғана асты ойығы тегістелген;

2) зардап шегушінің қолы зақымдалған жағында иығы төмен түскен, кеудесіне жанасқан және ішке қарай ротацияланған;

3) бұғана аймағында орталық жарықшақтардың әсерінен сүйек осі деформациясы анықталады;

4) пальпаторлы бұғана сүйегінің ығысқан бұрышты жарықшақтары, сүйектің үздіксіз бұзылыстары анықталады

5) патологиялық қозғыштығы және жарықшақтардың крепитациясы анықталады.

Анықталатын негізгі диагностикалық іс-шаралар:

1) тіндердің ісінуін, қан құйылуларды, қол қызметінің бұзылуы және мәжбүрлі жағдайда болуын анықтау.

2) деформация анықтау үшін иық үсті мен бұғана жиегін қарау, бұғана сүйегінің өткір жарықшағынан тері жабындысының перфорациясы, жараны анықтау;

3) пальпацияда локалды ауырған орнын және тіндер ісінуін сүйек деформациясы, жарықшақтың сықырын, патологиялық қозғалғыштығын анықтау;

4) қысымды немесе бұғана жарықшақтарына бұғана асты артерия жаралануын анықтау үшін қолдық және иық артериясы пульсациясын зерттеу арқылы жүргізіледі;

5) қолдың сезімталдығын зақымдалған жақтан анықтайды;

Шұғыл көмек көрсетудің тактикасы:

1) сынық аймағын 10-20 мл 1% новокаинмен жансыздандыру;

2) иық үстін артқа және қолды көтерген қалыпта бұғана репозициясы;

3) Дезо таңғышын мақталы - дәкелі немесе орамалды таңғыш қою;

4) зардап шегушіні жалпы жағдайына байланысты отырған немесе горизантальды қалыпта асқынулар болмағанда жарақат пунктіне, асқыну болғанда - стационарға травматология бөліміне жеткізу;

5) психомоторлы қозу кезінде седативті препараттар қолданылады;

6) тұрақсыз ауыру кезінде - наркотикалық анальгетиктер қолданылады;

7) сүйек жарықшақтарының әсерінен тері жабындысының перфорациясы кезінде асептикалық таңғыш салынады, содан кейін аяқты фиксациялайды;

8) бұғана асты артериясынан профузды қан кетуде жараның жоғарғы және төменгі бөлігінен саусақпен басып, жара бетіне асептикалық таңғыш салынады, иық үстіне дәке валигі жұмсақ қысып тұратын 8-дік тәрізді таңғыш салынады,

*Бұндай жағдайда қан тамырларының қосымша жарақаты нерв бағаны және жұмсақ тіндердің мыжылуына алып келеді.

* Қол репозициясында сүйек жарықшақтары болу мүмкіндігін болдырмау!

* Сүйек жарықшақтарын жара бетіне түсуді болдырмау!

Негізгі дәрі-дәрмектер тізімі:

1. *1% прокаин ертіндісі (синтокаин, аминокаин новокаин);

2. *диазепам (сибозон, реланиум, сидукцен, фаустан);

3. *наркотикалық анальгетиктар;

4. * 0,85% натрий хлориді ертіндісі;

5. *декстран.

Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған әдебиеттер:

1. Руководство по травматологии и ортопедии. Под ред. Ю.Г. Шапошникова. Москва, «Медицина», 1976 год

2. Травматические вывихи и переломы. Б.К. Бабич. Киев, «Здоровье», 1968 год

3. Избранные лекции по травматологии. В.А. Поляков. Москва, «Медицина», 1980 год

4. Справочник по травматологии. А.Ф. Краснов и др. Москва, «Медицина». 1984 год

5. Peitzman et al. The Trauma Manual. Lippincott, Philadelphia, 1998

6. Feliciano, Mattox, Moore. Trauma. McGraw-Hill Company, 2004

7. Greaves, Porter, Ryan. Trauma Care Manual. London. 2001

8. Henderson. Emergency medicine. Texas. 2006

Әзірлеушілер тізімі:

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Жедел және шұғыл медициналық жәрдем, № 2 ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі - м.ғ.д., профессор Тұрланов Қ.М. С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Жедел және шұғыл медициналық жәрдем, № 2 ішкі аурулар кафедрасының қызметкерлері: м.ғ.к, доцент Воднев В.П.; м.ғ.к., доцент Дюсембаев Б.К.; м.ғ.к., доцент Ахметова Г.Д.; м.ғ.к., доцент Бедельбаева Г.Г.; Альмухамбетов М.К.; Ложкин А.А.; Маденов Н.Н.

Алматы мемлекеттік дәрігерлер біліміг жетілдіру институтыеың «Шұғыл медицина» кафедрасының меңгерушісі - м.ғ.к., доцент Рахымбаев Р.С. Алматы мемлекеттік дәрігерлер біліміг жетілдіру институтыеың «Шұғыл медицина» кафедрасының қызметкерлері: м.ғ.к., доцент Силачев Ю.Я.; Волкова Н.В.; Хайрулин Р.З.; Седенко В.А.

 

* - Негізгі (өмірге маңызды) дәрілік заттар тізіміне кіретін препараттар



 

 

 



 

 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет