1. Жер салығының сипаттамасы: төлеушілер, салық салу объектісі және салық базасы



бет1/5
Дата12.12.2023
өлшемі37.78 Kb.
#486169
  1   2   3   4   5
Таласбай Айдын ТЗ 20-11


1.Жер салығының сипаттамасы: төлеушілер, салық салу объектісі және салық базасы.
Жер салығы – тұрақты не уақытша пайдалануға берілген жер телімі (жер үлесі) үшін заң жүзінде бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер. Жер салығының негізгі мақсаты — экономикалық тәсілмен жер қорын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету және бюджетке түсім түсіру арқылы жер қорын сақтау, жердің құнарлылығын, сапасын жақсарту шараларын қаржыландыру. Жер салығын салу нысаны жер телімі (жер үлесі) болып табылады. Қазақстанда елді мекендердің ортақ пайдаланудағы жер телімдеріне; ортақ пайдаланудағы мемлекеттік автомобиль жолдары алып жатқан жер телімдеріне; Үкімет шешімі бойынша консервацияланған нысандар орналасқан жер телімдеріне, т.б. ;ер салығы салынбайды.
Жер салығының мөлшері салық салынған жердің сапасына, құнарлылығына және оның орналасуына байланысты дифференциалды түрде жердің бір шаршы метріне, немесе бір гектарына есептеліп бекітіледі. Салықтың базалық мөлшері республика заңымен бекітіледі. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге, өнеркәсіп және да басқа өндіріс саласындағы жерлерге салынатын жер салығының базалық ставкалары бір гектарға шаққанда бонитет балына бара-бар сарапталып бекітіледі. Бонитет балы 50-ден 100-ге дейін және 100-ден жоғарғы мөлшермен сарапталады. Елді мекендердің жерлеріне салынатын базалық салық мөлшері алаңның бір шаршы метріне бекітіледі. Жергілікті өкілетті органдар өзінің шешімдерімен жер телімдеріне бекітілген базалық мөлшерді төмендете алады. Бірыңғай жер салығын төлеушілер, мемл. бюджет есебінен қаржыландырылатын ұйымдар, салық режимінің екінші үлгісі бойынша салық салу жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдаланушылар, уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары, Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестірілген адамдар, мүгедектер, сондай-ақ, бала кезінен мүгедектердің ата-анасының біреуі, діни бірлестіктер жер салығын төлеуден босатылуы мүмкін. Қазақстанда бірыңғай жер салығын 1999 жылдан бастап шаруа (фермер) қожалықтары төлейді. Бірыңғай жер салығын есептеу үшін жер телімінің бағалау құнын білу керек. Мұны анықтау Қазақстан Республикасының “Жер туралы” заңында (2001) белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Бірыңғай жер салығын есептеу жер телімін бағалау құнына 0,1 пайызды ставканы қолдану жолымен жүргізіледі.
Жердің мынадай санаттары:
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері;
2) орман қорының жерлері;

3) су қорының жерлері;


4) босалқы жерлер салық салуғажатпайды.
Жер салығы: - меншік құқығын, тұрақты жер пайдалану қүқығын, өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар; - жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган әр жылдың
1 қаңтарындағыжағдай бойынша бергенжерлердің мемлекеттік сандық және сапалық есебінің деректері негізінде есептеледі. Төлеушілер: 1) жеке меншік қүқығындағы;
2) түрақты жер пайдалану қүқығындағы;
3) бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу объектілері бар жекежәне заңды тұлғалар жер салығын төлеушілер болып табылады.
Мыналар жер салығын төлеушілер болып табылмайды:
1) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер;
2) мемлекеттік мекемелер;
3) уәкілетті мемлекеттік органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;
4) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бүрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жүмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бүрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің ата-анасынын біреуі: - түрғын-үй қоры, соның ішінде, оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелері; - үй маңындағы жер учаскелері; - өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын жүргізу, бағбандық үшін берілген және қүрылыс алып жатқан жерлерді қоса алғанда, саяжай құрылысына арналған жер учаскелері; - гаражға арналған жер учаскелері бойынша;
5) «Ардақты ана» атағына не болған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар: - түрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелері бойынша; - үй маңындағЫ жер учаскелері бойынша;
6) жеке тұратын зейнеткерлер: - тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылысгар мен гимараттар орналасқан жер учаскелері бойынша; үй маңындағы жер учаскелері бойынша;
7) діни бірлестіктер.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет